kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай «?бдірахман?лгенде». (3 ?ле?)

Нажмите, чтобы узнать подробности

?йтапсырмасын?орытындылайотырып, жа?асаба??аауысу.
- ?лы Абай «Адамны?кейбіркездері» ?ле?інде?мірді?к?ле?келіжа?тарынаямай?шкерелейді. Халы?ты?м??ы мен зарыАбайды?басты?асіретіекенін?ле?ненаны?к?ругеболады. А?ынны?жанд?ниесі, ж?рекл?пілі, жан сыры, ж?ректі?оз?арк?ші де – хал?ыны?жай - к?йі. Ендеше поэзия да осындайс?ттердетуатыныж?неоны? аса шебертуынды?аайналуыны? сыры да осындаекен.
ІІІ. Жа?асаба?ты?ма?сатынайтуж?небастау.
?сынысым:
1. О?ушылар?з?олыменжаса?ан?ол?нерінбас?алар?ак?рсетебіліп, жасалу?дісімен ой б?ліс
- Балалар, хал?ыны?м??ынм??да?ана?ынны??збалаларынадеген?келікт?рбиесі мен махаббаты?аншалы?тыекенінбізб?гіноны??бдірахман?аарна?ан?ле?деріар?ылыбілетінболамыз.
Саба?ты? эпиграфы: ??йры?тыж?лдызсекілді,
Туды да к?пт?рмады.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай «?бдірахман?лгенде». (3 ?ле?) »

Сабақтың тақырыбы: Абай «Әбдірахман өлгенде». (3 өлең)
Сабақтың мақсаты: білімділік - Әбдірахман өміріне шолу жасай отырып, өлеңдерге талдау жасау арқылы Әбдірахман бейнесін ашу; дамытушылық - ақын шығармалары туралы білім - дағдыларын дамыту, таным - түсініктерін кеңейту; тәрбиелік - Әбдірахман бойындағы адами қасиеттерден үлгі - өнеге алуға шақыру.
Көрнекіліктер: Әбдірахман портреті, слайд.
Пайдаланылған әдебиет: «Абай» энциклопедиясы.( «Атамұра» 1995 ж)
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдісі: ой шақыру, топтастыру, сатылай кешенді талдау, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Поэзия минуты. «Адамның кейбір кездері» өлеңін мәнерлеп, жатқа айту.
2. Сатылай кешенді талдау жасату.
Үй тапсырмасын қорытындылай отырып, жаңа сабаққа ауысу.
- Ұлы Абай «Адамның кейбір кездері» өлеңінде өмірдің көлеңкелі жақтарын аямай әшкерелейді. Халықтың мұңы мен зары Абайдың басты қасіреті екенін өлеңнен анық көруге болады. Ақынның жан дүниесі, жүрек лүпілі, жан сыры, жүректі қозғар күші де – халқының жай - күйі. Ендеше поэзия да осындай сәттерде туатыны және оның аса шебер туындыға айналуының сыры да осында екен.
ІІІ. Жаңа сабақтың мақсатын айту және бастау.
Ұсынысым:
1. Оқушылар өз қолымен жасаған қолөнерін басқаларға көрсете біліп, жасалу әдісімен ой бөліс
- Балалар, халқының мұңын мұңдаған ақынның өз балаларына деген әкелік тәрбиесі мен махаббаты қаншалықты екенін біз бүгін оның Әбдірахманға арнаған өлеңдері арқылы білетін боламыз.
Сабақтың эпиграфы: Құйрықты жұлдыз секілді,
Туды да көп тұрмады.
Көрген, білген өкінді.
Мін тағар жан болмады.
Абай.
1 - слайд.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Ұрпақ - өмір жалғасы.
2. Не ексең, соны орасың.
3. Бала – ата – ананың бауыр еті.
4. Абай сөзімен, Әбдірахман ізімен. 2 - слайд. Ұрпақ - өмір жалғасы.
А б а й
Ділдә Әйгерім Еркежан
Ақылбай Тұрағұл
Әбдірахман
Мағауия Мағрипа ( Мағыш )
Күлбадан
Рахила

3 – слайд. Не ексең, соны орасың.

1868 жылы
Әбдірахман Абайұлы дүниеге келді.
1882 жылы Семей қаласындағы үздік мектепке барады.

1886 - 1889
жылдары
Түмен қаласындағы Александров реалдық училищесінің
5, 6, 7 – кластарын оқып бітіреді.
1889 - 1892
жылдары
Санкт - Петербургте Михайлов атындағы артиллерияда 3 жыл оқып білім алады.
1892 жылы Ташкенттегі бекініс гарнизонының артиллериясына қызметке жіберіледі.
1895 жылы 15 қараша Әбдірахман дүние салады.
- Абай балаларының біліміне үлкен мән берді. Олардың көзқарасын да ұдайы сынап отырды. Естеріңде болса, Абай Әбдірахманды қалай сынап еді?( Ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?)
- Демек Әбіш қандай адам болған?
- Ойлы, ақылды.
Әбдірахманға 1892 жылы берілген мінездемеде мінез - құлқының өте жақсы, ашық - жарқын екені, әскери қызметіне жауапты қарайтыны, таңдаулы офицер болғалы тұрғаны, бірақ денсаулығының нашарлап жүргендігі жазылады.
(Әрхам Кәкітайұлының естелігі оқылады).

3. Бала – ата - ананың бауыр еті.
Абай баласы Әбдірахманға 17 өлең арнаған. Соның 13 - і ақынның II томдық шығармалар жинағының І томына енген. Осының үшеуі оқулықта берілген екен.
А) Өлеңді мәнерлеп оқу.
Ә) Сөздік жұмысы.
Б) Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау.

Авторы: Абай Құнанбаев.
Шығарманың аты: Әбдірахман өлгенде.(Талаптың мініп тұлпарын).
Тегі: лирика.
Жанры: өлең(арнау).
Тақырыбы: әке қайғысы, баласына деген ыстық махаббаты, адал ниеті.
Идеясы: Әбдірахман бойындағы ізгі адамгершілікті дәріптеу.
Құрылысы: 5 шумақ, 20 тармақ, 2 бунақты, 7 - 8 буынды, шалыс ұйқаспен(абаб)
жазылған.
Көркемдігі: ауыспалы мағынадағы сөздер: тұлпар, тас қияға, жол көрсету.
Тәрбиелік мәні: Әбіш бойындағы адами қасиеттерді өз бойымызға жинау,
үлгі - өнеге алу.

Әбдірахманға мінездеме беру.
жүрегі жылы зерек еңбекқор қайырымды
білімді ақкөңіл
кішіпейіл ізденгіш
байсалды үлкен ой иесі ар - ұяты жоғары
Бекіту. Абай көзімен, Әбдірахман ізімен.

1. Абай сөзінде көлеңкеге айналған кім еді? (Жаман дос - көлеңке...)
2. Патша мен қараның, жас пен кәрінің айырмашылығы неде?(Бақпен асқан патшадан...)
3. Адамды аздыратұғын не нәрселер?(Тамағы тоқтық...)
4. Кісіні қалай таңдау керек? (Сөзіне қарап кісіні ал...)
5. Толық адам болудың сыры неде? (Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста...)
6. Ғылым ақылды қалай сынады?(... Ақыл сен жақсы іске басшы болғаның жақсы,...)
7. Еңбегі еш кеткен қандай қазақ? (Біріңді қазақ бірің дос,...)

Үйге тапсырма: І топ - оқулықтағы 3 өлеңнен қалағанын жаттау.
ІІ топ - «Жаңа жолдың басшысы – ол» өлеңін жаттау.
ІІІ топ - «Абай өлеңдері туралы ойларым» (шағын шығарма жазу).




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Абай «?бдірахман?лгенде». (3 ?ле?)

Автор: Ахтанова Айгуль Шакеровна

Дата: 02.04.2015

Номер свидетельства: 195676


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства