Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаевтың «Күз» өлеңі. Септік жалғаулары
Сабақтың мақсаты: А.Құнанбаевтың «Күз» өлеңі туралы мағлұмат алу
Міндеттері: Күз өлеңі бойынша сұрақ қоя алу, өзара сөйлесе білу. Сөздермен сөйлем құрастыру, алған білімдерін пайдалана және жинақтай білу. Табиғатты қорғауға, күз мезгілін сүюге үйрену.
Күтілетін нәтиже: Күз өлеңі бойынша сұрақ қоя алады, өзара сөйлесе біледі. Сөздермен сөйлем құрастыра алады, алған білімдерін пайдалана және жинақтай біледі. Табиғатты қорғауға, күз мезгілін сүюге үйренеді.
Техникалар, көрнекіліктер: АКТ, күз мезгілі туралы үлестірмелі материал, плакат, суреттер, кестелер.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.(1 минут)
Оқушылар үй тапсырмасын айтады.
Ой қозғау: Күз мезгілі туралы өлең жазған ақынды білесіздер ме?
- Бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсыздар?
Мұғалім: Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазыңдар
Деңгейі
Сұрақтар және тапсырмалар
Уақыты
Білу
Топтық жұмыс (2+2+5 минут)
Интербелсенді тақтадан «Күз» туралы бейнефильм көреді және күз туралы А.Құнанбаевтің өлеңін тыңдайды, есте сақтайды.
Өлең бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Сөздік жұмыс: Өлеңді оқып, түсініксіз сөздерді теріп жазып, аудармасын жазып, есте сақтаңдар.(2 мин.)
1-тапсырма. Өлеңді түсініп оқып, сұраулы сөйлемдер құрастырып, өзара сөйлесуге дайындалыңдар.
Түсіну
Топтық, ұжымдық жұмыс (5 минут)
Мұғалім: 2-тапсырма. Өлеңді қара сөзге айналдырып жазып, ақынның айтпақ ойын өз сөздеріңмен білдіріңдер.
І топ - 1- шумақта не туралы айтылған ? -.
ІІ топ - 2--шумақта не туралы айтылған ? -.
«Бинго» сұрақтарына жауап беріңдер.
1. Ақын күзді неліктен көңілсіз түрде суреттейді?
2. Ауа райын қалай сипаттаған?
3. Балалардың көңіл-күйі қандай? Неге?
4. Не қураған? Неге?
Қолдану
Жеке, топтық жұмыс (5+2 минут)
Сіз жазушысыз. Сурет бойынша әңгіме жазу.
Күз мезгілі. Мен саябақта қыдырып жүрмін.. (Елестету, еске түсіру арқылы көргендерін, сезімдерін бірнеше сөйлеммен жеткізу).
Сергіту сәті: «Күрең күз» өлеңін айтайық
Талдау
Топтық жұмыс (7 минут)
3-тапсырма - А. Құнанбаевтың «Күз» өлеңі сендерге ұнады ма? Неге?
Кесте немесе кластермен өлеңнен негізгі 4 сөйлем мен сол 4 сөйлем ішінен 4 сөз жазыңдар және өлеңнің негізгі идеясын жазыңдар:.
Мұғалім: І топ қорғап жатқанда басқа топ оқушылары, олардың айтқандарын тыңдап жазып алып отырады.
Мұғалім: Сендерге қай оқушының талдап, түсіндіргені ұнады? Неге? Ең жақсы түсіндірген қай оқушы деп ойлайсыңдар? Неге? (7 минут)
«Өрмекші» ойыны. Септік жалғауын қайталау (2 минут)
Кәртішкемен жұмыс. 1-оқушы тақтада кәртішкемен жұмыс жасайды.
А.Құнанбаевтың «Күз» өлеңіндегі септік жалғаулы сөздерді теріп жазу.
4-тапсырма. Мына сөздерді септеңдер.
І нұсқа ІІ нұсқа
А.с. күз А.с. бұлт
Оқушылар бірін-бірі тексереді, бағалайды. (3 минут)
Жинақтау
Топтық жұмыс: (2 минут)
«Шағын шолу» кестесі бойынша жауап беру
Бағалау
Қазір қандай жыл маусымы? Оны ұнатасыз ба? Неліктен?
Маған күз мезгілі ұнайды, себебі.
Маған күз мезгілі ұнамайды, себебі.
Сабақ маған ұнады, себебі.
Сабақ маған ұнаған жоқ, себебі. (1 минут)
Бағалау парақтарын оқушылардан алып, соңғы қорытынды бағаны қойып, түсініктемелер айту.
Рефлексия
Не жеңіл болды?/не ұнады?
Не қиын болды?/ не ұнаған жоқ?
Тағы не білгілерің келеді? (1 минут)
Үйге тапсырма: А.Құнанбаевтың «Күз» өлеңін жаттау. 2-3 сөзді септеу. (1 минут)