kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А.??нанбай?лы "?ыс" ?ле?і

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныпта?ы о?ушылар  саны  20. Жалпы  сыныпты?  о?у  ?лгерімі  орташа  де?гейде. Та?ырып  бойынша  берілетін  тапсырмалар  мен  с?ра?тарды  жалпы  сыныпты?,  сонымен  ?атар  о?ушыларды?  танымды?  ?абілеттеріне  ?арай  ?йымдастырдым.   Саба?ым  Абай ??нанбаевты? «?ыс»  та?ырыбында болды. «Жа?а  н?рсені  о?ыту  адамны?  нені  білетінімен  ж?не  т?сінетінімен  байланысты» деп бірінші  тезисте  к?рсеткендей  саба?ымды  ми?а  шабуыл  ретінде  «Сен  ма?ан, мен  са?ан» ойыны  ар?ылы  о?ушылар  ?ткен  та?ырып  бойынша  бір - біріне  ойыншы?  ла?тырып   с?ра?тар  ?оюдан  бастады. Мені?  бай?а?аным  о?ушылар  с?ра?тарына  жауап  алу  кезінде  толы?  болуына к??іл  аударып  отырды. Сонымен  ?атар  аз  с?йлейтін  о?ушылар?а  келгенде  ?асында?ы  сыныптасы  к?мектесуі  барысында ЖАДА  ж?мыс та  ж?ріп  жатты. Диалог?а  т?су  барысында ?здеріні? с?йлеу  м?неріне  ?лкен м?н  бере  отырып, ?згелерді? пікірлерін  ты?даумен  ?атар  санасу?а  ?йренеді.О?ытуда?ы  жа?а  ?дісті?  бихевиористикалы? т?сілі бойынша  о?ушыларды  жа?а  та?ырыпта  кездесетін  ??ымдарды атай  отырып,  санама?  ?дісімен  т?рт  топ?а б?ліп  алдым. ?р  топ  ?з  атауларына  сай  ма?ал – м?тел  айту  ар?ылы  топтарыны?  атауларын  ?ор?ады. М?нда?ы  мені?  к?здегенім  топтар?а  б?ліну  барысында  метатанымы  ?ркелкі  о?ушыларды  бір  топты?  аясында  ?леуметтік  жа?дайлары  те?естіріліп,  ЖАДА  ж?мыс  жасау  барысында  когнитивті  дамулары  ілгерілеуі  болды. Сонымен  ?атар бауырмалды? ?асиеттерін  ояту  ж?не  ?аза?и  ?лтты?  нышанды да  ма?ал – м?телдерді  айту  ар?ылы  е?гізуді  к?здедім.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А.??нанбай?лы "?ыс" ?ле?і »

Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы,Кемел Тоқаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахметова Нурзия Тургамбековна



5- сынып Әдебиет пәні

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. « Қыс»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, « Қыс» өлеңінің мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін меңгерту.

2. Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

3. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету,ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Блум таксономиясы, топпен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары: пікірлер картасы, «топтастыру» әдісі мен эссе жазылады.

Сабақтың нәтижесінде оқушы жететін табыс критерийлері:

(Блум таксономиясы бойынша)


Оқу мақсаттарының деңгейлері

Оқушының жететін жетістіктері

Білу.Есте сақтау.

Мен өлеңнің мазмұнын меңгердім. Ақынның табиғат сырын суреттеуі туралы деректерді білемін.

Түсіну

Табиғаттың яғни қыстың жеке-жеке көріністеріне терең үңіле отырып, көшпелі қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігін жүрегіммен сезінемін.

Қолдану

Автордың идеясын аша аламын. Мәтін ішінен автор

қолданған көркемдеуші компоненттерін таба аламын..

Талдау

Тарихи деректерді пайдалана отырып, өлең туралы

терең мағлұматтарды түсінемін, сол арқылы

өлеңнің тарихылығын дәлелдей аламын.

Жинақтау

Сабақ барысында алған білімімді жинақтап, өз ойымды жаза аламын.

Бағалау

Бүгінгі қоғамда табиғат сырларын терең түсіне отырып, әр мезгілдің кереметін ажырата аламын.Шығарманы талдай аламын.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу. Топтастыру. Оқушылар мақалдардың жалғасын табу арқылы үш топ құрады.


Оқу мақсаттарының деңгейлері

Оқушылар әрекеті

Білу.Есте сақтау.

І топтық жұмыс. Өз жұмыстарын қорғайды.

1.Оқушыларға өткен материалдар бойынша схема ұсынылады.

Топтарға сұрақ: «Қыс» өлеңінде суреттелген табиғат ерекшеліктері мен ауыл тіршілігі арасында қандай байланыс бар?(білетіндерін ортаға салады.)

2. Проектор арқылы ақын өлеңінің мәтіні көрсетіледі.

Топтық жұмыс. Тапсырма: Абайдың «Қыс»өлеңін оқымай тұрып. « Қыс» деген сөзді естігенде көз алдарыңызға не елестейді, жүректеріңізбен нені сезесіздер?(топтастыру әдісі)

  1. Шығарманың авторы кім? Ол туралы қандай білімдерің бар? (топтастыру)


Түсіну

ІІ топтық жұмыс

І топқа тапсырма: өлеңнен үзінді беріледі. Мұнда ақын әрбір суретті қандай бейнелі сөздермен жасағанын қараңдар.

Өлеңмен танысып, осы өлеңдегі тіркестерді пайдалана отырып суретін салып көріңдер

ІІ топқа тапсырма: Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»

Қараңғы түн сар дала,

Көрінбейді сар дала.Боран соғып тұр борап,

Жолды басқан құр сорап.

Ызғарлы жел долданы,

Екі иінінен дем алып.

Аңдай ұлып бір мезгіл,Екі санын шапақтап,

Біресе сақ-сақ күледі......

Өлеңмен танысып, Ақанның Абайдың қысынан қандай ерекшелігінің барлығын топ ішінде талқылаңдар, әр топ жауабын ортаға салады.

ІІІ топқа тапсырма

«Қыс» сөзіне ассоциация жасаңдар.


Қолдану

Топтық жұмыс

1-тапсырма: Метафораның ұлғайған түрі

А) Бір нәрсені бірнеше нәрсеге балау арқылы жасалған түрі

Дем алысы үскірік, аяз бен қар ,

Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды.

(“Қыс”)

2-тапсырма: КЕЙІПТЕУ.

Жаратылыстың жансыз нәрселерін, тап жанды нәрселердей етіп жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп суреттеуді к е й і п т е у деп атайды.

Мысалы: Ақ киімді, денелі ақ сақалды

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды. (Абай).

Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,

Ол қайтсын қара түнде жарқылдамай,

Таң атқан соң шығарын күннің біліп,

Өңі қашып бола алмас бұрынғыдай. (Абай).

Осы үзінділер кейіптеуге жатады.

Кейіптеу арқылы автор жансызға жан бітіреді, тілсізге тіл бітіреді, не қайғылы, не қуанышты оқиғаны суреттегенде, оған және табиғат қосылады да оны бұрынғыдан да күшейте түседі. Шығармадағы оқиғаға табиғатты қатыстырып, не қайғыртып, не қуантып суреттелген жерлер өте әдемі, оқушыны еріткендей әсерлі және күшті болып келеді.

Мысалы: Бір көк сұр түс енгізіп бар денеге,

Сұм жүрек қанды өзіне жинай берді.

Ақырда ашу ерді билеп кетіп,

Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді.

... Қомағай қара топырақ бүлкіл қағып,

Асығып екі жастың қанын ішті.

...Ашудан бұғып қалған қорқақ ақыл

Күбірлей бастады енді “Мұның не?”- деп.

... Күміс таң жерге күміс сәуле шашты,

Сәуле мен қараңғылық араласты.

Алыспас адал, арам бекерге ұзақ,

Жеңіліп қараңғылық жылжып қашты.

( М.Жұмабаев “Батыр Баян” поэмасынан ).

Кейіптеу ауыз әдебиетінде де кездеседі.

Мысалы : Жоғарғы ерні қыбырлап,

Төменгі ерні жыбырлап

Тайбурыл сонда сөйлейді:

“ Сен үстімде аманда,

Мен астыңда аманда,

Қажу бар ма мен сорға,...

Сырлы Қазан шаһарын

Көрсетпесем көзіңе

Түсірмесем өзіңе

Таңдап мінген Бурылды

Сол жерде шал құдайға...”

( “ Қобыланды батыр ” жырынан ).

Автор суреттеп отырған өмір құбылысының ерекше көрінісін оқырман жүрегіне бейнелі түрде ұялайтындай етіп жеткізуде қолданатын көркемдік әдістерінің ішіндегі таңдаулысы да осы кейіптеу әдісі болып табылады.

Кейіптеу жасау үшін де авторға жүйрік қиял, терең ой және сөз байлығын кемел меңгерген шеберлік қажет. Онсыз көркем шығарманың шырайы кірмейді. Айтар ой оқырманға түсініксіз болады.

Берілген мысалдарды салыстырыңдар.


Сергіту сәті

«Қара жорға»биін билеу

Талдау

І топқа тапсырма:

Суретпен жұмыс: сендер қыс бейнесін көз алдыларыңа қалай елестетесіңдер? Абай атамыз қысты қалай суреттеген екен?

ІІ топқа тапсырма: Өлеңнің бір ғана шұмағын алып, суретке салып көріңдер.

ІІІ топқа тапсырма: Тапсырма: «Қыс» тақырыбына бір шұмақ өлең шығарыңдар.

Жинақтау

«Қысқы ауыл тіршілігі»тақырыбына шағын эссе жазыңдар.Өлеңді жаттап алыңдар.


Бағалау

«Қыс» тақырыбында жазылған басқа өлеңдерді білесіңдер ме, олардың композициялық құрылымындағы өзгешелітерді ажырата аласыңдар ма?



Сыныптағы оқушылар саны 20. Жалпы сыныптың оқу үлгерімі орташа деңгейде. Тақырып бойынша берілетін тапсырмалар мен сұрақтарды жалпы сыныптың, сонымен қатар оқушылардың танымдық қабілеттеріне қарай ұйымдастырдым. Сабағым Абай Құнанбаевтың «Қыс» тақырыбында болды. «Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты» деп бірінші тезисте көрсеткендей сабағымды миға шабуыл ретінде «Сен маған, мен саған» ойыны арқылы оқушылар өткен тақырып бойынша бір - біріне ойыншық лақтырып сұрақтар қоюдан бастады. Менің байқағаным оқушылар сұрақтарына жауап алу кезінде толық болуына көңіл аударып отырды. Сонымен қатар аз сөйлейтін оқушыларға келгенде қасындағы сыныптасы көмектесуі барысында ЖАДА жұмыс та жүріп жатты. Диалогқа түсу барысында өздерінің сөйлеу мәнеріне үлкен мән бере отырып, өзгелердің пікірлерін тыңдаумен қатар санасуға үйренеді.

Оқытудағы жаңа әдістің бихевиористикалық тәсілі бойынша оқушыларды жаңа тақырыпта кездесетін ұғымдарды атай отырып, санамақ әдісімен төрт топқа бөліп алдым. Әр топ өз атауларына сай мақал – мәтел айту арқылы топтарының атауларын қорғады. Мұндағы менің көздегенім топтарға бөліну барысында метатанымы әркелкі оқушыларды бір топтың аясында әлеуметтік жағдайлары теңестіріліп, ЖАДА жұмыс жасау барысында когнитивті дамулары ілгерілеуі болды. Сонымен қатар бауырмалдық қасиеттерін ояту және қазақи ұлттық нышанды да мақал – мәтелдерді айту арқылы еңгізуді көздедім.


Берілген тақырыптар бойынша постермен жұмыс жасауды тапсырдым.

1-топ. Абай ҚҰнанбайұлының шығармашылығы.

2-топ. «Қыс» өлеңінде суреттелген табиғат ерекшеліктері мен ауыл тіршілігі арасында қандай байланыс бар?(

3-топ. Тапсырма: Абайдың «Қыс»өлеңін оқымай тұрып. « Қыс» деген сөзді естігенде көз алдарыңызға не елестейді, жүректеріңізбен нені сезесіздер?(топтастыру әдісі)

Постерді құру барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы, зерттеуге деген ынтасы сонымен қатар оқушы бойындағы таланты, шығармашылық қабілеттері шыңдала түседі. Постерлерін құруда берілген тақырыптарын негізге ала отырып, өз идеялары мен ойларын ортаға сала, бір - бірімен кеңесе ортақ шешімге келіп, өз ойларын постерге түсіріп жатты. Осы кезде байқағаным бір – бірімен көп араласпайтын оқушыларымның әлеуметтік жағдайларын ұмытып, бірлесе жұмыс жасаған кезде тапсырманы орындауға деген талпыныстарын эмоцияларынан байқадым. Осының барысында когнитивті дамуларына жағдай туғандығы мен үшін жетістік болды.

Кері байланыс. Рефлексивтік сауал алынады.

Мен бүгін сабақта .... болдым.

А) белсенді ә) енжар

Мен үшін тапсырмалар..... болды.

А)жеңіл ә)қиын в) орташа

Тапсырмалардыорындауға уақыт мөлшері...... болды.

А)жеткілікті ә) аз

Сабақ үстінде көңіл күйім .....

А)көтерілді ә)мазам кетті в)жалықтым

Бүгінгі сабақта мен өз жұмысыма .....

А)көңілім толды ә)риза емеспін в)достарым кедергі жасады

Рефлексия















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
А.??нанбай?лы "?ыс" ?ле?і

Автор: Рахметова Нурзия

Дата: 02.03.2015

Номер свидетельства: 180872


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства