Ең қайырымды, жоғары сезімді, адамдармен түсінісу олар үшін бақыт.
Үй тапсырмасын пысықтау.(ой қозғау стратегиясы)
Ерте оянып,ойланып,ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жан,құбақан құм,құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Сұрақтар:
1.А.Құнанбаев кім?
2.Ол қай жылы туған?
3.Абай жасынан қандай болды?
4.Әкесі оны қайда оқуға берді?
5.Абай кімнің шығармаларымен танысты?
6.Ол қазақ халқын неге шақырды?
7.Абайдың табиғат лерикасына арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?
Жаңа сабақ.? ”Қыс ”өлеңі
Балалар жылдың неше мезгілі бар?
Қыс айларын атаңдар.
Қаңтар келді,қар қалың.
Аппақ әлем бар маңым
Күн суытып кетсе де,
Мен сабактан қалмадым.
Келген мынау желтоқсан
Қар бораған,жел соққан.
Жылым бітіп қалыпты-ау
Он екі рет толғатқан.
Ақпан келді, ақ боран.
Ақ боранға шат болам.
Тоңбаймын,-деп,аязда
Достарыма мақтанам.
Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыз ұлы лирик Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасынан “Қыс”өлеңі
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Бұл өлеңді А.Құнанбаев 1884жылы Шыңғыс елінде қатты жұт болып, қар сәуірдің басына дейін жатқан екен. Сол қысты еске ала отырып, 1888жылы жазған.
” Абайдың табиғат лирикасы күшті ақындық шеберлікпен зор мәдениетпен жазылған аса сұлу, сырлы жырлар”-деп Қабдолов айтқандай үлкен шеберлікпен, өзгешелікпен жазылған өлең. Бұндай жансыз затты жанды затқа теңеп көрсету әдебиетте мұндай тәсілді кейіптеу деп атайды. Осы өлеңдегі ақ киімді ақ сақалды-адам емес, қыс. Қыс дүлей адамның бейнесінде көрінеді, ол-соқыр, мылқау, тірі жанды танымайды да. Ақын әлгі ақ киімдінің басқан жері сықырлап, келе жатқан дыбысын естейді.
Екінші жағынан кәрі құда. Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрінде ең құрметті қонақ. Жас құда емес жүрісі баяу, асықпайтын үлкен күтімді талап ететін кәрі құда.
Венн диаграммасы
Биылғы қыс біздің еліміз үшін Қазақстан халқы үшін ерекше қыс. Ол қатты аязымен қоса, жапалақтап жауған қармен бірге біздің жерімізге Азия алауын ала келді. Яғни елімізді әлемді деңгейдегі қысқы Олимпияда алауы қазақ жерін аралай отыра біздің Ақтөбе қаласына қаңтар айының 19-да келді. Алау эстафетасын қала көшелерімен алып жүгіру құрметіне Ақтөбе облысының зиялы қауымы оның ішінде бірінші болып облыс әкімі Елеусін Сағындықов алып өтті.
-Балалар облыс әкімін білесіңдер ме?
-Оны қайдан көрдіңіздер?
-Облыс әкімі біздің Шағала шипажайында да бірнеше мәрте қонақта болды. Қазіргі бізді қала аралауға, мұражайға, театрға алып барып жүрген автобусты сыйға тартты. Өздеріңіздей Шағала шипажайының 5-сынып оқушысы Альбина Әкімнің қабылдауында болып қайтты. Қаламыздағы спорт және өнер қайраткерлерлерінің арасында Азияда алауын алып өткендердің арасында облысымыздың белгілі әншісі Света Айтбаева да болды. Бұл кісі де Шағала шипажайы тәрбиеленушілері арасында өз өнерін көрсетіп, Шағала шипажайы ұжымы арасында үлкен ықылыс – пейілге бөленген жан. (Фотосуреттер көрсетіледі).
Ендеше балалар қысқы Азиада ойындарында Қазақстан спортшыларына сәттілік тілейміз.
”Шаңғышылар” әні
5 жолдан тұратын қортындылау тақпағы.
1.Такрыпты суреттейтін. Зат есім. Қыс.
2.Сын есім. Ызғарлы, аязды
3.Етістік.Борайды,Үстеді.
4.Синоним.Үскірік.Аяз.
5.Төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем.
Қыста шанамен сырғанақ тебеміз.
Жұмырланған қар: Оқушылар қыс туралы түсініктерін кезекпен айту.
Бір орындық қойылады, соған отырып, өзінің шығармасын оқиды. Абайдың табиғат лирикасы жалаң келмей, жамыраңқы келеді. Оның пейзажы қимылға, адаммен қарым-қатынасқа, мағыналыққа толы. Абайдың пейзажы қонымызға дарып,санамызға сіңіп кеткен. Көктем келсе, біз Абайдың сөгілген бұлтын, ойнаған найзағайын еске аламыз. Күз болса біз Абайдың дымқыл су бүріккен тұманына шомылғандай әсерленеміз. Қыс түссе, біз қалтыраған ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз. Абайдың самалы, сағымы, желі, жаңбары, үскірігі, аязы баяғы күйінде тұрғандай сезінеміз. Абайдың бір ұлылығы осында.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:сурет салу, өлеңді мәнерлеп оқу. Шағын мәтін, өлең құрастыру.