әшкерелейді.Тағы бір сондай жорығында ол темір қорғанды қақпаға кездесіп, қамалды ала алмағанына
ашуланған патшаға қақпаның күзетшісі орамалға түйілген адамның бас сүйегін арғы беттен сыйға
лақтырып жібереді. Мұның мәнісін түсінбеген Ескендір ойшыл-ғалым Аристотельден бұл жұмбақтың
шешуін сұрайды. Сонда Аристотель: адам көзі тіршілікте еш нәрсеге тоймайды, тек топыраққа көмілген
кезде ғана тынатынын айтады. Ақын жауыздықты ізгілік жеңеді деп қорытынды жасайды.
Ал енді, оқушылар, поэманың тақырып, идеясын ашуға жұмыстанайық. Ол үшін мен сіздерге поэма-
дан қысқаша керек деген жерлерімді жазып келдім. (Таратып шығамын .Мұнда Ескендір, Аристотель, Абай)
Оқып, танысамыз. Әр топқа кезектесіп оқытамын да:
Кімге сипаттама бердің? Ескендір деген қандай адам екен?
Аристотель қандай адам?
Абайға қандай сипаттама беруге болады?- деген сияқты сұрақтар қоямын.
«Бұрыштар» стратегиясымен сабағымды қорытындылаймын, ол үшін мынадай сұрақ қоямын.
Оқушылар, сіздерге мынадай сұрақ:
Осы бүкіл әлемді билеген қолбасшы бар ма?
Әркім асықпай , ойланып жауап береді. Мен сіздерді үш топқа бөлемін де, шартын түсіндіремін.
Үш топқа бөлемін. 1-топ «бар» десе, 2-топ «жоқ» деп қарсы пікір айтады. Ал, 3- топ сол екі
топтың дәлелдегеніне қарай топтарға қосылады.
Білімді бекіту: Сабақты оқушылар сөзімен, пікірлерін қорытып, өз сөзіммен аяқтаймын.
Ендеше оқушылар, Абай осы дастаны арқылы әлемді еш уақытта да бір адамның билей
Алмайтындығына, Аристотельдің ғибраттары арқылы көз жеткізеді.
Үйге тапсырма:Ескендірге хат немесе даналық тақырыбына ойтолғау жаз.
Бағалау. Бағаны түрлі-түсті стикерлармен сабақ барысында бағалап отырдым.
«Мектепке дейінгі шағын орталығы және гимназия сыныптары бар №21 жалпы білім беру орта мектебі» ММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Қаналиева
Сабақтың тақырыбы: Нашақорлық - ғасыр дерті
Мақсаты: Жас ұрпақтың нашақорлық туралы білімдерін тиянақтауға, салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы туралы білім алуға жағдай туғызу.
Күтілетін нәтиже: 1Нашақорлық туралы ойларын тиянақтайды;
Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу,бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру.
І Қызығушылықты ояту
ІІ Мағынаны тану
ІІІ Ой қозғау
Балалар, бүгінгі таңда жасыратыны жоқ бізді қоршаған ортамызды жаман әдетті
аурулар қаптап кетті. Олар,нашақорлық, СПИД, ішімдікке салыну сияқтыларды айта аламыз.
Соның ішінде жастар арасында нашақорлық әдеті өте көп тарап кетті. Бұған біз кімді
кінәлаймыз? Бұл сұраққа жауап іздеу де қиын. Дегенмен сабақ барысында жауап берерміз.
Оқушыларды топқа бөлу. Ол үшін «Денсаулық», «Спорт», «Салауатты өмір», «Саламатты» сөздерін пайдаланамын. Оқушылар топ-топқа қағаз суыру арқылы бөлініп болған соң ,сабақтың
тақырыбы мен мақсатын таныстырамын.
- Нашақорлық туралы слайдты көрсетемін.
Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен
айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі
қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады.
Әр топ тапсырмасын алып, жұмысқа кіріседі.
1. Нашақор адам кім,ол туралы не білесің?
2. Нашақорлықпен күресу жолдарын іздеу. Сіз дәрігер болып сөйлеңіз.
3. Плакаттағы суретті таныстырып, қорғау.
4. Нашақордың өмірін сахналаңыз.
Біз бүгінгі тәрбие сағатымызда нашақорлық жайында ашық әңгіме жасадық.
Осы тақырып төңірегіндегі өз ойларымызды ортаға салып, жолдастарымыздың пікірлерін
білдік, тыңдадық. Қазір сіздер өз cөздеріңізбен кеңесіп, сөз бересіздер және алдарыңыздағы
қағазға жазып, тақтаға ілесіздер.
Барлығыңыздың пікірлеріңіз әртүрлі екен. Тақтаға іліп өз постерларыңызды қорғай қойыңдар.
Қол соғып әр топты марапаттаймыз. Сабағымды мен сіздерге үндеу айтып аяқтағым келеді.
Слайдта:
Үндеу!
Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді – өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді
тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден
аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан – дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос
уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз.
Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыздар. Өз тағдырыңыз – өз қолыңызда. Адам өмірге бір-ақ
рет келеді, оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді.
Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.
Денсаулығыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз. Өйткені, сіз – тәуелсіз
еліміздің болашағысыздар!
Сабағымды жинақтай келе, Өз өмірің үшін күресе білейік,
Салауатты өмір салтын қолдаймыз!- деген сөзді хормен айтқызамын.
«Нашақорлық - ғасыр дерті»
Тәрбие сағаты
6 «А» сыныбы
«Мектепке дейінгі шағын орталығы және гимназия сыныптары бар