kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А.??нанбаев "31-?арас?з"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л саба?ты?  ма?саты о?ушылар ойшыл а?ынны?  31 ?арас?зі туралы ма?лумат алады а?ынны? ?арас?зді   жазуда?ы ма?сатымен танысады. О?ушыны? ой еркіндігі,с?йлеу м?дениеті ?алыптасады,?здегінен іздену ?абілеті шы?далады.

Осы саба?ымда Абай шы?армаларыментанысты?ымыздыары?арайжал?астырамыз.соны?ішіндеАбайды?философиялы?ойларыберілген?арас?здерімен танысамыз

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А.??нанбаев "31-?арас?з" »

Тақырыбы: А.Құнанбаев. 31- қарасөз

Мақсаты:

Оқушылар ойшыл ақынның «Отыз бірінші» қара сөзі туралы мағлұмат алады, ақынның қара сөзді жазудағы мақсатымен танысады.Оқушының ой еркіндігі, сөйлеу мәдениеті қалыптасады, өздігінен іздену қабілеті шыңдалады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, ауызша тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, талдау, бейнесюжет.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Ұйымдастыру: 1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады «Менің көршім».

2. Абайдың «табиғат лирикасының» тармақтары оқушыларға үлестіріледі, сол бойынша төрт топқа бөлінеді.

Үй жұмысын тексеру: Балалар, біз сендермен өткен сабақтарымызда қазақтың бас ақыны атанған ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» , «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңдерінің мазмұнымен танысқан болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда ұлы Абай шығармашылығымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз. Бүгінгі сабағымызды:

Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,

Толғайды Абай мұңым менен зарымды.

Абай сынды дана туған халықтың,

Ұл-қызы да болу керек дарынды, - деген өлең жолдары арқылы бастағым келіп отыр.

Ендеше үйге берілген тапсырмаға шолу жасайық, кім дайын?

1. «Құлақтан кіріп, бойды алар » өлеңін оқу, ұнаған шумақтарын жаттау

2. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» тақырыбына ойтолғау жазып келу.

Жаңа сабақ: 31- қарасөз

Бүгінгі сабағымызда Абай шығармаларымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз, соның ішінде Абайдың философиялық ойлары берілген қара сөздерімен танысамыз.

Топтастыру: Қара сөз жайлы не білесіздер? Әр топтан оқушылар келіп, ойларын жазады.

(слайд беттерін оқушылар тілегі арқылы мәнерлетіп оқыта отырып, түсініктерін дамыту)

Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді:

«Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Абайдың қара сөздерінің саны 46. Бірақ біз 46-ншы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз. Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы. Абайдың қара сөздері туралы бауырына салып тәрбиелеген немересі, Мағауияның қызы Уәсила былай дейді: «Әкем балаларын 7-8-ге шыққанда оқуға беретін, балалармен қабат, қыздарын да оқытатын, қазақ тілінде кітап жоқ болатын. Сондықтан, балалардың ойы, дүние тануы кемшін болады деп әкем көп айтып жүрді. Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді» Молдаға қарап: «Балаларға мына кітапты әкелдім. Осыны көшіріп, көбейтіп бала басына бірден таратып бер, бүгіннен бастап осы кітапты қоса оқыт» деді. Біз қуанып кеттік. Әкем үйден шыққан соң, молда әлгі кітапты алды да, бас салып оқыды, кітап қолжазба екен. Біз ол кітапты көшіріп алып оқи бастадық. Өйткені, бұл жаңа кітаптың тілі ұтымды, сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап болды. Кейін байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия» атты қарасөзбен жазған кітабы екен»

Қара сөз- көркем әдебиеттің үлкен бір саласы.Қара сөздің өлеңге қарағандағы айырмасы онда сөз ырғағы еркін, онда белгілі бір өлшемдер сақталмайды. Абайдың қара сөздері қазақ әдебиетінде проза жанрының дамуына із салған жаңалық болды. Қазіргі заманғы проза жанрындағы роман, повесть, әңгіме, т.б қара сөздің жан- жақты дамыған үлгілері болып табылады.

Абай қара сөздерінің жанрлық және стильдік ерекшелігін слайдтан көрсетемін.

Сергіту сәті

А4 форматқа жазылған 31- қарасөздің бөліктерін төрт топқа таратып, оқытып- талқылатып, ДЖИГСО әдісін пайдаланып, қарасөздің толық нұсқасымен танысып, «Естілген сөзді ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар» постерді толтырады.

Сөздік жұмыс: оқулық бойынша

31-қара сөзінің оқушыға әсерін бейнефильмнен көрсетіп, сұрақтар бойынша талқылатамын.

Мәтіндік тапсырма.

1-топқа:

Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: ------------------------------------------------------------------------------------------------------ болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ---------------------------- керек, көңілденіп, тұшынып, -------------------------------------------- керек;

2-топқа: үшінші — сол нәрсені ішінен ---------------------------------------------------------------------------------------------------------- көңілге бекіту керек;

3- топқа: төртінші - -------------------------------------------------------------------------- --------------------------керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек.

4- топқа: Ой кеселдері: ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ секілді. Бұл төрт нәрсе - --------------------- мен ------------------------ тоздыратұғын нәрселер.


Сонымен, ұлы кемеңгер, ойшыл Абай ақынның сөздері халқы үшін, халқының пайдасы үшін жазылған мол мұра боп, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтер, шөліркесе сусын болар мәңгі өлмес, өміршең дүниелер боп, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келеді.

Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп, кейінгілерге қалдырған өнегелі сөзінің өзінен көп сырды аңғаруға болады. Абай шығармаларын оқып, қажетімізге жаратсақ, ол біздің ақын рухына деген құрметіміз болмақ.

Үй жұмысын беру: 31- қарасөзді жаттау

Рефлексия




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
А.??нанбаев "31-?арас?з"

Автор: Кагенов Сейлбек Казбекович

Дата: 01.11.2014

Номер свидетельства: 125046


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства