Білімділігі: О?ушыларды? білім – білік да?дыларын ?алыптастыра отырып, Айтма?анбет ??дайбергенов, оны? ?мірі мен шы?армашылы?ы туралы таныстыра отырып, «А?жайы?» м?тініні? мазм?нын ашу?а, кейіпкерлерді салыстырып, айырмашылы?тары мен ??састы?тарын сипаттай алу ар?ылы ?здеріні? іс – ?рекетіне ба?а беруге ?йрету.
Дамытушылы?ы: О?ушыларды? с?здік ?орын, логикасын, ойлау ?абілеттерін, есте са?тау ?абілетін, д?ниетанымын, ой-?рістеріні? дамуына жа?дай ту?ызу, шы?армашылы??а жетелеу.
Т?рбиелігі: О?ушылар?а таби?атты сезіне білуге, таби?ат?а, Отан ана?а ?ам?ор болу?а, елін – жерін с?юге, еліні? батыр азаматы болу?а д?ріптеу.
Білімділігі: Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, Айтмағанбет Құдайбергенов, оның өмірі мен шығармашылығы туралы таныстыра отырып, «Ақжайық» мәтінінің мазмұнын ашуға, кейіпкерлерді салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алу арқылы өздерінің іс – әрекетіне баға беруге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, логикасын, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін,дүниетанымын, ой-өрістерінің дамуына жағдай туғызу, шығармашылыққа жетелеу.
Тәрбиелігі: Оқушыларға табиғатты сезіне білуге, табиғатқа, Отан анаға қамқор болуға, елін – жерін сүюге, елінің батыр азаматы болуға дәріптеу.
«Ақ жайық» халық әндерін тыңдау. «Менің елімнің өзен – көлдері» тақырыбына шағын эссе жазу.
ҮІІ. Рефлексия. Смайликтермен сабаққа рефлексия ұйымдастыру
VІІ. Үй тапсырмасы:72- 73 бет мәтінді түсініп оқып, мазмұндау, қосымша мәліметтер жинау.
VIII. Бағалау: өзара бағалу
Күні: 10.12 Пән:әдебиеттік оқу Сынып : 4
Сабақтың тақырыбы: Бір дегенім. Қ. Төреқожа
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, «Бір дегенім – білім, екі дегенім – елің, үш дегенім – үміт, төрт дегенім – таңдау, бес дегенім – бесік, алты дегенім – алғыс, жеті дегенім – жеңіс, сегіз дегенім – сенім, тоғыз дегенім – талап, он дегенім - Отан!» деп жырлағандай сандар, сандардың қасиеттері, санамақ туралы естеріне түсіре отырып, жақсы сөз, жақсылық пен қуаныш сезімдері туралы түсінік бере отырып, қызығушылықтарын баулу.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, логикасын, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін,дүниетанымын, ой-өрістерінің дамуына жағдай туғызу, шығармашылыққа жетелеу.
Тәрбиелігі: Оқушыларға табиғатты сезіне білуге, табиғатқа, Отан анаға қамқор болуға, елін – жерін сүюге, елінің батыр азаматы болуға дәріптеу.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық жүргізу. «Тілек парағы»
ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. «Ыстық орындық»
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.
ІІІ Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Бір дегенім. Қ. Төреқожа
Қызығушылығын ояту.
Бір дегенім
Бір дегенім – білім, Алты дегенім – алғыс,
Талпын соған, күнім! Жақсылыққа сал күнім!
Екі дегенім – елің, Жеті дегенім – жеңіс,
Ертең сүйер белің. Терері көп жеміс.
Үш дегенім – үміт, Сегіз дегенім – сенім,
Сенен жүрген күтіп. Артар саған елің.
Төрт дегенім – таңдау, Тоғыз дегенім – талап,
Түзу жолдан танбау. Жүр кәдеге жарап.
Бес дегенім – бесік, Он дегенім – Отан,
Шықтым содан өсіп. Сол тірегің, ботам!
ІV. Оқу стратегиясын қолдану арқылы өлеңді мәнерлеп оқу.
Сұрақтар қою арқылы алған білімдерін шыңдау:
Жас ұрпаққа қандай жақсы сөз, тілек айтылған?
Өлеңнің қай жолынан ақынның баллардың келешегіне деген қуаныш сезімі білінеді?
V. Сергіту сәті: «Саусақтар», «Қуыр, қуырмаш!» ойынын ойнау.
ҮІ.Топтық жұмыс. «Сандар сыры» постер жасау
Топтар өзара бағалау жүргізеді
VІІ. Сабақты бекіту:
Он саусақ
Жалғыз саусақ тіпті де, Үш саусағым орамды,
Ұстай алмас жіпті де. Жүгіртеді қаламды.
Екі саусақ бірікті, Өнерлі екен он саусақ.
Ине қолға ілікті. Қала салсақ, жол саусақ.
Өзің де бірден бастап онға дейін санамалап, жақсылық пен қуаныш сезімдерінен тұратын өлең құрастыр.
VІІІ. Үй тапсырмасы:74 бет өлеңді жаттау, қосымша қызықты санамақтар жаттап келу.
ІХ. Рефлексия. «Тілек ағашы»
Х. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.
Күні: 12.12 Пән:әдебиеттік оқу Сынып : 4
Сабақтың тақырыбы: Күріш туралы сыр. Базарбай Исаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, күріш, «Күріш Отаны», дәнді – дақылдарға толы Сыр өңірі туралы қызықты мағлұматтар бере отырып, диқан, диқандар еңбегі, ас, ас –адамның арқауы екенін айта отырып, жалпы шолу жасау.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, логикасын, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін,дүниетанымын, ой-өрістерінің дамуына жағдай туғызу, шығармашылыққа жетелеу.
Тәрбиелігі: Оқушыларға табиғатты сезіне білуге, табиғатқа, Отан анаға қамқор болуға, елін – жерін сүюге, елінің батыр азаматы болуға дәріптеу.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.
ІІІ Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Күріш туралы сыр. Базарбай Исаев
Қызығушылығын ояту.
Күріш туралы не білеміз?
Ол қалай өседі? Оған қандай күтім керек?
Күріш өсірудің қандай сыры бар?
Күріштен қандай тағамдар жасалады?
ІV. Оқу стратегиясын қолдану арқылы мәтінді тізбектеп оқу.
Сұрақтар қою арқылы алған білімдерін шыңдау:
- Агроном қандай мамандық иесі?
- Мәтінде айтылған оқиға Қазақстанның қай аймағында болған?
- Қарт диқан неге кейіді? Диқан үшін қастерлі зат не еді?
- Мәтінде ең өкінішті жер бар ма?
- Қарт диқанның арманын кім кім орындады?
- Қазіргі Сыр өңірінде дәнді дақылдардың қайсысы көбірек егілетінін анықта.
- Туған жерге , еліне еңбек еткен адамды Отанымыз қалай құрметтейді?
V. Сергіту сәті: «Мен қазақпын» бейне роликке ырғақпен билеу
VІ. Сабақты бекіту: ашық сұрақтар ұймдастыру
Сөздікпен жұмыс:
Бәтуаласады – уәделеседі, келіседі.
Талғажау болар – тамақ қылар.
VІІ. Үй тапсырмасы:74- 75 бет мәтінді түсініп оқып, картамен жұмыс жасау, мәліметтер жасау.
Рефлексия. Кестені толтыру:
Не білемін?
Не білгім келеді?
Не үйрендім?
VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.
Күні: 13.12 Пән:әдебиеттік оқу Сынып : 4
Сабақтың тақырыбы: Балықшының баласы. А. Құдайбергенов
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Мәтіннің идеялық мазмұнын ұғындыру арқылы қарттың баласын еңбекке қалай баулуын көруге, танып білуге, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың тілін дамыту, байланыстыра сөйлеу мен мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелігі: Сауатты сөйлеуге, еңбекссүйгіштікке тәрбиелей отырып, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіре білу керектігін ұғындыру.
V. Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың, Құлпынайы көп екен.
Теріп – теріп алайық, Қалтамызға салайық!
Жеке дара жұмыс: (Оқушылармен жұмыс) .
Ананың аялы алақаны, әкенің мықты қолы, әженің жылы – жұмсақ қолы, атаның өнер тамған қолын салу. (Оқушылардың өзіндік жұмысы алдын – ала салынған отбасы қолдарының сызба – суреттері бойыынша).
«Өзім үшін жазу» айдарына нені түртіп алар едің?
Ойыңды мақалмен қорыта алар ма едің?
Екі мәтінді «Шыңарма кестесіне» салу. «Ескек» және «Әке алақаны».
Шығарманың аты → авторы → оқиға кезеңі → оқиға орны → басты кейіпкер → негізгі идеясы → мәтіндегі түйін сөз → мәтіндегі сай келетін мақал – мәтелдер →→
VІ. Сабақты бекіту:
Ойтолғау:
Өсер болашақ өміріне қандай сабақ алдың?
Мамандық пен кәсіп иесінің арасында қандай айырмашылық бар?
Дәптерлеріне эссе жазу.
Жазба жұмыстарын жұпта талдау. «Автор орындығына» шығып оқу.
Сабақты қорытындылау.
V ІІ. Үй тапсырмасы:76 – 77 бет мәтінді түсініп оқып, «Өмір өнегесі» тақырыбында өзіңе ісер еткен үлкендердің тәрбиесі туралы қысқаша эссе жазу.
VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.