А.Байтұрсынов өмірінен мәлімет беру, мысал өлеңімен танысу, көркем туындыны түсініп, идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету . Дамытушылық мақсаты:
Мысал өлеңді талдай білуге төселдіру, түйіндік ойларын айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, адамгершілікке баулу. Тәрбиелік мақсаты: Ақын шығармасындағы оқиғалар негізінде оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани имандылыққа, ізденіске, іскерлікке, тәрбиелеу Түрі: аралас сабақ Әдісі :ақпараттық-коммуникациялық технология, СТО, топпен жұмыс Барысы І. Ұйымдастыру (Балалардың түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру) Зейіндерін сабаққа аудару. Психалогиялық ахуал
Шаттық шеңбері (жақсы тілектер айту)
Топ басшылары сайланады,бағалау парағы таратылады. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге Ахмет Байтұрсынов туралы қосымша мәлімет берілген. ІІІ. Жаңа сабақ Балалар мысал дегеніміз не?
Шағын көлемді,оқиғалы адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді.
Мысалдарда жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды. Бұлай көрсетуді Аллегория дейді немесе пернелеу деп атайды.Мысалы: мысал жанрында әрбір кейіпкер белгілі бір қасиеттің немесе бейненің иесі ретінде алынады: есек-топас, қасқыр-жауыз, қой-момын, түлкі-айлакер,қу.
Ал енді осындай мысал жазған Ахмет Байтұрсынов туралы не дайындап келгендеріңді тындайық. Оқушыларға сөз беріледі.
Үйде дайындап келген мәліметтері бойынша екі топ сөйлейді.
Ахмет-аудармашы Орыс классиктерінің мысал өлеңдерін қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға үлес қосты. Мысал-оқиғалы, адамға сабақ болар өсиеті бар шығарма. Мысал өлеңде ақын жануарлар, құстар, өсімдіктер арқылы адамға тән қасиеттерді көрсетеді, сол арқылы адам бойындағы жаман қылықтарды, кемшіліктерді сынайды. А.Байтұрсынұлы А.С.Пушкиннің, И.А.Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
“Аққу, шортан, һәм шаян” “Ат пен есек” “Қасқыр мен тырна” “Айна мен маймыл” “Маймыл мен көзілдірік” т.б
Ал енді бүгін сабақта «Егіннің бастары» мысалымен танысамыз. Өлеңді тыңдау Тапсырма №1
Мысал бойынша екі топ постерға салады.
/тақтаға іледі де топ басшылары қорғайды,келесі топ сұрақ қояды./ Тапсырма №2
Шығарма кейіпкерлері
Жағымды кейіпкер
Жағымсыз кейіпкер
Шығарманың идеясы
Тапсырма №3
Ойтолғаныс
«Топтастыру» әдісі.
Адам бойындағы жалпы қасиеттерді жазып, оны жақсы және жаман деп топтастырамыз.
Тест интервью
-Шығармаларын оқи отырып, қандай тәрбие алдық ? /мақтаншаққа жол бермеу................/
Сонда мысал, аллегория дегеніміз не?
- жақсы, жаман мінездерді салыстыру. Ү.Бекіту 1.Бүгін сабақта қандай тақырып өттік? 2.Мысалда қандай адамдардың мінезі сыналады? 3. Әке балаға қандай өсиет айтты?