kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

9-cынып?а арнал?ан диктант ж?мысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Та?ырыбы: А??улы к?лде

      Жаз... Жер ж?зі к?геріп, жасыл ала жібекке оранып ??лпырады. А??улы колді? жа?асында тізіле ?онып алты ауыл отыр. Жазды? алтын н?ры ойна?ан к?ні еді. К?к м?лдір сулы а??улы к?лді? жасыл ала ?амыстары к?к жібекке тіккен жасыл ала ?рнекті кесте сия?ты. А??улы к?лді? жа?асы жасыл кілем жай?андай балбыра?ан кез еді.

     К?лді? ортасында ?алы? жасыл ала ?амысты? айналасы -айнадай жалтыра?ан ке? жай?ын. Сол жай?ында аппа? болып шал?ы?ан екі а??у сыланып, а?ырын ?сем ж?зіп к?ле?дейді. Екі а??у ?зын, с?лу мойындарын иіп, к?л арасында сы??ылдап, аппа? денесін к?міс су?а т?сеп, ?сем ж?зіп, к?міс суды? айнадай м?лдірін шымырлатып сызады. Екі а??уды? н?зік с?лу ?німен сы??ылдап ж?зген к?міс сызы?ынан сылдырлап меруерт, гау?ар тізіледі..... ?ап-?ара ж?нді, сы??ылда?ан дауысты, а? ма?дайлы ?ас?алда?тар, ?ыр?ылдап ойна?ан ?о?ыр ?йректер, теріс ая?тар. Сусылдап ?шып-?онып ойна?ан н?зік ?нді, к?к ала мойын, к?к ала жібек ??йры? с??сырлар.... Маржан к?з с??гуірлер.  Балаша жыла?ан  а? т?сті гагралар. ... ?а??ылдап ?шып ?он?ан ?о?ыр ?аздар, шула?ан ша?алалар. К?лді айнала ?оры?ан ?ара ала ?анатты, ?демі айдарлы, шаршамайтын, са???ла? ?ыз?ыштар. К?кке шы?ып,  зыр ?а?ып безектеп с???ылда?ан ?зын ая?, біз т?мсы? тау ??діреттер, та?ы да толып жат?ан неше т?рлі ??стар к?л басын с?лу к?йлі думан ?ып жатты.

                                                                                           (185 с?з)

 

Жазыл?ан к?ні: 26.12.12

Та?ырыбы: Мейірім

    ??ды?тан шы?ып м?з болып ?арап т?рмын.  А?ам су?а батып кеткен шелекті ая?ымен бай?ап, е?кейіп іздейді. Осы с?тті пайдаланып, мен сатыны тез-тез ала ?ойдым.  Анадай жерде бір топ бала ойнап ж?р екен. К?к майса ала?ны? шетіне жете бергенімде ?иыс кеткен доп д?л алдыма топ еткені. Доп деген бір п?ле ?ой, ес-т?сім кетіп ойнадым. Содан болар, ?йге к?н бата бір-а? жеттім.

      ?кем есікті? алдында отыр екен. ?йге зып етіп кірдім де, т?рді? шетіндегі к?рпешеге етпетімнен жата кеттім. Біреу есікті ашып, ішке енгендей болды. Сол-а? екен, ар?амды к?к шыбы? осып-осып кетті. Шып-шып еткен сайын белім ?ай?а?-?ай?а? етіп, ?нім шы?пайды. ?лдекім ?йге тапыр-т?пыр басып келді де, ?стіме ??лай кетті. Оны да жа?а?ы ыс?ырын?ан шыбы? бір-екі осып ?тті.

      Ар?амды ауырсынып жатып, к?зімді ашып ?арасам, а?ам! Сонда ?ана к?ні бойы тарс есімнен шы?ып кеткен ??ды? пен ??ды? ішіне тастап кеткен а?ам к?з алдыма т?ра ?алды.

      Не керек сол к?ннен бастап есім кіргендей болды. Мені? есімді кіргізген - а??ау да а??ал а?амны? мейірімі еді.

 

                                                                                        (157 с?з)

Жазыл?ан к?ні: 18. 01. 13

Та?ырыбы: Тіл ?исыны

      С?зден ?демілеп ??гіме шы?ару ?нері ?й салу ?неріне ??сас.  ?й салу?а, м?селен, т?рлі зат керек. Ол керек зат-топыра? болса, оны біріктіріп илейді, иленген балшы?тан кірпіш ??яды.  Кірпішті ?алап, неше т?рлі ?й ?ылып шы?арады. Жоба жасайтын с?улет ?нерпазы ?иял?а не??рлым бай болса, сал?ан ?й де со??рлым с?улетті, ?демі болып шы?па?.

      С?зден ??растырып , пікірлі ??гіме шы?ару ?шін ж?мсалатын зат-с?здер. Топыра?тан иленіп, кірпіш жасал?ан сия?ты, дыбыстан ??ралып, с?з жасал?ан; кірпіштен ?алап т?рлі ?й жасау сия?ты, с?зден бірігіп, т?рлі ??гімелер айтылады. ?йді? т?рлі болып шы?уы балшы?ынан , кірпішінен, ?сіресе, ?алауынан болатыны сия?ты, ??гімені? т?рлі болып шы?атыны  тілді? дыбысынан, с?зінен, ?сіресе, с?зді? тізілуінен. Балшы? жаман болса, кірпіші жа?сы болмайды, кірпіші жа?сы болмаса, ?й жа?сы болып шы?пайды. Сол сия?ты тілді? дыбысы жаман болса, дыбысты? ?осылуы жа?сы болмаса , с?з ??ла??а жа?ымды болып шы?пайтыны рас. С?улет ?нерпазы ?иял?а не??рлым бай болса, сал?ан ?й де со??рлым с?улетті, ?демі болып шы?атыны сия?ты, жазушы ?иял?а не??рлым бай, пікірге шебер болса, шы?ар?ан с?з де со??рлым пікірлі, ?серлі, ?демі болып шы?па?.

 

                                                                                                   (160 с?з)

Жазыл?ан к?ні: 09.02.13

Та?ырыбы: Таза б?ла?

 

     ?ш жолаушы бір б?ла?ты? басында бір-біріне кез болыпты. Б?ла? таста? жерден шы??ан, суы сал?ын, шыныдай жалтырайды. Айналасында?ы а?аштарды? жапыра?ы мол т?скендіктен, б?ла? суы сал?ын ?рі таза екен. Біреу су шы??ан жердегі ?лкен тасты? бетіне:

-?й, жолаушы, болса?, осы б?ла?тай бол!-деп жазып ?ойыпты.

     Жолаушылар б?л с?зді? м?нін ?здерінше шешеді.

     Жолаушыны? бірі саудагер екен. Ол былай дейді:

-Б?ла? толассыз а?ып, алыс жерлерге барады. Сол сия?ты сен де тынбай ?ызмет ет, то?тап ?алма, сонда сен де м?раты?а жетесі?.

   Екінші жолаушы молда екен. Ол:-Біреуге жа?сылы? етсе?, ол жа?сылы?ы?ды ешкімге міндет етпе дегені,-дейді.

    ?шінші жолаушы к?ркем келген бір ?демі жігіт екен. Ол жолаушылар?а:-Адамны? б?ла??а к?ні-т?ні тынбай а?ып, тазаланып т?р?аны ?шін ынты? болатынын, к??ілді, бойы?ды осы б?ла?тай таза са?тауды? керектішгін, м?селен, мына б?ла??а ?араса?, к?н т?ссе, к?нні?, ш?п т?ссе, ш?пті? с?улесін к?ретінін, сонды?тан к??ілді? осы б?ла?тай сырт?а ашы? к?рініп т?руыны? м?ні зор екенін айтты.

                                                                                              (140 с?з)

Жазыл?ан к?ні: 06.03.13

Та?ырыбы: ?рпа?-?мір жал?асы

 

          Е? бір саналы тіршілік санатында?ы адамны? ?рпа? жаюы-с?лулы? пен арпалыс?а,?ым-?уыт к?реске, жа?сылы? пен жаманды??а толы сыр. ?рбір ?лт пен ?лысты?,халы? пен елді? ?р ?илы кезе?дерде ?рпа? ?алдыруда?ы тал?амдарында ала-??лалы? бол?анымен,б?ріне орта? бір т?п?азы?-ерте?іне деген ас?ан жауапкершілікке  то?ысады. ?йткені,перзент-жеке адамны? ?ана емес,?лыс пен ?лтты? ерте?і,келер тарих?а барар аманат.б?л-таби?ат-ана ?алыптастыр?ан ?сем де ?асиетті  ??былыс. ?рпа?-саналы ?мірді? е? басты кепілдігі.

         Атам ?аза?ты? ?рпа??а  деген к?з?арасы да жан шырылына толы. Олай болары-?асырлар бойы таби?атпен тайталас ?рбіген,не ?илы заманалар ауызды?пен су ішкен дала тіршілігі ?рпа??а  деген ?ата? жауапкершілікті ?алыптастырады. Толассыз арпалыс ?стіндегі тіршілік  бауырмалды?ты,?рбір ру мен аталы?ты?,?р ша?ыра?ты? шай?алмай ны? т?руын талап етті. Олар ша?ыра?ты? басты м?ддесі-?л тілеген. ?л- берісі ?з ?йіні? отын ?шірмесе,?рісі елге ?ам?ор,жалпа? ж?рт?а пана. ?аза??а ер бала-?рпа?, демек, ?з ?міріні? жал?асы,?ала берді,?арт ата-ананы? с?йеніші.

        Д?ниеге ?ызды? келуі-отбасына енген жа?а н?зіктік пен ?семдік деген с?з. А?алары, тіпті, ата-анасыны? ?здеріне дейін жаратылысында сезімтал ?ыз бала?а ?намай ?алудан сескенеді, бойларын б?рын?ыдан да т?зей т?сіп,ж?ріс-т?рыс, іс-?ылы?тарыны? б?ріне де жа?алы? енгізеді,?ыз?а ?ам?ор болады.

 

                                                                              (173 с?з.)

                                                                                     

   Жазыл?ан к?ні: 15.03.13

Та?ырыбы: Со??ы к?ктем

 

      Жер к?ктеп, а?аштар б?ршік атып, орман-то?ай жасыл жапыра?тармен жайнай бастады. Жылы жа?тан ??стар ?айтып, ?сем ?ндерімен сайрайды, тол?ынды к?лдерді тербетеді. Тау т?сінен ??лай а??ан б?ра? бел б?ла?тарды? с?лу к?лкісі сы??ырлап ж?регі?ді ?ыды?тайды.

        С?лтанмахм?т есік алдында киіз ?й тіктіріп, жер ?йден со?ан шы??ан-ды. Та?ерте? шайдан кейін т?сегінде шал?асынан жат?ан к?йде ашы? ша?ыра?тан к?ктем аспанына тесіле ?арап жатты да, басын с?л к?теріп:

    - Мені дала?а шы?ары?даршы! К?ктем ж?зін к?рейін!-деді.

       Т??ірекке тома?асыз жа?а ?ана  к?рген ашк?з ?ырандай аш?ара? ?арайды. Аспанмен к?мкеріле к?мбезделген к?ктемгі к?к боя? Баянтау сымбатынан к?з алмай ?арап ?ал?ан а?ын сезімі с?р б?лттан суырыла а??ан найза?ай отындай жар? ете ?алды.

   Жер де к?к болсын деп,

  Ойып кеткен.

 "Т??ірі ме" ?з ?олымен ?ойып кеткен,-деп жіберді.

  Д?рысында да к?ктемдегі Баянауыл к?ркін алып а?ынны? жыр ?иялы тап осылай сипаттамаса ол?ысынар еді. ?алай да болса Баянауыл тауларыны? жасыл жаннаты, с?лу сымбаты а?ын ?лын ерекше тол?ыт?ан еді.

           Ту?ан жер! Ту?ан Баянауыл ?ажап екенсі? ?ой!

      

                                                                                                         (150 с?з.)

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«9-cынып?а арнал?ан диктант ж?мысы »

Тақырыбы: Қаршыға

Күні: 15.09.12


Көк қаршыға лып етіп, аңшы қасынан жерге қарай құлай түсті. Сұр биенің тамағының астын ала, қанатымен жер сызып, жасырына жөнелгендей болды. Қаршыға сол аққан бойында өзеннің арғы бетіне шығып алып, аңшылар көзінен жоғалыңқырап кетті. Қаршыға өзеннен ағызып қайта бері қарай өте бере, шаншыла түйілді. Бұл құлап түскен тұстан лезде үркіп, сатырлап ұшқан көп қанаттар дыбысы білінді. Шашырай ұшып, жан-жаққа безіп бара жатқан үлкенді-кішілі үйрек, қаздар да көрінді. Екі сары ала қаз арасында көк қаршыға ұйқы-тұйқы , сарт-сұрт майданда екен. Бір сары қаз қаршығаның астында қос қанатымен су сабалап, қаршығаны шоршыта сүйреп жүр. Екінші қаз қаршығаның үстінде. Өмір үшін жанталастың соншалық шапшаңдықпен ұшқын атып, сәт сайын жүз құбылған шағы. Көк құс үстіндегі боз сары ала қаздың бағанадан бергі соққысын енді кешірместей долданыпты. Өз үстіне соңғы рет түйіліп, тағы соға берген қазға оң аяғымен сарт етті. Мойнынан ұстап алып , қасындағы суға тымақша ұрды.

(142 сөз)

Жазылған күні: 31.10.12

Тақырыбы: Қысқы түн

Қыстың ұзақ түні. Үлкен таудың ішінде жел гуілдеп соғып, ақ боран ұйтқып соғып тұр. Қараңғы, тұманды түннің жанды шошытатын суығы қаһарлы. Ашуы келіп аласұрған қатты дауыл бетіне қарсы қараған затты жерге қаққандай болып құлшынып тұр. Ысқырып, бұлқынып, жынданып, келе жатқан жолында беті қар жартас, жапырағынан айырылған әлсіз ағаш, қарауытқан кішкене қара көрінсе де, екпіндеп келіп, кеудесімен соғып, ақ түтек боранның қиыршықтанған ақ тозаңын шашып, беттерін дамыл алмай көміп тұр.

Долы желдің айдауына түсіп, түтіндей болып алақаншықтанған ұсақ қар ұйтқып келіп, қуыс жердің бетін басып жатыр.

Шыңтау тентек желдің ашуы мен ойнағына қарап, тұманды ойға батқандай, бас жағы бұлтқа араласып, мұнарланып, түнеріп тұр.

Ақ боран көк пен жерді бір-біріне араластырғандай: аспандағы ай-жұлдыз, жердегі қара-құрадан ешбір белгі жоқ. Айнала аппақ болып тұтасып алған.

Биік тауға екпіндеп ойнап шығып, шың басында өнеріне сүйсінгендей ойнақ салып, етекке қарай ысқырып құлап жөнелгенде, долы дауыл сай бойында жын-перінің күйіне билегендей болады. Ағындап құтырып келіп, жартасқа соғып қорқытпақ болып, көрігін басып гуілдейді.

(155 сөз)

Жазылған күні: 19.11.12

Тақырыбы: Аққулы көлде

Жаз... Жер жүзі көгеріп, жасыл ала жібекке оранып құлпырады. Аққулы колдің жағасында тізіле қонып алты ауыл отыр. Жаздың алтын нұры ойнаған күні еді. Көк мөлдір сулы аққулы көлдің жасыл ала қамыстары көк жібекке тіккен жасыл ала өрнекті кесте сияқты. Аққулы көлдің жағасы жасыл кілем жайғандай балбыраған кез еді.

Көлдің ортасында қалың жасыл ала қамыстың айналасы -айнадай жалтыраған кең жайқын. Сол жайқында аппақ болып шалқыған екі аққу сыланып, ақырын әсем жүзіп көлеңдейді. Екі аққу ұзын, сұлу мойындарын иіп, көл арасында сыңқылдап, аппақ денесін күміс суға төсеп, әсем жүзіп, күміс судың айнадай мөлдірін шымырлатып сызады. Екі аққудың нәзік сұлу үнімен сыңқылдап жүзген күміс сызығынан сылдырлап меруерт, гауһар тізіледі..... Қап-қара жүнді, сыңқылдаған дауысты, ақ маңдайлы қасқалдақтар, қырқылдап ойнаған қоңыр үйректер, теріс аяқтар. Сусылдап ұшып-қонып ойнаған нәзік үнді, көк ала мойын, көк ала жібек құйрық сұқсырлар.... Маржан көз сүңгуірлер. Балаша жылаған ақ түсті гагралар. ... Қаңқылдап ұшып қонған қоңыр қаздар, шулаған шағалалар. Көлді айнала қорыған қара ала қанатты, әдемі айдарлы, шаршамайтын, саққұлақ қызғыштар. Көкке шығып, зыр қағып безектеп сұңқылдаған ұзын аяқ, біз тұмсық тау құдіреттер, тағы да толып жатқан неше түрлі құстар көл басын сұлу күйлі думан қып жатты.

(185 сөз)


Жазылған күні: 26.12.12

Тақырыбы: Мейірім

Құдықтан шығып мәз болып қарап тұрмын. Ағам суға батып кеткен шелекті аяғымен байқап, еңкейіп іздейді. Осы сәтті пайдаланып, мен сатыны тез-тез ала қойдым. Анадай жерде бір топ бала ойнап жүр екен. Көк майса алаңның шетіне жете бергенімде қиыс кеткен доп дәл алдыма топ еткені. Доп деген бір пәле ғой, ес-түсім кетіп ойнадым. Содан болар, үйге күн бата бір-ақ жеттім.

Әкем есіктің алдында отыр екен. Үйге зып етіп кірдім де, төрдің шетіндегі көрпешеге етпетімнен жата кеттім. Біреу есікті ашып, ішке енгендей болды. Сол-ақ екен, арқамды көк шыбық осып-осып кетті. Шып-шып еткен сайын белім қайқаң-қайқаң етіп, үнім шықпайды. Әлдекім үйге тапыр-тұпыр басып келді де, үстіме құлай кетті. Оны да жаңағы ысқырынған шыбық бір-екі осып өтті.

Арқамды ауырсынып жатып, көзімді ашып қарасам, ағам! Сонда ғана күні бойы тарс есімнен шығып кеткен құдық пен құдық ішіне тастап кеткен ағам көз алдыма тұра қалды.

Не керек сол күннен бастап есім кіргендей болды. Менің есімді кіргізген - аңқау да аңғал ағамның мейірімі еді.


(157 сөз)

Жазылған күні: 18. 01. 13

Тақырыбы: Тіл қисыны

Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Үй салуға, мәселен, түрлі зат керек. Ол керек зат-топырақ болса, оны біріктіріп илейді, иленген балшықтан кірпіш құяды. Кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. Жоба жасайтын сәулет өнерпазы қиялға неғұрлым бай болса, салған үй де соғұрлым сәулетті, әдемі болып шықпақ.

Сөзден құрастырып , пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат-сөздер. Топырақтан иленіп, кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып, сөз жасалған; кірпіштен қалап түрлі үй жасау сияқты, сөзден бірігіп, түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы балшығынан , кірпішінен, әсіресе, қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе, сөздің тізілуінен. Балшық жаман болса, кірпіші жақсы болмайды, кірпіші жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды. Сол сияқты тілдің дыбысы жаман болса, дыбыстың қосылуы жақсы болмаса , сөз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас. Сәулет өнерпазы қиялға неғұрлым бай болса, салған үй де соғұрлым сәулетті, әдемі болып шығатыны сияқты, жазушы қиялға неғұрлым бай, пікірге шебер болса, шығарған сөз де соғұрлым пікірлі, әсерлі, әдемі болып шықпақ.


(160 сөз)

Жазылған күні: 09.02.13

Тақырыбы: Таза бұлақ


Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ тастақ жерден шыққан, суы салқын, шыныдай жалтырайды. Айналасындағы ағаштардың жапырағы мол түскендіктен, бұлақ суы салқын әрі таза екен. Біреу су шыққан жердегі үлкен тастың бетіне:

-Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол!-деп жазып қойыпты.

Жолаушылар бұл сөздің мәнін өздерінше шешеді.

Жолаушының бірі саудагер екен. Ол былай дейді:

-Бұлақ толассыз ағып, алыс жерлерге барады. Сол сияқты сен де тынбай қызмет ет, тоқтап қалма, сонда сен де мұратыңа жетесің.

Екінші жолаушы молда екен. Ол:-Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені,-дейді.

Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен. Ол жолаушыларға:-Адамның бұлаққа күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болатынын, көңілді, бойыңды осы бұлақтай таза сақтаудың керектішгін, мәселен, мына бұлаққа қарасаң, күн түссе, күннің, шөп түссе, шөптің сәулесін көретінін, сондықтан көңілдің осы бұлақтай сыртқа ашық көрініп тұруының мәні зор екенін айтты.

(140 сөз)

Жазылған күні: 06.03.13

Тақырыбы: Ұрпақ-өмір жалғасы


Ең бір саналы тіршілік санатындағы адамның ұрпақ жаюы-сұлулық пен арпалысқа,қым-қуыт күреске, жақсылық пен жамандыққа толы сыр. Әрбір ұлт пен ұлыстың,халық пен елдің әр қилы кезеңдерде ұрпақ қалдырудағы талғамдарында ала-құлалық болғанымен,бәріне ортақ бір түпқазық-ертеңіне деген асқан жауапкершілікке тоғысады. Өйткені,перзент-жеке адамның ғана емес,ұлыс пен ұлттың ертеңі,келер тарихқа барар аманат.бұл-табиғат-ана қалыптастырған әсем де қасиетті құбылыс. Ұрпақ-саналы өмірдің ең басты кепілдігі.

Атам қазақтың ұрпаққа деген көзқарасы да жан шырылына толы. Олай болары-ғасырлар бойы табиғатпен тайталас өрбіген,не қилы заманалар ауыздықпен су ішкен дала тіршілігі ұрпаққа деген қатаң жауапкершілікті қалыптастырады. Толассыз арпалыс үстіндегі тіршілік бауырмалдықты,әрбір ру мен аталықтың,әр шаңырақтың шайқалмай нық тұруын талап етті. Олар шаңырақтың басты мүддесі-ұл тілеген. Ұл- берісі өз үйінің отын өшірмесе,әрісі елге қамқор,жалпақ жұртқа пана. Қазаққа ер бала-ұрпақ, демек, өз өмірінің жалғасы,қала берді,қарт ата-ананың сүйеніші.

Дүниеге қыздың келуі-отбасына енген жаңа нәзіктік пен әсемдік деген сөз. Ағалары, тіпті, ата-анасының өздеріне дейін жаратылысында сезімтал қыз балаға ұнамай қалудан сескенеді, бойларын бұрынғыдан да түзей түсіп,жүріс-тұрыс, іс-қылықтарының бәріне де жаңалық енгізеді,қызға қамқор болады.


(173 сөз.)

Жазылған күні: 15.03.13

Тақырыбы: Соңғы көктем


Жер көктеп, ағаштар бүршік атып, орман-тоғай жасыл жапырақтармен жайнай бастады. Жылы жақтан құстар қайтып, әсем әндерімен сайрайды, толқынды көлдерді тербетеді. Тау төсінен құлай аққан бұраң бел бұлақтардың сұлу күлкісі сыңғырлап жүрегіңді қыдықтайды.

Сұлтанмахмұт есік алдында киіз үй тіктіріп, жер үйден соған шыққан-ды. Таңертең шайдан кейін төсегінде шалқасынан жатқан күйде ашық шаңырақтан көктем аспанына тесіле қарап жатты да, басын сәл көтеріп:

- Мені далаға шығарыңдаршы! Көктем жүзін көрейін!-деді.

Төңірекке томағасыз жаңа ғана көрген ашкөз қырандай ашқарақ қарайды. Аспанмен көмкеріле күмбезделген көктемгі көк бояқ Баянтау сымбатынан көз алмай қарап қалған ақын сезімі сұр бұлттан суырыла аққан найзағай отындай жарқ ете қалды.

Жер де көк болсын деп,

Ойып кеткен.

"Тәңірі ме" өз қолымен қойып кеткен,-деп жіберді.

Дұрысында да көктемдегі Баянауыл көркін алып ақынның жыр қиялы тап осылай сипаттамаса олқысынар еді. Қалай да болса Баянауыл тауларының жасыл жаннаты, сұлу сымбаты ақын ұлын ерекше толқытқан еді.

Туған жер! Туған Баянауыл ғажап екенсің ғой!

(150 сөз.)




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
9-cынып?а арнал?ан диктант ж?мысы

Автор: Жолдас?алиева Г?лбарам Жолдас?али?ызы

Дата: 05.01.2015

Номер свидетельства: 150458


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства