kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

7 сыныпта ?аза? ?дебиеті п?нінен ?адыр Мырза ?ліні? "К?рі ?ыран" саба?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

7 сыныпта ?дебиет п?нінен ?адыр Мырза ?лиді? "К?рі ?ыран"саба?ы Ма?саты: Білімділік: ?адыр Мырза ?ли шы?армалары ж?ніндегі м?ліметтер беру. О?ушылар?а де?гейлік тапсырмалар беру аркылы ?ле?ні? мазм?ны мен идеясын ме?геру, о?ушыларды? эстетикалы? таньмын ояту, ?деби- теориялы? ??ым беру аркылы ал?ан білім де?гейлерін ба?алау. Т?рбиелігі: Жазушы ?аламынан ту?ан шы?армалар ар?ылы о?ушыларды адами ?асиетке баулу, ?лгі-?неге, саятшылы? к?сіпті к?рметтеуге ша?ыру. Дамытушылы?: ?р о?ушыны? ?зіндік ?иялына ерік бере отырып, ?зінше ой т?юге баулу, шы?армашылы?пен ж?мыс жасау?а ж?мылдыру ар?ылы таным, т?сініктерін дамыту. Саба?ты? ?дісі: Дамыту о?ыту техникасын ?р т?рлі сатыда?ы де?гейлік тапсырмалар, шы?армашылы? ізденіс. Саба?ты? к?рнекілігі: Акын суреті, б?ркітші туралы бірнеше суреттер, сызбалар, слайд, видео. Стикерлер мен маркерлер.А4,?а?аздары Саба?ты? т?рі: Жа?а такырыпты ?з бетімен ме?геру саба?ы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«7 сыныпта ?аза? ?дебиеті п?нінен ?адыр Мырза ?ліні? "К?рі ?ыран" саба?ы»

Пәні: Қазақ әдебиеті.

Сыныбы: 7

Мұғалімі: Р.А.Батырханова

«Беген орта мектебі»КММ



Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әли "Кәрі қыран"

Сабақтын мақсаты:

Білімділік: Қадыр Мырза Әли шығармалары жөніндегі мәліметтер беру. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру аркылы өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгеру, оқушылардың эстетикалық таньмын ояту, әдеби- теориялық ұғым беру аркылы алған білім деңгейлерін бағалау.

Тәрбиелігі: Жазушы қаламынан туған шығармалар арқылы оқушыларды адами қасиетке баулу, үлгі-өнеге, саятшылық кәсіпті кұрметгеуге шақыру.

Дамытушылық: Әр оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылықпен жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным, түсініктерін дамыту.

Сабақтың әдісі: Дамыту оқыту техникасын әр түрлі сатыдағы деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық ізденіс.


Сабақтың көрнекілігі: Акын суреті, бүркітші туралы бірнеше суреттер, сызбалар, слайд, видео. Стикерлер мен маркерлер.А4,қағаздары

Сабақтың түрі: Жаңа такырыпты өз бетімен меңгеру сабағы.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, тарих

Сабақ барысы:

Үй тапсырмасы: Қ. Ысқақ "Қоңыр күз еді". Жазушы өмірі мен шығармадағы ұқсастықты салыстыра отырып, жазушының күзді, адамдарды суреттеген бейнелі сөздерін мәтіннен окыта отырып. айтқызу.

Жаңа сабақ. Сыршыл ақын туралы мәлімет беру (Акын өмірі мен шығармашылығына арналған слайд)

М. Мақатаевтың "Кадыр- найзағайлы акын. Қалайда бір жалт беріп, тіліп өтпей тоқтамайды. Жақсы дүние туралы мактау сөздің өзі-бос сөз",- деген ұшкыр ойымен байланыстыра отырып ақын шығармашылығы туралы ойымды түйіндеймін.

Бүгінгі өтейін деп отырған «Кәрі қыран» өлеңін мәнерлеп оқып беру.


Қадыр поэзиясы - әсемдіктің мөлдір бұлағы.Соның бірі аңшылық өнеріне арналған «Кәрі қыран» өлеңі.


І деңгей. «Сұраймын, жауап бер»

- Аңшылық өнері туралы не білеміз? Қандай құстарды аң аулауға баулиды?

- Бүркіт, қаршыға, тұйғын, ителгі, лашын, сұңқар. /суреттен көрсету /

Суреттерді көрсете отырып, аталған құстардың барлығы да қырағы, алғыр, көреген, жыртқыш құстар екенін айтамын.

Тек ителгінің айырмашылығы бар. Оны ұсақ аңдар мен құстарды аулауға пайдаланады. Ол- аспанда ұшып келе жатып-ақ құстарды аяғымен теуіп құлатып түсіретін жыртқыш құс, халық арасында «Ителгінің қызығына қызсаң, қаршығаңды қамшы етерсің» - деген мақал бар.

-Құсбегі болу үшін не қажет?

- Қуса жететін, қашса құтылатын тұлпар аты, өткір көзді қыран құсы, жүйрік тазысы болу керек.

Бұл қиындығы мен қызығы мол кәсіп. Атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық өнер түрі.


ІІ деңгей. "Ойла, ойлан, ойландыр"
(Бүркітті баптаудың аңға салудың амалдары жайында ой бөлісу)


1-топ: Бүркіт тауларды мекеңдейді. Құсбегілер оларды " ой кұсы",

"қыр құсы", "таулы жердің құсы" деп үшке бөледі.


2-топ: Бүркіт аңға үш түрлі түседі.

Шаншьша

Сыпыра

Іліп түседі. (ең тиімдісі осы.)

Шаншыла түскен қүс бірде болмаса бірде соғыльш өлуі мүмкін. Сыпыра түскен кұс көбіне ағьшын токгата алмай тегеурінін алдырып алады. Тегеурін-жем басар үш саусағына қарсы орналаскан артқы жалғыз саусағы (бүркіттің аяғы). Сүйретіліп келе жаткан далабайға (тұлып етіп сойылған аң терісінің үстінен жем алғызу) кұс тұяғы тиісімен тастай салады.


3-топ: Қыран кұстарды баптап үйрету керек. Ол үшін баптауға қажетті мүліктердің дұрыс жасалуы. (Томаға, балдақ, тұғыр, биялай, бүркіт аяғына байланатын бау, жем калта, ырғақ). Слайд арқылы бұйымдарды көрсеттім.

III деңгей. "Жалғастыр"

"Кәрі" сөзінің антонимі, "Жас" сөзі екенін анықтап алып, мәні бойынша салыстыра отырып сипаттама беріңіз.


Кәрі қыран – сұры қашқан. Қияда отырып қалғиды, көз жанары солған,денесі ауырлаған, тырнағы әлсіз шау бүркіті,бір кездегі тау бүркіті.

Екеуіне ортақ қасиет - Қыран тау бүркіті, бапталған, көреген, өткір көзді

Жас бүркіт - Қырдың қызыл түлкісін бұлтартпаған, тырнақтары өткір, қыранша самғайды, қызу қанды, қасқарға да батыл.

Қосымша түсінік. Құсбегі салбұрғы қатысушыларды 5-ке бөліп тастайды.

Тұрғышылар бүркітгі биік, көрнекті жерде ұстап тұрушылар.

Қағушылар-аң жүретін жерді тінте сүзіп қараушылар.

Ізшілер — анды ізіне түсіп, бойын көрушілер

Тосқауылшылар- кашқан аңды ін, қорымнан, таулы-тастақты жерлерден кайтару үшін жолын тосушылар.

Бақыршы — қоста қалып, ас әзірлеушілер, аң союшылар.


ІVдеңгей. Шығармашылық деңгей.

Саятшылық кәсіпке байланысты мақал-мәтелдерді қатыстыра отырып, ойтолғау.

1-топ: "Баба бүркіт барлап ұшады,

Бала бүркіт парлап ұшады "

2-топ: "Аттың бәрі тұлпар емес,

Құстың бәрі сұңқар емес "

3-топ: "Сұңқар — құстың төресі,

Лашын - құстың жендеті,.

Қаршыға - құстың ұрысы "


Бекіту кезеңі. Семантикалық карта.


Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?





Бағалау.

Үйге тапсырма. Қыран бейнесінен қандай әсер алдыңдар? (Шығарма жазу)

Рефлексия. Стикерге сабақ туралы ойларын жазып ағашқа ілеміз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
7 сыныпта ?аза? ?дебиеті п?нінен ?адыр Мырза ?ліні? "К?рі ?ыран" саба?ы

Автор: Батырханова Рымгуль Арыстанбековна

Дата: 24.03.2016

Номер свидетельства: 309478


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства