Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5 "А" Сабақтың тақырыбы: Толағайдың ерлік іс-әрекеті |
Сабақтың мақсаты | "Толағай" ертегісінің мазмұны арқылы кейіпкер бейнесін ашып, кейіпкер секілді ерлік істерді жасауға үйренеді |
Нәтиже | 1.Кейіпкерді батырлық іс-әрекеті арқылы бейнелейді 2.Кейіпкер бейнесін басқа шығармадағы кейіпкерлермен салыстыра алады. 3.Шығармашылық деңгейдегі тақырыптық эссе жаза алады. |
Сабақ түрі | Бекіту сабағы |
Сабақ әдісі | «СТО» стратегиясы BENN диаграммасы Топтық жұмыс |
Сабақ кезеңі | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті |
І. Ұйымдастыру | 1) сәлемдесу, түгендеу 2) топқа бөлу (ертегі кейіпкерлері арқылы Кендебай, Ер Төстік, Тазша бала, Толағай) 3) психологиялық жағдай туғызу (ән айту) 4.Үй тапсырмасын тексеру Ертегі желісі бойынша салып келген суреттерін тексеру | Мұғалім айтқан іс-әрекетті қайталайды, сабаққа даярланады. Кейіпкерлер арқылы өз топтарына оранласады. Ән айтады. Салып келеген суреттерін тақтаға іліп, фантазия әдісі арқылы талдап, түсіндіреді. |
ІІ.Қызығушылықты ояту | Балалар, біз ерлік, елдік, Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер білеміз бе? Тақырып ашу | Мақал-мәтел айтады |
ІІІ. Жаңа сабақ | Топтарға тапсырмалар тарату. 1-тапсырма Толағай | Себебі | Аңшылыққа шығуы | | Бірінші ерлігі | | Ел күйзелісі | | Толағайдың шешімі | | Арқаланған ауыр тау | | Атанған тау - Толағай | | Толағайды батыр деуге бола ма? Иә------------ Жоқ---------- 2-тапсырма Салыстыру, басқа шығарма кейіпкерлерімен Толағай | Кендебай | Ер Төстік | Ұқсастығы | Мұғалім үш батырдың ерліктері, батыр туралы сөздерді қима қағаздарға жазып, топқа тастайды. Жазылған парақшадағы сөздер, сөйлемдер қай батырға сай келетінін тауып, тақтада ілулі тұрған есімдердің астына ілу керек. Мұғалім тексереді, оқушылармен дұрыс не бұрыс екенін талдайды. | Топтар өздеріне берілген тапсырмаларды өз топтарында талқылап, талдап, ойларын қағаз бетіне түсіреді. Уақытты үнемдеп отырады. Сұраққа дәлелмен жауап береді Алдына берілген тапсырма жылдам қарап, түсініп оқып, есіне түсіріп, тақтадағы қай батырдың ерлігіне сәйкес келетінін тауып, астына іледі. Соңында үш батырдың ұқсастықтарын айтады |
| | |
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту | "Мен Толағаймын..." (эссе) | Эссені ойланып, белгіленген уақытта бітіреді. Ортаға шығып оқиды |
Ү. Қорытынды | Толағайдың бойынан өзіңе өмірде қажет болатын қандай қасиетін алар едің? | Бір сөзден стикерге жазады |
ҮІ. Бағалау | Оқушының бағасымен салыстырмалы түрде қарап бағалайды | Бағалау парағын толтыру |
ҮІІ. Үйге тапсырма | Ақселеу Сейдімбек туралы дерек іздестіру | Күнделікке түртіп алады |
ҮІІІ. Рефлексия | Сұрақ бойынша жұмыс жасау | Көңіл-күй тақтасына жазғандарын іледі |