kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

5 класс ?дебиет п?нінен саба? жоспары С.Сейфуллин "А?са? киік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:      С.Сейфуллин   « А?са? киік» ?ле?і
Ма?саты: А?ын шы?армашылы?ымен таныстыру, ?ле?ні? мазм?ныны ме?герту, эстетикалы? ж?не экологиялы? т?рбие беру,?дебиет теориясынан ма?л?мат алу.
Саба?ты? міндеті:
Білімділік: а?ын жайлы білетін м?ліметтерді ты?дай отырып, жа?а ма?л?маттар  алуына  жа?дай ту?ызу, «А?са? киік» ?ле?іні?  та?ырыбы мен идеясын ашу;?ле?ді м?нерлеп о?у,?ле? мазм?нын ме?гере отырып автор шеберлігін тануына к?мектесу,?ле?ді теориялы? жа?ынан талдай білуге ?йрету;
Дамытушылы?: шы?армашылы? ж?мыстар ар?ылы ойлау ?абілетіні? дамуына, тіл байлы?ыны? артуына ы?пал жасау;?з бетінше зерттеу,талдау ж?мыстарына машы?танып,т?йінді ой,?зіндік пікір ?алыптастыруына жол ашу;
Т?рбиелік:Отанс?йгіштікке,тіл,с?з ?нерін ж?не таби?атты ?адірлеп,?адірлей білуге,адамгершілікке т?рбиелеу.
Саба?ты? т?рі: кіріктірілген.
Саба?ты? ?діс-т?сілі:с?ра?-жауап,баяндау,т?сіндіру,тест с?ра?тары,сын т?р?ысынан ойлау стратегиясы,  инсерт,ой тол?ау жазу.
П?наралы? байланыс:тарих,д?ниетану,математика.
К?рнекілік:С.Сейфулин суреті,шы?армалары,?аза?стан картасы,электронды к?й дискісі,жауап беру белгілері,??рман?азы суреті.
Саба?ты? барысы:
1.?йымдастыру кезе?і.
a)О?ушыларды? с?лемдесуі,т?гендеу.
?)О?ушы зейінін ?ле? жолдарымен саба??а аудару.
Алыстан сермеп,
Ж?ректен тербеп,
Шымырлап бой?а жайыл?ан;
?иуадан шауып,
?исынын тауып,
Та?ыны жетіп ?айыр?ан.
Тол?ауы то?сан ?ызыл тіл,
С?йлеймін десе?,?зі? біл,-дей отырып с?з ?нерін,асылын,тіл тазалы?ын сезінетін та?ы да кезекті ?дебиет саба?ын бастаймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«5 класс ?дебиет п?нінен саба? жоспары С.Сейфуллин "А?са? киік" »

Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин « Ақсақ киік» өлеңі

Мақсаты: Ақын шығармашылығымен таныстыру, өлеңнің мазмұныны меңгерту, эстетикалық және экологиялық тәрбие беру,әдебиет теориясынан мағлұмат алу.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу;өлеңді мәнерлеп оқу,өлең мазмұнын меңгере отырып автор шеберлігін тануына көмектесу,өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;

Дамытушылық: шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау;өз бетінше зерттеу,талдау жұмыстарына машықтанып,түйінді ой,өзіндік пікір қалыптастыруына жол ашу;

Тәрбиелік:Отансүйгіштікке,тіл,сөз өнерін және табиғатты қадірлеп,қадірлей білуге,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген.

Сабақтың әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап,баяндау,түсіндіру,тест сұрақтары,сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, инсерт,ой толғау жазу.

Пәнаралық байланыс:тарих,дүниетану,математика.

Көрнекілік:С.Сейфулин суреті,шығармалары,Қазақстан картасы,электронды күй дискісі,жауап беру белгілері,Құрманғазы суреті.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

a)Оқушылардың сәлемдесуі,түгендеу.

ә)Оқушы зейінін өлең жолдарымен сабаққа аудару.

Алыстан сермеп,

Жүректен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған;

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып,

Тағыны жетіп қайырған.

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең,өзің біл,-дей отырып сөз өнерін,асылын,тіл тазалығын сезінетін тағы да кезекті әдебиет сабағын бастаймыз.

2.Үй тапсырмасын сұрау. «Туады ерлер ел үшін...» ой толғау жазып келу,оқытып тексеру.

Қане,балалар,өткен сабағымызда қай ақынның өмір және шығармашылығымен таныстық?

Қазір жыр алыбы Жамбыл төңірегінде оқып білгенімізді қорыту үшін тест сұрақтарына жауап беріп көрелік.Жауапты белгі беру қағаздары арқылы жауап береміз.

Тест сұрақтары:

1.Жамбыл қай жылы,қай жерде дүниеге келді?

A)1845ж.Шығыс Қазақстанда. В)1846ж.Жамбыл өңірінде.С)1848ж.Орталық Қазақстанда. Д)1847ж.Көкшетау обылысында.

2.Жамбылдың шығармасы.

А) «Өтеген батыр»поэмасы.В) Қыс.С) Сағындым.Д) Жүйрігім.

3.Жамбылдың ұстазы кім еді?

А)Абай.В)Тезек төре.С)Сүйінбай.Д)Шашубай.

4. «Өтеген батыр» дастанында Өтегеннің еліне тапқан жайлы,шұрайлы жері қай жерде еді?A)Қызылорда.В)Жиделібайсын.С)Қазығұрт.)Д)Сарыарқа.

5.Ақынның жыры жас ұрпақты неге үндейді?

А)Білімге.В)Еңбекке.С)Жалқаулыққа.Д)Ерлік пен туған жерді сүюге.

6.Жамбыл қай жылы қай жасында қайтыс болды?

А)1945ж 99жасында.В)1946ж 100жасында.С)1947ж 101жасында.Д)1949ж 102жасында.

Бүгінгі сабағымыздың өтілуі ерекше сабағымызға қонақтар келіп қатысып отыр.Әрі сынып 3 топқа бөлініп,топпен жұмыс түрлерін жүргіземіз.

1 топ «Білімділер»

2 топ «Тапқырлар»

3 топ «Өнерлілер»

3.Жаңа сабаққа кіріспе.

Мақсатымен таныстыру.-Балар,біз бүгін үш бәйтерегіміздің бірі С.Сейфулиннің өмірі мен ақынның “Ақсақ киік”өлеңімен танысамыз.Өлеңімен таныспас бұрын ақын туралы нені білуіміз керек? Соған тоқталамыз.Ақын өмірі туралы:

Тарих пәнімен байланыс.Мәліметтер.С.Сейфуллин туған жылы,жері. Ақынның өмір жолы, репрессия құрбаны болуы тарихи кезең, Бетпақдала арқылы Верныйға жетіп кеңес үкіметін құруға атсалысуы. Ақын шығармасының кейіпкері ақ бөкендер мекендейтін Сарыарқа мен Бетпақдала дала зоналарының шектесетін аймағын картадан көрсету.

Әдебиет пәні бойынша.-Тарих бойынша біраз мағлұмат алсақ,енді әдеби тұрғыдан өлеңнің көркемдігіне назар аударып,талдау жасайық.

1.Құрманғазы Сағырбаевтың “Ақсақ киік” күйі баяу орындалып,мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.

2.Өлең ішіндегі түсініксіз сөздерді атап,жазылған сөздерді қөрсерту.

-Сегіз көштік-ұзындық өлшемі.

-Таңы-жануардың сұлу мүсіні.

-Қос-шатыр,күрке.

-Бетеге-шөп атауы.

-Киік-аталық жануар.

-Бөкен-аналық жануар.

3.-Балалар,енді осы өлеңде басты кейіпкер киік деген жануар емес пе?Осы киік деп аталатын жануар туралы толық мәліметті бере кетейін.

Дүниетану бойынша.-Киік жануарын биологиялық тұрғыдан таныту.

-Жануардың табиғи ерекшелігі.

-Физиологиялық дамуы,жамылғысы.

-Мекен ететін ортасы туралы.

-“Киік”сөзінің этимологиясы.

-Тірек схемасы бойынша жұмыс.

-Экологиялық жүйедегі орны туралы.

Мұғалімнің қосымша дерек беруі.(Ақбөкен,киік-жұп тұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын,тұлғасы ірі,қойға ұқсас,дөңес тұмсықты,күйіс қайыратын түз жануары.Үстіңгі ерні салбырап,етті тұмсыққа айналған.Текесінің мүйізі қайқылау келеді,ешкісінде мүйіз болмайды.Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады,қыста түсі ақшылданады.Қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайтын мамыр айындағы киіктің баласын өргізуіне атаған.Көбіне егізден,кейде 3 лақ та туады.Өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын,тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық.Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді.Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді.Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған.Өлеңде қандай жерді суреттеген?(Қазақстан картасынан Бетпақдаланы көрсету) (Бетпақдала-Сарыарқа деген үлкен аймақтың шөл даласы.Онда киік мекен етеді.Өйткені ол шөлді жақсы көреді.Онда елді-мекен,өзен,көл де болмайды.Өсімдіктен жусан өседі.Шағын бұтақтардың өзінде «қу баялыш» жапырақ болмайды.)

Енді 3 топқа жеке-жеке тапсырмалар беру арқылы өлеңнің мазмұнына талдаймыз.

1-топ «Білімділер» тобына мәтіннен киіктің аянышты қалі қалай суреттелетін жолын өз сөздерімен жеткізіңдер.

2- топ «Тапқырлар» тобына ақын киіктің портретін суреттейтін жерін тауып талдау.

3 - топқа ақынның іштей аянышты сезімін қалай оятқанын өз ойларымен жазып жеткізу, жолдарын тауып жазу.Тапсырмалар орындалып жатқанда Құрманғазының «Ақсақ киік» күйі ойнап тұрады.

Күй туралы түсіндіріп айту,Құрманғазы портретін көрсету.

Өлеңнің тақырыбы:киіктің аянышты тағдырына арналған.

Идеясы: экологиялық жағдайды ашына айтуы.

  1. «Азайды соңғы кезде байғұс бөкен»,

«Мүйізін пайда қылып,шетке сатқан» деген жолдарда нені түсіндік?(Адамдардың өз табиғатына зиянкестік іс-әрекет жасап,зияны жоқ аңдардың саны қазіргі кезде сиреп кеткені туралы айтса,киік мүйізінен пайда тапқысы келген пайдакүнем,ақшаға құнығып, табиғатқа кесел келтірген адамдарды ашық айыптап отыр).

2.Өлеңде көркемдегіш тәсілдің бір түрі теңеу кездеседі.Мына жолдарғаназар аударайық.

Қап-қара екі көзі мөлдіреген,

Әдемі екі танау желбіреген.

Елеңдеп жас балаша жаутаңдайды,

Жел түрткен жусаннан да селдіреген.

3.Өлең құрлысына назар аударайық.Өлең құрлысына талдату.

Ар-қа-ның бет-пақ де-ген да-ла-сы бар,11а

Бет-пақ шөл ой-лы-қыр-лы па-на-сы бар,11а

Сол шөл-де ел жоқ,күн жоқ өс-іп-өн-ген,11б

Жән-дік-тің киік де-ген ба-ла-сы бар,11а

Бұл өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы деп аталады.

Ой толғау.Әр топқа жеке-жеке.

1.Өлең қалай аяқталады деп болжам жасайсың?(Ақын киіктің өлгені не өлмегені туралы бізге нақты мәлімет айтпаған.Сондықтан қансырап өлуі мүмкін немесе жолаушыға кез болып мейірімді жандардың қолында жарақатынан жазылуы мүмкін ,ит-құсқа жем болуы мүмкін немесе жолшыбай адамға кез болып,ол адам қазақша бауыздап етін азық етуі мүмкін.)

2.Өлең саған несімен әсерлі болды?(Өлеңдегі ақынның табиғатты суреттеуі,жанашырлығы ұнады.Басқа шығармаларға қарағанда бізге әсер еткені-адамдардың табиғатты қорғамауы,мергендердің аяусыз жазықсыз аңды атуы. Мергеннің мергендігі жалғыз киікке түскені адам баласын ашындырмай қоймайды.Себебі қазіргі таңда саны жағынан азайып бара жатқан түз жануары.)

БЕКІТУ: Инсерт стратегиясы арқылы тексеру.

Не білем? Не білдім? Не білгім келеді?

Сөз соңында айтарымыз,ақынның айтайын деген ойы табиғатты қорғау,жан-жануарларды аялау екен.Осыған байланысты қазақ халқының әнші күйшілерінің шығармасыда жетерлік.Құрманғазының “Ақсақ киік” күйі,Жақсыкелді Сейілов ағамыздың “Жезкиік”әні,С.Сейфуллиннің сөзі мен қоса әні де айтылатын“Ақсақ киік”әнінің барлығында жазықсыз жануарға деген аяныш сезімі айқын байқалады.Бүгінде жаңа әннің қатарын “Ақбөкен”өлеңімен толықтырған. «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін жануар.

1.Бетпақта келе жатты,сандалып,

Қаңғырықтап басын иіп,

Анда-санда әлін жиып,

Шағады шыбын жанның қиналғанын

Жалғыз-ақ мөлдіреген екі көзі

Әлі кетіп сорлы киік жығылғанда

Ботагөз сахарада қына терген-өлең жолдарынан әдебиет теориясының қай түрі бар?(кейіптеу)

Үйге тапсырма 1)Өлеңнен үзінді жаттау.

2)1-топқа Қазақстанның «Қызыл кітапқа» енген жануарлар және құстар туралы мәлімет жинап кел.

3.2-топқа “Біз-табиғат сақшысымыз ”ой толғау жазу.

4.3-топқа Оқиға желісіне байланысты сурет салу.

Оқушы білімін бағалау.арымыз,ақынның айтайын деген ойы табиғатты қорғау,жан-жануарларды аялау екен.Осыған байланысты қазақ халқының әнш








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
5 класс ?дебиет п?нінен саба? жоспары С.Сейфуллин "А?са? киік"

Автор: Бесикбасова Асем ИМангалиевна

Дата: 26.02.2015

Номер свидетельства: 179235


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства