kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

4-сынып?а арнал?ан ?дебиеттік о?у п?нінен саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? ?те тартымды ?тті. 4-сынып?а ?дебиеттік о?у п?ні бойынша жасал?ан саба? жоспарлары беріліп отыр. Саба??а мектепті? п?н м??алімдері келіп ?атынасты. Саба? ?те ?ызы?ты ?тті. Меткптегі интерактивті та?таны да жа?сы пайдалана білдім. о?ушыларыма саба? ?атты ?нады. саба??а к?птеген жа?а технологияларды ке? пайдалана алдым. Саба??а ?зіндік жоспар да жасалды. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«4-сынып?а арнал?ан ?дебиеттік о?у п?нінен саба? жоспары»

Сабақтың тақырыбы: Қазағым менің.

Сабақтың мақсаты:

  1. Өлең мазмұны арқылы идеясын талдап ашуға мүмкіндік беру.

  2. Талдау, өздік жұмыстар арқылы оқушының шығармашылық қиялын дамыту.

  3. Еңбек етуге, ұлттық сана-сезімдерінің оянуына, сыйластық пен бірлік арқылы бір-бірінің күшіне арқа сүйеу, сенім арқылы достыққа, елдікке жол салу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы мен қосымша материалдар, оқулық.

Сабақтың барысы:

Қызығушылығын ояту.

«Әдебиеттік оқу» кітабын қолға алып, оқушылардың жаңа оқулықпен дос бола білулерін, оны ренжітпей ұстауларын сұрау. Оқулықтың бірінші бетін ашып, оның ең алғашқы тарауымен таныстыру.

«Туған өлкем- тұнған шежіре» деген тарау аты тақтаға жазылады. Тақтаға Қазақстан картасы ілінеді.

Қағазға немесе тақтаға көк маркермен топтау жүргізу.

Қазақтың үш қасиетіне қарай топқа бөлініп отыруға ұсыныс жасалады.

Батыр, қонақжай, өнерлі оқушылар өз аттарына сай қасиеттерін топпен, шығармашылық түрде көрсетеді.

Мағынаны тану:

Ақын Күләш Ахметованың «Қазағым менің» деген өлең жазған екен, деп, автормен таныстыру, сабақты одан әрі жалғастыру. Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып береді. Сұрақтарға жауап алады. Қойылған сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылар үзінділер оқып, пікірлерін дәлелдеу керек.

Ойтолғау. Жұмысты қорытындылай келе туған жер, қазақ халқы туралы жазбаған ақындар жоқ дей келе Қадыр Мырза Әлидің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңінен үзінді оқып, түсіндіру.

























Сабақтың тақырыбы: Біздің заң

Сабақтың мақсаты:

  1. Әрбір оқушының заң туралы қарапайым түсініктерінің қалыптасуына мүмкіндік жасау. Адам күнделікті өмірде, қоғамда заңнан тыс бола алмайтынын байқату.

  2. Оқушының ойлау, шығармашылық дағдыларын дамыту.

  3. Заңды білу- өмір сүрудегі сауаттылық, өзін-өзі басқара білу мүмкіндіктері екенін, өз Отанына деген құрмет екенін сезіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:«Қазақстан Республиуасының Конституциясы» (кітапша), мерекелік, салтанатты ілінген рәміздер.

Сабақтың барысы:

Қызығушылығын ояту.

Оқу жылының беташар сабақтарының бірі болғандықтан, сабақ Қазақстан Республикасының Гимнімен басталады.

Балалар,Білім күні мерекелерің құтты болсын! 30тамыз күні тағы қандай мереке өткенін кім айта алады?

Оқушылырды тақтада жазылған: Заңды құрметтейміз, Заңды мойындаймыз, Заңды білуге талпынамыз, Рәміздерді мақтан етеміз топтарына бөліп отырғызу.

1-жұмыс:

Заң дегеніміз не?

Адам заңды қалай үйренеді?

Заң не үшін керек?

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім





  • Кестенің «Білемін», «Білгім келеді», «Үйрендім» бөлігін толтыру.

Мағынаны тану.

Сабақ тақырыбы тақтаға жазылып, автормен қысқаша таныстыру. Өлеңді мәнерлеп оқып береді.

Тапсырма:

1-топ. Ақын еліміздің заңын қалай дәріптеген?

2-топ.Адамның заңсыз өмір сүре алмайтыны қалай түсіндіред?

3-топ. Халықтың ізгі арманы не?

4-топ. Ақынның заңды көркем суреттеуін өлеңнен үзінділер келтіру арқылы пікірлерін дәлелдеу керек.

Көрнекілік ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясының балалар ұғымына жеңіл кейбір заң баптары таңдап алынады, жақсы көрінетін жерге ілінсе, сабақ мазмұндырақ болады. Мысалы:

34-бап. «Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті»

38-бап. «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті»

Ойтолғау.

1-топ. Өз елдеріңнің заңын құрметтеу дегенді қалай түсінесіңдер?

2-топ. Заңның орындауын күнделікті өмірден қалай көруге болады? (Бұл сұрақ арқылы балалар білім алуға, демалуға, каникулға шығуға, дәрігерге қаралуға, сыныпта өз ойын ашық білдіруге т.б. құқықтары бар екенін айтады.)

3-топ.Заңды білмеуден адам қандай қиындықтарға ұшырауы мүмкін?

4-топ.Мемлекеттік рәміздерді құрмет тұту дегенді қалай түсінесін?

Сабақ соңында кестенің үшінші бөлігіне қайтарып ораламыз.

  • Бүгін біз не үйрендік? (кестенің үшінші бөлігін толтырады)

  • Өзің үшін қандай жаңалық аштың?

  • Мектеп ережелері заң бола ала ма?






Сабақтың тақырыбы: Атша көкек (аңыз)

Сабақтың мақсаты:

  1. Аңыз мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік беру.

  2. Кейіпкерлердің сөйлеу ерекшелігін талдату арқылы бейнесін ашып, оқушының өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

  3. Жер, ел деген қазиетті ұғымды қастерлеуге. Отанды қорғау-ата-бабаларымыздың ұлы ісі болғанын сезінуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: құстар суреті, қосымша газет материалдары, тақта, маркер, бор, т.б.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын пысықтау.

Қызығушылығын ояту.

Бозторғай,көкек,қарлығаш суреттерін тақтаға ілу немесе интерактивті тақтамен көрсету. Осы құстар топтарына бөліп отыру.

Әр топ өз аттарына сай құстар дауысына салып дыбыстап көру (кезекпен)

Ең жақсы білітіндерін көкек қой! деп таңдану. Балалар көкек туралы тағы не білесіңдер? Оқушыларды тыңдап, қорытындылау. Балалар сөздеріне мән беру. Өтілген тақырыптан оқушылар білімін деректер бойынша сабақтағы жұмыстарды қалай ұйымдастырар едіңіз? Ол үшін «Атша көкек» мәтінімен танысады.

Мағынаны тану.

Ал көкек туралы білігілерін келсе, оқудықта берілген «Атша көкек» деген әңгімемен танысайық.

Әр топ мәтіннің басынан бастап, «қарындасы бойжеткен қыз болды» деген сөйлемді қоса аяқтап оқу керек. Оқушылар іштен оқып, мәтінмен танысады. Бір оқушы мәтіннің мазмұнын әңгімелеп шығады.

Сұрақтар:

  • «Ат жоқ көке!»-деп, жігіттің қарындасы неше рет айтты?

  • Егер сен жігіттің орнында болсаң, не істер едің?

  • Аңыз ары қарай қалай дамиды деп ойлайсыңдар? Болжау.

  • Осы бөлімге көкектің қандай қатысы болуы мүмкін? (көмек үшін, ойландыру үшін: Көке!Көке!Көке! деген сөзге мән беру.)

  • Балалар, оқиғаның ары қарай қалай өрбігенін білгіміз келе ме?

  • Аңызды осы жерге дейін оқығанда қандай сезімде болдың?

Мысалы:

  • Жігітті аяу

  • Қарындасының бейқамдығына өкіну

  • Сасқалақтау

Ары қарай аңызды соңына дейін оқу тапсырылады. Тағы бір оқушы мәтіннің мазмұнын іңгімелеп шығады.

  • Балалар сендерге мәтін бойынша тағы қандай сезімдер туды?

Мысалы:

  • Өкініш

  • Сүйсіну (жалғыз болса да жауға қарсы кеткеніне)

  • Мақтаныш ету (ерлікті, батырлықты)

Оқушылар сезімдерін түсіндіріп береді. Осы жұмыстарды талдыу арқылы оқушылар мұғалімге, бір біріне сұрақтар қоя отырып, өздерінің сөйлеу тілдерін де дамытады. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойылады.

Ойтолғау.

Оқушыларға мұғалімнің рөліне еніп, мәтін бойынша тұжырымдар жазу тапсырылады. Оқиғаның осылай аянышты аяқталуы көңілсіздік тудыратындықтан,балалардан батыр жігіттің қарындасын құтқаруға сендер көмектескілерің келе ме деп сұрау, аңызды жақсылықпен аяқтауға тапсырма беру. Ол үшін үйде қызды құтқару туралы аңызды аяқтап жазып келу тапсырылады.





Сабақтың тақырыбы: Қобыланды батыр (жырдан үзінді)

Сабақтың мақсаты:

  1. Қобыланды батырдың ерлігі мен атының жігер күшін, жазушы суреттегендей түр келбетін көре білуге, сомдап қағаз бетіне түсіре білу шеберліктерінің оянуына жол ашу.

  2. Өлеңнің идеясын мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру.

  3. Батырдың өмірлік ұстанған принциптері мен биік мұраттары болашақтың қамы екеніне тоқтала келіп, елі мен Отан алдындағы борышын сезінуге, елін, сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

Қобыланды батыр мен атының суреттері. Қобыланды батыр жырынан үзінді,

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықтарын ояту.

  • Қазақ батырларының ішінен кімдерді танисыңдар, кімдердің атын атай аласыңдар?

  • Олардың Қазақстан тарихына қосқан үлестері қандай?

Мағынаны тану.

Бүгінгі тақырыппен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс «Түртіп алу» стратегиясы.

  • Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы. Мәнерлеп оқу, тыныс белгілерін қойып шығу.

  • Оқушылардың мәнерлеп оқуы. (қойылған тыныс белгілері бойынша)

Өлеңді үш бөлікке бөліп оқу.

Өлеңнің мазмұнымен жұмыс

Қырдағы Қобыландының батырлығын айқындай түсетін сөз тіркестерін дәпткрге теріп жазу. Осы өлең ішінде қандай қару жарақ түрлері аталады? Сол кезеңде тағы қандай қару түрлерін пайдалану мүмкін деп ойлайсыңдар?

-қылыш-найза-семсер-шоқпар

Ойтолғау .

  • Сендер осы жырды оқи, талдай отырып Қобыландының портретін, түр тұлғасын және Тайбурылдың шабысын көз алдарыңа елестете алар ма едіңдер?

  • Осыүзіндіге қандай музыкалық шығарма сай келеді деп ойлайсыңдар?

  • Ендеше, осы музыканы тыңдау арқылы жырды іштей оқи отыра, осы сәтті көз алдыңызға елестетіп көрелік.

  • Қандай әсер алдыңдар, өзгеріс бар ма?

Қобыланды батыр жырынан үзінді тыңдау.

Батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдер айтып, мағынасын ашу.

Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. Сабақты қорытындылау мақсатында топтардың жыр бойынша 3-4 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын құрып, бір-біріне ұсынуын өткізу.














Сабақтың тақырыбы: Ер тарғын мен Тарлан аттың ерлігі

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылырдың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіре отырып, түсініп оқуға, жырдың негізгі идеясын анықтауға, сипаттау мәтінін құруға, түсінгенін жүйелі баяндауға дағдыландыру.

  2. Әр оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, тақырыптас шығармаларды салыстыра білу арқылы шығармашылық, танымдық қабілеттеріне жол ашу.

  3. Ұлттық дүниетанымға, Ер Тарғын мен Тарлан аттың ерліктерін танып, білу арқылы оқушы бойында ел батырларын мақтаныш тұтып, ерліктерін жүрегінде ұстауға, Отанын, туған жерін, халқын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ер Тарғын, Тарлан аттың суреттері. Қазақтың халық батырлары,ұлт мақтаныштарының суреттері, қазақ батырлары кітаптары, «Ер Тарғын» жырынан үзінді.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын қорытындылау.

Қызығушылығын ояту.

Айбалта, дулыға, қалқан,қылыш, найза, сауыт, семсер, шоқпар деген қару-жарақ аттарын естігенде, көз алдарына кім елестейді? Неліктен?

  • Қандай Қазақ батырларын білесіңдер?

«Топтастыру» стратегиясы арқылы орындау.

  • Тарихи кезеңдерге бөліп айта алар ма едіңдер?

Бұл аталған батырлар ертегі кейіпкерлері, халық ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихта ізі мәңгілік қалған атақта батырлар екенін атап өту. Бар болса, суреттерімен таныстыру.
Әр тарихи кезеңге байланысты қару-жарақты бөліп айту.

Мағынаны тану.

Жаңа тақырыппен таныстыру.

Батырлыр жыры-жыршылар арқылы бізге дейін жеткен ауыз әдебиетінің түрі.

Батырлыр жыры-басқыншылырдан елін, жерін қорғаған батырлардың ерлік істері жайында айтылатын дастан.

Ең көп тараған батырлар жыры: «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай», т.б.

Ер Тарғын мен Тарлан аттың ерлігі туралы жырдан үзінді тыңдау.

  • Қандай әсер алдыңдар?

  • Сендер сипаттаған батыр кейіпкерге ұқсай ма екен?

Кітаппен жұмыс. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша орындау.

  • Мен білемін

  • Мен білмедім

  • Мен үшін жаңа

  • Таңқалдым, сұрақ туды.

Жыр үзіндісін түсініп оқу.

Ойтолғау .

Халықтық талап

Талапқа сай түсінік

Кескін-келбетті

Еңсегей бойлы,терең ойлы,өткір көзді,қара қасты,кең маңдайлы,қыр мұрынды,қия мұртты,кең иықты.

Қадір-қасиеті

Қырандай алғыр,сұңқардай өр, арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты,қасқырдай өжет.

Қабілет-икем

Ел басқарады, дау шешеді, жомарттық жасайды.

Адалдығы

Туған елі мен дос-жаранына адал болады.

Шыншылдығы

Ханнан да қаймықпастан турасын айтады.


Сабақты бекіту.

Сабақтан алған әсерін Ауызша немесе жазбаша орындау.



Сабақтың тақырыбы: Қабанбай («Дарабоз» романынан үзінді)

Сабақтың мақсаты:

  1. Қоғамдағы жеке адамның әрекеттері арқылы балалардың өмір шындығына деген түсінігін кеңейтуге мүмкіндік беру. Өмірмен байланыстыру. Ұлттық ерекшелігімізді байқату.

  2. Баланың өз бетімен оқуы, пайымдауы, талдауы, әрекет етуі, ойлануы арқылы шығармашылық деңгейінің дамуына мүмкіндік беру.

  3. Эстетикалық, патриоттық тәрбие беру. Баланың тарихқа, ұлттық дәстүрлерге құрметтпен қарауы өзін өзі сыйлау көрінісі екенін сендіру.

Сабақтың көрнекілігі: Плакат, маркер, бор, тақта, батырлар ескерткіштері мен мүсіндері.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Қызығушылығын ояту.

Парталас балалардың әрқайсысы бір бірінің есімдерін атай тұрып, ұйқасты мадақ сөз айту. Мысалы, Жанашыр Жанар, Ақылды Айбар...

Жұмыс аяқталғаннан кейін, бірнеше оқушы оқиды. Жұмысқа қорытынды жасалады. Балалар, қазақ халқы ат қоюға көп ойлаған. Сендер көне замандағы батырларға лақап ат қалай қойылғанын білігілерін келе ме? Олай болса, бүгін Қ Жұмаділовтің «Дарабоз» романынан «Қабанбай» атты үзінді әңгімені оқып, танысамыз.

Мағынаны тану. Болжау кестесі

1

2

3

4

Жастар Қабанбайдан оның атының мағынасын сұрауға неліктен жасмқанды?

Олай ойлауға не себеп болды?

Қабанбай бейнесі ертегілік кейіпкерлер сияқты болуы мүмкін бе? Мысалы Ер Төстік

Олай ойлауға не себеп болды?

5

6

Қабанбай деп аталып кеткендіктен, Ерасыл аты өшіп қалуы мүмкін бе?

Олай ойлауға не себеп болды?

Мәтін алдын ала бөліктерге бөлінеді.

Оқушылардың алдарына болжау кестесі таратылып беріледі.

  • 1-топқа оқыту. Басынан бастап, «... ұзын сонар әңгіме бастады» деген сөйлеммен аяқталады.

Сұрақ

  • Қабанбайдың жездесі болғанына қарағанда, тағы қандай туысы бардеп ойлайсыңдар? (әпкесі).

  • Ерасылдың Қабанбай аталуы шынымен де батырлыққа бастау болуы мүмкін бе?

Ойтолғау.

  • Сонымен, батырдың Қабанбай аталуы туралы әңгіме сендерге ұнады ма?

  • Мәтінде не нәрсе таңғалдырды?

  • Кинодағы көрген батырлармен салыстырып, Қабанбай бейнесінен не байқағаныңды әңгімеле.

  • Бұл ерлікті жасаған кезде батыр неше жаста болған еді?

  • Балаң жігіт Ерасылдың ерлігі қабан өлтірумен ғана шектеле ме?

  • Сонымен, балалар, Қабанбай атының шығу тарихы бәрімізге аян болды. Келешекте сендер де бауыр, туыстарыңның балаларына ат қою құрметіне ие болуларың мүмкін.










Сабақтың тақырыбы: Миуалы ағаш

Сабақтың мақсаты:

  1. Ж.Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы, Сүйінбай ақын, Қарасай батырлардың ерлігі туралы мағлұматтарын кеңейту. Әңгіме мазмұнына талдау жасай отырып, жазушы идеясын ұғындыруға ықпал ету.

  2. Оқушылардың жеке тұлға ретінде өзіндік пікірлерін айта білу қабілетінің, көркем сөйлеу тілдерінің, ой-өрістерінің дамуына ықпал ету.

  3. Оқушылардың бойында үлкенге құрмет, ата жолын қуу, мұра тұту, ұлттық құндылық, Отан алдындағы борыш сезімдерінің оянуына ықпал ету.

Сабақтың көрнекілігі: «Ж. Жабаев атамыздың өмірінен» атты кітап, өлеңдерінен үзінді, Сүйінбай ақынның әндер жинағы кітапшасы, Қарасай батырдың суреті (батырлар суреті).

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Бүгінгі сабақты бірден жаңа сабақтан бастап кету. Таспадан Ж.Жабаевтың «Аттандыру» өлеңін тыңдаудан бастау.

Мағынаны тану.

«Кубизм» әдісімен Ж, Жабаевтың өмір жолы мен қызметі, шығармашылығы туралы сұрау

1-топ. Ж.Жабавтың өмір жолы

2-топ. Ж. Жабаевтың өлеңдері

3-топ. Ж. Жабаев ақындығы сипаттама беру.

Кестенің бірінші бағанын толытыру.

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Жаңа сабаққа көшу. Мәтінді тңзбектей, мәнерлеп оқу арқылы «Түртіп алу» бойынша оқыту. Артынан кестені толтыру, («Білдім»).

Ойтолғау.

Оқылған мәтін бойынша сұрақ-тапсырмалармен жұмыс.

  • Автор неліктен әңгімені «Миуалы ағаш» деп атады екен? Доланың адам ағзасына тигізер пайдасы қандай?

  • Миуалы ағашты қорғауының себебі неде екен түсіндің бе?

  • Үлкендердің табиғатты қорғауға деген көзқарасы қандай?

  • «Қасиетті орын», «қасиетті ағаш» деген сөз тіркестерін қалай түсінесің?

  • Үлкендерді сыйлау, құрметтеу, ұлттық мұра, құндылықтың әңгімедегі алар орны қандай?

Сабақты қорытындылау мақсатында сыныппен төмендегідей кестені толтыру.

Әңгімедегі негізгі оқиғалар

Басты кейіпкерлер

Әңгіменің мазмұнына сай қандай мақал-мәтел айтар едің?





Мәтін соңындағы сұрақ-тапсырмаларды орындау.

Үйге тапсырма. Әңгімені оқу, мазмұндау. Әңгімедегі басты кейіпкерлерге мінездеме жазып келу.












Сабақтың тақырыбы: Болар бала жасынан

Сабақтың мақсаты:

  1. Мәтінді түсініп оқу арқылы оның идеясын ашуға жағдай туғызу.

  2. Мәтіндегі өз бетімен, топқа құрастыру арқылы зетрреп, шығармашылық дағдыларын шындау, оқушының белсенділігін арттыру.

  3. Білуге, зерттей оқуға мүмкіндік бере отырып, айналасындағылардың пікірін тыңдап, оған құрметпен қарауға, ұқыптылыққа үйренуге талпындыру.

Сабақтың көрнекілігі: хрестоматия, бор, тақта, плакат, суреттер.

Сабақтың барысы:

Қызығушылығын ояту.

Ә. Қастеев шығармасын тақтаға ілу.

  • Суретке жақсылап қараңдар (1минут).

  • Бұл суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

  • Олай айтатындай не көріп тұрсыңдар?

  • Сурет ортасындағы ақбоз атты адам туралы не айтуға болады?

  • Бұл адам туралы тағы не айтуға болады?

Оқушылар суреттегі батырдың бейнесін танып, Амангелді Иманов туралы әңгімелейді.

Сурет бойынша қорытынды сөз.

Мағынаны тану.

  • Балалар, батыр болсын, ақын, ғылым болсын-барлығы да бала болған. Олар да сендер сияқты ойнаған.Ал сендер бос уақыттарында қандай ойын ойнайсыңдар?

Оқушының еркін әңгімесін тыңдап, қорытындылайды.

Ұлт азаттығы үшін күрескен батыр Амангелді Имановтың балалақ шағы туралы білгілерің келсе, «Болар бала басынан» деген мәтінді құрастырып шығарыңдар.

Оқулық жабық тұрады. Оқушыларға мәтін бөқліктері үшке бөлінген түрінде таратылады.

Амангелді Иманов- ұлт азаттық үшін күрескен қазақ батыры. Қысқаша дерек беру. Енді әр бөлімге ат қою. Мысалы:

  1. Бала ойыны.

  2. Асау құнан

  3. Құнан үйрету.

Мәтінде Амангелдінің өмірімен байланысты қандай адамдар есімі аталады?

Мәтіннің бірінші бөлімімен жұмыс.

  • Бес жастағы Амангелдінің ойынын автор қалай сипаттаған?

  • Әлжан қарттың әңгімесінде Байсақал байдың ауылы неге аталды?

  • Таутабай неліктен мырза атанған?

Осы ретпен мәтін мазмұны арқылы идеясын ашуға негіз болатын сұрақтар талданады.

  • Құнанның мінезі немесе Амангелдінің батырлығы қалай суреттелген?

  • Амангелді бұл кезде неше жаста болуы мүмкін?

  • Баланы неліктен «жетімек» деді? (Әкесі ауру еді..)

  • Амангелдіні менсінбеген Таутабай қалай ұялды?...

  • Амангелді қандай бала болды?

Ойтолғау.

Сыныптас немесе ерекше мінез-құлығы бар достарың жайлы. «Болар бал қандай бала болады?» атты эссе жазу.

Үйге тапсырма беру. Мәтіді мәнерлеп оқу.







Сабақтың тақырыбы: Күзгі қарбалас.

Сабақтың мақсаты:

  1. Өлең мазмұнын ақынның күз тіршілігінің бейнесін шығаруын. Түсіндіру.

  2. Өлең тақырыбы мен мазмұнындағы (динамика) қозғалыстағы тіршіліктің заңдылығын түсінуге мүмкіндік беру арқылы талдау, олау, ізденуге жағдай жасау.

  3. Тіршіліктегі әдемілікті көре білуге, ести білуге, әдемілікті сезінуге тәрбиелеу. Еңбек етудің әдемілігін сезінуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мәтін, плакат, маркер, таяныш сөздер.

Сабақтың барысы:

Қызығушылығын ояту.

Тақтада жазылған күзге байланысты сөздерді пайдаланып, (ауызша) күз табиғатын сипаттау. Әдебиетте табиғатты сипаттауды қалай айтамыз?

Тірек сөздер: сұр, жаңбыр, сары, бұлт, аспан, жапырақтар, қысқарды, ұқсайды.

Оқушылардың ойлауына 1минут беріледі. Бірнеше оқушы сөйлейді.

Күз табиғатына тамсанбайтын ақын, оны бейнелемейтін суретші, ән арнамайтын, композитор жоқ шығар. Ғалымдарда да күз мезгіліндегі табиғаттың таңғажайып сырлары таңдандырады. Олай болса, ақындар суретшілер, композиторлар, ғалымдар тобына бөлініп отырайық.

Мағынаны тану.

Балалар, қарбалас деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Қарбалас сөзіне синонимдік қатар жазу. (Асығыс, жанталас, жылдам)

Өлеңді түсініп оқу.

Сұрақтар:

  • Бұл күздің қай кезеңі?

  • Торғайлар неге барлығын оятты?

  • Күзгі тіршілік неден басталады?

Өлеңдегі қозғалыс пен қарбаласқа толы күзгі тіршілік иелерін әңгімелеу.

  • Ақын тіршілік иелерінің әрекеті арқылы еңбекті қалай дәріптеген?

  • Екінші шумақта ақынның еңбек иесіне деген қандай сезімі байқалды?

Өлеңнен теңеулерді табу.

Өлеңде оқиға бар ма? Өлеңде суреттеу ғана ма? Пікірталас, дәлелдеу.

Ия

Жоқ




Ойтолғау.

Ақындар тобы 4 немесе 5 жолды өлең жазу.

Суретшілер тобы сурет мазмұнына сай сурет салу. Суретті неге бұлай бейнеленгенін түсіндіру.

Композиторлар белгілі ән немесе өздері ойлап тапқан ырғақпен ән дайындау.

Ғалымдар тобы күз табиғатын маусымдық өзгерісі екенін өлең мазмұны бойынша дәлелдеу.

Сабақта оқушылардың тапсырманы өз аттарына сай қалай қорғап шыққандары қорытындыланады.

Үйге тапсырма.


















Сабақтың тақырыбы: Алтын іздеген адам.

Сабақтың мақсаты:

  1. Мәтін мазмұны мен идеясын кейіпкер әрекеті арқылы ашуға мүмкіндік беру.

  2. Мәтінді өз бетімен зерттей оқу арқылы ойлануға, шығармашылық дағдыларын дамытуға жағдай туғызу.

  3. Туған жер, еңбек қадірін білуге, мақтан етуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ж. Қуанышбаев портреті, өмірі туралы деректер, плакат, маркер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру.

Қызығушылықтарын ояту.

  • Балалар, өмірде құны өте қымбат зат не деп ойлайсыңдар?

Сұрақ бойынша топтау жүргізу.

өмір

Отан

алтын


Ең қымбат!

адам

әке

бейбітшілік

ана

еңбек ету

туған жер

нан





















Оқушылар өздеріне қажетті үш зат бойынша бөлініп отырады. Таңдауға: Жер, Еңбек,Алтын.

Әр топ өздері таңдаған заттарының ерекшелігін сипаттап жазады. Жазу аяқталғаннан соң, топта талқылап, бір оқушы оқиды. Оқушалардың жазғандары талқыланады. Жетістіктері мен ойлары туралы пікір айтылады.

Мағынаны тану,

Олай болса, қымбат алтынды іздеген адам туралы қызық әңгімені оқығыларың келе ме?

  1. Жер тобы басынан бастап, «... Хантауында қой баға бастағанда, сол арманға жетуге шындап кірісті» деген сөйлемді соңына дейін оқып, мазмұнын білу.

  2. «Еңбек» тобы ары қарай жалғастыра оқып, «Ештененің нышаны жоқ» деген сөйлемді соңына дейін оқып, мазмұнын білу.

  3. «Алтын » тобы аяғына дейін оқиды.

  • Балалар сендерге берілген әңгіме бөлігін автор ретінде өздерің жаздыңдар деп есептиміз.

Топ ішінден бір оқушы шығып мазмұнын айтқан кезде, авторға басқа топтар сұрақ қояды. Сұрақ қоюға балалар да үйрене бастайды. Ол үшін мәтінді бір топ әңгімелегенде , келесі топтар зейін қойып тыңдауы керек. Ал балалар сұрақ тосылса, өзініз бірер сұрақты бастап бересіз.

Мысалы, бір- автор мазмұнын әңгімелеп болған соң қойылатын сұрақтар:

  • Оқиға болған Хантауы Қазақстанның қай жерінде?

  • Қалай ойлайсын, сенің кейіпкерін жер астындағы алтынды қандай әдіспен табар екен?

Екінші –авторға да солай сияқты сұрақтар қойылады.

  • Сенің кейіпкерлерің алтынды таптым деп еді. Енді неліктен жоқ деп отыр?

  • Кейіпкер соғыс басталды деп еді. Бұл қай соғыс?

Үшінші –авторға да сол сияқты сұрақтар болады.

  • Барлығымыз бірігіп жазған әңгіменің идеясы (түйіні ) сен жазған бөлімде беруге бола ма?

Сұрақтарды таңдап, деңгейлеп, алу сіздің өзінізге байланысты.

Сұрақ қандай да бір мақсатпен қойылатын ұмытпаңыз.

Ойтолғау .

А.) Балалар, сабақ басында сендер жер, еңбек, алтын туралы өз ойларыңды жазған едіңдер. Ал Жазылбек аталарыңның осы қасиеті нәрселер туралы айтқан сөзінде жерді қалай сипаттаған екен? (Мәтіннен іздеп табу).

Ал осылардың бірінсіз-бірі болмайтын туралы қандай ой айтады?

Оқушылардың жауаптарына сай қорытынды жасау.

Ә) Ойтолғау сәті үшін «Бес жолды өлең » де құрастыруға болады. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларға да үніліңіз. Ол мұғалімнің қалауындағы жұмыс.

















Сабақтың тақырыбы: Ана тілім.

Сабақтың мақсаты:

1.Өленнің идеясы ашу арқылы тіл мәселесіне мән беріп, өмірмен

байланыстыру.

2. Өлеңді тіл ерекшеліктеріне мән бере талдау, балаларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу.Оқушының тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, шығармашылылық қиялының ұшталуына мүмкіндік беру.

3.Өзін-өзі тану, сыйлау ұғымдарының терең мағынасының бір-ана тілін білу екенін сезінуге мүмкіндік беріп, патриоттыққа, ұлтжандыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары, қосымша материалдар, маркер, плакат.

Сабақтың барысы:

Қызығушылығын ояту. Оқушылар топқа бөлініп отырады.

Біздің ана тіліміз қандай?

Өз тіліңді қалай дәріптер едің?

Тақтаға немесе плакатқа оқушылардың пікірлері жазылады. Мысалы:


Өлең айтқаным

Ана тілі

Жазу тілі

Қуанғанымды жеткізіледі

Ойды жеткізу тілі

Отбасы тілі

Білім тілі

Тұрмыс тілі
















Мағынаны тану.

Ақын «Ана тілім» өлеңін оқып, мазмұнын түсіну.

Сұрақтар.

Бірінші шумақта ақын өз тілін білмейтінін адамның сезімін қалай суреттеген?

Екінші шумақта ақын ана тілін қалай сипаттаған?

Ана тіл арқылы адам қалай өседі?

Оқушылардың пікірін тыңдап, қорытындылау.

Сұрақтар:

Ақын өлеңнеде ана тілім сөзінен кейін неліктен тыныс белгісі қойылған?

Өлеіде ана тілі қандай көркем сөздермен дәріптелген?

Бастапқы топтауға қайта оралу. Оқушылар өлеңге қайта үңіліп, оқу арқылы мөлшермен мынандай көркем сөздерді (қызыл маркермен) жазады:

бақ тілі, дана тіл, пәк тіл, бесіктегі ән, алтын ұя.

Топтау кестесін пайдаланып, жұмысты қорытындылау.

- Біздің ана тіліміз ақын мен сендердің мадақтарың арқылы көкке көтерілді. Тіл туралы жазған ақындарды естеріңе түсіріңдер...

Ойтолғау.

  • Балалар, бүгінгі сабақта сендер ана тіліне деген сезімдеріңді қалай жеткіздіңдер?

  • Ана тілі арқылы.

  • Ойларыңды қалай жеткіздіңдер?

  • Ана тілі арқылы.

  • Мен сендердің тамаша ойларыңды, сезімге толы шығармаларыіды қалай ұқтым?

  • Ана тілі арқылы.

  • Олай болса ана тілін ғажап күші мен өміріміздегі орнына ештеңе жетпейді екен.

Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап алу.




Сабақтың тақырыбы: Өнердің сайыпқыраны.

Сабақтың мақсаты:

  1. Белгілі өнер адамдарының балалық шағы туралы іңгіменің идеясын ашу.

  2. Мәтінді өз бетімен оқып, талдау арқылы оқушының шығармашылық деңгейін арттыру.

  3. Ата –ана, ел, жер, ана тілі арқылы дарыған ұлттық тәрбиенің әсерін сезінуге мүмкіндік беру. Сөз өнеріне, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ертегі үзіндісі, «Сыбырлақ» ойыны, Қазақстан картасы, маркер, плакат.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Қызығушылығын ояту.

Мұғалім бірінші баланың құлағына ертегіден үзіндіні сыбырлап айтады. Үзінді балаға анық естілуі керек. Бір рет қана сыбырлап айтатыны ескертіледі. Келесі бала ары қарай жалғастырады.

Ең соңғы оқушы ертегі үзіндісін қалай естісе, солай дауыстап айтып береді.Айтылған алғашқы нұсқа өзгеріске ұшырауы сөзсіз. Орта тұстағы бірнеше баладан да не естігені сұралады.

  • Балалар, ауыз әдебиеті үлгісі болатын ертегілер мен осы ойынның арасында қандай ұқсастық бар?

Мағынаны тану.

Бірінші абзацты оқып, мазмұнын түсіндіру.

  • Мәтіннен не түсіндік?

  • Оқиға басталды ма?

  • Егер басталмаса, бұл не болуы мүмкін?

Қорытынды сөз арқылы бұл Қазақстанның қай аймағы екенін картадан іздеп табу.

  • Оқиға басталғанымен, оқиға болатын орын бейнеленген.

  • Ал осы үзіндіде қандай кейіпкердің аты аталады?

  • Әңгімелеуші адамның әкесі Кенжетай. Оның әкесі Айман.

Осы бөлімді қалай атасақ болады?

  • Бұл адамдар туралы ары қарай оқып көрейік.

  • Осы мәтіндегі үш баланың қайсысы өнердің сайыпқыраны еді?

  • Оның келешек өнер иесі болатынын кім байқады?

  • Біріншіден домбыраны тез үйренуі,...

Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс жасау.

Шәкен Айманов бейнесін ашуда балаларға «Алдаркөсе» көркем фильмін немесе кітабын оқуға тапсырылады.

Ойтолғау.

Өнерлі адам болу оңай ма? Балалар ойын тыңдау.

Үйге тапсырма: Сөздікпен жұмыс жасау. Эссе жазу.



















Сабақтың тақырыбы: Мұғалім.

Сабақтың мақсаты:

  1. Өлең мазмұны мен идеясын түсінуге мүмкіндік беру.

  2. Өлеңді өз бетімен талдау арқылы кейіпкер бейнесін талдауға үйрету. Прозалық кейіпкердің поэзиялық кейіпкерден айырмашылығн аңғартуға алғашқы әрекеттер жасау.

  3. Ашық әңгіме, бүкпесіз ой арқылы тіл дамытуына, ой еркіндігіне мүмкіндік беру. Осы арқылы оқушылардың барлығы белсенді әрекетке ұмтылдыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, бор, бір күн бұрын тапсырылған өз мұғалімдерінің бейнесін салынған портрет, шығарма, арнау өлең, тілек, тақтаға көрме ретінде қою.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Үй тапсырмасын пысықтау.

Қызығушылығын ояту.

Балаларға тақтаға жазылған: Сабақ, Мұғалім, Қоңырау, Оқушы деген топтарға бөліп отырады.

Осы сөздерді қалай мәтін шығатындай етіп қоясындар. Мысалы:Қоңырау, Оқушы, Мұғалім, Сабақ.

Оқушылар былай қойылу себебін түсіндіреді. Ауызша сөйлемдер құрастырады.

  • Балалар, осы мәтіндегі басты кейіпкер кім болады деп ойлайсыңдар?

  • Мұғалім.

  • Неліктен мұғалімді алдыңдар?

  • Себебі қоңырау соғылса да мұғалімсіз сабақ басталмайды.

  • Мұғалімсіз мектеп болмайды....

Оқушылардың ойы осы идеяға әкелетіні сөзсіз. Бәрақ оқушының ойына мұғалім өз ойын таңбауы тиіс. Бұл әңгіме жаңа сабаққа шығаратын көпір.

Немесе мектеп, қоңырау, оқушы бала, мұғалім бейнесін сызба суреттер арқылы тақта, плакатта көрсетіп, осы суреттер бойынша мәтін құрастыру. Мәтінге ат қойып, мәтінге бас кейіпкер кім екенін анықтау. Оқушының шығармашылық мүмкіндігіне кедергі болмау.

Мағынаны тану.

Олай болса ақын «Мұғалім» өлеңіндегі басты кейіпкермен танысайық.

Іштен оқу.

Өлең кімнің атынан жазылғанын анықтау.

Өлеңдегі шәкірт ойын ашып беру.

Ақын мұғалімге деген халық құрметін қалай білдіреді? Өлеңнен үзінділер оқылып, пікірлері дәлелденеді.

  • Шәкірт үшін мұғалім кім?

  • Оқушы ұстазына қандай серт береді?

Әр топ шумақтарына ат қояды. Мысалы:

  • Мұғалімге тағзым.

  • Қамқоршы.

  • Өміріме үлгі.

  • Орындалар арман.

Ойтолғау.

Балалар, өздерің айтқандай, халқымыз мұғалімді құрметтеген. Мұғалімге арналған қандай ән білесіңдер? Бұл әнді білмейтін адам жоқ шығар деп неге айтамыз? «Ұстазым әні» Хормен бірінші шумағы айтылады.

Осы мұғалім деген сөздің мағынасын тағы қандай сөздермен айтуға болар еді? Ұстаз, оқытушы, апай, ағай немесе аты жөнімен.

Сендер өз мұғалімдеріңді қалай атағыларың келеді? Таңдағандарына эссе жазыңдар.





Сабақтың тақырыбы: Әке тәлімі. Алтай Аманжолов

Сабақтың мақсаты:

  1. Әке тәлімі өмірлік тәжірибесі мен теорияны ұштастыра білуге, қолайсыз жағдайдың, қателіктің алдын алуға, болдырмауға жол аша білетін
    тәрбиенің бірден-бір көзі екенін ұғына отырып, әңгіменің негізін түсінігі білуге жол ашу.

  2. Сыни тұрғыда ойлау қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу (Қорытынды жасау, салыстыру, толықтыру, негізгі ойды түйіндеу, сипаттау,
    алған білімін жаңа жағдайларда пайдалана білу қабілеттерінің дамуы.)

Еңбексүйгіштікке, өмірдің әртүрлі жағдайларына дұрыс көзқараспен
қарауға, үлкендерді сыйлау, құрметтеу керектігін түсінуіне мүмкіндік беру.

Сабақтың көрнекілігі: Автор суреттері, нақыл сөздер, әңгіменің
желісімен салынған сюжетті сурет, кемпірқосақтың суреті (әр топтың алдына жеке-жеке), түрлі түсті мойынорағыштар (кемпірқосақ түстес жұқа маталар), интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй жұмысын қорытындылау.
Жаңа сабаққа көшу сатысы.

Балалар, бүгін сендермен өмірімізде кездесетін әртүрлі киын

жағдайлар туралы әңгімескенбіз. Бұл ешкімге құпия емес, әрқайсысымыз

осы өмірімізде төбелес немесе ұрыс ортасында, күш қолдану жағдайында,

жанжалдасу түрлі айқай-шудың арасында болған кезеңдер, тіпті қатыспаған

жағдайдың өзінде, көзбен көрген кезіміз болды. Және бұл жағдайлардан

жанжалдасу, түрлі шешім тауып шығып кетіп жүрдік.

Қызығушылықты ояту.

Белгілі бір жағдайға баға беріп, дұрые шешімін табуға көмек беру үшін,

оны сырттай бақылап және ол жағдайды жан-жақты, әртүрлі бағытта байқау

керек.

Қажетті дерек

Кемпірқосақ ұдайы жаңбыр жауған жақтан көрінеді. Яғни, жаңбыр жауған кезде ауаны мың сан су түйіршіктері кернеп алады. Ал әрбір су түйіршіктері бір-бір кішкене призмаға ұқсас. Мұндай призмалар шексіз көп болғандықтан, кемпірқосақ та аспанның жартысын орай көрінеді.Ал кемпірқосақтың қанша түсі бар екенін және сол түстердің қандай ретпен келетінін білесің бе?
7 түрлі түсі бар.

Мәтінді тану.

Мәтінді оқымас бұрын автор жайында қысқаша мәлімет беріп өту. Тақырыбына «Болжау» стратегиясы бойынша талдау жасау.
Қалай ойлайсыңдар, әңгіме не туралы болуы мүмкін? Олай ойлауына не себеп болып тұр? Нені негізге алып отырсың?
Мәтінді «Түртіп алу» стратегиясы бойынша оқушыларға тізбектен оқыту.

Сөздік жұмысын жүргізу

Қалай ойлайсыңдар, әңгіменің негізгі ойы неде? Бұл әңгімені бізге нені
үйренсін, қандай тәлім-тәрбие алсын деп берген екен?

Жаңа ұғымдарды, жаңа әрекеттерді меңгеру кезеңі.

Әңгімедегі болған оқиғаны топта талқылау.

Бұл оқиғаны топта талқыламас бұрын, біз қазір кемпірқосақтың түрлі түсі бар мойынорағыштарды тағып алайық. Кемпірқосақтың түрлі түсті шапақтары барлық әлемді шарлап, жер әлем жаңарып, тіршілік нәрімен
сусындағанда, тазарғанда шығады. (Әр топқа өз қалауы бойынша түстерді
таратып беру)

1-топ. Кемпірқосақтың бірінші түсі қызыл, ендеше қызыл түсті.
Қызыл түс шынайылықтың белгісі болып келген, осы түс арқылы оқиғадағы әке мен баланың ішкі жан дүниесіне үңіліп көрелік. Олардың жан дүниесінде не болып жатыр деп ойлайсыңдар

2-топ. Қызғылт-сары түстегі мойынорағыш таққан топ жаңа туған көктемнің, жаңа тіршілік нәрінің белгісі, ендеше әңгімедегі келеңсіз жай
неге орын алды? Оған себеп болған не? Осыны зерттейді. («Топтастыру
стратегиясын пайдалануларына болады.)

3-топ. Сары түс бізге бұл оқиғаның тек жақсы жақтарын қарастырады
болған жайттың қандай пайдасы болғанын анықтайды. Яғни, тәрбиелеуді
де түрлі тұстары болатынын қарастырады. («Т кестесін» құруға болады).

4-топ. Жасыл түс бұл шығармашылық адамдары. Бұл топ бізге болған жайды суреттеп, өлең немесе жазудың түрлі жанрларын пайдалану арқылы
көркем шығарманың бір түрін көрсетуі керек.

5-топ. Көгілдір түс - бейбітшіліктің, ынтымақтың белгісі. Ендеше көгілдір түстегі топ осы әңгіменің өзімізге «өмірлік сабақ» болатын жаман
жағы мен жақсы жағын атап көрсетуі керек. (Венн диаграммасына салуға
болады.)

6-топ. Көк түс таққан топтағы оқушылар бұл оқиғада бала үшін жағымды, және ол үшін ұнамай тұрған нәрсені атап көрсетулері керек.

7-топ. Күлгін түстегі топ оқушылары автордың рөлін атқарады. Бұл топ
оқушылары автор ретінде нені жеткізгісі келгенін, нені негізге ала отырып
бұл әңгімені жазу себептеріне тоқталады.









Сабақың тақырыбы: Құмыра. Мылтықбай Ерімбетов

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға тарихтың есте сақталуының адамзат үшін маңызды екенін ұғуына жағдай туғызу.

Өлеңді мәнерлеп оқу арқылы негізгі ойды түсінуге, тарихты құраушы,
жазушы, зерттеуші өзі екенін ұғына отырып, автормен бірге толғану арқылы
және көркем сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың барысы:

Ұйыдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту.

Балалар, біз бүгін тарихқа көз жүгіртіп, ата-бабамыздан қалған көне жәдігер ретінде ұрпақтан-ұрпаққа сақталып, мұра болып келе жатқан құмыраның қаншама жылдар бойы сақтап келген сырларына үңілеміз.
Топтарға тапсырма: құмыра сөзін естігенде көз алдарыңа қандай түс елестейді, сол түс пен осы сөзді алдарыңдағы қағазға жазыңдар.

Оқушылардың топтарда жұмысы.

  1. - Неліктен осы түсті таңдадыңдар? Топтардың жауаптары.

II. Мағынаны тану.

Өлеңнің бірінші шумағын оқу

  • Бала тапқан олжасын неліктен мектепке апарды?

  • «Арнаған сан сапарды» деген жолдарды қалай түсінесің?

  • Бұл қандай елдімекенде болған оқиға деп ойлайсың? Олай ойлауына не себеп болып тұр?

  1. Өлеңнің екінші шумағын оқу.
    Ғалымдардың балаға хат жазуының себебі неде деп ойлайсың?

  2. Келесі шумақты, яғни хатты оқу.
    Құмырада қандай құпия бар деп ойлайсың?

  • Отырар қаласының тарихынан хабарың бар ма? Түркістан туралы білесің?

  • Қазба жұмыстарын көріп пе едің? Қазба жұмыстарымен кімдер айналысады?

  • Енді бұл құмыраны қайда сақтайды деп ойлайсың? Қандай музейлер
    білесің?

III. Ойтолғау.
Біз бәріміз тарихшы-археологпыз. Қазір әр топтың алдында тұрған анықтайтын мәселе:

  • құмыраның шығу тарихын яғни шыққан жерін;

  • кім жасады?

  • неден жасалды?

  • қай қалада немесе қай елде жасалған?

  • кімдерге немесе не үшін арналған?

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы зерттеу жұмысын жасап, сипаттау,
мәтінін жазу.

Оқушылардың жұмысын тыңдау.

  • Қалай ойлайсыңдар, осы көне құмыраның қандай тарихи құндылығы
    бар?

  • Сен бұл өлеңге автор болсаң, қандай ат қояр едің?

- Балаға сипаттама бере алар ма едің?
Сабақты қорытындылау.



Сабақтың тақырыбы: Ахмет мерген. С. Кенжеғұлов

Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнын тарау тақырыбына байланыстыра отырып, оның идеясын ашуға жағдай туғызу.

Топтық, жеке жұмыстар арқылы шығармашылық дағдыларын дамыту.

Туан жерге, оның табиғаты мен жануарларына деген сүйіспеншілікті
адамгершілік, ақыл-парасат тұрғысынан шешуді үлгі ету. Білмегенді үйрету,өзара көмекке дайын болу дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: плакат, сызба, маркер, көздеу дөңгелегі, т.б.

Сабақтың барысы:

Қызығышылықты ояту.

Мергендік не үшін керек?

Адам қалай мерген болады?
Қандай мерген адамдарды білесіңдер?

Мерген болу үшін адамға қандай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар?

II. Мағынаны тану.

- Ал, балалар, енді «Ахмет мерген» мәтінін оқып автормен таныстыру.

Мәтіннің «Жарайды..» деп басталған сөйлеміне дейін оқу.

Сұрақтар:

-Бұл өңірде қандай аюлар өмір сүредіекен.

- Үзіндіге ат қою.

- Аюдың әрекетін жазушы қалай суреттегенін тауып оқу.
Мәселенің шешімін сабақ басындағы «Балалар шешімі» кестесіне толтыру.

Ақының шешімін қалай бағалайсыңдар? (Кестеге толтыру).
Табиғатқа, аюға зиянды жағы бар ма?

Енді өз шешімдеріңмен салыстырыңдар. (Кесте бойынша).
Аюды атудың қандай зардаптары болуы мүмкін?
Егер оған дене жарақатын салса, аю қандай зиян жасауы мүмкін?
Кейіпкер мінезін талдау кезінде мына жайттарды еске алған жөн: эңгіме
мәтін тақырыбына қарап, Ахметті мерген десе де, атуға бейім адам емес, керісінше.

Сабақты қорытындылау кезінде туған жеріміздің табиғаты бай, жануарлар әлемі сан алуан екенін, ал адамдар осы табиғатқа зиян келтірмей өмір
сүру жолдарын бірінші мәселе ретінде ойлануы керек екенін ескерту.
Ойтолғау.

Тақтадағы плакатқа көз жіберіп, дұрыс, ойлы шешім тапқан балалардың
ұпайлары туралы айта келіп, мәселеге басқаша, қатал қараған балаларды
да атап, себебі олардың адамды құтқару үшін амалсыз айтқанын атап өту
керек те, ұпайларды бала көңіліне қаяу түсірмейтіндей, келешекте ойланатындай түрде бөлу. (Нысана дөңгелегіне.)

Үйге тапсырма. Әңгімедегі жер, су аттары мен аюлар мекені болған Тарбағатай тауы туралы «Тарбағатай табиғаты» атты эссе жазу.











Сабақтың тақырыбы: Өнер жолында. Несіпбек Айтов

Сабақтың мақсаты:

Тақырып мазмұнын меңгерте отырып, өз бетімен жұмыс жасауға, өздерінен қорытынды шығаруға, үлті тұту, құрметтеу, еңбекке деген талпыныс сияқты әдептілік үлгі қасиеттерінің мәтіндегі ашылуын тануға машықтандыру.

Сөздікдік қорларын молайту арқылы ой-өрістерін, көркем сөйлеу тілдерін дамыту.

Адами жақсы қасиеттерді тани білуге және мейірімді, адал, шыншыл болып қатыгездіктен бойларын аулақ ұстауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Мәтіндегі басты кейіпкерлердің суреті. Өнер, еңбек тақырыптарына арналған накыл сөздер мен мақал-мәтел жазылған плакат.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Пстхологиялық дайындық кезеңі.

«Ал сен білесің бе?» айдары бойынша «Ойашар» өткізу. Жалғасын өздеріне құрастыртуға болады.

Сыныпты аталған дәлелдемелер арқылы өз таңдаулары бойынша топтарға бөлу.

I. Қызығушылықты ояту.

- Басты кейіпкер өз қателігін қалай түсінді?

- Анда-санда бұрышқа тұрып, іштей өзімізге баға беріп, жаса қателіктерімізді таразыға салып, дұрыс шешім тапқанымыз артық болма ды екен.

- Отбасыңда осындай жағдай болғанда кандай жаза аласыңдар? «Топтастыру» арқылы тақтаға орындау.

- Осы жазалардың ішіндегі ең ауыр тиетіні не? Таяқ еттен өтеді, Сөз сүйектен өтеді.

Осы жаза әділ болды деп ойлайсыңдар ма? Бүгінгі жаңа тақырыппен таныстыру. «Өнер жолында» тақырыбына болжау жасау. Қалай ойлайсыңдар, мәтін не туралы болуы мүмкін?

- Олай ойлауыңа не себеп болып тұр?





























Сабақтың тақырыбы: Кішіпейілділік. Жұбан Молдағалиев

Сабақтың мақсаты:

Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттердің ерекшеліктерін қарым-қатынас жасаудагы әдептілік істерге, адами құндылықтарды тану арқылы кейіпкер портретін жазуға көмек беру.

Мәтіндегі басты кейіпкерлер туралы мағлұмат алу арқылы кішіпейілділіктің әркімге тән екенін ұғындыру.

2. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік корларын молайту арқылы, тіл байлығын арттыру.

3. Топтық жұмыстар арқылы бірлесіп жұмыс атқаруға, бір-бірімен тіл табыса білуге, бірін-бірі сыйлауга үйрету.

Сабақтын көрнекілігі: басты кейіпкерлердің суреттері, кітаптары.

Сабактын барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын қорытындылау.

I. Қызығушылыкты ояту.

Сабақты оқушылардың өздерін өздері қаншалықты жақсы көретіндеріне

бастау. Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Еш уайымды білмейміз.

Өлеңді оқушылармен бірге қимылмен көрсету, мазмұнын талдау. Өлеңнің соңғы жолдары арқылы адам бойындагы жаксы және жаман қасиеттерге мінездеме беру.

«Топтастыру» арқылы «кішіпейілділік» сөзіне түсініктеме беру. Мағынасын ашу. Кішіпейілділік көзге көрініп, құлаққа естіліп тұрат я болмаса ерекше түр-тұлғасы бар мінез-кұлық па? Кішіпейіл адамды қалай танисың?

- Сен өзіңді кішіпейілмін деп санайсың ба?

II. Мағынаны тану. Жаңа сабақпен таныстыру.

Автор жайында білгендерін сұрап, көрнекіліктер арқылы толықтыру. Мәтінмен танысу.

Мәтінді тізбектей оқу, артынан сөздік жұмысын атқару. Мәтіндегі басты кейіпкерлерді атау. Әрқайсысына сипаттама беру.

- «Кішіпейіл болмай, кемеңгерлік жоқ» дегенді қалай түсінесің?

- Бұл сөзді басқаша қалай айтар едің? Кейіпкерлер портретін тауып оқы. Сол бойынша көз алдыңа кейі керлерді елестете аласың ба? (Артынан суретпен салыстыр.) Мұхтар Әуезовтің кішіпейілділігі неден байқалады? Мәтінге қандай нақыл сөз сай келеді деп ойлайсың?

- Мәтіннің тақырыбын өзгертер ма едің? Неліктен?

- Мұхтар Әуезовтің бойындағы жақсы қасиеттердің қайсысын өзің жақын тартар едің? Неліктен?



















Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөз

Сабақтың мақсаты:

Тарау тақырыбының мағынасын ашуға, шешендік сөзді ауыз әдебиетінің түрі ретінде еске түсіре отырып, асыл сөздерге мән беруге, идеясын ашуға мүмкіндік беру.Шешендік сөз бен шешен адам туралы түсініктерінің кеңеюіне, сөздің мазмұнындағы ерекшеліктерді байқауға жағдай туғызу. Тапсырмасы арқылы балаларды кез келген қиындықтан шыға білуге баулу.

Сөз және оның мағынасын жете түсініп, қолдана білуге, бейнелік арқылы, ойды көркемдеу үлгілерін байқату арқылы әсемдікке, әділеттілік пен жақсы қасиеттерді оқушының тандау таразысына салу, салыстыру, бағалау мүмкіндігін беру.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, маркер, плакат, топтау сызбасы

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту.

Балалар, күнделікті өмірде біз өз ойымызды сөз арқылы жеткіземіз. Ал сөздер болады? (Интерактивті немесе жай тактаға топтау сызбасы түсіріледі )

Бұл тарауда казақ халқының ертедегі ата-бабаларымыздан бүгінгі күнге дейін жеткен асыл сөздерін оқып танысамыз.

Мынандай бір мәселе болып тұр. Мұқият тыңдаймыз. «Дастан мен Асан өзен жағасында кітап оқып отыр еді. Дастан кітапты жағадагы тас үстіне қоя бергенде, кітап суға түсіп кетті де, жоқ болды.

- Кітапты сен түсірдің, сен кінәлісің, - деп ашуланды Асан.

- «Кітапты алмай-ақ қояйық» дегенімде сен болмап едің, ендеше сен кінәлісің, - деді Дастан ренжіп.

Осы дауды қалай шешер едіңдер? Ескерту. Мұғалім бүгінгі сабақтың алдын ала дайындыгын жасау үшін бірнеше күн, тіпті апта бұрын балаларға билер киетін қалпақ жасауды тасырады. Бұл қалпақ үшін сайыс ұйымдастырылады. Шарты:

1. Қалпақ қалдық заттардан жасалуы керек. Яғни, қымбат мата, материалдар алдан жасауға болмайды.

2. Қалпақ маңдайына бидің аты жазылады. Мысалы, «Асан би». Оқушылардың төрелігін тыңдау.

Мағынаны тану.

- Ал он үш жастағы Балаби шешеннің осындай даулы мәселені калай шешкені сендерді қызықтыра ма? Онда шешендік сөзді: (1) іштей оқимыз (2) мазмұнын түсініп, әңгімелеуге дайындаламыз.

Оқушылар мәтінді оқып болған соң, мазмұнын әңгімелетуге де, әңгімелесуге де болады. Сіз қайсысын таңдайсыз:

Ойтолғау.

Бала би мен Сырымның шешендік сөздерінен кейін сабақтың басында айтқан кітап мәселесіндегі шешімдеріңді өзгертер ме едіңдер? Мүмкін кітаптың ағып кетуіне үшінші біреу кінәлі шығар? (Оқушыларға ойлануға мұрсат беру. Егер үшінші біреу - жел немесе тас кінәлі болса.

Қазақ халкы осындай асыл сөздерге кұлак түріп, жаттап алып, ауызша таратқандықтан, бұл сөздер ауыз әдебиетіне жатады.

Сабақ басындағы «Сөз» топтамасына қайта оралып, асыл сөздің құнына қорытынды ой айтылуы керек. (Яғни, сөз-асыл, ойлы, жұмбақ, терең ойлы біз ойлағаннан да қиын).

Шешендердің сөздерінен үйге жаттауға тапсырма беруге болады.

Оқулыктағы сұрақтар мен тапсырмаларды мұғалім өз жоспарлауына қарай қолданады.































Сабақтың тақырыбы: Даудың шешімі («Талассаң, бағаң кетеді»,

«Кінәлі аяқтар»)

Сабақтың мақсаты:

1. Шешендік сөздердің мазмұны, ерекшелігі жайлы түсініктерін молайту. Шешендік сөздердің, данышпан билердің халык арасында алатын орны туралы түсініктерін кеңейту.

2. Ой-өрістерін, сөздік қорларын молайту.

3. Тапқырлыққа, ұтымды сөз тауып сөйлей білуге, сөзге тоқтай білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: даналық сөздер жазылған плакаттар, үнтаспа

Сабақтын барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

I. Қызығушылықты ояту.

«Топтастыру» стратегиясы. Сөз тақырыбына тіркестер жазу. Аталған тіркестер аркылы топтарға бөліну - «Кубизм» бойынша.

Зерттеу жұмысы:

1-топ. Қазақ халқы шешенді неліктен дана деп санаған?

2-топ. «Өнер алды - қызыл тіл» деген мақалды калай түсінесің?

Сөз - есепсіз, тілінді тый, тарта ұста,

Тыймаған тіл - басыңа сор әр тұста.

Есепті сөз - ер сөзінің асылы,

Мылжың тілді «жау» деп ұғын тартыста.

Ендеше бүгінгі сабағымызды осындай шешендік сөздердің бірін түсініп, талқылаудан бастаймыз.

Мағынаны тану. Мәтінді оқып шығу.

Басты кейіпкерлер кімдер?

Негізгі ой айтылған шумақты оқып бер. Мағынасын түсіндіру. Алған жауаптар бойынша сыныпты жаңа топтарға бөлу.

3-сыныпта өткен шешендік сөздерді еске түсіре аласыңдар ма?































Сабақтың тақырыбы: Киелі жеті саны

Сабақтың мақсаты:

Қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі туралы қысқаша мағлұмат беру. Жеті ата, жеті байлық атты ұлағатты ұлттық ұғымдардан хабардар ету.

Оқушының ұлттық салт-дәстүрде сөйлеу тілін дамыту, сауаттылығын арттыру сөздік қорларын молайту. Танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру, үлкенді сыйлау, кұрметтеу, ата тегінің тарихына құрметпен қарау керегін ұғындыру.

Сабақтың көрнекілігі: «Ұлағатты ұлттық ұғымдар» плакаты. Жүздер картасы үлгісі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

- Достарыңмен талқыдан кейін өзің үшін жаңа ақпарат ала алдың ба? Сен үшін не жаңалық болды?

- Қандай сандар киелі сандарға жатады? «Топтастыру» арқылы орындау.

- Осы аталған сандарға байланысты мысал келтіре аласың ба? Қажет дерек

Үш байлық:

Бірінші байлық - денсаулық,

Екінші байлық - ақжаулық,

Үшінші байлық - қорадағы бес саулық.

Үшби:

1. Үйсін Төле би.

2. Арғын Қаздауысты Қазыбек би.

3. Алшын Әйтеке би.

Үш журт :

1. Ағайын жүрт.

2. Нағашы жүрт.

3. Қайын жүрт.

Үш куат :

1. Ақыл қуат.

2. Жүрек қуат.

3. Тіл қуат.

(Үш қат, үш арыс, үш ғайып, үш арсыз, үш дауасыз, үш қадірлі, жамандық, үш жақын, үш ақиқат, үш қуаныш, үш биік, үш артық, үш ынт үш түл, үш апат, үш кедейлік, үш кемдік, үш бақытсыздық, үш көз, тоқтам, үш қасиет, үш тағылым.)

Төрт тұлға 1. От. 2. Су. 3. Жел. 4. Жер.

Төрт мұрат:

1. Дау мұраты - біту.

2. Саудагер мұраты - ұту.

3. Қыз мұраты - кету.

4. Жол мұраты - жету.

Төрт қорлық:

1. Шақырылмаған жерге бару.

2. Бейбастақ сөйлеу.

3. Дүшпаннан жәрдем күту.

4. Сараңнан қажет сұрау.

Төрт қылыш: 1. Хэмхам. 2. Омар. З.Оспан. 4. Әли.



Сабактың такырыбы: Ата айтады. К. Құмарұлы

Сабактың мақсаты:

1. Өлең мазмұны мен идеясы арқылы қазақтың ұлттық салт-дәстүр, әдет ғұрпын өмірмен байланыстыра білуге мүмкіндік беру.

2. Өлеңді талдау арқылы оқулықпен өз бетімен жұмыс жасау қабіл арттыру. Іздену, талпыну арқылы шығармашылық дағдысының дамуы жағдай жасау.

3. Өлеңнің негізгі ойын өмірмен салыстыра талдау арқылы ұлттық салт-сана, дәстүрге тәрбиелеу.

Сабактың көрнекілігі: тақта, бор, плакат, маркер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын нақтылау.

I. Қызығушылықты ояту.

- Балалар, сендерді үлкендер қандай қасиеттерге тәрбиелейді?

Сыйластыкка, мәдениеттілікке, қамкорлыкка, адамгершілікке

Осы топ атауларына сай бөлініп отыру.

Осы топ аттары болған сөздер туралы білетінін жазу.

Тақтадағы плакатқа кесте сызылады:

Біз білеміз

Қазіргі жаңа заман баласы

Бұрынғы заман баласы

Кестедегі оқушылар өз түсінігі бойынша қазіргі замандағы бала бейнесінің, ерекшеліктерін жазады.

Мағынаны тану.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

Оқушылар іштей бір рет оқиды.

Мәтінмен жұмыс жасау арқылы тақтадағы кестенің бөлігін толтыру.

Заман жастары қандай болған?































Сабақтың тақырыбы: Атымтай жомарт

Сабақтың мақсаты:

Мәтіндердің мазмұнын түсіну, идеясын ашуға мүмкіндік беру. Өмірдегі шындыққа көзқарастарының қалыптасуына негіз дайындау.

Өмір туралы түсініктерін кейіпкер әрекеті арқьшы талдап, дамыту. Өз бетімен жұмыстар арқылы шығармашылық деңгейін дамыту. Адам бойындағы ел есінде қаларлық құнды қасиеттерге тәрбиелеу,

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

Тақтада:

1)жомарт - сараң

2) бай - кедей

3) еңбекқор - жалқау

Осы сөздер ішінен бір-бірімен байланысты жақсы сөздерді таңдау.

Егер кедейді таңдаса, аты жаман болғанмен, «кедейлік - кемдік емес», (Дау-дамай тудыруға болады.)

Жомарт, бай, кедей, еңбекқор сөздерін пайдаланып, кысқа мәтін құрастыру.

Оқушылардың жазғандары оқылып, қорытындыланады. Мысалы:

Ертеде бай мен кедей көрші болыпты. Бай көрші тұратын кедейге көмектесіп, оны адам болуға үйретіпті. Ол өзінің бай болу себебі түсіндіреді. Кедей көрші байға алғысын айтты.

Бұл - өте қысқа мәтін. Өте түсінікті. Мәтіннің басы мен аяқталуы да бар Идеясы - жақсылық жасаған адамға рақмет айту керек екендігін білдіреді. Дегенмен, келесі бірнеше сабақтардан кейін оқушы бұдан да күрделір мәтін жаза бастайды. Бұдан да күрделірек жазатын оқушылар болатыи анық.

Тағы да, осы 4 сөзден бірнеше мәтін құрастыруға болатынын байқауға болады. Мұғалім балалардың жазғандарына үңіліп көруі тиіс. Мәтін құрасғыруга үйрену бастауыш сынып оқушысы үшін жүйелі жұмыс жүргізу арқылы ғана нәтижелі болады.

II. Мағынаны тану.

Балалар, «Атымтай жомарт» мәтіні не туралы болуы мүмкін?

Ауызша болжау.

Оқығыларың келе ме? Олай болса, «Аңызға айналған Атымтай» мәтінін оқып, мазмұнын түсініңдер.

Атымтай калай жомарт атанған екен?

Атымтайдың жомарттығы туралы анасы кандай әңгіме айтты?

Басында жазған өз әңгімеңдегі кейіпкер мен Атымтайдың ұқсастығы бар ма?

Ойтолғау.

Егер мен бай болсам» немесе «Бай болу деген не?» тақырыбында эссе жазу.

















Сабақтың тақырыбы: Сөз мәйегі. Болат Үсенбаев

Сабақтың мақсаты:

Арналы бұлақ бөлімінен мағлұмат беру. Өлеңмен таныстыра отырып, мағынасын ашуға мүмкіндік жасау.

Мәнерлеп оқуларын, көркем сөйлеу тілдерін, өлеңнің мазмұнын өмірмен байланыстыра білу және жақсы сөздің адам өміріне тигізер пайда қабілеттерін дамыта түсу.

Өлеңді әсерлі, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: автор суреттері, тақырып мазмұнын ашатын нақыл сөз жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй жұмысын қорытындылау.



I. Қызығушылықты ояту.

Сөз тапқанға қолқа жоқ. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. Сөз сүйектен өтеді, Таяқ еттен өтеді. Көз жеткізер, Көз жеткізбегенді

Сөз жеткізер.

Шешеннің сөзі - мерген,

Шебердің көзі - мерген.

Ойды қорытындылау.

- Сөзде қандай құдіретті күш бар?

- Сөзді не арқылы жеткіземіз?

- Сөз мәйегі дегенді қалай түсінесіңдер? («Мәйек» сөзінің негізгі түбірін табу.)

«Топтастыру» стратегиясы бойынша.

II. Мағынаны тану.

Жаңа сабақпен таныстыру. Өлеңнің әр шумағын мәнерлеп оқи отырып, әр шумақтағы сөздің негізгі тұғырын тауып, дәптерге жазып отыру.

Мысалы:

Сөз - жаманнан жиренткен;

- өмір жайлы сыр шерткен;

- мақал-мәтелдердің даналығына ой жүгірткен;

- т.с.с

Оқушылардың тізбектей оқуы, түсініп оқуы. Өзің қандай сөз түрлерін білесің? Әрқайсысының мағынасына жеке тоқталайық.

Енді әрбір тіркеске мысал жазып көрелік. Қандай тіркес кімге байланысты

айтылады және ол сөз иесі кім?









Сабақтың тақырыбы: Қожанасыр әңгімелерінен

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды аңызға айналған Қожанасырдың басынан өткен қызықты жайттармен таныстыру, аңыз бен шын өмірдегі Қожанасырдай адамдардың өмірінен мысал келтіре отырып, салыстыра білуге жол салу.

Оқушылардың оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыда ойлауын, қиялын ұштап қашықтық қабілеттерін дамыта түсу.

Адам бойындагы алаңғасарлық, қиялға берілу, шектен тыс армандау

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту.

II. Мағынаны тану.

Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру. «Болжау» стратегиясы бойы ша әңгіме не туралы болатынын саралап көру. Әңгімені оқу. Қожанасыр келбетін сомдау.

- Қожанасыр жұмыртқасын неліктен жарып алды?

- Қожанасыр қандай кейіпкер?

- Қожанасыр қиялының орындалмауына не себеп болды?

- Ал сен өзің қиялдай аламысың? Нені?

- Орындалмайтын армандарың бар ма?

- Қожанасыр өзінің қандай ісімен ел аузында аңызға айналды ойлайсың? (Ол ержүрек батыр сияқты соғысқа аттанып, жауды деңді элде бүкіл ауылды аштықтан қүтқарып қалу үшін аң аулады ма екен?)

- Мәтіндегі қиялын Қожанасыр іске асыра алады дегенге сенер ме едіі

- Қожанасырға қандай мінездеме берер едің?

- Қожанасыр жайлы тағы қандай аңыздар білесің?

Қожанасыр айтқан екен...

Қожанасыр мен молда көрші отырыпты. Бір күні Қожанасырдың сиыр молданың сиырын сүзіп, жарып тастапты. Қожанасыр асып-сасып молда үйіне кіріп барыпты да:

- Молдеке, сіздің сиыр біздің сиырды түнде жарып тастапты, қүран ңызға қарап беріңізші, қүн төлеуге жата ма екен? - деп отыра кетіпті.

Молда қүранын ары-бері ашыпты да:

- Е, көрші, қүранда малды мал жарып тастаса, қүн төленбеуге тиіс жазылган екен, - депті.

Ойтолғау.

Бұл аңыздардан қандай сабақ алуға болады? стратегиясы арқылы сабақты қорытындылау.

Тапсырманы топта талдай отырып орындайды.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма.







Сабактың такырыбы: Алдаркөсенің алдауы

Сабактың мақсаты:

1. Аты аңызға айналган Алдаркөсе туралы аңыз әңгімелермен таныстыру, қызыққа толы оқиғаларын оқып, бас кейіпкерлерді салыстыра отырып сараңдық пен жомарттықтың ара жігін ажырата білуге жол салу.

2. Аңыз кейіпкерлеріне сипаттама беру арқылы оның неліктен аңыз кейіпкерге айналғанын дәлелдеу. Көркем әдеби тілде сөйлей білу қабілетте дамыта түсу.

3. Ұрлық, алдау, өтірік айту, сараңдық, қулық сияқты жаман әдеттерд өз бойын аулақ ұстау керектігін жете түсіндіру.

Сабактың көрнекілігі: Алдаркөсе туралы кітаптар, суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй жұмысын қорытындылау.

I. Қызығушылыкты ояту.

Алдаркөсенің өлеңі немесе ол туралы кинофильм мен мультфильм үзінді көрсетуден бастау.

Кітаптар мен суреттерді көрсету арқылы білгендерін сұрау.

Қажет дерек

Алдаркөсе - көшпелі халықтың ерекше ұнатқан кейіпкері. Алдар — шешен ғана емес, өте қу, айлакер. Оның халық ұнатпайтын Шығайбай байды әбден алдап, асын қулықпен жеп, кетерінде қызын алып кетуі арқылы халық тілегі көрінеді.

Алдаркөсе сараңдардың гана емес, елді корқытатын сайтанның да ісі зайын тартқызды. Түлен мен Құланды құр сүлдері қалғанша мініп, ақыл етуі оның зымиян күштерден де ақылы артық екенін көрсетеді. Немес шайтан секілді сырт күштерді жеңу адамның, Алдардың қолынан келеді деген халық сенімін білдіреді.



Мағынаны тану.Мәтінді оқу.

Басты кейіпкерлерді атау.

Топта Венн диаграммасы арқылы екеуін салыстыру.

1-топ. Алдаркөсеге ұқсағым келеді, себебі...

2-топ. Қазіргі Алдаркөселер қандай?

3-топ. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.

4-топ. Шығайбайды алдағанына көзқарасың қандай?

Ойтолғау.

Алдаркөсе мен Қожанасырдың айырмашылығы неде? «Т кестесі» арқылы жазып жығу.

Алдаркөсе мен Қожанасыр өмірде болған ба? Неліктен?

Қожанасыр мен Алдаркөседен нені өзімізге қабылдауға болады, қабылдауға болмайды деп есептейсің?

Қабылдаймын

Қабылдамаймын



Адам бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді санамалап айтып шығу.

Абай өлеңін еске түсіру.

Сабақты қорытындылау мақсатында:

Бүгінгі сабағымыздың алғы сөзі не болмақ?

Қандай мақал-мәтел айтар едің?

Үйге тапсырма.

































Сабақтың тақырыбы: Тоқсан жастағы тарлан.

Мырзатай Жолдасбеков

Сабақтың мақсаты:

1. Кенен Әзірбаев және оның өнері туралы, ән құдіреті туралы әңгіме оқыта отырып, қазақ елінің тарихы, тұрмыс-салты туралы мағлұмат беру. Көркем сөздер, қара сөздер, нақыл сөздердің мағынасын аша отырып, дұрыс пайдалана білуге үйрету.

2. Өнер адамдары туралы білімдерін кеңейту, әнге, өнерге деген қызығушылығын арттыру, сыни тұрғыдан ойлау арқылы сөйлеу тілдерін дамыту.

3. Кенен ата әндерінің құдіретін сезінуге ықпал жасай отырып, ән адамдарын құрметтеуге, қадірлеуге, адамгершілікке, туған елінің тарихы қастер тұтуға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Кенен Әзірбаев туралы буклет, кітаптар, телидидар («Бозторғай» әні, үнтаспа.)

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй жұмысын қорытындылау.

I. Қызығушылықты ояту.

Сыныпты топтарға бөлу:

1-топ. Домбыра

2-топ. Қобыз

3-топ. Шаңқобыз

4-топ. Жетіген.

(Топтардың аталуына тоқталып кету).

Соның ішінде күй өнерін халыққа жеткізген атакты композитор қастерлеп, құрметтеген.

Қандай композиторларды білесіңдер? (Музыка сабағына саяхат.) композиторлардың бірінің әнін тыңдап көріңдер.

Мағынаны тану.

























Сабақтың тақырыбы: Төрт тентек

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды шешендік өнердің майталманы Мөңке бидің шешендік сөзімен таныстыру. Мөңке бидің дау дамайды шешудегі шеберлігін, тапқырлығын талдау. Халқымыздың салт дәстүрін насихаттау.

  2. Балалардың сөздік қорларын, логикалық ойлауын дамыту. Шешендік сөздерді талдай білуге төселдіру. Өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу.

  3. Шешендік өнерді бағалауға, ұтымды, ұтқыр сөйлеуге тәрбиелеу. Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Шешендік өнер майталмандары: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Мөңке би, Малайсары би, т.б. суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Қызығушылығын ояту:

Дауыл болмай, жауын болмас,

Даулы болған қауым оңбас.

Егіз ешкі сауын болмас,

Екі жалқау ауыл болмас.

Бұл шешендік сөзден көріп отырғанымыздай, жауын жауу үшін дауыл тұруы керек т.с.с. Оқушылар аяғын жалғастырады.

Ал шешендік сөз деген не? Қалай түсінесіңдер?

Қажет дерек

Шешендік сөз- дауда, үлкен жиындарда айтылып, кейін ауызекі әңгімемен бізге жеткен, ел, ру, тайпалар арасында айтылатын терең ой, сұлу сөз қағысы.

Мағынаны тану.

Осындай бір даудағы бала Мөңке бидің жауабын тыңдап көрелік.

Мәтінді оқу.

Сөздік жұмысын жүргізу

Құн төлеу дегенді қалай түсінесің?

Мөңке баланың жауабы саған ұнады ма?

Сыныпта мәтіндегі төрт тентекті атау арқылы бөлу. (Кубизм стратегиясы)

«Әдеби үйірме» стратегиясы

  1. Топ Сілтеме табушылар мәтіндегі қызықты жерлерін табады.

  2. Топ Сұрақ қоюшылар басқа топ оқушыларын ойландыратын сұрақ қояды.

  3. Топ Баяндаушылар мәтін бойынша баяндама, топта өткен ой талқысы туралы баяндап береді.

  4. Топ Ізденушілер Мөңке баланың бойында қандай қасиеттер бар екенін табады.

Ойтолғау

Қорытындылау.

  • Бүгін сабақта кім туралы оқып білдік?

  • Мөңке балаға мінездеме бер.

  • Бүгінгі сабақтан қандай тәлім тәрбие алдым деп ойлайсың?

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма.














Сабақтың тақырыбы: Бата сөз (Астанаға ақ бата. Бата сөз. Ел аузынан)

Сабақтың мақсаты:

  1. Халқымыздың асыл сөзі бата туралы білетіндерін дамыту. Бата сөздердің мағынасын, идеясын ашуға мүмкіндік жасау.

  2. Бата сөздерді жинақтауға, асыл сөздерді түсінуге, мәнерлі айтуға жаттығу.

  3. Бата сөз-ата-баба сөзі мирас, мұра болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып табатынына сенімдерін арттыру. Бата арқылы жақсы сөз, тілек айтуға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: плакат, тақта, маркер, «Шешендік сөздер» жинағы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру.

Қызығушылығын ояту.

Сөзжұмбақ не ребус құрастыру.

Мысалы, бата сөзіне байланысты мынадай сөзжұмбақ құрастырып жіберуге болады.

Мағынаны тану.

  • Банта сөзді оқу.

Сұрақтар.

  • Бата кімге берілгін?

  • Батадан қандай тілек айтылған?

  • Бата сөзді қандай естідің?

Оқушылардың сөздері бойынша қорытынды жасау.

  • Тақтада жазылған бата мен оқулықтағы «Бата сөздің» ұқсастығы неде?

Бата құрылысы бойынша талдау.

Бата болсын, бол, сақта, бер, ет, қыл, т.б. сөздермен аяқталады. Ұйқасы туралы түсінік беру жаттығу, талдау, сөздерге мән беру арқылы өтеді.

«Астанаға ақ батасын» оқиық.

Батаның қандай айырмашылығы, ерекшелігі бар? Алғашқы нұсқалармен қайта салыстыру. Мысалы, Астананы сипаттағаны, қара қара сөзбен берілгені.

  • Тағы бұл батаның, тағы қандай айырмашылығы бар.

  • Адамға емес, қалаға берілген тілек бата.

  • Батадағы «жақындасы жауласын!» деген сөзді қалай түсінесің?

Ойтолғау.

Өздері білетін бағаны жатқа оқу.

Астанаға тілек сөз жазу.

Бата адамға қандай жақсылық әкеледі?

Үлкендердің батасын алу ырымы туралы оқушыларға деректер беру,

  • Оқулықтағы Бата сөз көркем әдебиеттің қай үлгісі?

  • Д. Әділевтің батасы ауыз әдебиет үлгісіне жата ма?

Үйге тапсырма. Отбасындағы үлкендердің бата сөздің жазып әкелу.

















Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлері. Фариза Оңғарсынова

Сабақтың мақсаты:

  1. Ф. Оңғарсынованың шығармашылығымен тереңірек таныстыру. Қазақтың салт дәстүрлері жайлы алған білімдерін толықтыра түсуге бағыт бағдар беру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын өз бетінше талдауға, аша білуге үйрету.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
4-сынып?а арнал?ан ?дебиеттік о?у п?нінен саба? жоспары

Автор: Ж?мабаева Оразг?л Есен?ызы

Дата: 20.01.2016

Номер свидетельства: 279677


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства