?аза?- ?она?жай халы?. ?аза? хал?ы барлы? уа?ытта ?она?ты к?туге дайын т?рады. ?она?ына ?лтты? тама?тар дайындап береді. ?аза?тар та?ам т?рлерін а?/с?ттен/, ?ызыл /еттен/ ж?не к?к / жемістерден/ деп ?шке б?лген. Мысалы, ет асса, ?она?ты? т?рлеріне байланысты ?ойды? басын, жамбасын, т?сін, жіліктерін б?ліп-б?ліп ?ояды. Сонымен ?атар ?азы, ?арта, жал, жая, ш?жы?, мипалау, ?уырда?, томырт?а, салма, сорпа, т. б. Еттен жасалатын та?ам т?рлері бар.
?аза?тар с?тті ?асиетті зат есебінде ?арап, «а?ты т?кпе, малды? желіні кетеді» деп ескерту жасап отыр?ан. ??рт, ірімшік, ежігей сия?ты с?т та?амдарын бас?а ?лт ?кілдері де жо?ары ба?алайды. С?т та?амдарыны? мынадай т?рлері бар: ?ымыз, ш?бат, май, ірімшік, сарсу, с?збе, ??рт, уыз, айран, шалап, ?айма?, іркіт, торта, бал?айма?, ?аты?, т. б.
?аза? хал?ы жеміс-жидектен жасал?ан та?амдарды аса жо?ары ба?ала?ан.Шырын, тосап, ?оспалар, кептірілген жемістер, ас д?мдеуіштер, т. б. т?рлерін ке?інен ?олдан?ан. «Дені сауды? – жаны сау» - дейді халы?. Денсаулы? жа?сы болу ?шін асты м?лшермен уа?ытында т?рлендіріп отыр?ан ж?н.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Қазақ- қонақжай халық. Қазақ халқы барлық уақытта қонақты күтуге дайын тұрады. Қонағына ұлттық тамақтар дайындап береді. Қазақтар тағам түрлерін ақ/сүттен/, қызыл /еттен/ және көк / жемістерден/ деп үшке бөлген. Мысалы, ет асса, қонақтың түрлеріне байланысты қойдың басын, жамбасын, төсін, жіліктерін бөліп-бөліп қояды. Сонымен қатар қазы, қарта, жал, жая, шұжық, мипалау, қуырдақ, томыртқа, салма, сорпа, т. б. Еттен жасалатын тағам түрлері бар.
Қазақтар сүтті қасиетті зат есебінде қарап, «ақты төкпе, малдың желіні кетеді» деп ескерту жасап отырған. Құрт, ірімшік, ежігей сияқты сүт тағамдарын басқа ұлт өкілдері де жоғары бағалайды. Сүт тағамдарының мынадай түрлері бар: қымыз, шұбат, май, ірімшік, сарсу, сүзбе, құрт, уыз, айран, шалап, қаймақ, іркіт, торта, балқаймақ, қатық, т. б.
Қазақ халқы жеміс-жидектен жасалған тағамдарды аса жоғары бағалаған.Шырын, тосап, қоспалар, кептірілген жемістер, ас дәмдеуіштер, т. б. түрлерін кеңінен қолданған. «Дені саудың – жаны сау» - дейді халық. Денсаулық жақсы болу үшін асты мөлшермен уақытында түрлендіріп отырған жөн.
Қонақ келсе, қой егіз табады.
Қонақ келсе, құт қонар.
Өзі қонақ болып көрмеген
Қонақты сыйлай білмейді.
Нан
Нан ардақты,адал ас
Кәрі-жас онан аттамас.
Ақ дастарқан үстінде
Қол жумай оны ұстамас.
Нан қиқымын шашпаңдарІ
Жерде жатса баспаңдар!
Теріп алып,қастерлеп
Торғайларға тастаңдар! Ө.Тұрманжанов
ІІ Әлеуметтік-мәдени ая
Мен Петропавл қаласында тұрамын. Ол-Солтүстік Қазақстан облысының орталығы. Біздің облысымыз - астықты аймақ. Петропавл өте әсем, таза,үлкен қала. Мұнда көп әдемі ғимараттар, саябақтар, ескерткіштер бар. Қаламызда мәдени орталықтар, оқу орындары көп. (Біздің мектебіміздің қасында Евней Бөкетов атындағы саябағы орналасқан. Бұл ғалым-біздің жерлесіміз.)
Қазақстанның астаналары
Астана - Қазақстанның жаңа бас қаласы. Біздің астанамыздың тарихы бай. Есілдің жағасында 1830 жылы бекініс салынған екен. Ол Қара өткел деп аталған. Кейін ол өсіп Ақмола,Акмолинск деп аталды.
Ол 1961 жылы Целиноград деп аталады. Қазақстан тәуелсіз алғасын Ақмола атауы қайтарылды. 1997 жылы астана Алматыдан Ақмолаға көшті. 1998 жылы Астана деп аталды. Қазір ол бүкіл әлемге әйгілі астана болды.
Қазақстанның астаналары
Астана - Қазақстанның тарихындағы төртінші астана. Бұрынғы астаналары – Орынбор, Қызылорда, Алматы қалалары болған. 1920-1925 жылдары Орынбор (Оренбург)-қазіргі Ресей қаласы. 1925-1929 жылдары еліміздің астанасы Қызылорда болды. 1929-дан бастап астана Алматыға көшті. Алматы-Қазақстандығы ең ірі қала. 1997 жылы астана Ақмолаға көшірілді. Қазір астанамыз еліміздің ортасында орналасқан.
Мерекелер
30-тамыз –Конституция күні
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Мұнда 130-дан астам ұлттар тату тұрады. Олар қазақ тілін оқып үйренуде. Өйткені қазақ тілі- мемлекеттік тіл. Қазақстан Конституциясында « Қазақ тілі –Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» деп жазылған. Бұл Ата Заңымыз 1995 жылы қабылданды.
9 – мамыр - Жеңіс күні
Аталарым
Менің екі атам бар.Олар – Ұлы Отан соғысының ардагерлері. 9-мамыр-үлкен ұлы мереке. Біз аталарымызды құттықтаймыз. Олар бізге соғыс, ерлік туралы айтады. Біз аталарымызды мақтан етеміз, олардан үлгі аламыз.
Менің атам ардагер
Менің атам-соғысқа қатысқан адам. Ол 1939 жылы әскери қызметке алынды.1941 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталды.Атам үш рет жараланған.Атамның соғыста алған ордендері мен медальдары көп.Мен атамды мақтан етемін.
1-мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Мен Қазақстан Республикасында тұрамын. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан халқы тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біз 1-мамырда Қазақстан халықтарының бірлігі, достығы мерекесін тойлаймыз.
Бірлік күні
Қазақ жұрты-меймандос,
Қазақ жері кең-байтақ.
Құшақтарын жайған дос,
Ұлыстарға ортақ ел.
Ортақ бізге ауа да
Отанымыз көп ұлтты.
Ынтымағы жарасқан,
Бірлігіміз көрікті.
Достығымыз гүлденген,
Құтты болсын тойымыз!
Әрқашан да бір жерден,
Шыға берсін ойымыз! (Е.Өтетілеуұлы)
16-желтоқсан-Тәуелсіздік күні
Біздің Отанымыз-Қазақстан. Қазақстан кең-байтақ мемлекет. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. 16-желтоқсан-Тәуелсіздік күні.
Олимпиада ойындары - үлкен спорт мерекесі. Ол Ежелгі Грекияда б.д.б. (біздің дәуірімізден бұрын) 776 –жылы, содан кейін Афинада пайда болған. Олимпиаданың негізгі белгісі- бес шығыршық. Олимпиада ойындары басталарда Олимпиада алауы жағылады. Ол Достық пен бірліктің белгісі. 2011 жылғы қысқы Азия олимпиада ойындары біздің елімізде болады.
Спорт-денсаулыққа пайдалы
Спорт-денсаулыққа өте пайдалы. Мен спортпен доспын. Мен шаңғы спортын жақсы көремін. Шаңғы спортына арнайы спорт киімі керек.
Менің сүйікті спортшым
Менің сүйікті спортшым-Ермахан Ибраимов. Ол шебер спортшы. Ермахан бокстан бірнеше рет чемпион болған. Е.Ибраимов Сидней Олимпиадасының алтын жүлдегері. Ермахан Ибраимов-біздің мақтанышымыз.
Бахтияр Артаев боксшы, шебер спортшы. Ол Афина Олимпиадасының чемпионы. Бахтияр Артаев-Ермахан Ибраимовтың шәкірті.
Александр Винокуров - велосипедші. Ол біздің жерлесіміз. Александр Винокуров Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері. А.Винокуров-біздің мақтанышымыз.
Ұлттық спорт
Ұлттық спорт түрлеріне ат жарыс,бәйге, қыз қуу, көкпар, тоғызқұмалақ, дойбы,қазақша күрес ойындары жатады. Тоғызқұмалақ ойындары адамның ақыл-ойын дамытады. Ат жарыс, бәйге, қыз қуу, көкпар шыдамды болуға, атта жақсы отыруға үйретеді. Маған қазақ халқының ұлттық спорт ойындары өте ұнайды.
ІІІ Оқу-еңбек аясы
Демалыс күні
Жексенбі күні-демалыс. Мен осы күні ұйқыдан кеш тұрамын. Анама үй шаруасына көмектесемін. Бүгін мен кітап оқимын. Анам бүгін демалыс дастарқанын жаяды. Мен демалыс күнін жақсы көремін.
Серуенде
Бүгін жексенбі. Мен демаламын. Түстен кейін маған сыныптасым Арман келеді. Екеуіміз саябаққа барамыз. Саябақта қыдырамыз, таза ауамен дем аламыз. Демалыс күнін қызықты өткіземіз.
Мәдени демалыс
Мен демалыс күндері қуыршақ театрына барамын. Онда жаңа қойылымдар көремін. Жаңа қойылымдар өте қызықты өтеді. (мұражайға барамын, циркке досыммен барамын, көрмеге баруды жақсы көремін,ипподромға ат жарысына барамын)
Күнделік-құжат
Күнделік – оқушының құжаты. Ол - ата-анамен мұғалім арасындағы байланыс құралы. Күнделікте оқушының жетістіктері, ескертулер көрсетіледі. Күнделікті ұқыпты, таза ұстау керек.
Электронды күнделік
Күнделіктің түрлері көп. Мысалы:қыздар күнделігі,аналар күнделігі,жұмыс күнделігі және т.б. Қазір Қазақстанда оқушының электронды күнделігі шықты. Ол интернет арқылы жүргізіледі. Бұл өте ыңғайлы. Ата –аналар баласы туралы ақпаратты күнде алып тұрады.
Күнделік
Бірге барып сыныпқа,
Бірге үйіне қайтады.
Оның бетін кім ашса,
Әр бағаңды айтады.
Қуантады ол сені,
Ұялтады ол сені.
Күнделіктен көрінер
Біліміңнің мөлшері. О.Әубәкіров
Қазақтың ұлттық тағамдары
Ет тағамдары-шұжық,құйрық –бауыр,қазы,қарта,жал-жая,жаубүйрек,телшік,мипалау,ақсорпа.
Ақтан жасалатын тағамдар-уыз,сүт,қаймақғсары май,құрт,ірімшік,сүзбе мен қатық,айран,шұбат,қымыз.
Наурыз
Наурыз келді,наурыз келді жеріме,
Астанамның,Ақордамның төріне.
Ұлыс оң боп,ақ мол болсын айтамыз,
Ұлан-байтақ Қазақстан еліне.
Астана тарихы
Қазақстан Республикасының бас қаласы-Астана. Ол Отанымыздың қасиетті жері-Сарыарқада,Есіл өзенінің бойында орналасқан. Ақмоланың негізі 1830 жылы Қараөткелдің жағасында қаланған.
1862 жылы оған қала мәртебесі берілді.1960 жылыТың өлкесі құрылып, «Ақмола» орталық болды.1961 жылы қаланың аты Целиноград болып өзгертілді. 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды.1997 жылы 10 желтоқсаннан бастапАқмола қаласы Қазақстанның бас қаласы болып жарияланды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді. Астананың халықаралық тұсаукесер тойы 1998 жылы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО-ның медалімен марапатталып, «Бейбітшілік қаласы » атанды
«Думан» ойын-сауық орталығы
Елбасының бастамасымен «Думан»ойын-сауық орталығы2003 жылы ашылды.Мұнда мұхитарал,5D кинотеатры,кафелер мен сауда залдары, «Джунгли»аттракционы мен боулинг, қонақ үйі бар.
Мұхитаралда әлемнің әр жерінен әкелінген 100-ден астам түрлі теңіз хайуанаттары мекендейді. Ол үлкен аквариумнан және көлемдері әр түрлі 11 аквариум қойылған 2 көрме алаңынан тұрады.
Мұхитарал
Астананың абыройын көтерген,
Мақтанамыз Мұхитарал кешенмен.
Екі мыңдай жәндігі бар сан түрлі,
Әлемнің әр теңізінен әкелген.
Сан түрі бар үлкен-кіші балықтың,
Алабұға,акуладай алыптың.
Үш миллион литр суда мекендеп,
Мамыражай тірлік етер қалыпты. Сүлейменова Н.К.
Ақорда
Ақорда Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы,жұмыс істейтін орны.Ғимарат 2004жылы 24 желтоқсанда ашылды.
Айшықталған келбетімен кз тартарлыөқ арайлы.
Қазақстан Президенті резиденция сарайы,
«Астанамыз-Қазақстан жүрегі»деп атасақ,
Ақ ордадан асыл арман,данышпандық тарайды. Сүлейменова Н.К.
Бәйтерек-Астана символы
Бұл ғимараттың биіктігі-97 метр.Бұл елорда Алматыдан Астанаға көшірілген жылдың соңғы екі санын білдіреді.Оның салмағы 1 мың тонна,металл құрылымдарының ұзындықтары -105 метр,олар 500қадаға бекітілген.Басындағы шар тәрізді күмбездің диаметрі- 22метр,салмағы-300 тонна. Осы шардың ішінде панорамалық зал бар.Мұндай шар Араб Әмірлігінде де бар,бірақ оның биіктігі-56метр. Бәйтеректің сәулетшісі-Ақмырза Рүстембеков.
Бәйтерек
Орын алған Астананың төрінен,
Тік бағандар айқышталып, өрілген.
Үш жүз тонна алып шар басында,
Терең тамыр,мәуелі ағаш төгілген.
Нақ керемет көз тартатын реңі,
Болашақтың символы деп біледі.
Жоғалтпаған халқымыздың ерлігін
Бәйтерегі-дана елдің тірегі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысы-республиканың солтүстігінде орналасқан. Облыстың жер көлемі-96 мың шаршы шақырым. Халқының саны-700 мыңнан астам. Облыс орталығы-Петропавл қаласы. Облыста 13 аудан бар.Біздің облыстың климаты шұғыл континенталды:қысы –суық, жазы-ыстық. Табиғаты әр түрлі:мұнда тоғайлар да, дала да,көл мен өзендер де,таулар мен төбелер де бар. Біздің облыс астықты алқап.Солтүстік Қазақстан өлкесін «Ақ қайыңдар өлкесі»дейді. Біздің облыстан көптеген атақты ақын-жазушылар шыққан.
Петропавл қаласы
Петропавл қаласы-Солтүстік Қазақстан облысының орталығы.Қала Есіл өзенінің бойында орналасқан.Петропавл қаласының негізі 1752 қаланған.Қаламыз онша үлкен емес.Қалада көп қабатты үйлер,дүкендер,мектептер, мұражайлар,ауруханалар,кітапханалар, оқу орындары бар. Біздің қаламызда 3 театр бар.Қаланың негізгі көшесі-Қазақстан Конституциясы көшесі. Бұл өте әдемі көше.Петропавл қаласы жылдан –жылға көркейіп келеді. Біз өз қаламызды жақсы көреміз.
Менің мектебім
Сөздерді қолданып, «Менің мектебім» тақырыбына шығарма жаз.
Мектеп,атында,орналасқан, қаланың орталығында,қабатты,әдемі,күрделі жөндеуден өткен,биік ағаштар,жарық,бірінші,екінші,үшінші, қабатта,гүлдер, өсіп тұр, мектеп алаңы, стадион,өз мектебімді,жақсы көремін,мақтан етемін,мектеп түлектері,көрсеткіштер.
Саябақта
Жексенбі күні біз саябаққа бардық. Көктемде саябақ өте әдемі. Онда биік ағаштар өсіп тұр. Олар бүршік ата бастаған. Саябақта оқушылар, жұмысшылар ағаш отырғызып, гүлдер егіп жатыр. Біз де жұмысқа кірісіп кеттік. Жазда біз саябаққа жиі келеміз.
Құстар біздің досымыз (диктант)
Жазда біздің жерімізде құстар көп болады.далада бозторғай сайрайды.бақта қараторғай ән салады. Қарлығаштар үй жанында ұшып жүреді.
Олар адамдарға қандай пайда келтіреді? Құстар адамдарға көп пайда келтіреді. Құрттар бау-бақшаға зиян келтіреді.Қоңыздар ағаштардың жапырақтарын жейді. Құстар бақшаларды,бақтарды зиянды құрттардан қорғайды.
Қыста далада құстар жоқ. Олар ашығады.Сондықтан оларға жем беру керек.
Мақалдар
Отан отбасынан басталады.
Үлкенге құрмет-кішіге ізет.
Әке-балаға сыншы.
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.Ештен кеш жақсы.
Байлық көзі-еңбекте.
Ас- адамның арқауы.
Нанды аяқпен басуға болмайды.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Дені саудың – жаны сау.
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты – еңбек.
Мектеп-білім бесігі.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Татулық-табылмас бақыт.
Жаңылтпаш, жұмбақтар
Шыңғыс мініп санки-ны
Әне, зулап барады.
Көп жігіт екі топта,
Таласып жүр бір допқа.
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Шұңғыл шұңқыр,
Шұңқыр шұңғыл.
Пеш үстінде бес мысық,
Бес күзетші-бес пысық.
Диктанттар
Музыка сабағы
Бізге музыка сабағы өте ұнайды. Сабақта музыка туралы білім аламыз. Атақты композиторлардың шығармаларымен танысамыз. Біз қазақ күйлерін тыңдаймыз. Көп оқушылар музыка мектебіне барады. Олар түрлі музыкалық аспаптарда ойнайды. 28 сөз
Аю
Аю- орман қожасы. Оның жеті түрі бар. Бірі-қоңыр аю. Ол тауда тұрады. Ол өсімдіктерді, құрт-құмырсқаларды жейді. Құмырсқалар тастардың арасында болады. Ою үлкен тастарды көтереді. Астынан өзіне жем іздейді. 29 сөз
Нан қадірі
Нан-астың атасы. Ол адамға күш береді. Нан - жердің нәрі. Ол адамға су мен ауа сияқты керек. Басқа тамақтар нанмен ғана дәмді. Ол барлық астан тәтті. Нанды жерге тастауға болмайды. 30 сө
Түсінік хат
Орыс мектебіндегі «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі. Сондықтан қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын бастауыш сынып оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениаралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді.
Осыны ескере отырып, модульді тақырыптарға бөлгенде, мәтіндерді дайындағанда А.Қайырбекованың «Қазақ тілі» Алматы «Атамұра» 2011 жыл және Т.Н.Ермекова «Қазақ тілі» «Алматыкітап баспасы» 2011жыл оқулықтарын негізге алдық.
Жазба жұмыстары: 1. Сөздік диктант - 4 сағат
2. Диктант – 2 сағат
3. Тест – 1 сағат
4. Мазмұндама -1 сағат
5. Шығарма – 2 сағат
6. Бақылау жұмысы – 4 сағат
Әр модульдің соңында мұғалім нәтиже сабақтар өткізеді.
Дайындағандар: №1 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімдері –