Просмотр содержимого документа
«Зерттеу ж?мысы "Арнау с?зді? шебері"»
Ә. Төлепбергенов атындағы орта мектеп.
Оспанова Диляра Дәулетқызы
Зерттеу жұмысының жетекшісі: Мұқаш Б.
Қылышбай ауылы.
2013жыл.
Мазмұны
Аннотация.І. Кіріспе.Үлкен өнер иесі.ІІ.Негізгі бөлім.1.Арнау сөздің шебері.2.Айтыскер ақын.ІІІ.Қорытынды.
АннотацияЗерттеу жұмысының тақырыбы: «Арнау сөздің шебері».Зерттеу мақсаты: Қылышбай ауылының тұрғыны , елге белгілі өнерпаз, айтыс ақыны, жыршы, термеші Әділқожа Мансұрұлы Мұртазаевтың өмірі мен шығармашылығынзерттеуге арналған.
Үлкен өнер иесі
Қылышбай ауылында өнерді өзіне жастайынан серік етіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп жүрген белгілі өнер тарландары баршылық. Танымал әнші, сазгер, ақын Садық Құнанбаев, «Тараз» триосының белді мүшесі Асылхан Шүңіреков осы ауылдың тумалары. Сондай өнер өлкесінде өзіндік қолтаңбасы бар жандардың бірі әнші, айтыскер ақын Әділқожа Мұртазаев. Әділқожа Мансұрұлы 1948 жылы 5наурызда, Қылышбай ауылында, шаруа отбасында дүниеге келді. 1966 жылы Шу ауданы, Төле би ауылындағы орта мектепті бітірген. 1969-1972 жылдары Кеңес Армиясы қатарына алынып, Отан алдындағы борышын Солтүстік теңіз флотында, Мурманск қаласында атқарған. Әскерден оралған соң Жамбыл есеп-санақ техникумына оқуға түсіп, оны 1974 жылы бітірген. Содан жас маман туған ауылы Талдыөзек совхозына есепші қызметіне орналасады.Өнер десе жанып тұратын жас бозбаланы сол кездегі аудундық мәдениет бөлімінің меңгерушісі Хасан Ганжуев байқап, оған қосымша ауылдық клубты басқаруға береді. Ауылдық клубтағы көпшілік-мәдени шараларды ұйымдастыруға белсене араласып жүрген Әділқожа өнерде Төлеген Нұрманбаев, Аралбай Тәйтімов, Садық Құнанбаев, Аманжол Әміреқұлов сынды өнер тарландарынан тәлім алады. Ол осы жандарды өзіне өнердегі ұстаздарым деп бағалайды.
Суырып салма ақын ретінде қалыптаса бастаған оны бір күні аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Айтбай Назарбеков шақырып алып: «Әділ қарағым, ауданымыздың намысын қорғайтын Пазылхан Қойайдаров ағамыз қартайды. Енді облыс, республика көлемінде өткізілетін түрлі өнер додаларында аудан намысын қорғайтын боласың»,-деп батасын береді. Содан бірінші басшының ағалық тілегімен қанаттанған Әділқожа 15 жылдай айтыс сайыстарына түседі. Атақты айтыс ақындары Аяз Бетбаев, Әшім Сағатов, Шырын Мамасеріковалармен сөз қақтығысына түсіп шыңдалады. 1985жылы дүлдүл ақын Кенен Әзірбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысына қатысып, жүлделі орынды иеленеді. Ауданамыздан шыққан өнер тарландары Асылхан Шүңіреков, Ақылбай Баялиев , Айнұр Тұрсынбаевалар оны өнердегі ұстазымыз деп ардақтайды.
Әркімге жалын ұстата бермейтін өнер деген сиқырлы әлемде құшағын кеңге салып жүзіп жүргеніне 40 жылдан асыпты.
Әділқожа Мансұрұлының өмірлік серігі Шолпан апай екеуі 4 ұл,2 қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгінде олардан 12немере сүйіп, қадірменді қария атанып отырған жайы бар.
Арнау сөздің шебері
Әділқожа Мансұрұлының ақындық толғаулары терең ой мен толғаныс, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімге толы.
Алаштың азаматы, сегіз қырлы, бір сырлы, атақты құсбегі, ақын-сазгер ініміз Жапар Сатылғановтың 60 жастық торқалы тойына арналған арнау өлең.
Жиналған көпшілікке сәлем бердім,
Жақсыларың Мойынқұмның өзім көрдім.
60жасың Жапаржан құтты болсын,
Сіздерді құттықтауға өзім келдім.
Жасыңнан Шу жерінде өсіп едің,
Әкеңнің өнегесін өзің көрдің.
Тілеукүл келінменен басты қосып,
Балалы-шағалы боп өсіп-өндің.
Үлкеннің асыл сөзін ұққаныңыз,
Көп екен жинап-теріп тыққаныңыз.
Үйдің алтын қазығы Тілеукүлжан,
Құтты болсын зейнетке шыққаныңыз.
Бар жұмақ аналардың табанында,
Иманның нұры төккен қадамына
Төрт ұл туып, өсірген тәрбиелеп,
Тілеукүл бақытты ана заманында.
Көңілім шындықты айтсам тарқасын ба,
Байлығы Жапар інімнің қалтасында.
Аяңдап 60жасқа жеткеніңіз,
Тілеукүл келінімнің арқасында.
Тойға келді ағайын алыстағы,
Кейінгі ұрпақ балалармен танысқалы.
Сарыүйсіннің бетке ұстар саңлақтары,
Кеңесхан, Айтбек сынды қаймақтары.
Шымырдан Вовка деген нағашың бар,
Екі жүз қырық кило салмақтары .
Жегені 500 мыңның жылқылары,
Лақтырса құр шықпаған қармақтары.
Қожаның көз қырына іліндіңдер,
Түбі қиын болады-ау ар жақтары.
«Көз тимесін» десеңдер шірткі алыңдар,
Ата-баба сілкінсін әруақтары.
Балалардың қызығына ерте батқан,
Жемісін ұлдарының бұрын татқан.
Жапар мен Тілеукүлге ризамын,
Бұл тойды балаларың жасап жатқан.
Осымен той тәмам болып қалмасын,
Ағайынмен мол болсыншы арласың.
70, 80, 90,100-ге келіп жет,
Қалған тойды балаларың жалғасын.
Ақын ағаң асыл сөзін жолдасын,
Еш жамандық бастарыңа болмасын.
Бала-шағаң аман жүріп алдыңда,
Әруағы Сары бәйбішенің қолдасын.Әумин!
Арнауды арнап жазған ақын ағаң
Әділқожа Мұртаза деп білерсіз.
Қылышбай ауылының тұрғыны.
16қараша 2013 жыл.
Қылышбай ауылының тұрғыны болған, Ауған
соғысының ардагері Исабеков Шәкір Әміреқұлұлының дүниеден өткеніне жыл болуына арналады.
Арғы атасы Шәкіржанның діндар болған,
Мешіт салып, медресесінде бала оқыған.
Бердібектен Исабек молда болып,
Бар білімді Әміреқұл ағай тоқыған.
Қан соғыстан аман-есен оралған.
Саракүл апай, жас қыз еді оянған.
Қос тағдырды Құдай қосып арада,
Өніп-өсіп, бес ұл, алты қыз тараған.
Бір ағайдың бар болмысы он адамға татитын.
Қан соғыста көргендерін жатқа айтып оқитын.
Тастан ағай, Шермахан мен айтқанда,
Оқушылар қан соғыста жүргендей боп балқитын.
Бұрынғы өткен ағайлар неткен текті,
Балаларының қызығын көріп кетті.
Алты қызы алты рулы елге барып,
Бес ұлы бес бәйтерек болып жетті.
Шәкірдің түрі бөлек көрікті еді,
Ауғанның қан соғысын көріп келді.
Ішінен бар көргенін жасырумен,
Өмірінің тең жартысын беріп келді.
Сені жоқтап, ауғандық қауымдарың,
Сен кеткенде жоқтады ауыл бәрін.
Бір Құдай сабыр берсін қалғанына.
Сені аңсаумен өтеді бауырларың.
Бір жылдың, білмей қалдық өткеніне,
Жыл толыпты, өзіңнің кеткеніңе.
Орныңда бар екі ұлың ер жетеді.
Тілектеспіз арманына жеткеніне
Тірлікте өлмегеннің бәрі батыр.
Өзің жиған техникаң жүріп жатыр.
Сені аңсап қай кезде тоқтап қалады
Тілін білер жігіттер жөндеп жатыр.
Кім ілінбес ажалдың қармағына ,
Еш пенде жеткен емес арманына.
Орныңа құран оқып тұрса болды,
Өткен-кеткен ата-баба әруағына.
Маралға мұқалмайтын көңіл берсін,
Мұхтар мен Нұрсұлтанға өмір берсін.
Сен жетпеген жасыңа балалар жетсін,
Өзіңе пейіш жақтан орын берсін! Әумин!
Айтыскер ақын
Шырын мен Әділ. Бұл айтыс Жамбыл облыстық ақындар айтысында өткен.
Шырын Мамасерікова 1945 жылы Жамбыл облысы Луговой ауданында (қазіргі Т.Рысқұлов ауданында ) туған. Аяз Бетбаев, Жолдасхан Құрамысов және тағы басқа ақындармен айтысқа түскен.