Жүсіпбек Аймауытұлы -көсемсөз иегері, драмматург, қазақтың тұңғыш пьесаларының авторы,драмматург,ақын. Педагогика,психология саласына да қосқан үлесі мол.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жүсіпбек Аймауытұлы - көсемсөз иегері. Мақала»
Жүсіпбек Аймауытұлы – көсемсөз иегері.
Жүсіпбек Аймауытұлы – қазақтың тұңғыш пьесаларының авторы, драмматург,қазақ прозасын қалыптастырушы жазушы ақын. Алаш қайраткерлерінің бірі. Көсемсөзші , қазақ журналистикасының кошбасшысы,психологиялық романдардың авторы. Педагогика, оқу әдістемесі,психология деген мамандықтың басында тұрған ғалым.
Семей қаласында 1918 жылы ақын « Абай» журналын шығарды.
Осы аталған журналда ақынның шығармашылығы мен әдебиетке қатысты мәселелермен бірге,қазақ жастарының орысша білім алып,сол елдің
Мәдениетке еліктеп, өз қазағын менсінбей кеткенін орында айтқан. Жазушы дәл қазіргі қоғамда болып жатқан келеңсіз мәселелерді ,сол кезде болжап айқандай көрінеді.
Осы журналда «Ұлтты сүю» мақаласында: « Басшы түзу болса,басшыдан бас тартып , ауа жайылатын халық жоқ. Қазақты тура жолға бастайтын да, адастыратындары да оқығандары.Халыққа қызмет қылуға жарамаған, үлгі,шырақ бола алмаған оқығандардан пайда жоқ»,- дейді. Қазіргі уақытта көптеген бағдарламалармен жастарымыздың шет елдерде оқып жатқандары бар.Көбі тіл білмегендіктен,біздің мемлекеттің игілігіне жарап жатқандары шамалы.
Көсемсөзші Жүсіпбек Аймауытұлы адам тәрбиесіндегі үш сипатты атап өтті.Олар: ақыл,сезім, қайрат.Осы үш ситпатты адам бойына сіңіре алатын болса, ол кісі данышпан,қанағатшыл, кез-келген іске байыппен қарайды.
Әрбір қазақ баласы ерте бастан ұлт қызметкері бола алмайды .Орыс тәрбиесін алған бала ешқашан ұлт қызметкері бола алмайды. Біз орыстардың арақ ішу,темекі тарту сияқты жаман әдеттерінен қашуымыз керек.Күні бүгінге дейін ата-бабамызда болмаған жаман әдеттерден арыла алмай келеміз.
Көсемсөз туралы тағы айтар болсақ, « Тәрбие» мақаласында: « Дәрігер адамның тәнін сауықтырса, тәрбиеші адамның жанын, ақылын,мінезін сауықтырады.Мектепте білім беру домбыраның қос ішегіндей тәрбиемен қатар жүруі керек. Ақылақты,ақылды адам көбейсе, олар-Отанының күзетшісі, қорғаны»,-деген екен.
Жүсіпбек Аймауытұлы мектепке де арнап оқулық жазған. « Тәрбиеге жетекші» еңбегінде: «Мектептің жаны- мұғалім. Баланың санасына ең бірінші ұлттық құндылықтарымызды сіңіру қажет, мектепке арнап жазылған оқулықтар дұрыс жазылуы керек» деген құнды ойлар айтқан.Дәл қазіргі уақытта осы айтылған құнды пікірлер білім беру жүйесіне енсе екен деген арман бар.