kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жоба та?ырыбы: Модульдік о?ыту технологиясы бойынша ?зім саба? беретін сыныптарда саба? жоспарын моделдеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Модульдік технологиясы бойынша о?ушылар?а ж?не м??алімдерге арнал?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жоба та?ырыбы: Модульдік о?ыту технологиясы бойынша ?зім саба? беретін сыныптарда саба? жоспарын моделдеу»


Ахметбекова Бакыт Сериковна

Бурабай кенті С. Сейфуллин атындағы

орта мектебінің қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі








Жоба жұмысы



Тақырыбы: Модульдік оқыту технологиясы бойынша өзі жұмыс жасайтын сыныптың оқу тақырыптық жоспарын моделдеңіз




















2Жоспар


Кіріспе............................................................................................................1

Негізгі бөлім.

1.1.Модульдік оқытудың құрлымы ............................................................2

1.2. Модульдік технология негізінде оқу жоспарының моделі............4

Қорытынды..................................................................................................5


Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................6



































Кіріспе


Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын қолдануға шақыруы. Соның бірі - Марал Мәденқызы Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы». Осы технологияның идеяларына тәжірибелік негіздеме беру мақсатында оның ғылыми-теориялық әзірлемесі Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы білім мекемелерінде сынақтан өтті.

Бұл технологияның ерекшелігі оқыту үрдісінің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын

дамытуда.
Жұмыстың көкейкестілігі: Модульдік оқыту технологиясының негізінде – оқыту процесінде оқушы мұғалімнің берген нұсқауы бойынша көзделген мақсатқа өз бетінше іздену нәтижесінде қол жеткізеді. Ал мұғалім оқушының нәтижеге жету жолын іздестіреді.

Ол үшін төмендегiдей ережелердiң сақталуы талап етіледi:

1.    модульдiк бағдарлама мұғалiмдi оқытудың ақпараттық функциясынан босатып, кеңес берушiлiк-үйлестiрушiлiк функцияларын атқаруына жағдай жасайды;

2.    модульдiк бағдарлама педагог пен оқушының бiрлесе отырып, тиiмдi оқыту жолдарын таңдап алуына жағдай жасауы тиiс;

3.    педагог модульдiк бағдарламаны педагогикалық басқарудың кейбiр функцияларын өз мiндетiне алады, сонда бұл функциялар өзiн-өзi басқару функциясына ауысады.

Модульдік оқыту технологияның бір ерекшелігі – тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін қанағаттандыруға, белсенді сөз қорын дамытуға мүмкіндік береді.
Өздік жұмысымның мақсаты: модульдік оқыту технологиясының құрлысын сипаттап, өзім жұмыс істейтін сынып бойынша оқу тақырыптық жоспарының моделін көрсету болып табылады.

Өздік жұмысының құрылысы: Өздік жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.







    1. Модульдік оқытудың құрлымы

2015-2016 оқу жылында мектепішілік эксперимент бойынша өз

тәжірибеме қазақ әдебиеті пәнінен 6 сыныбында М. Жампейісованың «Модульдік оқыту технологиясын» енгіздім[ Қосымша 1].

Оқыту үрдісінде оқушы субъект ретінде бірінші орынға шығуы керек.

Мұғалім оқу үрдісінде нұсқаушы, ұйымдастырушы рөліне көшеді. Алғашқы сабақтар қиындыққа толы болды, бірақ барлық сабақтарымды осы технологияға сай өткізуді жоспарлап, сабақтарымды жандандыра бастадым.

Аталған технологияға қатысты әдебиеттермен танысып, білім стандартының негізінде тақырыптық - күнтізбелік жоспар құрастырдым.

Кіріспе кезеңінде оқушы не үшін және неліктен бұл бөлімді оқып жатқанын,нені оқып қабылдау керектігін, алдағы жұмыстың бағыт – бағдарын білуі қажет.

Осы мақсатта мен :

А )оқушыларды жалпы оқылатын модульдің құрлысы мен мазмұнымен таныстырады;

Ә) берілген оқу модульінің танымдық мақсаты мен міндеттерімен таныстырады;

Б)қысқаша (15-20 минут) берілген модуль тақырыбының көлемінде тірек-сызба негізіне сүйеніп түсіндіру.

Бірінші дәріс сабағын бірнеше нұсқада өткізуге болады.

Мәселен;

Дәріс-консультация, дәріс-сөйлесу, жағдаяттық дәріс, көру-дәріс т.б.

Дәріс жүйелі түрде ойластырылып, түсінікті қарапайым тілмен жеткізіліп, тиімді көрнекі-құралдармен көрсетілген болса нәтижелі болады.

Кіріспе сабақтарында барлық тақырыптарды сызбалар арқылы меңгеріп аламыз да, қалған сабақтарды топтық жұмыстар негізінде жүргіземіз.

Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдану сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асады. Оқу материалын меңгеру оған жеті мәрте қайта оралып, пысықтағанда ғана жүзеге асатынын психологтар дәлелдеп отыр. Сөйлесу бөлімін «Қарлы кескек», «Брен – ринг», «Даналық ағашы», « Сиқырлы сандықша» , «Шеңбер бойымымен әңгімеле» ойындары арқылы жүзеге асырамын. Оқушылар топқа бөлініп, оқу материалын бірнеше мәрте қайталап, жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Оқушылар топ ішінде бір –бірінің жауаптарын тыңдап, өз білімдерін толықтырып, бір –бірін бағалайды. Түрлі ойындар негізінде тақырыпты меңгереді.

Қорытынды бөлім оқытылып жатқан бөлімнің немесе тақырыптың соңғы бөлімі болып табылады.

Бұл бөлім сөйлесу бөлімінде оқушы меңгерген білімін, білігін,дағдысын бақылауға, тексеруге арналған.

Қорытынды бөлімге біз бірнеше бақылаудың түрлерін қолдана аламыз: тестілеу, сынақ,бақылау жұмысы,нәтиже сабақ, диктант т.б.

«Модульдік оқыту технологиясының» құрылымдық бөлігі : қорытынды бөлімге тоқталып өтпекпін. Өйткені қорытынды бөлімде оқушылардың алған модуль негізіндегі білімі сараланады.

Мен өз тәжірибемде қорытынды бөлімінде тест бақылау жұмысын қолданып, оқушылардың білімін саралап, нәтижелеп қорытындылаймын

[ Қосымша 2] .

2.1. Модульдік технология негізінде оқу жоспарының моделі

Яғни, бүгінгі таңда мұғалімнің көп ізденуі қажет, осы мақсатта әр ұстаз сабағына ең тиімді технологияны сұрыптай отырып пайдаланады. Мақсатқа жету жолында мен оқулық ыңғайына сәйкес , нақты нәтижесін көрсетіп жүрген М.М. Жанпейісованың модульдік технологиясын тиімді падалануға тырыстым.

Өзім жұмыс жасайтын 6 –сыныпқа арналған қазақ әдебиеті оқулығы бойынша модульдік технология негізінде алынған бір тақырып көлемі аясындағы оқу тақырыптық жоспарының моделін ұсынамын.



Қазақ әдебиеті пәні

«Менің атым – Қожа» шығармасы негізіндегі модуль

Бағдарлама бойынша берілген сағат саны - 4


Модуль құрылымы

Сағат реті

Модульдің мазмұны

Уақыты /мин/

Қолданылатын әдіс, көрнекіліктер

Кіріспе бөлім

1-ші сабақ

1. Модульге кіру

2.Ақының өмірі мен шығармашылығына жалпы шолу тірек-сызба пайдалана отырып, түсіндіремін.

3. «Менің атым - Қожа » шығармасы негізінде жалпы шолу жасаймын .

4. Интерактивті тақтадан фильмнен үзінді көрсетіп, оқушылардың шығарманы оқуына септігін тигіземін.

5. Үйге тапсырма : шығарманы оқып, мазмұндау.

3 мин

10 мин




15 мин



15 мин




3 мин


Түсіндіру әдісі, көрнекілік әдісі, баяндау әдісі.

Тірек –cызбалар,

интерактивті

тақта



Cөйлесу бөлім

2 ші сабақ

1.Мақсатты анықтау

2. . Сөзжұмбақтар шешу

3«Қарлы кесек» ойыны

4.Ортақ бағалау парағын есептеп шығарады

5. Үйге тапсырма : «Бес жолды өлең» жазады

2 мин

5 мин

30 мин


5 мин


3 мин

Түсіндіру әдісі, сұрақ-жауап әдісі т.б.

Сөзжұмбақ, ортақ бағалау парағы, үш түрлі кәмпитке толтырылған ваза, интерактивті тақта.

3 ші сабақ

1. Мақсатты анықтау

2. «Не? Қайда? Қашан?» атты брейн-ринг ойыны өтеді

3. Ортақ бағалау парағын есептеп шығарылады.

4. Үйге тапсырма : тест тапсырмасына дайындалып келу мақсаты жүктеледі.

3 мин


33 мин


7 мин


2 мин

Түсіндіру әдісі,баяндау, сұрақ-жауап әдісі

Жайма, деңгейлі тапсырмалар, ортақ бағалау парағы.

Қорытынды

бөлімі

4 ші сабақ

1. Мақсатты анықтау

2.Тест беріледі.

4.Үйге тапсырма :

3 мин

40 мин


2 мин

Білімдерін тексеру әдісі.

тест тапсырмалары






Қорытынды

Қорыта айтқанда, модульдік  оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.

М.М.Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясының маңызы мен тиімділігі өте зор. Дәстүрлі емес  технологиясы оқушының ауызекі сөйлеу дағдысын,  ауызша және жазбаша сауаттылығын, өз бетімен жұмыс жасау іс-әрекеттерінің нәтижесін көру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Модульдік оқытудың ерекшелігі: мұғалім көп сөйлегеннен гөрі, баланы көбірек тыңдауға мүмкіндік  береді. Модульдік оқытуда тағы бір  ерекшелігі бағалау парағын қолдану  болып табылады. Сабақ жеке жұмыс, топпен жұмыс  болуы мүмкін. Бала ескерусіз қалмас үшін әр жұмысқа  балл қою арқылы қорытынды баға қойылады. 

  Дәстүрлі ұйымдастырылған оқуға қарағанда, ойын арқылы оқыту үрдісінде оқушылар аз шаршайды және көп мағлұмат алады, ойын барысында жағымды эмоциялар алып, белсенділiгi артады, сөздік қоры дамиды, жеке тұлғаның қажеттіліктері қанағаттандырылады. 

      Ұсынылған іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлылығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатындығы мен зерттеу жұмысын жүргізген кезде анық байқадым және мұны күнделікті өмір тәжірибесінің өзі де дәлелдеуде.

Модульдік оқыту технологиясын негізінде жасалынған оқу тақырыптық жоспарын қолдану арқылы мынадай жетістіктерге  қол жеткізуге болады:

1. Уақыт  үнемделеді.

2. Сабақтың  сапасын   көтереді.

3. Оқу  әдісі  мен   құралдарын  таңдауға  мүмкіндік   тудырады.

4. Оқушылардың  белсенділігін   мен  қызығушылығын  арттырады,  сондықтан  оқу  үлгерімі  көтеріледі.

5.Оқушылар еркін сөйлесуге, емін-еркін түсіндіре алу деңгейіне жетеді.

6.Өз ойларын ауызша, жазбаша баяндай алады.

7.Оқушылардың белсенділігін арттырады.

8.Оқу мотивациясы артады.

9.Неғұрлым аз шаршайды.










Пайдаланылған әдебиеттер :

 1.Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы 2006 жыл.

2.Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы».//Тәрбие құралы. 2005 жыл 3.Педагогтың кәсіби деңгейін өсіруде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары.//Ғылыми-практикалық жинақ. Алматы, 2008 жыл.

4.Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңа технологияны пайдалану әдістері». Қызылорда, 2004 жыл.





































Қосымша № 2


Тест тапсырмасы

1.Қожаның шын есімі қалай?

А) Қожаберген В) Қожа С) Құдайберген

2. Қожа неше жаста болғанда әкесі майданға аттанған екен?

А) В) С)

3. Қожаның әкесінің аты кім?

А) Қыдыр В) Қадыр С) Қасым

4.Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім?

А) Қожа В) Жантас С) Жанар


5 .Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз?- деп Қожа кімге айтады?

А) Майқанова апайға В) Оспанов ағайға С)


6. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? –деген сұрақты кімге Майқанова апай қояды?

А) Жантасқа В) Жанарға С) Қожаға


7.Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. Кімнің айтқаны еді?

А) Сәйбек қарт В) Оспанов С) Әжесі


8.Орыс тілі мұғалімі кім ?

А) Анфиса Михайловна В) Ольга Михайловна С) Анфиса Петровна


9.Орыс тілі пәнінен қандай өлең жаттауға беріп еді?

А) Қысқы кеш В) Қыс С) Қысқы мезгіл


10.Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер ?- деп кім сұрап еді?

А) Майқанова В) Оспанов С) Жантас


11. Оқиғалар тізбегін ретімен орналастыр:

1.Оған байқатпай, жерден жұдырықтай тас жіберіп қалмақшымын.

2.Бақаның әлегі

3.Педсовет

4.Жолдама алған Жантас

5.Оқулық емес, қант аламын

А) 12345 В) 41523 С) 45321



12“Маңдайымнан буым бұрқырап, есік алдына шықтым.Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен – ақ шығара ма ?” Бұл қай кезде болған оқиға еді?

А) Қожаны педсоветке салған кезде В) Жолдама алған кезде С) Жантасқа қысым көрсеткен кезде


13Сені мектеп өмірі тойдырды ма?-деп кім Қожадан сұраған еді?

А) Майқанова апайға В) Ахметов С) Сұлтан

14 «Жоқ, Қадыров түзелмейді.Қадыровты оқудан шығару керек?» -деген кім еді

А) Майқанова апайға В) Ахметов С) Оспанов


15 Қожа кімге еріп, қиын жағдайларға тап бола береді?А) Жантасқа В) Сұлтанға С) Жанарға


16 Қожаға тән қасиеттерді анықта:

А) тентек, алғыр В) қу, зымиян С) тәртіпті, зымиян



17 Жантасқа тән қасиеттерді анықта:

А)ақылды, жанашыр В) қу, зымиян С)үлгілі, жанашыр


18Қожа өзін түзеу мақсатында үйінде кімге педсовет өткізеді?

А) Майқанова апайға В) өзіне С) Жантасқа


19 Мектеп күзетшісі кім ?

А) Сейіт В) Сәйбек С) Сейілбек


20Түбінде адам болатын бала. Бұл Майқанованың кім жайла айтқан ойы ?

А) Қожа жайлы В) Жантас жайлы С) Жанар жайлы






1542





























Қосымшалар




























Қосымша № 1

Сөйлесу бөлімі

«Менің атым - Қожа» шығармасы негізінде брейн-ринг ойыны барысында




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Ахметбекова Бакыт Сериковна

Дата: 21.06.2016

Номер свидетельства: 335547


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства