kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жас а?ындар"?ле?дері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Эта  творческие работы учеников:стихи которые они посвящают 25 летию Независимости Казахстана

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жас а?ындар"?ле?дері»

Тәуелсіз Қазақстан

Қазақпын мен желбіреген туым бар,

Қазақпын мен алаш деген руым бар.

Қазақтығым өшпес енді мәңгілік,

Жүрегімде аты тұрар жаңғырып.


Қыран құсым самғап ашық аспанда,

Қазағым-ай еш қысылма жасқанба.

Арман емес кешеге өткен дастан да,

Уақыт келді алға қадам басқанға!


Тәуелсіздік алмас бұрын көрді нендей

азапты,

Зарлап өткен зар заман,

Ашаршылық қанапты

Бодан қылып біздерді, надандыға санапты.

Соның бәрін жеңіп шыққан қазағым,

Ең ақыры атанды ғой азатты.





10 сынып оқушысы Наушан Әсемгүл

















Махамбет Өтемісұлына арнау

Өтемісұлы Махамбет,

Ереуіл атқа ер салған.

Қазағымды қорғам деп,

Адамзатқа жар салған.

Тағдырына табан тіреп,

Жауларына қылыш сермеп

Жәңгір ханның даласында

Қанды майдан , қара түнек.

Бір-біріне мұңдас боп,

Бір –біріне сырлас боп.

Олар жеңді бәрін де,

Исатай мен Махамбет

Егеулі найза қолға алған,

Темір қазық жастанған,

Исатай мен Махамбет

Жүз мың әскер бастаған,

Исатай қайтыс болғанда,

Өмірде жалғыз сол қалған.

Жиды есін Махамбет,

Кешірген бастан құса-дерт.

Қабырғасын қатайтты

Ұранымен жолдасқа

Қуат берер о баста:

«Жолдастарым, ал қане,

Ісім жөнге келгенде

Қазағым үшін өлсем де

Қимаймын басын қатерге.

Қамалаған көп дұшпан

Басын иер тізеге».

Деп қалдырды мұраға

Асыл сөзді ол бізге

Жырлары асыл қазына,

Тәуелсіз қазақ еліне!



10 сынып оқушысы Наушан Әсемгүл



Ана тілім

Қадірлі қасиетті ана тілім,

Сенімен бағаланған қалам тілі.

Кеудемді керіп шыққан өлеңімді

Айтайын саған арнап ана тілім.

Өмірдің бар ащысы, бар тұщысы

Өзіңнен келді ана тілім.

Жақсылықтың, жамандықтың

Кілті өзің ана тілім.

Адамды қуантатын, мұңайтатын,

Өзіңсің қымбатты ана тілім.

Адамның бір қанаты отбасы ғой

Екінші ол туған жер ғой ыстық саған

Үшінші қадірлі, қасиетті ана тілің

Бақытың осы сенің бағаланар.

Ана тіл өміріңнің пырағы ғой

Қанатсыз ұша алмайтын құс секілді.

Ана тілің оңай ғой өзің үшін,

Анадан шыр етіп дүниеге келдің.

Сол кезден былдырлап, тәтті тілін,

Ана тілін болды емес пе пенделерім?

Тілің сенің тірегің, сүйенішін,

Қиын сәтте шығарар тарғыл жолдан.

Осы тілді силай біл, ұмытпағын,

Ешқашан жүрегінен жоғалтпағың!



8 сынып оқушысы Жанарбек Майса














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Жас а?ындар"?ле?дері

Автор: Траисова Айгуль Т?кеновна

Дата: 26.04.2016

Номер свидетельства: 322622


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства