Просмотр содержимого документа
«"Жа?ашыл ?стаз" туралы эссе»
« Жаңашыл ұстаз» туралы эссе
«Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады».
Қаншама ғасырлар бойы бабаларымыз жырлаған,жүрекке өткір қадалып,санамызды дір еткізер халқымыздың аыл қасиеттерінің бірі,биік рухты ұлт екеніміздің бірден-бір белгісі – қасиетті туған тіліміз.Тіл – халқымыздың баға жетпес байлығы, ғасырлар бойы жүріп өткен жолымыздың шежіресі.
Тіл – мәңгілік тақырып.Сондықтан да,қолыма қалам алғанда,Асан қайғы бабамыздың осы бір өлең шумағы ойыма орала берді.Шындығында,біздің қазіргі замандағы шеріміз – ана тіліміз десем,қателеспейтін шығармын. Өзімнің өмірлік жолымда қазақ тілі мамандығын таңдағаным да осымен ұштасып жатыр.Оқушы кезімде қазақ тілінен сабақ беретін ұстазымның әрбір бажайлап айтқан сөзі,салмақты да ауқымды пікірлері,әр тақырыпты жете түсіндірген әдісі,әр күн сайын бойыма ана сүтіндей сіңе бастады.Бәлкім, сол кісіге еліктеушілік те мені осы қадамға бастаған шығар.
Қазіргі заманның талабы, әрине, жаңаша, өзгешелеу. «Жаңашыл ұстаз» дегенде,ойыңда сан алуан пікірлер тоғысады екен.Сондықтан,әр нәрсенің басын шалмай,өз мамандығым туралы шерімді толқытсам деймін.
Қазіргі замандағы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі алдымен, рухани дүниесі бай адам болуы қажет.Адамның рухани жаны тек тіл мен әдебиетпен байиды.Тілдің тарихынан, өнерден хабары жоқ адам – қазақ тілі мен әдебиеті маманы бола алмайды.Елдің, ұрпақтың тағдыры соның біліміне, біліктілігіне байланысты екенін түсінген адам ғана бұл мамандықты таңдауы тиіс.
Мемлекеттік тілдің нәрін жас ұрпақтың бойына сіңдіру – ұстаздың басты борышы, қызығы да ауыртпалығы мол жұмысы.Ол үшін қазіргі заман мұғалімінің алдына қойылатын талаптары да қомақты.Алдымен мұғалімнің теориялық әрі тәжірибелік білімі жоғары болуы тиіс.Ол жан-жақты, қазіргі сабақтарға қойылатын талаптардан хабардар болуы тиіс.Қазақ тілін орыс сыныптарында оқытатын мұғалімнің екі тілді еркін меңгеруі күнделікті жұмыс барысында шешуші рөл атқарады.Өзінің пәнін тиімді оқытып, жетілдіруі үшін әр сабақта жаңа тенологияларды, түрлі ойын элементтерін, жаңашыл ұстаздардың іс-тәжірибесінен зерттеулерді қолдануы қажет.Мемлекеттік тілді әр түрлі коммуникативтік бағытта оқытуы шарт.Негізгі мақсаты – шәкірттерді қызықтыру үшін көп іздену, көрнекі құралдар мен қосымша әдебиеттерді жеткілікті қолдана білу.Сабақтың әр сәті нәтижелі білім берсе, шәкірттерін қазақша сөйлеуге баулыса, көп ұтары аян.Ол үшін маманның іскерлігі, ой ұшқырлығы өте қажет.Өйткені, Елбасымыздың бағдарламасындағы жастарға қойып отырған міндеті бойынша, болашақта бізге сауатты да білімді, мемлекеттік тілді меңгерген, сол тілде жұмыс атқара алатын ұрпақ керек.Тіліміздің мәртебесі – еліміздің мәртебесі, сондықтан мемлекеттік тілді жетік білетін азамат тәрбиелеу – қазақ тілі маманының басты міндеті.Қазіргі заманда қазақ тілі мұғалімінің негізгі мақсаты – қазақ тілі маманы деген атқа кір келтірмеу, өз білімін нәтижелі түрде көрсете білу.
Авторы: Қарағанды қаласы, №48 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі