kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шығарма "Тәуелсіздікті жырлаймын" Косач Юлия жетекшісі Сапиева Нурзия Жумажановна

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сочинения про независимость написанной ученицей 8 класса общеобразовательной основной школы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шығарма "Тәуелсіздікті жырлаймын" Косач Юлия жетекшісі Сапиева Нурзия Жумажановна»

Шығарма.

Тәуелсіздікті жырлаймын!

Біз тәуелсіздікті ақылмен,ата-баба

жолымен алдық деп ойлаймын.

Н.Ә.Назарбаев.

Тәуелсіздік . . .

Қандай ыстық, қасиетті әрі қарапайым сөз.

Осы сөзді айтқанда бойыңа жаңа бір тың күш қосылғандай болады. Бұл сөздің мағынасы өте терең сондықтан оны терең бойлап, түсінуіміз керек. Тәуелсіздік – еліміздің тірегі. Тәуелсіздік еліміздің күш-қуаты. Тәуелсіздік – еліміздің жарқырап атқан таңы. Тәуелсіздік еліміздің жарқын болашағы. Республикамыздың тәуелсіз болып, егемендігін жариялағанына 26 жыл болды. Бұл қазақ халқы үшін ұмытылмайтын зор оқиға болып есептеледі. Өйткені, бұл – халқымыздың жүздеген жылдар бойы армандаған ұлы арманы. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықтарды бастан кешірді. Талай дауылға кездесіп, биік асулардан асты. Қаншама қиындықты көрсе де мойымады. Қайта шыңдалды.

Тәуелсіздікке 1986 жылы желтоқсан оқиғасы арқылы жеткен едік. Ол елімізге, оның өміріне мол өзгерістер әкелді. Тәуелсіздік қолымызға оңай келген жоқ. Оны екі күннің еншісіне жатқызу – қателескендік. Ақын Қадыр Мырза – Әли:

Біздің тарих-бұл да бір қалың тарих,

Оқулығы жұп-жұқа бірақ-тағы,-

деп айтқандай, оның тамыры тереңде жатыр деп білемін. Халқымыз басынан кешкен сан оқиға-ел тәуелсіздігінің бастауы болды. Бұл оқиға сонау ұлт азаттық көтерілістерінің рухани жалғасы деуге болады.

Тәуелсіздік туы желбіреді! Қияға қанат самғатар кез келді. Елімізде бейбітшілік орнады. Тәуелсіздік, бейбітшілік қос ұғым, қос үміт, қос тағдыр, қос талпыныс, елдің қияға самғар, шарықтар қос қанаты. Ендігі таңда осы бейбіт өмір әрі қарай өз жалғасын тапса, таңымыз тамаша, ертеңіміз ерекше, көңіліміз нұрлы, ойымыз озық болар еді. Елім деп еңіреген, ертеңіне еміренген ерен ерлеріміздің батыр да дана, ақылды да айбарлы, сәулелі де, сезімді, ұшқыр да озық ойлы, саналы да үмітті халқымыздың жолын әрмен өрлету – бәрімізге ортақ парыз. Сондықтан да менің өмірдің өлшеміне әлі де бойлай алмай жүрген, өмір өзгерістерін талқылап таразыламаған замандастарыма берер кеңесім: елді қадірлеу, құрметтеу, сүю, жанына күю, мергеннің оғы тәрізді зымырап, өтіп жатқан асау өмірде елі үшін жанын қию адамға ана ағзасынан бөлініп шыққанда, ананың ақ сүтін өз бойына сіңіргенде дару керек. Отанды аялау - ананы аялау. Жаныңды қи бірақ та сен өмір бойы өлмейсің. Сенің артыңдағы келешек өскелең ұрпақ сені мақтан етеді. Бүгін ел іргесін бекем де берік бүтін десек, ертеңге нық сеніммен қадам басамыз. Бұл үшін тәуелсіз еліміздің тұтқасы біздің қолымызда екенін естен шығармайық!

Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті.

Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік-ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар-ел бостандығын қорғау соғыстар мен ұлт-азаттық көтерілістерді тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ-студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік-барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі-ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.

«Тілі басқа тілегі бір,

Жүзі басқа жүрегі бір» -

дегендей, Отанымыз – көп ұлтты мемлекет. Біздің елімізде күш қолданусыз этникалық мәселелер өз шешімін тауып келеді.

Менің ұлтым – белорус. Менің ата-әжелерім 1954 жылы Қазақстанға тың игеруге белорус елінен келген. Олар қазіргі мен тұратын Красноармейск селосына көшіп келген. Сол кездері олар өздеріне балшықтанүй салып алған. Атам –әжем колхозда малшы, сауыншы болып істеген. Менің ата-анам да осы колхозда жұмыс істеп, бізді оқытты, өндірді. Мен өзімнің осы жерде туып –өскеніме мақтанамын. Менің балалық шағым тәуелсіз, бейбіт елде өтіп жатыр. Кішкентай менің ауылымда 6-7 ұлт өкілдері тату –тәтті өмір сүреді. Олар: қазақ, орыс, белорус, украин, татар, корей, өзбек, неміс ұлт өкілдері. Олардың тілдері әр-түрлі болса да тілегі бір.

Иә, осындай тарихи мұралары бай өлкемді мақтан етемін, құрмет тұтамын. Біздің еліміз жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. «Қазақстан жері-Менделеев кестесінің қазынасы» деп тегін айтылмаған ғой. Өріс толы малымен, жайқалған егіні, таусылмас кен байлығы, адал еңбегі елінің даңқын шығарған азаматтарымен еңселі ғой менің Отаным!

Ойымды қорыта келе, көп ұлтты Қазақстанның мәртебесі биіктей түссін деймін. Ғылым мен білімді нәсіп етер халқымыз аман болсын. Жаңа мыңжылдық Қазақ деген елге ізгілікпен, жақсылықпен енсін деп тілейді жұдырықтай жүрегім. «Қыз тілегі-Мақпал» деген ақын апамыз Күлаш Ақметованың:

Шығармын мен өкінішпен, мұнардан

Қайталанбас бір шығармам

Мінін емес,

Мықтылығын осы Елдің

Адамзатқа ұғындыру,-

деген жыр жолдарына менің де ақ тілегім қосылады.

Батыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы

Красноармейск ауылы

Красноармейск ЖББНМ

8-сынып оқушысы Косач Виктория.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Шығарма "Тәуелсіздікті жырлаймын" Косач Юлия жетекшісі Сапиева Нурзия Жумажановна

Автор: Сапиева Нурзия Жумажановна

Дата: 27.04.2017

Номер свидетельства: 412067


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства