Просмотр содержимого документа
«Шы?арма. Та?ырыбы: "Зорлы? - зомбылы??а жол жо?"»
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Пугачев мектеп-балабақша кешенінің
11 сынып оқушысы Кеңес Алтынсая Ришатқызының зорлық- зомбылық
тақырыбына жазған шығарма жұмысы
Тақырыбы: «Зорлық- зомбылыққа жол жоқ»
Жоспар
I.Кіріспе
Адам бостандығы-ең басты құндылық
II.Негізгі бөлім.
1. Балалар құқығын қорғау егеменді еліміздің басты міндеті
2.Дұрыс тәрбие беру-ұрпақ азығы
III. Қорытынды.
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ
Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Менің ойымша, соңғы жылдары БАҚ-та балаларға қауіп-қатер сыртта жүргенде бөгде адамдар тарапынан төнеді деген жалған пікір қалыптастыру үрдісі байқалуда. Қазақстанда осы күнге дейін «үй ішіндегі» немесе «отбасындағы» зорлық-зомбылық анықтамасы және ол үшін жауапкершілік заңды түрде бекітілмеген. Осы тақырыптағы пікірталастар негізінен әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылыққа меңзейді, ал балаларға күш көрсетілуі заң шығарушы назарынан мүлдем тыс қалып отырдеп ойлаймын.
Балаларда, үлкен адамдар сияқты бұл өмірдің негізін қалаушы; яғни оларда сыйлау, қол тигізбеу, және азаматтық абыройын сақтау құқықтарына ие.
Бала үшін ата- анасының үйі әрқашан қауіпсіз бола бермейтіні де бізге айғақ. Себебі, бала өз үйінде бола тұра, өз ата-анасынан да зорлық- зомбылық көруі мүмкін. Мысалы, егер әке- шешенің айтқанын істемесен, ұрып-соғуы мүмкін. Сен менің тілімді алмадың деген мақсатпен. әрине, бұл сөзіммен мен барлық ата-аналар, өз балаларына зорлық-зомбылық көрсетеді демеймін. Тек бұл сөзбен айтайын дегенім, біздің елімізде де сондай ата-аналар бар. Тек қана ата-аналар ғана емес. Басқа да қоғамда, мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін адамдар. Мысал келтіретін болсам, Қытай елінде бала- бақшада, тәрбиешісі өзінен тәрбие алушысы, яғни шәкіртін ұрып- соққан. Оған да негіз тыңдамаушылық. Сол ұрып-соққан шәкірті не бәрі 3 жаста болған, өзіне қол қөтерген шәкірт сол кезде талып қалып, құлап қалса да, тәрбиелеушісі оны бәрі-бір теуіп, ұра берген әрине, ол тәрбиелеушіге қатаң жаза бұйыратыны анық. Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды.
Отбасында балаларға қатыгездікпен қарау көпшілік жағдайларға жабылып қала береді.
Сондай-ақ зорлық- зомбылық, дәлірек айтқанда, зорлық- зомбылықтың әр түрлі түрлері болады: мұғалім мен оқушыларға қатысты зорлық- зомбылық, және т.б. Бұл зорлық- зомбылық ұсақ, бір, болмашы іс-әрекеттерден, дөрекіліктен пайда болады.
Осы проблемалардың шешімін тапсақ екен деймін. Бұл жерде жұмыс істеу міндетті, әрине ең бірінші отбасындағы тәрбиеге байланысты. Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі – заңдылық. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. «Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.. Қазіргі таңда елімізде тұрмыстық зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды.Зорлық- зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі адамзат әлеуетіне қажеттігі де туындап отырғандығын ескертеді. Қазақ халқының дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтереді». Бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай кейбір ер азаматтар ұмытып кеткен сыңайлы. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады. «Ана – сая болар бағың болса, Әке – асқар тауың» дейді қазақта. Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн. Бір күн бар қуантар күн мұңайтар күн. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз. Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді. Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби. «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе - өскен ортасы мен ата-ананың тәрбиесі» «Сүтпен кірген сүйекпен кетеді», бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген сөз. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті. Өмір сұлулық әлемімен, әсемдік әлеміне өте бай. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді. Адамзат дүниесінің әсемдігі, әлемнің әдемілігі үшін не үлес қосып жүрміз? Әлемнің бір адамы ретінде ақ жүрегіммен сөз беремін. Өзіме, жанымдағыларға күннің шуағын, гүлдің нәзіктігін сыйлаймын.. Дәл қазір маған қиын болғанмен жасымаймын, Әр күні өзімнің жан дүниемді тазартуға тырысамын. Менің жүрегім қуанышқа, махаббатқа, мейірімге бөленеді. Мен бүгінгі таңда келер күннің жарқын да шұғылалы боларына сенемін, «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» ешқашан оған жол жоқ...