Сабақтың тақырыбы: §21. Шешендік сөздердегі риторикалық канондар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өз ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Жас ұрпаққа ана тіліміздің қадыр – қасиетін дарыту. Тұрақты сөз тіркестері мен мақал –мәтелдер және көне сөздермен таныстыру, мағыналарын ашу.
Дамытушылық мақсат:Оқушылардың тез ойлап жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға,топ алдында еркін сөйлеу тілін дамытуға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты:Әрбір сауатты,мәдениетті адам шешендікті үйренуге ұмтылуы тиіс, оқушыларды көркем, шешен сөйлеуге үйрету.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, оқулық
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап,оқулықпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу,сабаққа назарын аудару.
2.Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
4.Жаңа сабақ.
Сұрақ.
Шешенге қажетті қасиеттер қандай?
Жауап.Ізгілікке құрылған адамгершілік.
2.Шынайылық пен салиқалы ой.
3.Білімділік.
4.Болжау мен дәлділік.
Шешеннің өзін ұстау әдебі мен мәдениеті қандай?
Шешендік әдеп пен мәдениет шарттары
1
2
І Материалды меңгеру
(Не айту керек?)
- Тіл сауаттылығы (қазақ тілінің лексикалық, граматикалық, орфоэпиялық нормаларын сақтау)
- Сөздік қор
- Ой жүйесі, дәлелділігі
ІІ Өзін - өзі ұстай білуі
(Қалай сөйлеу керек?)
- Шешеннің табиғи шынайылығы
- Сөйлеу техникасы (дауыс екпіні, ырғақ, әуезділігі)
- Аудиториямен қарым - қатынасы
ІІІ Шешендік келбет
(Кім сөйлеп тұр?)
- Киім кию мәдениеті
- Жүріс - тұрысы
- Бет - әлпеттік өзгерістері (мимика)
- Қимыл - қозғалысы
Жаңа сабақ § 21.
Жұрт алдына шығып сөйлеу білімділік, сөз байлығы, дайындық, батылдық, сабар мен тапқырлық секілді қасиеттер болуын талап етеді. Мұның бәрі менде бар, ел алдына шыға берем деген түсініктің үстірт шешім екенін іштей мойындаймыз. «Мысы басым» көпшіліктің алдына шығу үшін шешен көпшіліктің көңіл кілтін тауып, айтар ойының жүйелі де жинақты болуын бағдарлай алуы қажет.
Канон (грекше - canon) сөзінің аудармасы - ереже, қағида. «Шетелдік сөздер сөздігінде» бұл түсінік: 1) дәстүрлі норма, жалпы қабылданған үлгі; 2) көркемдік тәсілдері мен ережелерінің басым жүйесі; нормативті үлгі ретіндегі туынды деп берілген.
Риторикалық канондар бес бөлімге тармақталады.
1-бөлім.Тақырыпты табу(инвенция ).
2-бөлім. Айтылатын ой мазмұнын жүйелеп ойластыру(диспозиция).
3-бөлім.Сөзбен көркемдеу.
4-бөлім. Есте сақтау (меморио)
5-бөлім. Сөйлеу барысы (акцио гипокризис)
Сөз мерген.
1-кезең «Мықты болсаң, тауып көр»
Кестедегі сөздерді байланыстыра отырып,тұрақты сөз тіркесін табу,мағыналарын ашу.
1.Ай.
2.Күн. Шығады.
3.Жұлдыз.
4.Бұлт.
Айды аспанға бір –ақ шығарды – таң қалдырды, атын шығару.
1.Өкпе.
2.Бауыр. Қазан.
3.Жүрек.
4.Мойын.
Өкпесі қара қазандай - ренжу
1.Ит.
2.Қаптау. Терісін
3.Кетті.
4.Басына.
Ит терісін басына қаптау.
1.Азар.
2.Бекер.
3.Босқа. Безер.
4.Құр.
Азар да безер болды –ат тонын ала қашу.
1.Туыс.
2.Тас. Бауыр.
3.Ағайын.
4.Дос.
Тас бауыр –мейірімсіз.
1.Алдап.
2.Арбап.
3.Кетті. Шашы.
4.Тұрды.
Төбе шашы тік тұрды.
1.Бір.
2.Үш. Аспап.
3.Төрт.
4.Бес.
Бесаспап – өнерлі.
1.Төсек.
2.Мұз. Отырғызу.
3.Дала.
4.Орындық.
Мұзға отырғызып кету –алдау.
Үй тапсырмасы:
21.
99- жаттығу.
5-8 сынып қазақ тілін қайталау. 166-168-беттегі тесті орындау.