kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сайыс саба?. Ма?ал-м?тел б?йгесі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Та?ырыбы: Ма?ал - м?тел б?йгесі.
Ма?саты: О?ушыларды? білімге деген ??штарлы?ын, іздемпазды?ын, білім де?гейін дамыту.
Міндеті: Ма?ал - м?тел ма?ынасын тере? ??ындыру.
Жоспары:
1 - тур. Ма?ал - м?тел
та?ырыбы: Ту?ан жер, Отан, с?з ?нері.
2 - тур. Ма?ал - м?тел табу.
Та?ырыбы: Еркін
3 - тур. Т?ра?ты с?з тіркесін табу.
4 - тур. Супер ойын. Екі жа? топ басшысына с?ра?.

Ж?ргізуші:: С?леметсіздер ме ?стаздар ж?не о?ушылар, б?гін сіздер ма?ал - м?тел б?йгесіне ?атыс?алы отырсыздар. Сайыс 2 топтан ??рал?ан. «Білгірлер» ж?не «Тап?ырлар»тобынан т?рады. ?р топта 3 о?ушы.Сайысымыз 4 турдан т?рады.1-тур Ма?ал-м?телдер айтылады Ту?ан жер,Отан, с?з ?нарі та?ырыбында,2-тур ма?ал-м?телдерді табу,3-тур т?ра?ты с?з тіркесін табу,4-тур Супер ойын екі жа? топ басшыларына с?ра? ?ойылады.  Ойынымызды бастамас б?рын ?азылар ал?асымен таныстырайы?.

Бейсенбекова Н?сіп апай

Сатыбалдиева Айн?р апай

Мен сіздерге осы сайыста, бар ойлары?ызды жина?тап, же?іске жетулері?ізге тілектеспін.
Шарт: 1-ші топты? айт?анын 2-ші топ ?айталамайды.
Ал ойынды бастаймыз!
1 - тур.
Білгірлер: Отан - елді? айнасы
Ел - ерді? анасы.
Тап?ырлар: Отан ?шін к?рес.
Ерге тиген ?лес.
Білгірлер: Ту?ан жердей жер болмас
Ту?ан елдей ел болмас.
Тап?ырлар: Отансыз адам,
Ормансыз б?лб?л
Білгірлер: Ту?ан жерді? ?адірін,
Шетте ж?ргенде білесі?.
Тап?ырлар: Ту?ан жерді? ауасы да шипа.
Білгірлер: Жат жерді? ?аршы?асынан,
?з елі?ні? ?ар?асы арты?.
Тап?ырлар: Ора?ы? ?ткір болса,
?олы? талмайды.
Отаны? берік болса,
Жауы? алмайды.
Білгірлер: Ел елді? б?рі жа?сы.
?з елі? б?рінен де жа?сы.
Тап?ырлар: Ел іші алтын бесік.
Ж?ргізуші: ?андай керемет.
«Ма?ал - с?зді? м?йегі» демекші, ??р?а? с?зді? ??мыры ?ыс?а ?ой, сол себепті ?мірімізде ма?ал - м?телдерді жиі ?олдан?ан ж?н.
Сонымен 2 - турымызды бастайы?. Ойымызды б?дан да к?штірек жина?тайы?.
2 - тур. Б?л турда сендер мен айт?ан ма?алды? жартысын табулары? ?ажет.
Білгірлер: Бал там?ан тілден, (у да тамады)
Тап?ырлар: Білімсіз ?мір, (с?нген к?мір)
Білгірлер: ??ла?тан кірген суы? с?з, (ж?рекке барып м?з болар)
Тап?ырлар: ?збекті? кигенін ал. (?аза?ты? мінгенін ал)
Білгірлер: Отансыз адам, (Ормансыз б?лб?л)
Тап?ырлар: Е?бек адамны? (екінші анасы)
Білгірлер: Ту?ан жерді? ?адірін, (Шетте ж?ргенде білесі?)
Тап?ырлар: Жас жемісті ж?лма. (Жас баланы ?рма!)
Білгірлер: Армансыз адам. (Алыс?а бармас).
Тап?ырлар: Ж?з к?н ж?ннаттан, (Бір к?ндік тіршілік арты?.)
Білгірлер: К?ктен тіле, (Жерден ?ндір.)
Тап?ырлар: Талап ?ылмай, (м?рат?а жетпес)
Білгірлер: Есекті? ж?гі же?іл болса, (Жата?ан болады)
Тап?ырлар: Білекті бірді жы?ар. (Білімді мы?ды жы?ар.)

Ж?ргізуші: Ой керемет!
?лы афиналы? а?ын Демосфенні? айтуы бойынша, ??р с?зді? ??мыры ?ыс?а демекші с?з ?нерін ке? байытып, к?ркемдеп с?йлеу керек. Б?рын?ы кезде, ата бабалармыз к?п ма?алдап, ойын астарлап жеткізіп отыр?ан.
Сонымен осыншама талаппен ынтамен 3-турымызды бастайы?.
Б?л жерде сіздерді? ?аза? тілінен ?тіп ж?рген, т?ра?ты с?з тіркестері кездеседі. Мен о?ы?ан осы т?ра?ты с?з тіркестеріні? ма?ынасын ашулары? ?ажет. Ал, бастаймыз.
3 - тур.
1. Иы?ынан су кетті. (жолы болмау)
2. Тонны? ішкі бауындай. (тату - т?тті дос)
3. С?т пісірім уа?ыт. (жылдамыра?)
4. Ат шаптырым жер. (алыс жер)
5. Тая? тастам жер. (жа?ын жер)
6. Екі к?зі т?рт к?з болды. (к?тіп ?алу)
7. К?з салды. (?арады)
8. ??ла? т?рді. (ты?дады)
9. Тай?а та?ба бас?андай.(аны?)

4-тур:

Ж?ргізуші: Енді балалар келесі с?ра? топ басшыларына беріледі. Мен орта? с?ра? ?оямын. Ойлану 2 минут. М??ият ты?да?дар!
Бір к?ні Т?ле би ?за? сапар шегіп, жол ж?реді. С?йтіп А?ылбайды? ?йіне то?тайды. Т?ле биді жа?сы ?арсы алып, дастархан жайып, алдына бас ?келеді. Сонда, Т?ле би ?олына пыша? алып, етті кесе бастайды, бір б?лігін аузына салып, ??ла?ы мен та?дайын Данаг?лге береді.
Тапсырма: Ал, енді сендер Т?ле биді? Данаг?лге не ма?сатпен ??ла? пен та?дайды берді. О?ушы ?з ойларын айтады.

Ж?ргізуші: Т?ле би: Данаг?лге та?дай берген себебім дарынды да а?ылды шешен болсын деп бердім, ал ??ла? берген себебім к?птеген шешендік с?здерді естіп мені? ?сиеттерімді елге таратсын дегенім - деген екен
Же?імпазымызды ?діл?азылар аны?та?анша ?н шыр?алады.
Ж?ргізуші:сонымен балалар «Ма?ал - м?тел б?йгесі» ая?талды.
К?п - к?п рахмет!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сайыс саба?. Ма?ал-м?тел б?йгесі. »

 Тақырыбы: Мақал - мәтел бәйгесі.
Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын, іздемпаздығын, білім деңгейін дамыту.
Міндеті: Мақал - мәтел мағынасын терең ұғындыру.
Жоспары:
1 - тур. Мақал - мәтел
тақырыбы: Туған жер, Отан, сөз өнері.
2 - тур. Мақал - мәтел табу.
Тақырыбы: Еркін
3 - тур. Тұрақты сөз тіркесін табу.
4 - тур. Супер ойын. Екі жақ топ басшысына сұрақ.

Жүргізуші:: Сәлеметсіздер ме ұстаздар және оқушылар, бүгін сіздер мақал - мәтел бәйгесіне қатысқалы отырсыздар. Сайыс 2 топтан құралған. «Білгірлер» және «Тапқырлар»тобынан тұрады. Әр топта 3 оқушы .Сайысымыз 4 турдан тұрады.1-тур Мақал-мәтелдер айтылады Туған жер,Отан, сөз өнарі тақырыбында ,2-тур мақал-мәтелдерді табу,3-тур тұрақты сөз тіркесін табу,4-тур Супер ойын екі жақ топ басшыларына сұрақ қойылады. Ойынымызды бастамас бұрын қазылар алқасымен таныстырайық.

Бейсенбекова Нәсіп апай

Сатыбалдиева Айнұр апай

Мен сіздерге осы сайыста, бар ойларыңызды жинақтап, жеңіске жетулеріңізге тілектеспін.
Шарт: 1-ші топтың айтқанын 2-ші топ қайталамайды.
Ал ойынды бастаймыз!
1 - тур.
Білгірлер: Отан - елдің айнасы
Ел - ердің анасы.
Тапқырлар: Отан үшін күрес.
Ерге тиген үлес.
Білгірлер: Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас.
Тапқырлар: Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл
Білгірлер: Туған жердің қадірін,
Шетте жүргенде білесің.
Тапқырлар: Туған жердің ауасы да шипа.
Білгірлер: Жат жердің қаршығасынан,
Өз еліңнің қарғасы артық.
Тапқырлар: Орағың өткір болса,
Қолың талмайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды.
Білгірлер: Ел елдің бәрі жақсы.
Өз елің бәрінен де жақсы.
Тапқырлар: Ел іші алтын бесік.
Жүргізуші: Қандай керемет.
«Мақал - сөздің мәйегі» демекші, құрғақ сөздің ғұмыры қысқа ғой, сол себепті өмірімізде мақал - мәтелдерді жиі қолданған жөн.
Сонымен 2 - турымызды бастайық. Ойымызды бұдан да күштірек жинақтайық.
2 - тур. Бұл турда сендер мен айтқан мақалдың жартысын табуларың қажет.
Білгірлер: Бал тамған тілден, (у да тамады)
Тапқырлар: Білімсіз өмір, (сөнген көмір)
Білгірлер: Құлақтан кірген суық сөз, (жүрекке барып мұз болар)
Тапқырлар: Өзбектің кигенін ал. (қазақтың мінгенін ал)
Білгірлер: Отансыз адам, (Ормансыз бұлбұл)
Тапқырлар: Еңбек адамның (екінші анасы)
Білгірлер: Туған жердің қадірін, (Шетте жүргенде білесің)
Тапқырлар: Жас жемісті жұлма. (Жас баланы ұрма!)
Білгірлер: Армансыз адам. (Алысқа бармас).
Тапқырлар: Жүз күн жәннаттан, (Бір күндік тіршілік артық.)
Білгірлер: Көктен тіле, (Жерден өндір.)
Тапқырлар: Талап қылмай, (мұратқа жетпес)
Білгірлер: Есектің жүгі жеңіл болса, (Жатаған болады)
Тапқырлар: Білекті бірді жығар. (Білімді мыңды жығар.)

Жүргізуші: Ой керемет!
Ұлы афиналық ақын Демосфеннің айтуы бойынша, құр сөздің ғұмыры қысқа демекші сөз өнерін кең байытып, көркемдеп сөйлеу керек. Бұрынғы кезде, ата бабалармыз көп мақалдап, ойын астарлап жеткізіп отырған.
Сонымен осыншама талаппен ынтамен 3-турымызды бастайық.
Бұл жерде сіздердің қазақ тілінен өтіп жүрген, тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Мен оқыған осы тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашуларың қажет. Ал, бастаймыз.
3 - тур.
1. Иығынан су кетті. (жолы болмау)
2. Тонның ішкі бауындай. (тату - тәтті дос)
3. Сүт пісірім уақыт. (жылдамырақ)
4. Ат шаптырым жер. (алыс жер)
5. Таяқ тастам жер. (жақын жер)
6. Екі көзі төрт көз болды. (күтіп қалу)
7. Көз салды. (қарады)
8. Құлақ түрді. (тыңдады)
9. Тайға таңба басқандай.(анық)

4-тур:

Жүргізуші: Енді балалар келесі сұрақ топ басшыларына беріледі. Мен ортақ сұрақ қоямын. Ойлану 2 минут. Мұқият тыңдаңдар!
Бір күні Төле би ұзақ сапар шегіп, жол жүреді. Сөйтіп Ақылбайдың үйіне тоқтайды. Төле биді жақсы қарсы алып, дастархан жайып, алдына бас әкеледі. Сонда, Төле би қолына пышақ алып, етті кесе бастайды, бір бөлігін аузына салып, құлағы мен таңдайын Данагүлге береді.
Тапсырма: Ал, енді сендер Төле бидің Данагүлге не мақсатпен құлақ пен таңдайды берді. Оқушы өз ойларын айтады.

Жүргізуші: Төле би: Данагүлге таңдай берген себебім дарынды да ақылды шешен болсын деп бердім, ал құлақ берген себебім көптеген шешендік сөздерді естіп менің өсиеттерімді елге таратсын дегенім - деген екен
Жеңімпазымызды әділқазылар анықтағанша ән шырқалады.
Жүргізуші:сонымен балалар «Мақал - мәтел бәйгесі» аяқталды.
Көп - көп рахмет!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сайыс саба?. Ма?ал-м?тел б?йгесі.

Автор: Сейдалиева Жазира Тилепбаевна

Дата: 27.03.2015

Номер свидетельства: 192427


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства