kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Рухани адамгершілік – т?рбиені? ?айнар к?зі

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • Рухани  адамгершілік – т?рбиені?  ?айнар  к?зі
  • Тараз   ?аласы
  • №47  орта  мектебі
  • ?зін – ?зі  тану  п?ніні?  м??алімі  ?алиева  Л.Е.
  •  
  •          Адамгершілік — б?л рухани т?рбие. Адамгершілік - адам бойында?ы е? асыл ?асиет ж?не адамзат баласыны? е? жо?ар?ы ма?сатына ба?ытталады. Б?л ?асиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын с?юге ?йретеді. Егер адамда адамгершілік ?асиет болмаса, ол адам ?з - ?зін сыйламайды.
  •         Рухани - адамгершілік т?рбиесі - ?зіндік сананы дамыту?а жа?дай жасауды, жеке т?л?аны? ?деп ?станымын, оны? ?о?ам ?міріні? нормалары мен д?ст?рлерімен келістірілетін моральдік ?асиеттерін ж?не ба?дарларын ?алыптастыруды болжайды. О?ушыларды рухани - адамгершілікке т?рбиелеу, болаша?ына жол сілтеу – б?гінгі ?ажетті, кезек к?ттірмес м?селе. Негізгі міндет – балаларды? жа?сы ?дет, мінез - ??лы?ын ?алыптастыру. Баланы? сезіміне ?сер ету ар?ылы ішкі жан д?ниесін ояту н?тижесінде оны? рухани - адамгершілік ?асиеттері ?алыптасады.
  •         Жа?а кезе?дегі білім беруді? ?зекті м?селесі жас ?рпа??а - адамгершілік - рухани т?рбие беру. «Адамгершілікке т?рбиелеу ??ралы – е?бек пен ата - ана ?лгісі» - деп, Ы. Алтынсарин атамыз айт?андай, ??нды ?асиеттерге ие болу, рухани бай адамды ?алыптастыру баланы? туыл?ан кезінен басталуы керек. Халы?та «А?аш т?зу ?су ?шін о?ан к?шет кезінде к?мектесуге болады, ал ?лкен а?аш бол?анда оны т?зете алмайсы?» деп бекер айтылма?ан. Сонды?тан баланы? бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, ?айырымдылы?, я?ни адамгершілік ??нды ?асиеттерді сі?іріп, ?з - ?зіне сенімділікті т?рбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль ат?арады. Рухани - адамгершілік т?рбие - екі жа?ты процесс. Адамгершілікке, е?бекке т?рбиелеу к?нделікті ?мірде, ?лкендерді? ?олдан келетін ж?мысты ?йымдастыру барысында, ойын ж?не о?у ісінде жоспарлы т?рде іске асады.
  •             Адамгершілік та?ырыбы - м??гілік. Жас ?рпа?ты? бойына адамгершілік ?асиеттерді сі?іру - ата - ана мен ?стаздарды? басты міндеті. К?рнекті педагог В. Сухомлинский «Егер бала?а ?уаныш пен ба?ыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, ш?кіртке жан - жа?ты тере? білім беріп, оны? ж?регіне адамгершілікті? асыл ?асиеттерін ?здіксіз ?ялата білсек, ерте?гі азамат жеке т?л?аны? ?зіндік к?з?арасыны? ?алыптасуына, айналасымен санасуына ы?пал етері с?зсіз.
  • Рухани - адамгершілік білім беру – жас ?рпа?ты? бойына ?мірді? м?ні, с?йіспеншілік, ба?ыт, сыйласты?, татулы?, бірлік, т?зімділік сынды ??ндылы?тарды дарыту ар?ылы адамны? ?о?амда ?з орнын табуына, ?абілет - дарыныны? ашыла т?суіне, а?ыл - парасатын дамытуына, я?ни с?нді де м?нді ?мір с?руіне ?ызмет етеді.
  •               “Адам бойында жа?сы ?асиеттер к?п болса, о?ан ба? та, ба?ытта ?онады” деген с?зге с?йенсек, жа?ымсыз ?ылы? - ?асиеттер болса одан арылту ?ажет. К?птеген ?айырымды істер жасап, жа?сы мінез - ??лы?тарды ?н бойы?а жинап, а?ылдылы? танытса?, міне адамшылды? бол?аны.
  • Уа?ыт   талабынан туындап, білім беру ж?йесінде болып жат?ан ?згерістер баланы т?рбиелеу осы заман талабына сай ?йлесімді де?гейді ?айта ??руды міндеттейді. Т?рбие мен о?у егіз деген с?з бар. «Т?рбие бар жерде ?ана сапалы білім саналы ?рпа? болады» деген дана хал?ымызды? ма?ал с?зіне с?йенеміз.
  • Рухани-адамгершілік т?рбиесінде алдымен баланы тек жа?сылы??а-?айырымдылы?, мейірімділік, ізгілікке т?рбиелеп, соны ма?сат т?тса, ?стазды?, ата-ананы? да болаша?ы зор болма?. «Мен ?ш ?асиеттімді ма?тан т?там», — депті А?ан сері. Олар: жал?ан айтпадым, жа?сылы?ты сатпадым ??м ешкімнен еште?ені ?ыз?анбадым.
  •  
  • Б?л ?ш ?асиет ?ркімні? ?з ??дайы. «?з ??дайынан айырыл?ан адам бос кеуде, ?лгенмен те?» деген екен. Шынды?ында б?л а?и?ат. Олай болса, жеке т?л?аны ?алыптастыруда, оларды? жан д?ниесіне сезіммен ?арап, ?рбір іс-?рекетіне ма?сат ?ою?а, жоспарлау?а, оны орындау?а, ?зіне-?зі талап ?оя білуге т?рбиелеу — адамгершілік т?рбиені? басты ма?саты. Ма?сат?а жету ?шін сан алуан кедергілер болуы м?мкін. Ондай ?асиеттерді бала бойына жас кезінен бастап ?алыптастыру жеке т?л?аны ?алыптастыруды? негізін ?алайды.
  •  
  • «Елімізді? к?ші - патшада, с?биді? к?ші - жылауында» демекші, бізді? к?шіміз, ?ор?анышымыз, сеніміміз - адамгершілігімізде болуы керек. Ол ?шін А?анны? осы ?ш ?асиетін бала бойына дарыта білсек-?лы же?іс болары аны?.
  • Рухани адамгершілік т?рбиені? ?айнар к?зі саналатын «?зін-?зі тану» п?ні баланы жастайынан отаншылды??а, ?дептілікке, досты??а, тазалы??а, ??ыптылы??а, мейірімділікке, таби?атты с?юге, отбасын сыйлау?а, ?йымшылды??а ?йретуге, ?рпа? бойына жалпы адамзатты? ??ндылы?тарды, адамгершілік принциптер мен м?раттарды ??мыр бойы басшылы??а алатын т?л?а ?алыптастыру?а негізделген. 
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Рухани адамгершілік – т?рбиені? ?айнар к?зі»

Рухани адамгершілік – тәрбиенің қайнар көзі

Тараз қаласы

47 орта мектебі

Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Қалиева Л.Е.

Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе.. Негізгі міндет – балалардың жақсы әдет, мінез - құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата - ана үлгісі» - деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Рухани - адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет - дарынының ашыла түсуіне, ақыл - парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.

“Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақытта қонады” деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылық - қасиеттер болса одан арылту қажет. Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез - құлықтарды өн бойыңа жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық болғаны.
Уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал сөзіне сүйенеміз.

Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.

Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.

«Еліміздің күші - патшада, сәбидің күші - жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз - адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.
Рухани адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі саналатын «Өзін-өзі тану» пәні баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретуге, ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Рухани адамгершілік – т?рбиені? ?айнар к?зі

Автор: ?алиева Л.Е.

Дата: 01.12.2015

Номер свидетельства: 260597


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства