kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"ОЖСБ және ҰБТ - ге дайындық" 9 - 11 сынып оқушыларына арналған әдістемелік құрал

Нажмите, чтобы узнать подробности

"ОЖСБ және ҰБТ - ге дайындық" 9 - 11 сынып оқушыларына арналған әдістемелік құрал мұғалімдер мен оқушыларға көмек құралы болып табылады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"ОЖСБ және ҰБТ - ге дайындық" 9 - 11 сынып оқушыларына арналған әдістемелік құрал»

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

«Д.Қонаев атындағы № 3 орта мектебі» КММ



«ОЖСБ және ҰБТ – ге дайындық»

(9 – 11 сынып оқушыларына арналған

әдістемелік құрал)

Кітапшаны құрастырған: Жоғары санатты қазақ тілі мен

әдебиеті пәні мұғалімі:

Отарбаева А.Ч.

Риддер қ.

2017 жыл.

«Бекітілді»

Педагогикалық кеңестің № 4

хаттамасы

« 14 » наурыз 2017 жыл

Директор __________Баянбаева А.С.


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

««Д.Қонаев атындағы № 3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

. «Қарастырылды»

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің

ӘБ мәжілісінде

жетекшісі Отарбаева А.Ч.




Түсініктеме хат.

Оқу орыс мектебінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнінің мақсаты оқушылардың қарым – қатынасын қалыптастыру, дамыту, тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілген.

Оқушыларды ОЖСБ мен ҰБТ - не әзірлеуде мұғалімнің басты міндеті – нәтижеге жеткізетін әртүрлі әдіс, тәсілдерді ұтымды пайдалану, оқушының қызығушылығын арттыру, білім беруде оқушылардың білім – білік дағдысын, танымдық қабілетін, белсенділігін дамыту.

Осы мақсатта сабақтың әртүрлі типтерін қолданамыз. Сабақтың мынадай типтері бар: жаңа білімді меңгеру, аралас сабақ, қайталау сабағы, бекіту, білімді тексеру және бағалау, жалпылау және қорытындылау сабағы. Соның ішінде қайталау сабағы оқушыларды ОЖСБ және ҰБТ - не әзірлеуде білімдерін тарау бойынша саралап тексеру және жеке – жеке білімін бағалау, есте сақтау дағдысын жетілдіру мақсатында қолданылады.

Жаңа өмір талабына сай ОЖСБ және ҰБТ жүйесі енгелі мен өз іс – тәжірибемде дайындықты 5 сыныптан бастаймын.

  1. 5 сыныптан бастап әр оқушы қалың дәптерге грамматикадан ереже, анықтамаларды жазып отырады. Бұл әр жеке оқушының ереже дәптері үй жұмысын орындауда ата – анамен біріге жұмыс істеуде де көмегін тигізеді. Бұл дәптер әрбір оқушы үшін 5 сыныптан 11 сыныпқа дейін қазақ тілінен анықтама кітапшасы болып табылады.Тіл үйренуде тілдің грамматикалық заңдылықтарын меңгеру басты шарттың бірі болып саналады. Тестілеу жұмысының 80 – 90 пайызы грамматикалық сұрақтардан тұратынын білеміз.

  2. Лексикалық тақырыппен жұмыс барысында тестілеу кезінде кездесетін сұрақтарға ерекше көңіл бөлініп, жаңағы қалың дәптердің екінші жартысына жазылып отарды.

  3. Қайталау сабағын өткізерде алдын ала құрылған жоспар жасап, оның мақсатын көрсетіп, сол бойынша белгіленген тақырыпты, тарауды қайталап өткеннен соң оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай тестілік бақылау жұмысын өткіземін. Ең алдымен оқушыларға тестілеу жұмысының 1 нұсқасы ғана беріліп, сол бойынша тапсырмалары орысшаға аударылып, мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беріледі, әрбір қайталау сабағынан соң терминологиялық, грамматикалық диктант жүргіземін. Келесі кезекте оқушылар өз бетімен сұрақтарға жауап береді. Жұмыс нәтижесі бойынша қатемен жұмыс сабақта немесе кеңес беру сабағында жүргізіледі. Бірнеше осындай қайталау сабағынан соң оқушылардың өз бетінше, сұрақтарға түсініп жауап бере алуына көз жеткізгеннен соң оқушыларға әртүрлі нұсқалы тестілеу жұмысы беріледі. Әрбір осындай байқау тестілеуінен соң оқушы жетістігінің мониторингі мен қабілетінің диагностикасын жасаймын. Нәтижесі оқушы күнделігінің рейтинг парағына жазылып, ата – анамен таныстырылады. Әр оқушы жеткен жетістігі үшін мадақталып отырылады.

Тестік бақылау – оқушылардың өз бетінше жұмыс әрекетін арттырады, оқытудың тиімділігіне қол жеткізеді, ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін белсендіреді. Осыларға қоса оқушылардың алған білімдеріндегі олқылықтарын анықтайды, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

  1. ОЖСБ және ҰБТ - інде кездесетін мақал – мәтел, жұмбақтарды тілдік жаттығуларда қолданамын. Мұндай тілдік жаттығуда оқушылар сөздерді дұрыс айтуды меңгереді, есте сақтау қабілетін дамытады.

  2. 9 - 11 сынып оқушыларымен ОЖСБ және ҰБТ - іне дайындық барысында лексикалық тақырыптың барлығын қамтитын 200 – ге жуық сұрақтан тұратын «ОЖСБ және ҰБТ – ге арналған танымдық сұрақтар», «Цифрлы ереже», «Тұрақты сөз тіркестері», «Қазақша – орысша грамматикалық терминдер», «Мақал – мәтелдер» атты жинақтар құрастырдым.

Осылайша, оқушылардың көру, есту, айту, есте сақтау қабілетін үнемі дамытып отыру арқылы «Д.Қонаев атындағы № 3 орта мектебі» КММ 2016 – 2017 оқу жылы ҰБТ қорытындысы 80 пайызды құрады.

Америка ғалымы: «Ең бірінші адам бойындағы қажеттілікті туғыза білу керек. Ондай іс қолынан келетін адам бүкіл әлемді мойындата алады» деген екен. Оқушыға қазақ тілін меңгерту үшін оған ең бірінші сол тілге деген қажеттілікті бойына, санасына сіңіру қажет.

«Күн тіршілік көзі, мұғалім халық көзі» - деп К.Ушинский айтқандай, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Сондықтан жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан – жақта қолдану мұғалімнің көптеген қиындаған қызметін жеңілдетіп,осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады.

Жоғарыда атап өткенге қорытынды жасасам, оқушыларды ОЖСБ және ҰБТ - іне әзірлеуде қайталау сабақтарының маңызы өте зор.

9 – 11 сынып оқушыларына арналған пәнге байланысты 200 сұрақтан тұратын танымдық сұрақтар мен қазақ тілінің грамматикасын қамтитын «Цифрлы ереже» әдістемелік құралын назарларыңызға ұсынамын. Бұл құрал оқу орыс тілінде жүретін мектеп оқушыларын қазақ тілінен Оқу жетістігін сырттай бағалау (ОЖСБ) мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындауға, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған.



Пікір жазған

Жилкубаева

Амантай

Шаймардановна

Филология ғылымының докторы, С.Аманжолов атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры.






ОЖСБ және ҰБТ – ге арналған 200 танымдық сұрақтар:


1.Тұңғыш көркем фильм? (Аманкелді)

2.Тұңғыш спектакль? (Еңлік – Кебек)

3.Тұңғыш балет? (Қалқаман – Мамыр, 1938 ж.)

4.Тұңғыш қазақ театры қай жылы, қай қалада ашылды?

(Қызылорда,1926 ж.)

5.Тұңғыш қазақ көркем фильмі қай жылы түсірілді? (1938 ж.)

6.Тұңғыш деректі фильмдер қай жылдан бастап түсірілді? (1920)

7. Тұңғыш қазақ газеті қалай аталады, қай жылы шықты? (Түркістан уәлаяты, 1870 ж.)

8.Тұңғыш қазақ жұрналын шығарған кім? (Мұхамеджан Сералин, «Айқап» жұрналы)

9.Тұңғыш қорық қай жылы ашылды? (Ақсу – Жабағылы, 1926 ж.)

10. Тұңғыш ғалым? (Ш.Уәлиханов)

11. Тұңғыш қазақ академигі, ұлттық ғылым академиясының тұңғыш президенті? (Қ. Сәтпаев)

12.Тұңғыш педагог, балалар әдебиетінің негізін салушы, «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы? (Ы.Алтынсарин)

13.Тұңғыш қазақ оқулығы? (Қазақ хрестоматиясы)

14.Тұңғыш қазақ әліппесін жазған, «Тіл» құралы оқулығының авторы? (А.Байтұрсынов)

15. Ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ азаматы? (Т.Әубәкіров, туған жері – Қарағанды қаласы)

16.Тұңғыш ұлттық театрдың режиссері? (Ж.Шанин)

17.Тұңғыш қазақ журналистері? (Е.Абылайханов, Д.Сұлтанғазин)

18.Қазақ музыкасын әлемге тұңғыш танытқан әнші, 1925 ж. Парижде ән шырқаған? (Ә.Қашаубаев)

19. Әміре Қашаубаевтың туған жері? (Абыралы)

20. «Ағаш аяқ», «Жалғыз арша» кімнің әні? (Ә.Қашаубаев)

21.Тұңғыш роман – эпопея қалай аталады? («Абай жолы»)

22. Тұңғыш халықаралық дәрежедегі (шахматтан) қазақ гроссмейстері? (Болат Асанов)

23. Қазақстанның жер көлемі? (2,7 шаршы шақырым)

24.Қазақстанда неше облыс бар? (14)

25.Елтаңбада қандай жазу бар? (Қазақстан)

26. Елтаңбаның жоғарғы жағында не бейнеленген? (Жұлдыз)

27. «Пырақ» сөзінің аудармасы. (Мифический конь)

28. Қазақстан қай жылы БҰҰ – на мүше болды? (1992 ж. 2 қазан)

29. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? (1992 ж. 4 маусым)

30.Тәуелсіздікті білдіретін нышандар? (Ту, елтаңба, әнұран)

31. Тудың авторы? (Ш.Ниязбеков)

32.Тудың ені, ұзындығы неше метр? (Ені – 1 метр, ұзындығы – 2 метр)

33. Елтаңбаның авторлары? (Ж.Нәжімеденов, Ш.Уәлиханов)

34. Әнұранның авторлары?

(Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов, Н.Назарбаев)

35.Елімізде жаңа әнұран қашан қабылданды? (2006 ж.)

36. Ұлттың теңгеміздің дизайнын жасаушылардың жетекшісі. (Т.Сүлейменов)

37. Ұлттық валюта қай жылы айналымға енді? (1993 ж. 15 қараша)

38. Соңғы Конституцияның (Ата заң) қабылданған жылы. (1995 ж.)

39. Конституция неше бөлімнен тұрады? (9)

40.Конституция неше баптан тұрады? (98)

41. «Қазақстан - 2030» Жолдауының жарияланған жылы. (1997 ж.)

42. Қазақстан Тәуелсіз Республика болып жарияланған жыл? (1991 ж.)

43. Семей полигоны қашан жабылды? (1991 ж.)

44. «Невада – Семей» қоғалысының басшысы кім? (О.Сүлейменов)

45. «АЗ иЯ» зерттеу кітабының авторы, ақын, белгілі қоғам қайраткері. (О.Сүлейменов)

46.Ядролық қаруға қарсы қоғамдық қозғалыстың атауы. (Семей – Невада)

47. Қазақстанның астаналары (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)

48. Қазақстанның орналасқан жері. (Еуразия құрлығы)

49.1921 жылдан бастап Верный бекінісі қалай аталды? (Алматы)

50.Астана қаласы қай жылы Қазақстанның елордасы болды? (1997 ж.)

51. Астанаға дейін Қазақстанның астанасы. (Алматы)

52. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алған жыл. (1989 ж.)

53. Қазақстанмен қандай елдер шектеседі? (Қытай, Ресей, Өзбекстан)

54. Қазақстанның оңтүстік шығысында және шығысында шектесетін ел. (Қытай)

55. Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауы. (Жетісу)

56. Орталық Қазақстан қалай аталады? (Сарыарқа)

57.Солтүстік аймақ қалалары. (Петропавл, Қостанай, Павлодар)

58.Отырар қаласы қай облыста орналасқан? (Оңтүстік Қазақстан)

59.Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтары қанша пайыз? (40)

60. Қазақстанның Швейцариясы. (Көкшетау, Бурабай)

61.Қазақстанның ең терең көлі. (Алакөл)

62.Қазақстанның ең тұщы көлі. (Марқакөл)

63.Қазақстанда неше қорық бар? (10)

64.Арал теңізінің қасындағы қорық. (Барсакелмес)

65. Астана қаласының жанындағы қорық. (Қорғалжың)

66. Астана күні қашан? (6 шілде)

67. 22 – қыркүйек қандай күн? (Тілдер мерекесі)

68. 1 – мамыр қандай мереке? (Қазақстан халықтарының бірлігі күні)

69. Халықаралық әйелдер күні. (8 наурыз)

70. Конституция күні. (30 тамыз)

71. Алғашқы қоңырау қашан соғылады? (Қыркүйекте)

72. Соңғы қоңырау қай айда? (Мамырда)

73. 19 ғасыр басында «Ақмешіт бекінісі» атанған қала. (Қызылорда)

74.Шабғар деп қай қаланы атаған? (Түркістан)

75.Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада? (Түркістан)

76. Айша бибі кесенесі қай қалада? (Тараз)

77.Арыстанбаб ғимараты қай қалада? (Отырар)

78.Көне қалалар. (Отырар, Түркістан, Тараз)

79. «Екінші Мекке», мұсылман мәдениетінің орталығы атанған қала. (Түркістан)

80. Түркістанның алғашқы атаулары. (9 – 10 ғ. Шабғар, 11 – 14 ғ. Иассы, 15 ғ. Түркістан)

81. «Екінші Аристотель» атанған ғалым. (Әбу Насыр Әл Фараби)

82. Әбу Насыр Әл Фараби туған қала. (Фараб)

83. «Музыканың ұлы кітабы» деп аталатын еңбекті жазған ғалым. (Әбу Насыр Әл Фараби)

84. Қазақ хандығында ең жоғарғы билеуші кім болған? (Хан)

85. Жәңгір ханның хан болып тарихта қалған баласы. (Тәуке хан)

86. Қай ханның тұсында «Жеті жарғы» заңы жасалды? (Тәуке хан)

87. Тәуке ханның тұсындағы үш би. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

88. «Жеті жарғы» заңдар жинағын жазуға кімдер қатысты?(Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

89. Ұлы жүздің төбе биі. (Төле би)

90.Орта жүздің биі. (Қазыбек би)

91. Кіші жүздің биі. (Әйтеке би)

92.Абайдың шын аты, өмір сүрген жылдары. (Ибраһим, 1845 – 1504 ж.ж.)

93. Абайдың туған жері. (Қасқабұлақ)

94. Абайдың мұражай үйі қайда? (Семей өңіріндегі Жидебайда)

95. Жазба әдебиетінің негізін салушы. (Абай)

96. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім? (Абай)

97. Алматыда опера және балет театры кімнің атында? (Абай)

98. Шоқанның шын аты кім? (Мұхамедханафия)

99.Қабанбайдың шын аты кім? (Ерасыл)

100. И.В.Панфилов кім? (Генерал)

101.Қазақтың батыр қыздары (Әлия Молдағұлова – мерген, Мәншүк Мәметова – пулеметші)

102. Әлия қайда туған? (Ақтөбе)

103. Талғат Бигелдинов кім? (Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш)

104. Талғат Бигелдинов қайда туған? (Ақмола облысында)

105. Бауыржан Момышұлы кім? (Жауынгер, батыр, жазушы)

106. Шәкен Айманов кім? (Әртіс, режиссер, туған жері Павлодар)

107. «Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында? (Ш.Айманов)

108. Шоқан Уәлиханов кім, өмір сүрген жылдары? (Ғалым, саяхатшы, зерттеуші, 1835 – 1865)

109. Қазақ – қырғыздың әдеби мұраларын зерттеуші. (Ш.Уәлиханов)

110. Шоқанның саяхатқа барған жері. (Қашғари)

111. Шоқан қай қалада баяндама оқыды? (Петербург)

112. Қырғыздың «Манас» дастанын алғаш рет кім зерттеді? (Шоқан)

113. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанын алғаш рет хатқа түсірген кім? (Шоқан)

114. Қазақтың бұлбұл әншілері. (Күләш Байсейітова, Бибігүл Төлегенова)

115. Құрманғазы Сағырбаев кім? (Күйші, күйлері: «Адай», «Сарыарқа»)

116. Дина Нұрпейісованың ұстазы. (Құрманғазы)

117. Мұқан Төлебаев кім? (Сазгер)

118. Қажымұқан кім? (Балуан)

119. В.В.Радлов кім? (Әйгілі турколог, зерттеуші)

120. Көне түркі жазуы. (Орхон – Енисей)

121. «Түрік тілінің сөздігін» кім құрастырды? (В.В.Радлов)

122. Қазақ музыкасын зерттеуші, композитор. (А.Затаевич)

123. Көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеген ғалым. (Ғ.Айдаров)

124. Ғұбайдолла Айдаровтың неше еңбегі бар? (250 – ден астам)

125. «Жетісу тарихының шежіресі» еңбегін жазған ғалым. (А.Бартольд)

126. «Диуани – лұғат – ат – түрік» еңбегінің авторы. (Махмұд Қашқари)

127. «Құдатғұ білік» кімнің еңбегі? (Ж.Баласағұн, араб жазуымен жазылған тұңғыш кітап)

128. «Ленинградтық өренім» толғауының авторы. (Жамбыл Жабаев)

129. Жүз жасаған ақын, өмір сүрген жылдары. (Ж.Жабаев, 1846 – 1945 ж.)

130. «Ұлылар мекені» деп қай жерді атайды? (Шыңғыстау мекені)

131. Қазақ тілі тарихында неше алфавит болды? (3)

132. Латын алфивиті қолданылған жылдар. (1929 – 1939)

133. Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясын зерттеген ғалым. (Н.Сауранбаев)

134. Еділ есімі тарихта қалай аталып кеткен. (Атилла)

135. Еділ батыр қай тайпадан шыққан? (Ғұн)

136. Қалибек Қуанышбаев кім? (Әнші)

137. «Отырар сазы» оркестрін ұйымдастырушы. (Н.Тілендиев)

138. Бейнелеу өнерінің негізін салушы. (Ә.Қастеев)

139. Ә.Қастеев мұражайы қайда орналасқан? (Алматы)

140. Тоғызқұмалақ ойынынан республика чемпионы. (Әбділда Ақшораев)

141. «Медеу» мұз айдыны қайда орналасқан? (Алматы)

142. Алғашқы «Алтын адам» қай жерде табылды? (Есік обасы)

143. «Алтын адамды» тапқан адам. (Кемел Ақышев)

144. 2000 жылы Атыраудан «Алтын адамды» тапқан кім? (З.Самашев)

145. Спорт қай елде алғаш рет пайда болды? (Грекия)

146. Шахмат алғаш рет қай елде пайда болды? (Үндістан)

147. Сидней олимпиадасының чемпиондары. (Б.Саттарханов, Е.Ибраимов)

148. Күрестен әлемнің екі дүркін чемпионы. (Д.Тұрлыханов)

149. Күрестен олимпиада чемпионы. (Ж.Үшкемпіров)

150. Шешендік өнер нешеге бөлінеді? (3)

151. Музыкалық аспапты кім жасайды? (Шебер)

152. Қазақ музыка аспаптары нешеге бөлінеді? (4)

153. Ішекті аспаптар. (Домбыра, қобыз, жетіген, адырна)


154. Жеті ырыс.

(Ақыл – ой, денсаулық, ақ жаулық, бала, көңіл, жер, ит)

155. Жеті қазына.

(Жүйрік ат, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік)

156. Көшпенділердің баспанасы.(Киіз үй)

157. Киіз үй неден тұрады? (Шаңырақ, уық, кереге)

158. Шаңырақты жабатын киіздің атауы. (Түндік)

159. Керегені жабатын киіздің атауы. (Туырлық)

160. Уықты жабатын киіздің атауы. (Үзік)

161. Көмір өндірілетін жер. (Қарағанды)

162.Күріш өсірілетін жер. (Қызылорда)

163. Рейстагқа ең алғаш Жеңіс туын тіккен батыр. (Р.Қошқарбаев)

164.Е.Брусиловскийдің жазған операсы. (Қыз Жібек)

165.Қыран құс баулитын адам. (Құсбегі)

166. Жылқыны, атты баулитын адам. (Атбегі)

167. Шешесінің әкесі балаға кім болады? (Нағашы ата)

168. Әкесінің шешесі кім болады? (Әже)

169. Әкесінің әкесі кім? (Ата)

170. Екі қыз бір – біріне кім болады? (Апалы – сіңлілі)

171. Екі ұл бір – біріне кім болады? (Ағалы – інілі)

172. Асыл тастармен кім жұмыс істейді немесе күміс пен алтыннан әшекей бұйымдар соғатын шебер? (Зергер)

173. Зергерлік бұйымдар.

(Сақина, білезік, алқа, жүзік, шолпы, белдік, сырға, қапсырма)

174. «Талапкер» сөзінің аудармасы. (Абитуриент)

175. Кіші планетаға аты берілген қазақ ғалымы. (Қ.Сәтпаев)

176. Қ.Сәтпаевтың қанша еңбегі бар? (640 – тан аса)

177. Ахмет Жұбановтың туған жері. (Ақтөбе)

178. Наурыздың ең басты тағамы не? (Наурыз көже)

179. Наурыз көже неше тағамнан жасалады? (7)

180. «Шахмат» сөзі қалай аударылады? (Патша өлді)

181. «Күнпарақ» сөзі қалай аударылады? (Календарь)

182. Ойлауға үйрететін ойын. (Тоғызқұмалақ)

183. Бала мектепке барғанда жасалатын той. (Тілашар)

184. Бала жүре бастағанда қандай той жасайды? (Тұсаукесер)

185. Өскемен қаласы қайда орналасқан? (Шығыста)

186. Қазақтың қасиетті күні. (Жұма)

187. Жоғары оқу орнына түсушіні кім дейді? (Талапкер)

188. Тәуелсіздік монументі қай қалада? (Астана)

189. Қазақта ұлдың баласын қалай атайды? (Немере)

190. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында қандай жануар бейнесі бар? (Пырақтар)

191. Киіз үйдің ағаш қаңқасы. (шаңырақ, уық, кереге)

192. «Түрксиб» суретінің авторы. (Ә.Қастеев)

193. Қазақтың үш бәйтерегі. (І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Сейфуллин)

194.Абайдың қара сөздері. (46)

195.Бес арыс. (А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев,Ж.Аймауытов, М.Дулатов)

196.Тұңғыш роман қай жылы жазылды? (1910 жылы, «Бақытсыз Жамал»)

197.Шыңғыстауда дүниеге келген үш кемеңгер ақын – жазушы. (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)

198. Саз құдіреті, оның ішінде қобыздың атасы кім? (Қорқыт ата)

199. Қазақ хандығы қанша жыл өмір сүрді?

(15 ғасырдың 60 жылдары мен 16 ғасырдың ортасына дейін)

200.Қазақ халқын жоңғарлардан қорғаған батыр. (Райымбек батыр)


Цифрлы ереже:

2 – үндестік заңы (буын үндестігі, дыбыс үндестігі)

2 – дыбыссыз әріп (ь, ъ)

2 – жұрнақ (сөз түрлендіруші, сөз тудырушы)

2 - қосымша (жұрнақ, жалғау)

2 - сөйлемнің тұрлаулы мүшелері (бастауыш, баяндауыш)

2 – етістіктің формалары (болымды етістік, болымсыз етістік)

3 – құрмалас сөйлем (салалас, сабақтас, аралас)

3 - буын (ашық, тұйық, бітеу)

3 – сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері (анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш)

3 – дауыссыз дыбыс (ұяң, үнді, қатаң)

3 – шылау (жалғаулық, септеулік, демеулік)

3 – етістіктің шақтары (осы шақ, келер шақ, өткен шақ)

3 – оқшау сөздер (қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөз)

3 – одағай сөздер (көңіл – күй, жекіру, шақыру)

4 - зат есімнің жалғаулары (көптік, септік, тәуелдік, жіктік)

4 – сын есімнің шырайлары (жай, салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырай)

4 – етістіктің райлары ( ашық, бұйрық, шартты, қалау рай)

4 – етіс (ортақ етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс, өзгелік етіс)

4 – сөйлем түрлері (хабарлы, бұйрықты, сұраулы, лепті сөйлем)

4 – жуан дауысты дыбыс (а, о, ы, ұ) (у)

5 – сөйлем мүшелері (бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, анықтауыш, толықтауыш)

5 – еріндік дауысты дыбыс (о, ө, ұ, ү, у)

5 - жалғаулық (ыңғайлас, қарсылықты, талғаулықты, себеп – салдар, шартты)

6 - сан есімнің мағынасына қарай түрлері( есептік, реттік, жинақтық, топтау, болжалды, бөлшектік)

6 – ашық дауысты дыбыс (а, о, е, ө, ә, э)

6 – қысаң дауысты дыбыс (ы, і, и, у, ұ, ү)

6 – жіңішке дауысты дыбыс (ә, е, ө, ү, і, и)

6 - салалас құрмалас сөйлем (ыңғайлас, қарсылықты, талғаулықты, себеп – салдар, шартты, кезектес)

7 - жай сөйлем (жақты, жақсыз, жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, атаулы сөйлем)

7 – зат есімнің септігі (атау, ілік, барыс, жатыс, табыс, шығыс, көмектес септік)

7 – есімдіктің түрлері (жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, жалпылау, болымсыздық)

7 – езулік дауысты дыбыс (а, ә, е, ы, і, и, э)

7 – үнді дауыссыз дыбыс (й, л, н, м, ң, р, у)

8 – ұяң дауыссыз дыбыс (г, ғ, б, в, д, ж, з, һ)

9 – сөз табы (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеуіш, шылау, одағай)

9 – қазақ тіліне тән дыбыс (ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, і, һ)

11 – қатаң дауыссыз дыбыс (қ, к, п, с, т, ф, х, ш, ч, ц, щ)

15 - дауысты дыбыс

25 – дауыссыз дыбыс

42 – әріп
































19



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"ОЖСБ және ҰБТ - ге дайындық" 9 - 11 сынып оқушыларына арналған әдістемелік құрал

Автор: Отарбаева Алмаш Чаймардановна

Дата: 11.11.2018

Номер свидетельства: 484956


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства