kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту жолында коммуникативтілік компоненті ретінде диалогтік тілді дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері арқылы қазақ тілі сабағында  диалогтық оқытуды дамыту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту жолында коммуникативтілік компоненті ретінде диалогтік тілді дамыту»



О0ытудың жаңа әдіс-тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту жолында коммуникативтілік компоненті ретінде диалогтік тілді дамыту

Әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге сай 21 ғасырдың оқушылыран лайықты оқытуда қазіргі білім беру жүйесінің жаңаша мазмұн алуы бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына енуге ұмтылған мемлекетіміздің өркениетті дамуына сүбелі үлес қосары аңақ. Нәтижеге бағытталған білім берудің қажеттілігі – бүгінгі заман талабы.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев « Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс, және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген сөзі бәрімізге айқын.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемелекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қолданысқа енуіне үздіксіз білім беру жүйесінің жалпы білім беретін мектептеріндегі оқыту сапасын арттыру маңызды фактор болып саналады

Қазіргі уақытта мектеп мұғалім алдында тұрған жауапты міндет- оқушыға тиянақты білім беру. Алдыма қойған мақсатым:

Оқушылардың шығармашылық ізденістерін , өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру арқылы коммуникативті құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Бұл мақсатты жүзеге асыруда мынадай міндеттерді алға қойдым:

  1. Жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін меңгерте отырып, оқушының коммуникативті құзыреттіліктерін дамыту:

  2. Жеке тұлғаны және оның шығармашылық қасиеттерін , ойлау қабілетін дамыту; сауатты жазуға үйрету;

Қазақ тілін деңгейлік оқытудың мақсаты-оқушының қазақ тілін білу деңгейі мен сұраныс ескере отырып , бір-бірімен сабақтас, жүйелі, коммуникацияға құралған білім мазмұны арқылы мемлекеттік тілде өз ойын ауызша және жазбаша түрде еркін,түсінікті , дұрыс жеткізе алатын, түрлі өмірлік жағдаяттарда тілдік қатынасқа түсе алатындара тұлғаны даярлауға мүмкіндік тұғызу.

Бастауыш сатыда оқушыларға тілді меңгертудің мынадай игерімдерге жіктеліп ұсынылды:

1 сынып –А1-Бастапқы жеңіл игерім;

2-сынып-А1.1- Бастапқы орта игерім;

3 сынып - А1.2- Бастапқы толық игерім;

4 – сынып – А1+ - Бастапқы жетік игерім

Тілді деңгейлік үйрету жүйелі , өзара сабақтастықта жүргізіледі. Әр деңгейдің мақсаты мен мазмұнына сәйкес оқытудың түрлері әдіс – тәсілдері , түпкі нәтижелері қатар ұсынады.Қазақ тілін деңгейлік меңгерту тілдік қатынас теориясындағы сөйлесім әрекеттінің бес түрі бойынша жүргізіледі:

тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым,тілдесім. Оқытудың басты мақсаты оқушылардың сөйлеу, ойын дұрыс жеткізу сияқты коммуникативтік қабілеттерін дамыту болғандықтан, әрбір сабақтың нәтижесі тілдесім әрекетіне құрылған тапсырмаларды ұсыныман

Коммуникативтік құзыреттіліктің маңызды компоненті диалогтік тіл және онымен байланысты дағдылар болып есептеледі.

Диалогтік тіл-оқыту әдісі, ол оқушылардың дамуына ықпал тигізеді. Қарым –қатынас жағдайын ұйымдастыру дидактикалық ойын түрінде көрнекіліктер мен соңғы үлгідегі техникалық оқыту құралдарынан қолдану арқылы жүргізіледі.

Диалогті тілді дамытудың әрбір кезеніңде әр түрлә тәсілдер мен қарым-қатынасжағдайларын қолданамын:

  1. Үлгі бойынша көрсету.Жаңа сөздермен тіркестерді қайталауда келесі өлшемдерді қолданамын:

-алғашқы қабылдау үшін аудиотаспаны тыңдау;

- түсініктерін тексеру ;

- жаңа сөздерді еңгізу, дыбысталуын қайталау;

- диалог үлгісін көрсету, жұптарға бөлу;

2. Диалогті өзгермелі бөлімімен құрастыру Әр жұптың бір –біріне сұрақтары бірдей, жауаптары ғана әр түрлі.

3. Ынталандыру сұрағына жауап беруге жаттықтыру.Сабақта жауап берудің түрлі нұсқаларын қарастыру үшін қосымша жағдай жасаймын:

-көрнекіліктер пәндік немесе сюжеттік

-сұраққа жауап беру мүмкіндігін тұғызатын ойын жағдайын таңдаймын («Асық ойыны» ойыны, «Қарлы кесек») Мысалы, «Ойыншықтар» тақырыбын өткен кезде оқушыларды өздеріне ұнаған ойыншықты сатып алу үшін «дүкенге» шақырамыз. «Саған қандай ойыншық ұнады?» деген сұраққа, оқушы бірнеше ойыншықтың ішінен біреуін алып, жауап береді: «Маған мысық ұнады».

4.Жауапты кеңейту

Бұл жерде көмекке тірек сызбалар немесе басқа көрекіліктер келеді. Қазақ тілін үйренудің бастауыш кезеңінде диалог-сипаттаулар құрумен шектелуі мүмкін. Ойын жағдайларында оқушылар өз сөйлемдерінде қолдану үшін заттың сын-сипатына көңіл аударады. Мысалы, ойыншықтар туралы әңгімелескенде , оқушыларға затты мүмкіндігінше көбірек сипаттау тапсырылады.

Жобамен төмендегідей диалог шығады:

-сенде қанша ойыншық бар?

-Менде үш ойыншық бар: ит, кеме және доп.

-Сенде машина бар ма?

-Иә, менде көк, қызыл және жасыл машина бар.

Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен іске асырылады:

  1. Жұптық жұмыс әр оқушының өзіндік қабілетіндәл тануға және жетілдіруге мүмкіндік береді, олардың бір-бірімен тез тіл табысуын қамтамасыз етеді.

  2. Топтық жұмыс бойынша , бір адам кем дегенде үш, төрт адаммен бірден қарам қатынасқа түседі. Топтық тіл үйрену процесінде бірнеше оқушы бірігіп сөйлеседі, тапсырманы орындайды, жауап береді,оқиды.

  3. Ұжымдық оқытуда жұмыстың біреуі- арнайы үлестірмелі қағазбен жұмыс істей білуі. Ондағы тапсырмалар бір ережеге байланысты болғанымен , бір-бірін қайталаумауға тиіс, егер оқушы жауап бере алмаса, басқа тапсырмалармен алмасады. Сөйтіп бір-бірін тексеріп , тапсырманы ауызша талдап, дұрыс нұсқасын тапқан соң, дәптерлеріне жазып алады.



Жеткен нәтиже :

  1. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан , оқушылардың пәнге қызығушылығы артты .

  2. Оқушылардың білім сапасы көтерілді .

  3. Оқушылардың логикалық ойлауы , шығармашылық іс – әрекетке қабілеті артты .

  4. Топпен жұмыс істеу құзіреті артады .

  5. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
    7. Өз ісіне деген сенім пайда болды.
    8. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренді.
    9. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренді.
    10. Шығармашылық белсенділіктері артты.


Қорытынды

Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкершілік іс болып табылады. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», – деген тұжырымдамасында ашып көрсеткен.
Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Бұл жердегі мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту.
Мен ұстаз ретінде әр оқушыны болашақ азамат ретінде бағалап, осы тұжырымдаманы өз қызметіме басшылыққа аламын. Қазіргі компьютерленген жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін қазақ тілі пәні бойынша шығармашылық қабілетін дамыту – ең басты міндетті



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ф.Ш. Оразбаева , Ж. Т. Дәулетбекова , А. Н. Юсуп// Қазақ тілі: Тілашар Мұғалімнің кітабы 3 сынып Көкжиек- Горизонт 2016 жыл
2.Сұнғатова Г.Ж.Сабақта ойын жағдаяттарын пайдалану//.Қазақ тілі әдістемесі,2008,№2, 9-11б.
3.Сұнғатова Г.Ж. Тілдерді оқыту ойын әдісі//, 2009,№3,26-29 б.
4.ҚұдайбергеноваА.М.Ойындар-коммуникативтік компетенциясын қалыптастыру құралы// Қазақ тілі әдістеме, 2009,№8. 20б,22 б.

5. Әміров Р. «Қазақ тілі» оқулығына методикалық нұсқаулық. – Алматы: Рауан. – 1990. 
6. Нұржанова Ж. Қазақ тілін оқыту әдістемелерінің түрлері // Казахский язык в русской школе. - №9, 2002

7.ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Кондыбаева Салтанат Оралкановна

Дата: 24.01.2018

Номер свидетельства: 452122


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства