kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Махамбет шы?армаларыны? т?рбиелік м?ні

Нажмите, чтобы узнать подробности

             Махамбет шы?армаларыны? т?рбиелік м?ні

                                                                            ?ыран ??сты? баласы,

                                                                            ?шса, келмес ?я?а.

                                                                             Асыл ерді? баласы,

                                                                             Жауды к?рсе шыдамай,

                                                                             К?зін салар ?ия?а.

                                                                                                Махамбет ?теміс?лы

                И?, халы?ты? ?адір т?тары - «жауды к?рсе шыдамай к?зін ?ия?а салатын» батыры мен «ар?ыма?ты? баласы» - ар?алы а?ыны.Екеуі де халы?ты? жо?ын жо?тап, м??ын м??дап, игілігін іске асырушылар. Екеуі де а?ылды?, даналы?ты?, кеме?герлікті? биік шы?ында?ы мар?ас?алар. Ал а?ынды? пен батырлы?ты? бір адамны? бойынан табылуы тіптен  ?анибет!Демек, «хал?ыны? асылы», «хал?ыны? арда?тысы», «хал?ыны? ?алаулысы», «еліні? ерені»деген атаулар Махамбетке ?ана  телінетін тіркестер. «?ыран ??сты? баласы», «асыл ерді? баласы» атан?ан Махамбет- жалынды жырды? жампозы.Рухты с?зімен елді ерлікке баста?ан, д?йім ж?ртты жанына жинай білген дуалы ауыз азамат, бостанды??а барар жолды бастаушы ?абілетті «?осшы», та?дырды? ауыр ж?гін ар?ала?ан арда?ты ер.

               Махамбет –делебе?ді ?оздыратын рухты с?збен, серпінді сазбен сомдал?ан с?лу сарайды? патшасы.

Ол ?зін:

Дулы?алы бас кескен,

Ту т?бінен ту ал?ан,

Жауды к?ріп ?уан?ан,

Мен ?темісті? баласы

Махамбет атты батырмын,-деп таныстырады.

Хас жа?сыны? баласы,

Арада т?рып с?йлемес,

Жауым таба ?ылар деп.

Хас патшаны? баласы

Жапанда жал?ыз т?рмайды,

Д?шпандар к?зін салар деп,-деу ар?ылы ?зіні? «арада т?рып с?йлемейтін» а?ын екендігін танытады.

Сондай-а?:

Е?селігім екі елі,

Егіз ?оян шекелі,

Жара?ан теке м?шелі.

Жауырыны жазы?, мойны ?зын,

Д?шпанына келгенде

Тартынбай с?йлер асылмын,-деп суреттеуі іс пен с?зі бір ер екенін таныт?андай.

          Ер жігітті? жаман – жа?сы ?асиеттерін екшей келе:

Атадан ту?ан аруа?ты ер,

Жауды к?рсе жапырар,

?дей со??ан дауылдай.

Жамандар?а ?араса?,

Малын к?рер жанындай.

Немесе:

Жаманды бай?ай ?араса?,

К?ндерді? к?ні бол?анда,

?з басына ?зі жау-деп, сертті б?зып, жа?ыныны? жа?асына жармасатын жамандарды сынайды.

А?ын:

Б?лы?сып ж?рген мырзадан

Б?рын?ы д?улет тай?ан к?н,-деп байлы?, барлы?, д?улет пенде басында м??гі т?рмайтынын еске салады.

Жаманнан ту?ан жа?сы бар,

Атасын айтса нан?ысыз.

Жа?сыдан ту?ан жаман бар,

К?ндерді? к?ні бол?анда,

Жарамды бір теріге ал?ысыз,-деп жігітті? жа?сы болуы да, жаман болуы да ?зінен екенін, жаманнан жиреніп, жа?сыдан ?йренуге ша?ырады.

.Алашта?ы жа?сыдан

Батасын алып, д?м татып,-деуі жа?сылар?а жаны досты?ы болса керек.

Ел шетіне жау келсе,

Азамат ерді? баласы

Намысына шыдай ма,

Жаттан к?мек с?рай ма?!

Намысын ?олдан бермеу- Махамбетті? басты ?раны. Сонды?тан батыр со?ына ерген сарбаздарды да намыс?ойлы??а, ?жеттікке, бірбеткейлікке баулиды.?иын-?ыстау кезе?де ?иынды??а мойымай, е?сесін тік ?стауды с?райды. Елге еркіндік тілейді, Т??ірден бас?а?а т?уелді болмауды а?сайды, те?дікке ?ол жеткізуді армандайды.

         А?ынны?:

Бізді тап?ан ананы?,

Асыра?ан атаны?.

Ризалы?пен жайласып,

?олын алар к?н ?айда?-дегені ата-ана алдында аласа болу,оларды ??рметтеуге баулиды.

         Махамбет ездерді еркек ?атарына ?оспайды.М?ны а?ынны? :

?арай?анны?, жігіттер,

Б?рін кісі деме?із.

К?пе-к?ндіз тайра?дап,

Т?зге шы?пас ерлер бар,- деуінен бай?ау?а болады. Ал еркек кіндікті? басты ?асиеттері -  бірс?зділік, ?жеттілік, намыс?ойлы? деп біледі.

Аз с?йлесіп,ке? ты?дар,

Хас асылды? баласы,-деп,ке? тол?ап,бір кесетін ермінезділікті бірінші саты?а ?ояды.

Асыл ту?ан арулар,

Жанын пида етпей ме,

Шын с?йіскен те?і ?шін?!-деп адал махаббатты д?ріптейді.

?асыма ерген  жолдастар,

Анты?ды б?зып айрылма,

Зейіні?ді бермен сал,-деп ант?а адал,сертке берік болу?а ?ндейді.

Азамат ерді? баласы

Аз ?йы?тар да, к?п жортар-

Д?шпан?а кеткен ары мен

Барымта?а т?скен малы бар,-деп ержігітке ?ш жау-?ш арсыздан- ?й?ы, м?нсіз к?лкі,тама?со?ты?тан ада болуды тілейді.

             А?ынны? ?мірлік серігі, жан серігі Исатай батыр?а арна?ан жырларын тебіренбей о?у м?мкін емес.

Таудан м?нартып ?ш?ан тарланым,

Са?ан ?сынсам ?олым жетер ме?

Арызым айтсам ?тер ме?

            И?,  сар?ай?ан са?ынышты?, са?ыныштан ту?ан сарыуайымны? лебі сезіледі.

            Ал «керіскідей», «??ландай», «??лжадай», «?ырмызыдай», «те?іздей»деген те?еулері Махамбетті? досты??а бекем, досты ба?амдай білетін адалды?ын бай?атады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Махамбет шы?армаларыны? т?рбиелік м?ні»

Махамбет шығармаларының тәрбиелік мәні

Қыран құстың баласы,

Ұшса, келмес ұяға.

Асыл ердің баласы,

Жауды көрсе шыдамай,

Көзін салар қияға...

Махамбет Өтемісұлы

Иә, халықтың қадір тұтары - «жауды көрсе шыдамай көзін қияға салатын» батыры мен «арғымақтың баласы» - арқалы ақыны.Екеуі де халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, игілігін іске асырушылар. Екеуі де ақылдың, даналықтың, кемеңгерліктің биік шыңындағы марғасқалар. Ал ақындық пен батырлықтың бір адамның бойынан табылуы тіптен ғанибет!Демек, «халқының асылы», «халқының ардақтысы», «халқының қалаулысы», «елінің ерені»деген атаулар Махамбетке ғана телінетін тіркестер. «Қыран құстың баласы», «асыл ердің баласы» атанған Махамбет- жалынды жырдың жампозы.Рухты сөзімен елді ерлікке бастаған, дүйім жұртты жанына жинай білген дуалы ауыз азамат, бостандыққа барар жолды бастаушы қабілетті «қосшы», тағдырдың ауыр жүгін арқалаған ардақты ер.

Махамбет –делебеңді қоздыратын рухты сөзбен, серпінді сазбен сомдалған сұлу сарайдың патшасы.

Ол өзін:

Дулығалы бас кескен,

Ту түбінен ту алған,

Жауды көріп қуанған,

Мен Өтемістің баласы

Махамбет атты батырмын,-деп таныстырады.

Хас жақсының баласы,

Арада тұрып сөйлемес,

Жауым таба қылар деп.

Хас патшаның баласы

Жапанда жалғыз тұрмайды,

Дұшпандар көзін салар деп,-деу арқылы өзінің «арада тұрып сөйлемейтін» ақын екендігін танытады.

Сондай-ақ:

Еңселігім екі елі,

Егіз қоян шекелі,

Жараған теке мүшелі.

Жауырыны жазық, мойны ұзын,

Дұшпанына келгенде

Тартынбай сөйлер асылмын,-деп суреттеуі іс пен сөзі бір ер екенін танытқандай.

Ер жігіттің жаман – жақсы қасиеттерін екшей келе:

Атадан туған аруақты ер,

Жауды көрсе жапырар,

Үдей соққан дауылдай.

Жамандарға қарасаң,

Малын көрер жанындай...

Немесе:

Жаманды байқай қарасаң,

Күндердің күні болғанда,

Өз басына өзі жау-деп, сертті бұзып, жақынының жағасына жармасатын жамандарды сынайды.

Ақын:

Бұлықсып жүрген мырзадан

Бұрынғы дәулет тайған күн,-деп байлық, барлық, дәулет пенде басында мәңгі тұрмайтынын еске салады.

Жаманнан туған жақсы бар,

Атасын айтса нанғысыз.

Жақсыдан туған жаман бар,

Күндердің күні болғанда,

Жарамды бір теріге алғысыз,-деп жігіттің жақсы болуы да, жаман болуы да өзінен екенін, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге шақырады.

...Алаштағы жақсыдан

Батасын алып, дәм татып,-деуі жақсыларға жаны достығы болса керек.

Ел шетіне жау келсе,

Азамат ердің баласы

Намысына шыдай ма,

Жаттан көмек сұрай ма?!

Намысын қолдан бермеу- Махамбеттің басты ұраны. Сондықтан батыр соңына ерген сарбаздарды да намысқойлыққа, өжеттікке, бірбеткейлікке баулиды.Қиын-қыстау кезеңде қиындыққа мойымай, еңсесін тік ұстауды сұрайды. Елге еркіндік тілейді, Тәңірден басқаға тәуелді болмауды аңсайды, теңдікке қол жеткізуді армандайды.

Ақынның:

Бізді тапқан ананың,

Асыраған атаның.

Ризалықпен жайласып,

Қолын алар күн қайда?-дегені ата-ана алдында аласа болу,оларды құрметтеуге баулиды.

Махамбет ездерді еркек қатарына қоспайды.Мұны ақынның :

Қарайғанның, жігіттер,

Бәрін кісі демеңіз.

Көпе-күндіз тайраңдап,

Түзге шықпас ерлер бар,- деуінен байқауға болады. Ал еркек кіндіктің басты қасиеттері - бірсөзділік, өжеттілік, намысқойлық деп біледі.

Аз сөйлесіп,кең тыңдар,

Хас асылдың баласы,-деп ,кең толғап,бір кесетін ермінезділікті бірінші сатыға қояды.

Асыл туған арулар,

Жанын пида етпей ме,

Шын сүйіскен теңі үшін?!-деп адал махаббатты дәріптейді.

Қасыма ерген жолдастар,

Антыңды бұзып айрылма,

Зейініңді бермен сал,-деп антқа адал,сертке берік болуға үндейді.

Азамат ердің баласы

Аз ұйықтар да, көп жортар-

Дұшпанға кеткен ары мен

Барымтаға түскен малы бар,-деп ержігітке үш жау-үш арсыздан- ұйқы, мәнсіз күлкі,тамақсоқтықтан ада болуды тілейді.

Ақынның өмірлік серігі, жан серігі Исатай батырға арнаған жырларын тебіренбей оқу мүмкін емес.

Таудан мұнартып ұшқан тарланым,

Саған ұсынсам қолым жетер ме?

Арызым айтсам өтер ме?

Иә, сарғайған сағыныштың, сағыныштан туған сарыуайымның лебі сезіледі...

Ал «керіскідей», «құландай», «құлжадай», «қырмызыдай», «теңіздей»деген теңеулері Махамбеттің достыққа бекем, досты бағамдай білетін адалдығын байқатады.

Ақын адал дос пен амал достың аражігін былай көрсетеді:

Жақсыменен дос болсаң,

Айрылмас күні қос болсаң,

Басыңа қиын іс түссе,

Алдыңнан шығар өбектеп,

Жаныңа не керек деп.

Жаманменен дос болсаң,

Айрылмас күні қос болсаң,

Басыңа қиын іс түссе,

Басқа кетер бөлектеп...

«Бірлік биіктетеді, татулық төрге шығарады» деген сөз тегінде бекер айтылмаса керек.Махамбет те:

... Алтын жақса жарасар,

Жылтыраған күміске.

Он екі ата Байұлы

Жиылып келсе бұл іске,- деп шаршы топты бірлікке шақырады. Сондай-ақ:

... Өтемістен туған он едік,

Онымыз атқа мінгенде.

Жер қайысқан қол едік,- деуі де ағайын арасындағы татулықты байқатады.

Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,

Еменге иір бұтақ бітсейші,

Қыранға тұғыр қыларға.

Ханнан қырық туғанша,

Қарадан бір-ақ тусайшы,

Халықтың кегін қусайшы!-деп, жастарды жігерлендіреді.

Жайықтың бойы көк шалғын,

Күзерміз де жайлармыз.

Күлісті сынды күреңді,

Күдірейтіп күнде байлармыз.

Құдай істі оңдаса,

Ісім жөнге келгенде,

Қамалаған көп дұшпан

Әлі де болса қойдай қылып айдармыз! - деп, болашақтан үміт күтеді,бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарғанда ғана бостандықтың ақ таңы ататынына сенеді..

Ақын жырларын оқи отырып адамгершілік айдынына сүңгігендей күй кешесің...

Иә, Махамбет -қиып түсер өткірлігімен, қызу қанды жігерлігімен, нөсердей екпінімен еркіндікті аңсаған батыр,арқалы ақын..Халық жазушысы, мемлекет қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының «Тәуелсіздік жолында қан да төгілген, жас та төгілген, денесінен бас та бөлінген. Басы бөлінгенмен, ары төгілмеген, арлыларды әңгімелесек, биіктемесек аласармаймыз» деген сөзі Махамбетке арналған болатын.

Аруақтарын шақырып,

Арыстандай атылып,

Жауларын қуған ақырып,

Өмірі өткен желдің өтінде

Исатай мен Махамбеттен

Қалды ма белгі жердің бетінде? - деп Фариза апамыз

толғана жырласа, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Махамбет- өр тұлғалы ақын»деп баға береді.





Ақын қасиетті қара домбыраны жанына серік етіп, сергелдең сезімін күйге түсірді. Ұлтын ұлықтады, ұлттық өнерді ұлықтады. Сазды сөйлеткен ақынның күйлері ақын жүрегінің соғысындай, жүрек тынысындай,жүрек үніндей шабытты, жігерлі, рухты. Махамбет күй арқылы жігерлі серпінді көптің көкірегіне қондырды. Сөйтіп, жырмен де, күймен де жұртын жігерлендіре білген Махамбет халқының «сегіз қырлы, бір сырлысы», «кермиығы», «кербезі», «қазақтың Махамбеті» атанды.

Меніңше, Махамбеттің Махамбет атануы –жалынды жырларымен жастарды жалындата білуінде;

Махамбеттің Махамбет атануы –халқының сөзін сөйлеп, сойылын соға білуінде;

Махамбеттің Махамбет атануы –ісі мен сөзін бір арнаға тоғыстыра білуінде;

Махамбеттің Махамбет атануы – шынайылықтың, шындықтың шыңын бағындыруында;

Махамбеттің Махамбет атануы – адамдықты, адалдықты бағалай білуінде;

Махамбеттің Махамбет атануы – ез емес, ер болуында;

Махамбеттің Махамбет атануы – көңіліне түйгенін кібіртіктемей,қалтқысыз, бұлтақсыз айта білуінде;

Махамбеттің Махамбет атануы – достыққа адал болуында;

Махамбеттің Махамбет атануы – өнегесімен өзгені тәрбиелей алуында;

Махамбеттің Махамбет атануы – «қаумалаған» қазаққа қорған бола білуінде.

Сағаттар сырғып, күндер, айлар , жылдар жылжып,уақыт өтіп, дәуір озар.Ал Махамбет мұрасын оқыған ұрпақ азбас. Өйткені, Махамбеттей батырдың ерлігі , Махамбеттей ақынның сөзі-таптырмас тәрбие құралы.

Әрі ақын, әрі батыр, әрі күйші Махамбеттің шығармалары - сол дәуірдің шежіресі.

Тұрақсыз, тұрлаусыз заманның тұзын татқан Махамбеттей азаматтар адамдақты, адалдықты үйретеді, игі қасиеттерге жетелейді.

Тұла бойы тәлім мен тәрбиеге толы Махамбет шығармалары мәңгі жасасын! Махамбеттің сарқылмас жауhарын оқып, көңіліне тоқитын ұрпақ көп болсын!













































Шығарманың жоспары:

1.Кіріспе.

Махамбет-жалынды жырдың жампозы.

2.Негізгі бөлім.

Махамбет жырларының тәрбиелік маңызы.

а) «ерлік елдікке жеткізеді»;

ә) «жақсы –жаман арасы...»

б) «Таудан мұнартып ұшқан тарланым...»

в) береке,бірлік- ел ырысы

3.Қорытынды.

Махамбет – қазақтың «кермиық» ақыны, «кербез» батыры.





























«№2 жалпы білім беру»ММ

Мұнайлы ауданы

Қызылтөбе ауылы









ШЫҒАРМА

Тақырыбы: Махамбет шығармаларының тәрбиелік мәні























Ақкүміс Жұмабайқызы Аманшаева

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Махамбет шы?армаларыны? т?рбиелік м?ні

Автор: Аманчаева Аккумыс Жумабаевна

Дата: 14.04.2016

Номер свидетельства: 318847


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства