kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

МА?АЛА. "Ы.АЛТЫНСАРИН М?РАЛАРЫНДА?Ы ХАЛЫ? ПЕДАГОГИКАСЫ ИДЕЯЛАРЫ, ОНЫ? ЭТИКАЛЫ? – АДАМГЕРШІЛІК СИПАТТАРЫ"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ы.АЛТЫНСАРИН М?РАЛАРЫНДА?Ы ХАЛЫ? ПЕДАГОГИКАСЫ ИДЕЯЛАРЫ, ОНЫ? ЭТИКАЛЫ? – АДАМГЕРШІЛІК СИПАТТАРЫ

Астана ?аласы

№60 мектеп-лицейіні?

?аза? тілі мен ?дебиеті

п?ні м??алімі

Торебекова Гульнара

Асхатовна

Замана жетістіктері негізінде жас ?рпа??а сапалы білім, ?негелі т?рбие беруді ма?сат еткен білім ордалары ата – бабаларымыз сан ?асырлар бойы са?тап – жина?тап келген халы? педагогикасыны? ??нды м?ралары негізінде саналы т?рбие беруді жадынан тыс ?алдыр?ан емес. ?лтты? т?рбие ж?нінде ?аза? зиялы ?ауым ?кілдеріні? ?рпа? т?рбиесі ж?ніндегі педагогикалы? та?ылымдары жетерлік. ?лы а?артушы, ?а?арман – ?айраткер Ы.Алтынсаринні? педагогикалы? м?раларынсыз – ?аза? этнопедагогикасыны? ?алыптасу кезе?дерін елестету м?мкін емес. Оны? ?мірі мен ?ызметі кезіндегі мектеп ашу  ж?мыстарында, сауаттандыру е?бектерінде ж?не бас?а да ?о?амды ?атынастарда?ы шы?армашылы? істермен айналысуда ?з ?лтыны? тарихын, м?дениетін, ?дебиетін, ?дет – ??рпы мен салт – д?ст?рін ?те жо?ары ба?алап, оны о?у –  т?рбиеде іске асыру идеяларын алдына ма?сат етіп ?ой?анын м?раларынан к?реміз. Ыбырай та?ылымы ж?нінде профессор С.?алиев ?з е?бегінде: «Ы.Алтынсаринні? педагогикалы к?з ?арасынан да б?кіл?лемдік т?лім – т?рбиені? алтын ді?гегі гуманистік к?з?арас, я?ни ш?кіртке жылы ж?ректі болу, м??алім мен о?ушы арасында?ы ынтыма?тасты? принциптеріні? к?рініс тап?анын бай?аймыз. Ол кез келген шы?армаларында ш?кірттерді адал, шыншыл, е?бек с?йгіш, ?негелі, ?нерлі азамат болу?а, зиянды іс – ?рекеттен, ?рлы? – зорлы?, жатып ішер жал?аулы? сия?ты жаман ?дет, жат мінезден бойын аула? ?стау?а ша?ырады. »[1.65] – деп жазды.

         ?аза? хал?ыны? ?лы а?артушы – педагогы Ы.Алтынсарин этикалы? – эстетикалы? т?рбие проблемаларын ?оз?айтын арнайы е?бектер жазып ?алдырма?аны белгілі. Біра? Ы.Алтынсаринні? этикалы? – адамгершілік к?зарастары оны? педагогикалы? ?ызметінен к?рініс тап?ан. Оны? «?аза? хрестоматиясына» енгізілген материалдарды? мазм?ны тек танымды?, ?негелік, а?ылг?йлік сипат?а ?ана ие емес, ол сондай–а? жо?ары этикалы? – эстетикалы?  тал?амны? жан – жа?ты ?алыптасып дамуына, ?демілікті т?сіне білуге, с?лулы?ты сырт?ы жылтыра?тардан ажырата білуге, ?зін – ?зі  ортада д?рыс ?стай білуге т?рбиелейтін ж?не таби?атты с?юге т?рбиелеу туралы ы?палымен де ерекше ??нды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«МА?АЛА. "Ы.АЛТЫНСАРИН М?РАЛАРЫНДА?Ы ХАЛЫ? ПЕДАГОГИКАСЫ ИДЕЯЛАРЫ, ОНЫ? ЭТИКАЛЫ? – АДАМГЕРШІЛІК СИПАТТАРЫ"»

Ы.АЛТЫНСАРИН МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ ИДЕЯЛАРЫ, ОНЫҢ ЭТИКАЛЫҚ – АДАМГЕРШІЛІК СИПАТТАРЫ


Астана қаласы

№60 мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі

Торебекова Гульнара

Асхатовна



Замана жетістіктері негізінде жас ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие беруді мақсат еткен білім ордалары ата – бабаларымыз сан ғасырлар бойы сақтап – жинақтап келген халық педагогикасының құнды мұралары негізінде саналы тәрбие беруді жадынан тыс қалдырған емес. Ұлттық тәрбие жөнінде қазақ зиялы қауым өкілдерінің ұрпақ тәрбиесі жөніндегі педагогикалық тағылымдары жетерлік. Ұлы ағартушы, қаһарман – қайраткер Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұраларынсыз – қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңдерін елестету мүмкін емес. Оның өмірі мен қызметі кезіндегі мектеп ашу жұмыстарында, сауаттандыру еңбектерінде және басқа да қоғамды қатынастардағы шығармашылық істермен айналысуда өз ұлтының тарихын, мәдениетін, әдебиетін, әдет – ғұрпы мен салт – дәстүрін өте жоғары бағалап, оны оқу – тәрбиеде іске асыру идеяларын алдына мақсат етіп қойғанын мұраларынан көреміз. Ыбырай тағылымы жөнінде профессор С.Қалиев өз еңбегінде: «Ы.Алтынсариннің педагогикалы көз қарасынан да бүкіләлемдік тәлім – тәрбиенің алтын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі азамат болуға, зиянды іс – әрекеттен, ұрлық – зорлық, жатып ішер жалқаулық сияқты жаман әдет, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырады... »[1.65] – деп жазды.

Қазақ халқының ұлы ағартушы – педагогы Ы.Алтынсарин этикалық – эстетикалық тәрбие проблемаларын қозғайтын арнайы еңбектер жазып қалдырмағаны белгілі. Бірақ Ы.Алтынсариннің этикалық – адамгершілік көзарастары оның педагогикалық қызметінен көрініс тапқан. Оның «Қазақ хрестоматиясына» енгізілген материалдардың мазмұны тек танымдық, өнегелік, ақылгөйлік сипатқа қана ие емес, ол сондай–ақ жоғары этикалық – эстетикалық талғамның жан – жақты қалыптасып дамуына, әдемілікті түсіне білуге, сұлулықты сыртқы жылтырақтардан ажырата білуге, өзін – өзі ортада дұрыс ұстай білуге тәрбиелейтін және табиғатты сүюге тәрбиелеу туралы ықпалымен де ерекше құнды.

Жалпы Алтынсариннің тәрбие жайындағы ойлары, пікірлерінде ұлтық бояу, қасиет бар, себебі ол ұлттық педагогиканың мол мұрасын үлгі еткен. Қысқаша айтқанда, жазылмаған дала педегогикасы. Осы тұрғыда жазылған еңбектері бірнеше тақырыпты қамтиды: еңбекке тәрбиелеу, сол арқылы олақтық, жалқаулық, енжарлықты жасөспірімдер бойына жолатпау мақсатында; адамгершілік, этика, эстетика мәселелеріне ерекше назар аударған: инабаттылық, ізгілік, парасаттылық, ынсаптылық, ар – ұят, әдептілік, әділдік, талғампаздылық, үйлесімділік, әдемілік; жанұя тәрбиесіне, әсіресе бала тәрбиесіне, отбасылық қарым – қатынас, туыс – туғандар арасындағы сыйластық; бүгінгі күні бүкіл әлемдік проблема болып тырған табиғатты сақтау, оны сүю, үнем мен ұқыптылық жайлары да оның назарынан тыс қалмаған.

Ы.Алтынсарин қазақ жастарын оқытып – тәрбиелеу ісін ең басты мәселе деп қарады. Әңгімелерінің көркемдігі мен тілінен гөрі тәрбиелік мәні жоғары. Тәрбие арқылы қоғамды, өмірді өзгертуге болады, әділет арқылы адам өмірін жақсартуға болады деген ойлары анық байқалып тұрады. «Халық үшін қызмет ететін білімді адамдардаң қатарын көбейту арқылы қазақ қоғамының мешеулігін жоюға болады, сондықтан жастарды оқытып тәрбиелеу ісінен артық еш нәрсе жоқ», [2.23]– деп ой түйді. Адамның мінез – құлқымен жеке басының қалыптасуы тәрбиеге байланысты деп қараған Алтынсарин өзінің осы пікірін «Бақша ағаштары» әңгімесіде өте орынды келтірген. «Бағып қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, мұнан сен де өзіңе ғибрат алғайсың, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, ал сен айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзу кісі болып өсерсің, бағусыз бетімен кетсең қисық біткен ағаштай қисық өсерсің»,[3.29] – дейді. Бұл әңгіменің үзіндісі арқылы автордың педагогикалық көзқарасын айқын аңғарамыз. Бұдан біз «адам мінезін түзеп болмайды, сүйекке біткен мінез, сүйекпен бірге кетеді» деген теріс пікірге қарсы адамның жақсы, не жаман болуы тәрбиеге, өскен ортасының игі әсеріне байланысты деген қағиданы қуаттап отырғанын байқаймыз.

Ы. Алтынсариннің «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі» деген еңбегінде халқының малшылық өнерге жетік екенін айта келіп, ой – пікірі еркін, дарынды, ақыл – ой парасты да жоғары, ескі мәдениетті ел деп, халықтың салт – санасының, әдет – ғұрпының, психологиясының өзіндік ерекшелігі жайлы тебірене толғайды. Қазақ ауылында қыз ұзату, келін түсіру дәстүрімен байланысты атшабыс, балуан күрес, алтын қабақ ату, теңге алу, қыз қуу сияқты қызықты ұлттық ойын – сауықтар домбыра тарту, тарту, өлең айту, күйеу мен қалыңдықты таныстыруға арналған «Жар–жар», «Беташар», «Айт, келін» сияқты тұрмыс – салт жырлары мен ақындар айтысындағы өсиет – нақылдың, тәлімдік, жас келінге ізгі тілект: үлкенді сыйлау, «атаңды сыйла ол–сенің әкең, енеіді сыйла–ол сенің шешең, күйеуіңді сыйла–ол сенің өмірлік серігің» деген өсиеттер, кішілерге инабатты болу, үлкен–кішіге ат қою дәстүрлері, үлкенге иіліп сәлем беруі, орынсыз ойын – күлкіден, келеңсіз қылық пен бейберекет жүрістен жас адамның аулақ болуы, отбасы бірлігіне ұйтқы, себепкер болатынын айта келіп, қазақтың тұрмыс салт–дәстүрлерінінің үлгі–өнегелік жағын ашып көрсеткен.[4.89]

Жазушы–ұстаздың қысқа көлемді бір өткінші оқиғаға құралған, тағылымдық мәнін көзбен көргендей қылып түсіндіретін әңгімелері көп. Мысалы: «Өрмекші, құмырсқа қарлығаш» әңгімесі көлемі өте шағын болғанмен, тәрбиелік мәні орасан зор. «...шырағым, ол кішкентай жәдіктер саған өнеге. Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық табу ұшін. Құмырсқа бала–шағаларына тама аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан, үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдай тағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс жұмыстауға әдеттену керек»,[3.29] – дейді. Бұл ойы баланы қоғамдық өмірге, өнімді еңбекке тәрбиелеуде ата–ананың, бүкіл халықтың, қоғамның әсері мол екендігіне көз жеткізеді. Осындай шағын көріністерден бірте – бірте оқиға құрылған күрделі әңгімелерге көшеді. Тек балаларға, жасөспірімдерге ғана емес, ересектердің өздері де ғибрат аларлық тағылымдық мәні тартымды әңгімелер, шынайы көркем шығармалар. Бұл туындылар адамгершілік мәселелері күрделі философиялық тұрғыда көтерілген, қарапайым адамдардың күйкі тұрмыс қажеттілігінен бастап, олардың бір–біріне, өнерге, қоғамға, Құдайтағалаға дейінгі пенделік көзқарасына қатысты болсын, – бәрі бір реалистік тұрғыдан жоғары деңгейде баяндалатын әдеби асыл мұралар болып табылады.

Қазақ елі тарихындағы маңызы зор тұлға – Ы.Алтынсарин сонау қиын–қыстау кезеңде ғұмыр кешкен азаматтың халқы үшін атқарған қызметінің ауқымдылығы, жан–жақтылығы бүгін де кім–кімге үлгі боларлық. Ол жүрек қалауымен ұстаздық жолды таңдап, өзінің хаттарының бірінде ... Менің білімім өте аз, бірақ ешкім ешнәрсе істемесе, ешнәрсе де істелмейді дегедей, сол аз ғана біліміді іске асыруға тырысып жүрмін, – деп жазған, дәл осы сөздерді Ыбырай мектебінің түлегі, қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың мына бір өлең жолдарындағы:

Мен бұқтым, жаттым,

Сен бұқтың, жаттың,

Кім істемек қызмет? –

деген сауалымен үндестігі кездейсоқтық емес шығар. Бұл жалынды ойлардан өз елін шексіз сүйетін, өз халқына шын жанашыр азамат–ел ағаларын, патриот иелерін көреміз. Қазіргі патриоттық тәрбиеге үлгі, өнеге болатыны анық.

«Пайдалы нәрсенің бәріне жаны құмар халқымызға шамамыз келгенше қызмет ету – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» – Ыбырай Алтынсарин өзі айтқандай бүкіл өмірін пайдалы іске жұмсады. Ы.Алтынсарин үлгі еткен тәрбие, халықтық өнеге, жақсылық, адамгершілік бүгінгі өмірге де қымбат.



Пайдаланған әдебиет


  1. Қалиев С. Ы.Алтынсариннің таңдамалы педагогикалы мұралары. Алматы «Рауан» 2001ж.

  2. Ы.Алтынсариннің таңдамалы педагогикалық мұралары. Алматы, 1991ж.

  3. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. Алматы «Жазушы» 1988ж.

  4. Ыбырай Алтынсарин тағылымы: әдеби–сын мақалар мен зерттеулер. Алматы, «Жазушы» 1991ж.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Торебекова Гульнара Асхатовна

Дата: 22.01.2016

Номер свидетельства: 280813


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства