Ма?ала. "?лт тарихында?ы жар?ын т?л?аларды? бірі – Махамбет"
Ма?ала. "?лт тарихында?ы жар?ын т?л?аларды? бірі – Махамбет"
?лт тарихында?ы жар?ын т?л?аларды? бірі – Махамбет
Астана ?аласы
№60 мектеп-лицейіні?
?аза? тілі мен ?дебиеті
п?ні м??алімі
Сарсекулова А?бота Оралбай?ызы
Тарихтан м?лім жайтты? бірі, ХІХ ?асырды? бас кезінен бастап ?аза? хал?ыны? мойнына боданды? ?амыты мы?тап киіле бастады. Азатты??а ?мтыл?ан к?терілістер с?тсіз ая?талып жатты. Ел болу?а ?мтылып, е?сесін тіктеп ал?ан хал?ымызды? саяси-?леуметтік т?рмысы ?згеріп, тіршілік ше?бері тарыла т?сті. Ке? байта? даламызды? т?кпір-т?кпірінде орыс ?скеріні? мылты? даусы естіліп жатты, ?алаларды?, бекіністерді?, т?рмелерді? саны айдау?а, ?у?ын?а т?сіру к?шейе т?сті.
Б?л кезе?де ?дебиет те ?згеше сипат ала бастады, д?лірек айт?анда, «Х?ІІІ ?асырды? ая?ы мен ХІХ ?асырды? басында жыраулар поэзиясы ?лсіреп, ?аза? ?дебиеті дербес а?ынды? поэзия?а бет б?рды». Оны? бірнеше себептері бар болатын, атап к?рсеткенде халы? басына т?скен зобала?, ауыр ?ай?ы к?ні кешегі жыраулы? поэзияны енді халы? ?мірін жырлау?а, на?ты тарихи о?и?аларды суреттеуге итермеледі. Бейбіт кезе?дегі ?сиет, а?ыл-на?ыл енді ?лтты? рухты ?згеше сипатта, к?рескерлік к?ндер шежіресімен бірге жырлау?а итермелейді.
Б?л кезе? ?дебиеті академик С.?ирабаев атап к?рсеткендей, екі ба?ытта дамиды. Біріншісі – отаршылды? пен ?лтты? езгіге ?арсы к?рес поэзиясы, екіншісі – отаршылды? ?келген ауыр к?йді суреттейтін шарасызды? поэзиясы [1]. Осы кезе? ?дебиетінде ерекше із ?алдыр?ан, сан ?асырлы? тарихы бар батырлы? д?ст?рден ?лгі ал?ан, к?рескерлік поэзияны? басында т?р?ан Махамбет ?теміс?лы м?раларыны? ерекше м?ні бар. ?рине, Махамбет м?ралары бізге жеткен жо?, ал ?олда бар шы?армаларыны? дені оны? а?ынды? ?уаты к?рескерлік рухта екенін сан м?рте д?лелдейді. Осы ойымызды? ай?а?ындай пікірді белгілі сыншы, а?ынды? ?нерді ?те мол зерттеген ?алым Е.Ысмайылов т?мендегіше т?йіндейді: «?аза? ?дебиетінде Махамбет те, Абай да халы? а?ыны. Махамбет, Белинский ба?а берген Кольцов сия?ты, к?теріліс жаса?ан е?бекші шаруаларды? ?міріні? бір ?ана кезе?ін, сол к?теріліске байланысты ой сезімін, ерлік ?рекетін ?ана тере? тебіреніп шебер жырлады, біра? халы? ?міріні? барлы? саласын, б?кіл халы? тіршілігіні? сипатын толы? ?амти алмады»,- деп атап к?рсетті [2].
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ма?ала. "?лт тарихында?ы жар?ын т?л?аларды? бірі – Махамбет"»
Ұлт тарихындағы жарқын тұлғалардың бірі – Махамбет
Астана қаласы
№60 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі
Сарсекулова Акбота Оралбаевна
Тарихтан мәлім жайттың бірі, ХІХ ғасырдың бас кезінен бастап қазақ халқының мойнына бодандық қамыты мықтап киіле бастады. Азаттыққа ұмтылған көтерілістер сәтсіз аяқталып жатты. Ел болуға ұмтылып, еңсесін тіктеп алған халқымыздың саяси-әлеуметтік тұрмысы өзгеріп, тіршілік шеңбері тарыла түсті. Кең байтақ даламыздың түкпір-түкпірінде орыс әскерінің мылтық даусы естіліп жатты, қалалардың, бекіністердің, түрмелердің саны айдауға, қуғынға түсіру күшейе түсті.
Бұл кезеңде әдебиет те өзгеше сипат ала бастады, дәлірек айтқанда, «ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында жыраулар поэзиясы әлсіреп, қазақ әдебиеті дербес ақындық поэзияға бет бұрды». Оның бірнеше себептері бар болатын, атап көрсеткенде халық басына түскен зобалаң, ауыр қайғы күні кешегі жыраулық поэзияны енді халық өмірін жырлауға, нақты тарихи оқиғаларды суреттеуге итермеледі. Бейбіт кезеңдегі өсиет, ақыл-нақыл енді ұлттық рухты өзгеше сипатта, күрескерлік күндер шежіресімен бірге жырлауға итермелейді.
Бұл кезең әдебиеті академик С.Қирабаев атап көрсеткендей, екі бағытта дамиды. Біріншісі – отаршылдық пен ұлттық езгіге қарсы күрес поэзиясы, екіншісі – отаршылдық әкелген ауыр күйді суреттейтін шарасыздық поэзиясы [1]. Осы кезең әдебиетінде ерекше із қалдырған, сан ғасырлық тарихы бар батырлық дәстүрден үлгі алған, күрескерлік поэзияның басында тұрған Махамбет Өтемісұлы мұраларының ерекше мәні бар. Әрине, Махамбет мұралары бізге жеткен жоқ, ал қолда бар шығармаларының дені оның ақындық қуаты күрескерлік рухта екенін сан мәрте дәлелдейді. Осы ойымыздың айғағындай пікірді белгілі сыншы, ақындық өнерді өте мол зерттеген ғалым Е.Ысмайылов төмендегіше түйіндейді: «Қазақ әдебиетінде Махамбет те, Абай да халық ақыны. Махамбет, Белинский баға берген Кольцов сияқты, көтеріліс жасаған еңбекші шаруалардың өмірінің бір ғана кезеңін, сол көтеріліске байланысты ой сезімін, ерлік әрекетін ғана терең тебіреніп шебер жырлады, бірақ халық өмірінің барлық саласын, бүкіл халық тіршілігінің сипатын толық қамти алмады»,- деп атап көрсетті [2].
Шындығында да, Е.Ысмайлов атап көрсеткендей, саналы ғұмыры ат үстінде өткен Махамбет халық өмірін, оның бүкіл тіршілігін сипаттауға тереңдеп бара алмады, ал керісінше, көтеріліс ой сезімі, ерлік әрекеті мейлінше дәл сипатталды.
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім,
-деп тебіренген ақынның арман-мұраты тым биік еді, өкінішке орай «Махамбеттің көп күні құсалықпен өтті», соған қарамастан жауынгер ұл елі үшін атқа мінді, қаһарлы патшаға қарсы күреске шықты.
Қазақ халқы бостандық алу жолында көп құрбан болды, азаттық алып беру тым оңайға түспеді, тар өткел, қиын кезең, тайғақ асуларды бастан өткізген Махамбет:
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай.
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!
деп халық тілегін өз мүддесінен жоғары қоятын ерлерді үлгі тұтты және өзі де «жауға қалам мен найзаны бірдей сілтеген, көтерілістің әрі батыры, әрі ақыны» - болды. Алдаспандай жарқылдаған жырларын көтерілістің қаруы етіп пайдаланған ақын «қарындастың қамы үшін, қатын менен бала үшін» жан аянбай күресті. Өз жырларымен күресті күндердің тарихи шежіресін жасады.
Махамбет Өтемісұлы әдебиет, күрес майданына өр рухымен, асқақты жырымен:
Ту түбінен ту алған,
Жауды көріп қуанған,
Мен Өтемістің баласы
Махамбет атты батырмын, - деп бар дауысымен ұрандап келді [3]. «Толарқыстан саз кешіп» жүрсе де «қабақ шытпады», «тар жерде» тұрып та «тәңірі салған іске» таңданбады, халық қайғысын айтуда, хан ұлынан да тайсалмады.
Ақын жырларының ішінде ерекше орын алатын еңбектің бірі – Исатай батыр атынан айтылатын «Әй, Махамбет, жолдасым!» атты өлең. Майдан даласындағы сәтсіздіктің қарулы әскерге қарсы тұра алмай, жеңіліске душар болған сәттердің бірінде дүниеге келген өлең рухында ауыр өкініші, опасыз жалғанның беймаза күйлері жатыр.
Қорлықта жүрген халқыма,
Бостандық алып берем деп, - ұмтылған.
Махамбеттің елі үшін еткен еңбегі еш болды, жолбарыс жүректі батырлар жаудан өлім жатқанда уақытша аман қалған ақын күрсінісі, ақынның ащы қайғысы тым ауыр болатын:
Адыра қалғыр қу Нарын,
Талауға түсіп бүлініп,
Адамы қойдай қырылып,
Құлазып жер қалды – ау.
Қарағай, қайы, тал-терек.
Қалың орман ну қалды – ау.
Қиқулап құстар қонатын,
Суы тұнық көл қалды – ау!
Тәрбиелеп өсірген
Ата мен ана бұл қалды – ау!
Бұлардан жүдә қимайтын,
Енді менің нем қалды – ау!
Тек шықпаған жан қалды – ау!
ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында аса бір қиын кезең болып есте қалды. Отаршыл енді жер тағдырын, ел тағдырын, билік тағдырын өзінің пайдасына шеше бастады. Халық қимас мүлкінен еріксіз айрылып, жатты, Махамбетше айтқанда «тек шықпаған жаны қалды» күні кешегі жырау бабаларымыздың бірі Доспанбет:
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым өкінбен.
Ту құйрығы бір тұтам,
Тұлпар міндім өкінбен.
Туған айдай нұрланып,
Дулыға кидім өкінбен
Тұлымшағым төгілтіп,
Ару сүйдім өкінбен.
Бүгін соңды өкінбен
Өкінбестей болғанмын, - деп қандай асқақ, айбынды
сөйлесе, бүгінгі Махамбеттің зары, мұңы өзгеше естіліп жатты, ақынның «алақандай Нарында, мүккамалы шашылды» яғни бүкіл қазақ халқының мал-мүлкін, үй-жайын ойрандап, шашып жіберді, ақын қайғысының терең сыры осында жатыр [4].
Қандай қиын жағдаяттарды бастан кешіріп жүрсе де, ақын рухы аласармайды, ол халқының келешегіне, түптің – түбінде азаттық алатынына сенеді, сол себепті сабырға шақырады.
Ел шетіне жау келсе,
Азамат ердің баласы
Намысына шидай ма,
Жаттан көмек сұрай ма?!
Алланың не берері болжаусыз,
Жолдастарым, мұңай ма!!! – дейтін ақын келесі бір өлеңі
«Жайықтың бойы көк шалғында» тіпті батыл, сенімді сөйлейді, қазақтың ісі оңға басып қамалаған көп дұшпаннан азат болар күнді асыға күтеді. Қысқа өлеңді толық үлгіде келтірсек төмендегідей:
Жайықтың бойы көк шалғын,
Күзерміз де, жайлармыз.
Күлісті сынды күреңді
Күдірейтіп күнге байлармыз
Құдай істі оңдаса,
Ісім жөнге келгенде
Қамалаған көп дұшпан
Әлі де болса, қойдай қылып айдармыз.
Батыр Исатай, өр Махамбет айлалы, от қарулы, алдындағы әлсіз мемлекетті қоғадай жапырып, жеңіспен келе жатқан орыс отаршылдарының әскеріне қарсы «жалаң найза, бер атпен» күреске шықты. Әрине, күш тең емес еді. Қазақ арасында әр алуан іріткі саясат жүргізіп, ең бастысы халықтың бірлігін, ынтымағын жойған патша үкіметі ұлдарына қарсы, хан ұлдарын бұқара халыққа қарсы қойып, айдап салу саясатын ұстанған жаулаушылар бұл дәстүрін одан әрі де тереңдете, індете жалғастырды, әсіресе Кенесары қозғалысы тұсында. Әбден теперіш көріп, теңсіздік зардабын шеккен ақынның «Тілек» атты өлеңінің түйіні төмендегідей:
Ертеден кешке дейін зарласам,
Бермей не екен құдайым
Біздей тарыққан ердің тілегін?
«Ауыз омыртқаның түбінен» оқ тиген батыр тарыққан еліне алладан жәрдем тілейді, қасындағы қол созар көмектің жоқтығы Махамбетті мұңдайды. Ел басындағы қиын құбылысты өрен ақын қатарластырып, қалыптастырып, салыстырмалы түрде меңзеп суреттейді. Азаттық жолындағы күресте қатерлі күйге душар болған елдің басындағы қауіп-қатерді көрсету үшін әр алуан теңеуді алға тартады.
Айтылған ойдың дәлелі «Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ» өлеңінде төмендегіше өрбиді:
Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ,
Көлінде жатып көркеймес.
Өртенсе көлдің қоғасы.
Аруана мая күңіренер
Бауырдың өлсе баласы.
Суда жүзген нән балық
Шағала құсқа жем болар
Үзілсе көлдің сағасы.
Атадан қалған сауыттың
Шығыршығын тот басар
Жыртыла тозса жағасы.
Алысты меңзеп әр алуан құбылысты салыстырған ақын қасқалдақтың қоғасын аруананың баласын, балыққа керек көл сағасын суреттей келіп ақберен сауытты тот бастырмауды ойлайды. Қазақ басындағы алмағайып кезеңді әріден қозғап, тереңнен тамырлайды. Осы өлеңдегі бір жалғастықты «Мен едім» өлеңінде нақтылай түседі.
Ел құтқарар ер едім-
Жандаспай-ақ бір тынбан – деп, өзінің ешқашан да өліспей беріспейтінін түйіндеп өтеді.
Табиғатты тамылжытып, махаббатты, маңзатып, жаза алмаған Махамбеттің мұрасы бұл күндері басқа бір қырынан, азаттық енді жетіп, тәуелсіздік туын желбіретіп жатқан бұл тұста ерекше бір мақаммен, құрандай болып оқылуға тиісті «Еділі үшін егесіп, жайығы үшін жандосып, қиғашы үшін қырылып, тептері үшін тебісіп» өткен жауынгер ақын «теңдікті» бермеу үшін ғұмырын осы күреске арнады, сол жолда қапылыста мерт болды.
Шындығында келгенде күні кешегі кеңестік жүйе кезеңінде Махамбеттанудың көптеген ақтандақтары болғаны рас. Махамбет пен Исатай күресін хан Жәңгірге қарсы болған күрес деп танып келдік, тіпті әрі кеткенде Махамбет өлеңдеріндегі Исатай образына талдау жасаудан ары бара алмадық. Ел басына түскен зобалаңды, отарлап келгендердің өткен зорлығын көпе-көрнеу көрмедік, керісінше Махамбет осы тауқыметтің бәрін көріп өсті, сол дәуірді ғұмыр кешті, шыдамы таусылған халық ұлы көтеріліске шыққанда ардагер Исатай батырмен үзеңгілес болды, дем беруші, жігерлендіруші болды. «Ол Исатай батырмен бірге арыстандай ақырып, азаттық туын қолдаса көтеріп шықты. Азаттық үшін күрес Махамбеттің бүкіл өмірінің мазмұнына айналды». Туған халқының тағдырына араша түскен батыр ұлдың күреспен өткен күндерінің шындығына енді ғана көзіміз жетіп келеді.
Алтын тақты хандардың
Хандығынан не пайда,
Қаріп пенен қасірге
Туралық ісі болмаса?! – деп
Тебіренген ақын турашылдығымен де туғанына жақпай, тіпті хан Жәңгірмен келіспей атқа мінген сәттеріне көз жұмып қарай алмаймыз.
Халық жыршысы Махамбет көптеген батырлардың ерен ерлігін жырлай отырып, келешек ұрпақтың солардан үлгі алып, халық қамын ойлайтын азаматтар деген тілекті көздегені байқалады. Туған Отанын, туған елін, жерін шексіз сүюді Махамбеттей терең жырлаған ақын көп емес. Ол Отанды сүюді әскери мен азаматтық тұрғыдан қосарландыра қатар суреттеген ақын. Еліміздің болашақ ұрпағын патриоттық рухта тәрбиелеуде Махамбет Өтемісұлының ой- пікірлерінің маңызы ерекше.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
С.Қирабаев. Өмір тағдырлары. Алматы, 2006ж.
Е.Ысмайылов. Ақындар. Алматы, 1956ж.
Махамбет. Ереуіл атқа салмай. А., «Жазушы», 1989ж. 25-бет
Қазақ хандығы дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Құрастырған М.Мағауин. Алматы, 1993ж.
Махамбет. Ереуіл атқа салмай. А., «Жазушы», 1974ж.