Қазiргi кезде оқытудың күн тәртібінде “Шәкiрттердi нендей нәрсеге және қалай үйрету керек?”, яғни, оқыту мазмұны мен әдістемесі қандай болу керек деген сұрақтар тұр.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мағналы өмір сүру үшін оқып-үйрену»
Мағналы өмір сүру үшін оқып-үйрену
«Адамға оқып-үйрену өмірде болу,
өмір сүру үшін қажет»
Қазiргi кезде оқытудың күн тәртібінде “Шәкiрттердi нендей нәрсеге және қалай үйрету керек?”, яғни, оқыту мазмұны мен әдістемесі қандай болу керек деген сұрақтар тұр.
Адам өзі үшін мағыналы деп шешкен нәрселер ғана оны өзіне тартып, оның қызығушылығын тудырады. «Қызық» дегеніміз адамның жеке басының мүддесін ескеретін, «МЕН» тұрғысынан маңызы бар нәрсе. Сол себепті де білімнің барлық жүйелері әр адам үшін маңызды деген өмірлік проблема немесе проблемалар жиынтығы төңірегінде шоғырланады.
Ұстаздың басты мақсаты: шәкіртке сабақтағы әңгіменің (тақырыптың) оған қажетті (ол мағыналы деп есептейтін) нәрселер жайында болатындығын сезіндіру.
Ал оқытудың жаңашыл жобаларының философиясы бойынша ақпараттың барлық жиынтығын оқып білу адам мүмкіншілігінен тыс жатыр және де оқыту мен танымның басты мазмұны ақпаратты игеруде емес.
Болашақ өмірде кезігетін нақты проблемалар мен қиыншылықтардың қандай болатындығы туралы ешкімнің де дерегі жоқ, қазіргі аласапыран, күнделікті өзгеріп отырған дүниеде олар жайында тіпті болжам жасаудың өзі де неғайбыл және қажеті шамалы дүние. Сондықтан да оқыту процесінде басты салмақ оқытушыдан оқушыға ауыстырылуы жөн, оқушы “Жоғарғы оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережелері” екінші тармағының 51 бабында көрсетілгендей “оқыту процесінің басты субъектіне” айналуы тиіс. Үйрету мүмкін емес, тек үйренуге болады.
Сөйтіп оқыту мен үйрену процесінің негізін белсенді іс-әрекеттер құрауы керек, оқушы тарапынан тек белсенді түрде меңгерілген білім ғана маңызды әрі тиімді.
Олардың бірі келесідей: оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игерiп, өз өмiрiне жарата алатын әмбебап тәсiлдерді үйренуі керек.
Мұндай жағдайда ақпарат оқытудың нәтижесi емес, оның бастапқы кезеңiне айналады: оқушы осы мәліметті түсініп, талдап, оны өзінің әлеуметтік тәжірибесі тұрғысынан бағалай отырып,соның негізінде өзінің түсінігі мен түйсінуімен байланысты жаңа білім құрастыруға дағдыланады, оны өз керегіне жарата алады. Сөйтіп оқыту процесінде оқушы бiлiмдi игеру және жаңа білім құрастыру дағдылары мен әдiстемесiне үйренеді.
Оқытудың басты мақсатын дәстүрлі білім берудің “өмiр бойы азық боларлықтай бiлiм беру” деген үлгiсiнен “өмiр бойы оқып үйрену” қағидасына ауыстырады. Осы ұстанымның көпшiлiк назарына соңғы кезде ұсынылған Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту тұжырымдымасында да орын алған.
Әрине, күнделікті дамып, өзгеріп отыратын өмірде барша білімді игеру мүмкін еместігінен туындайтын бұл үрдіс өте орынды: оқушының қандай да болмасын ақпаратты, білімді өздігімен үйрену дағдысын игеруге жетелеу өте тиімді жол.
Оқытуда негізгі салмақты нәтижеден процеске ауыстыру керек. Басқаша айтқанда, білім беруде басты мақсат “не нәрсеге оқыту”, яғни мазмұн емес, “қалай оқыту”, яғни әдістеме, сабақ барысының өзі.
Көне грек философы Платон өз кезінде танымды, білім алуды еске түсіру деп түсіндірген екен: білім әр адамның бойында, ол туа біткен қасиет; таным мақсаты тек сол білімді еске түсіруде. Бұл ұстаным ұстаздан шәкіртке білімді тасымалдаудың мүмкін еместігін аңғартады: әрбір адам өздігімен білімді игермесе, яғни есіне түсірмесе, ол ешнәрсеге де үйрене алмайды.
Жан-Жак Руссо өзінің “Эмиль, немесе тәрбие туралы” деген кітабында баланы өмір сүруге үйрету керек деп жазған екен. Өмір сүру – адамның ең басты мақсаты мен міндеті, ол дегеніңіз өмірдің әрбір мезетін, әрбір көрінісін толыққанды, бар мүмкіншіліктеріңмен, мүшелеріңмен сезіну: дана деп көп ғұмыр сүрген адамды емес, өмірді жан-жақты сезіне білген адамды атамаймыз ба?! Сондықтан да бала мектеп табалдырығынан қандай да бір ғылым иемденіп қана емес, бірінші мезетте адам болып шығуы қажет. Ол өз жүрегі мен жанын өмірге және басқа адамдарға айқара ашқан, жалған қағидаларды ұстанбайтын, дүниеге өзіндік көзқарасы бар тұлға болуы керек.
Өз өміріңмен сүру – өзің үшін өмірде қалдырылған “кетікті” табу деген сөз, өз өміріңмен сүру - басқалардың айтқан сөзін, істеген істерін, өмірдің барлық нышандарын өздігіңше сезіну және түсіну. Философ Мераб Мамардашвилидің пікірі бойынша, біздің бүкіл Әлеммен қарым-қатынасымыз осындай түсініктен құралады. Түсіну деген әлемдегі өз орныңды табу, өйткені сенің түсінігің әлемнің бір бөлігіне айналады. Білім өздігінше өмір сүрмейді, ол әрқашанда біреудің түсінігінен орын алады; білім прогресі мен дамуы басқа адамның басқаша түсінуінен құралады. Өздігінше түсініп қана әр адам осы әлемнен өз орнын табады.
Қарым-қатынас идеясы бiзге әсте де жат ұғым емес. Пәлсапашы Қанат Нұрлановтың пайымдауынша, бұл идея қазақ ұлттық философиясының негiзiнде жатыр. “Өмiр мәнi – араласу, қатынасу, iштесу, қауышу, дидарласу, жүздесу, яғни, түсiнiсу”,- деп түсiнген ата-бабаларымыз осы әрекеттер арқылы басқаға деген ыждаһат пен ықылас қалыптасатындығына көздерiн жеткiзген.
Соңғы кезде жиi келтiрiлетiн Ысты Бөлтiрiк шешеннiң келесi сөздерiнде де осы терең мағыналы идея жатыр:”Қарт шешеннен:”Өмiрдiң мәнi не: бала ма, бақ па, дәулет пе?”- деп сұрағанда, ол былай деп жауап берген екен:”Бала деген артта қалған iз емес пе, бақ деген аспанда ұшқан құс емес пе, дәулет деген қолда ұстаған мұз емес пе? Бұл өмiрдiң мәнi сiз бен бiз емес пе?!”
Ал қарым-қатынаста әрбiр оқушының өзiндiк өмiр тәжiрибесiнiң алатын орны ерекше. Жазба жұмыстары қандай да бiр абстракциялы тақырыпқа иек артпай, оқушылардың өмiр тәжiрибесiне негiзделсе, бұл әрекеттердiң қызығушылық пен ықылас туғызатындығы сөзсiз.
№ 23 мектеп-лицейдің орыс тілі пән мұғалімі Кабашева К.Б.