kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«К?шпенділер», «Алтын Орда» - І. Есенберлин шы?армаларыны? шо?ты?ы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

І. Есенберлин — ?аза? ?дебиетінде ал?аш?ы болып тарихи зерде тамырына ?ан ж?гіртіп, т?ншы??ан сананы ?апастан шы?ару?а жол сал?ан, ?лт рухын тірілткен жазушы ретінде ?аза? ?дебиетіні? тарихында о?шау орны бар т?л?а.

Ол – тарихи деректерді тере? ме?герген с?з зергері ?рі сол заман?а сай тарихи сипатты на?ты к?ре білген зерделі ?аламгер. ?амшыны? сабындай ?ыс?а ??мыр?а ?асырлар?а жетер ?уат ?осты. ?аза? тарихы, ?аза? ?дебиеті, ?аза? ?ауымы дамуды? дара биігінде орны бар, ?згені? ?ресіне де, с?ресіне де к?ле?кесін т?сірмей, к?сіліп жат?ан рухани, м?дени, геосаяси ?рісі бар елді? болмысымен ?айтадан ?ауышты.

?азіргі ?аза? ?о?амы ?аза?стан Республикасыны? Президенті

Н.?. Назарбаевты? «М?нгілік Ел» идеясын негізге ала отырып, т?уелсіз ?лтты? мемлекеттік ??ымын ?лы?тауда. Осы жолды? кейбір ба?ыттарын ?ткен ?асырды? е? ?иыны да, шыр?ала?ды кезе?деріне Ілияс Есенберлинні? ?алам ?шынан келген е?бектерінен де тану?а болатынды?ы с?зсіз.

           Тарихи шы?армаларды? ?мір таныт?ышты? м?нін айт?ан кезде, онда б?гінгі рухани тіршілігімізге ?атысты к?п м?селелер ?амтылатынын ескеру керек.

І. Есенберлинні? «К?шпенділер», «Алтын Орда» романдарын ?ткенді айта отырып оны ?азіргі ?мір ??былыстарына байланыстыра білу – к?ркем шы?арманы? ?зектілігін арттыратын к?ркемдік фактор екенін д?лелдейтін, уа?ыт рухы к?рінетін, жа?а концепция ?келген шы?армалар деуге болады.

              «К?шпенділер» ?аза? хал?ыны?, ?лтты? тарихыны? бастау к?зі беріде емес, ?ріде жат?анды?ына ж?н сілтеді. Б?кіл бір халы?ты? ?мір-тарихы ?мытылып бара жат?анды?ын еске сала отырып, о?ан кін?лі — коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, ?мір а?ысы бас?а арнамен а?ып бара жат?анды?ын, тарих беттері б?рмалан?анды?ын к?ркем тілмен бейнелеп берді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««К?шпенділер», «Алтын Орда» - І. Есенберлин шы?армаларыны? шо?ты?ы»»

«Көшпенділер», «Алтын Орда» -

І. Есенберлин шығармаларының шоқтығы»


«І. Есенберлин қазақ әдебиетінің ғана емес,

қазақ халқы тарихының төрінен лайықты

орын алатын дара тұлға...»

Н. Назарбаев


І. Есенберлин — қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, тұншыққан сананы қапастан шығаруға жол салған, ұлт рухын тірілткен жазушы ретінде қазақ әдебиетінің тарихында оқшау орны бар тұлға.

Ол – тарихи деректерді терең меңгерген сөз зергері әрі сол заманға сай тарихи сипатты нақты көре білген зерделі қаламгер. Қамшының сабындай қысқа ғұмырға ғасырларға жетер қуат қосты. Қазақ тарихы, қазақ әдебиеті, қазақ қауымы дамудың дара биігінде орны бар, өзгенің өресіне де, сөресіне де көлеңкесін түсірмей, көсіліп жатқан рухани, мәдени, геосаяси өрісі бар елдің болмысымен қайтадан қауышты.

Қазіргі қазақ қоғамы Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Мәнгілік Ел» идеясын негізге ала отырып, тәуелсіз ұлттық мемлекеттік ұғымын ұлықтауда. Осы жолдың кейбір бағыттарын өткен ғасырдың ең қиыны да, шырғалаңды кезеңдеріне Ілияс Есенберлиннің қалам ұшынан келген еңбектерінен де тануға болатындығы сөзсіз.

Тарихи шығармалардың өмір танытқыштық мәнін айтқан кезде, онда бүгінгі рухани тіршілігімізге қатысты көп мәселелер қамтылатынын ескеру керек.

І. Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» романдарын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу – көркем шығарманың өзектілігін арттыратын көркемдік фактор екенін дәлелдейтін, уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция әкелген шығармалар деуге болады.

«Көшпенділер» қазақ халқының, ұлттық тарихының бастау көзі беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі — коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп берді.

Жәнібек пен Керей сұлтанның қазақ мемлекеттігін құрған алыс жылдардың ара қашықтығын алып жатқан аласапыран ғасырлардың аяғынан шалып, тобығынан қағып келген тосын жаудан да жаман болғанын білмейтін қазақ баласы жоқ десек, сол қазақ топырағында туған ұлы кітаптың санатындағы «Көшпенділердің» тереңнен тартқан тарихи болжамдарында да, келер ұрпаққа ескертер дара дабылдарында да бірлік ұраны алтын арқау болып тұрғанын байқау онша қиын емес.

Шығарма кейіпкерлері ретінде негізін тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы, халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар. Бұлар — ел есінде сақталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар. «Көшпенділер» трилогиясы — партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма.

Ал «Алтын Орданың» жанрлық ерекшелігі өз алдына жеке бір мәселе. Трилогияның көп жерлері тарихи аңыздардан құралғанын көреміз. Ел арасында айтылып қелген аңыз, әңгіме, тәсілді суреткер еркін пайдаланған. Ғасырлар бойында халық санасында екшелген тарихи аңыздың өзі бағалы, тартымды шығарма ғой. Өткен тарихты майын тамызып ауызша айтып беретін адам болса, қазірде де тыңдаймыз. Ал оның үстіне жазба әдебиеттің талдағыштық, аналитикалық сыпаты қосылғанда құбылыстардың нағыз диалектикасы көрінеді. Трилогияда тарихи аңыз қаһармандарының портретінен бастап, ішкі монологтарына дейін кездестіреміз. Роман—тарихи аңыздың жаңа түрі, аңыз роман, шежіре роман болып шыққан.
Бұл көрсетілгендерден тағы да бір маңызды заңдылықты танығандай боламыз. Аса күшті, тамырын тереңге тартқан дәстүрі бар қазақ ауыз әдебиеті жазба әдебиетімізді көп жағынан байытып, көркейте алатындығы аңғарылады. «Қалауын тапса қар жанады» дегендей, тарихи аңыздың тарихи романға ұласып, жазба әдебиеттің шарттарына сәйкестеніп отыратынын көреміз.

«Алтын Орда» трилогиясы халқымыздың тарихына, тағдырына тікелей қатысты болған бір кездегі Алтын Орда мемлекетінің, оны басқарған айбарлы хандар мен атақты билердің, тарихтың қозғаушы күші бұқара халықтың басып өткен жолынан мол мағлұмат беретін тағылымды, тартымды шығарма.

Иә, өткен дәуір, өшкен өмір елестерін қайта тірілтіп, сан әрекет, сансыз істердің мәнге ие болар тұстарын ғана сұрыптап талғай білудің өзі оңай емес екені түсінікті жай. Ал жеті ғасырға жуық мезгілді қамтитын кемел еңбектің кемерін тауып, сан тарау жолдың түйісер тұсын межелеу, сан сала бұлақтың тоғысар арнасын абайлау тарлан талант қана көтеретін жүк. Арынды мінез, арқалы дарынның ғана қолынан келетін «Көшпенділерде» қазақ хандығының ХҮ-ХІХ ғасырлар арасындағы тарихы суреттеліп, халық өмірін бейнелейтін орасан үлкен оқиғалар, түрлі байланыстар, сан алуан адамдар тағдыры әдеби бейнеге айналып, көркемдік тұрғыдан баяндалады. Осылайша қазақ хандығының ХҮ-ХІХ ғасыр арасындағы құрылу мен қалыптасу процесінің, жоңғар басқыншыларына қарсы күресінің, Кенесары бастаған қозғалыстың себеп-салдары, сыр-сипаты мен ақиқаты, қамтылған қомақты-қомақты кезеңдерін «Көшпенділер» трилогиясына арқау еткен жазушы, тарих қойнауына бойлай түсіп, ХІІІ-ХҮ ғасыр аралығын шежірелеп беретін «Алтын Орда» трилогиясын жазып шықты.

«Алтын орда» деген географиялық атау, өткеннің бұлдыр елесі емес, нақтылы кұрамы, билеу жүйесі бар ел екендігі, ол мемлекеттің басында дарын, қайрат, қабілеті күшті қайраткерлер де, ата даңқына малданған, ұсақ мінезді, қара басының мүддесі үшін ғана бәрін сатып жіберетін опасыз, күйкі жандар да отырғаны жүректі сыздатып, сананы сан-саққа бұратын әсерлі қалыпта қатар түзейді. Халық қолдамаған, бейбітшілікке, еңбекке, әділетке негізделмеген әкімшіліктің өмірі ұзақ болмайтынын ұқтырады. Жалпы мемлекеттік емес, жеке бастың қамынан шыққан мақсат әрқашан опасыздыққа апарып соғатындығын еске салады.

Тарихи дәуірлердің көркем бейнесін жасап, ой қорытып, келер күндер елесін де болжай алған, тіпті сол күндерге эпопея беттеріндегі суреттелген түрлі оқиғалар арқылы кейінгі ұрпаққа бағыт беруді, ой тастауды мақсат еткен І.Есенберлин кемеңгерлігін бүгін де жасыруға болмас.

Ілияс Есенберлиннің жеке басы өз халқы тарихының өте тереңдегі тамырына шым батып, нәр алғанын, сонымен бірге табиғи дарынының арқасында болашақты болжай білген өте күрделі тұлға екендігіне көз жеткіздік. Өзінің творчествосын лирикалық жанрда бастаған ол сол заман үшін өте қауіпті тақырыптарға ойысып, халқының бес-алты ғасырдан бергі өмірін көркем бейнелей отырып, тарихи деректерден ауытқымаған өте пайдалы, танымды, тартымды, сонымен бірге ұлттың патриоттық, отансүйгіштік рухын оятқан ерен шығармалар жазып шықты.

ЕЛІМ, ЖЕРІМ, ҰЛТЫМ деген ауыр жүкті арқалап, өмір мұхитынан жүзіп өтіп, оларды МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ жеткізуді армандаған Ілияс Есенберлин бүгін арамызда жоқ болғанымен оның шығармалары бүгінгі күні қиыршық алтынның үлкен кесекке айналғандығындай бүгінгі өскелең ұрпақтың қажеттіне жарап, мүддесіне толық сай болып, керегін толтырып отыр. Сонысымен де ол бізге қымбат.



























Алматы облысы

Текелі қаласы






БАЯНДАМА ТАҚЫРЫБЫ:



«Көшпенділер», «Алтын Орда» -

І. Есенберлин шығармаларының шоқтығы»


Құрастырған:

КММ «№4 орта мектебінің»

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ш.Қ. Маликова




















2015 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
«К?шпенділер», «Алтын Орда» - І. Есенберлин шы?армаларыны? шо?ты?ы»

Автор: Маликова Шолпан Касымовна

Дата: 29.02.2016

Номер свидетельства: 300496


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства