kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Халық даналығына баулудағы мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні" тақырыбындағы ғылыми жұмыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Зерттеу жұмысының мақсаты – Талдау, саралау  негізінде ұтқыр, дәл айтылған тіркестерде берілген қазақ халқының  тілінің жалпы  және  жеке  ерекшеліктерін анықтау;  ұлттық мінез-құлықтың мақал-мәтелдерде айтылған  өзіндік  ерекшеліктерін зерделеу.                                                                        

Зерттеу жұмысының міндеттері – Студенттердің сөздік қорын дамытуға  және жеке  өмірлік тәжірибесін кеңейтуге  ықпал ететін қазақтың  тіл  шығармашылығының  бірегей  формасы,  мақал-мәтелдердің тақырыптарын зерделеп, мәнін  ашу.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер тек қана мектептердің ғана емес, сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының әлемдік өркениеттің барлық талаптарына сай келетін, парасатты, тәрбиелі жастарды тәрбиелеп шығаруын талап етуде. Бұл Отанымыздың келешек дамуымен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуымен, қазіргі колледж студенттерінің білім дәрежесімен, шығармашыл ойлай алу қабілеттерімен сабақтаса орайласады. Осыған орай білім беру салаларында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдану жұмыстары жедел қарқынмен жүруде.

         Мақал-мәтелдер негізінен халық аузында ауызша сақталған. Ал, оларды нақты жинап, қағаз бетіне түсіру, баспасөз беттерінде жариялау – XVIII ғасырдың II жартысынан басталады. Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Шоқан Уәлиханов. Шоқан Уәлихановтың «Таңдамалы шығармалар» еңбегіндегі біршама мақал-мәтелдер әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Сол уақыттан бері қазақ мақал-мәтелдері түрлі жинақтарда, хрестоматияларда жазылып, жарияланып келді. 
Мақал-мәтел – әрі қысқа, әрі нұсқа айтылған сөз мәйегі, ой маржаны. Мақал-мәтел бір ғасырдың ғана жемісі емес. Олардың алғашқы үлгілері есте қалмаған, өзінің қалыптасу, даму, өсу процесінде әр түрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес өзгеріп, жаңарып отырған. Мақалдар мен мәтелдерде айтылмайтын, сөз болмайтын өмір саласы жоқ десе де болады. Мақал-мәтелдерден халықтың ой-санасы, дүниеге көзқарасы, ақыл- өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, түр жағынан ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан салалы құбылыстарына баға беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі негізінде пікір айтылады. Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, шебер беруге тырысқан. Сөйтіп, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, қорытып береді. Онда халық тарихы, әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі кең көрініс тапқан.  Мақал менен мәтелдерде халқымыз жақсылық пен жауыздықты, адамдық пен арамдықты, еңбеккерлік пен еріншектікті, жомарттық пен сараңдықты салыстыра сөз етеді, жамандық пен жауыздық қылықтардың барлығын батыл сынап,  жұртшылыққа адамгершілікке тән мінез, қылықтардың барлығын ұсынады.  Өкінішке орай, қазіргі уақытта ғылым мен техниканың дамуына байланысты біз дайын құндылықтарға әбден үйреніп, төселіп кеттік. Олар – әлемдік интернет өнімдері, электрондық өнімдер, т.б. Сөз жоқ бұл құндылықтардың да өмірде алатын орны зор. Дегенмен, адамдардың арасындағы «тірі» қарым-қатынасқа жетпейді. Көпшілігіміздің сөйлеу мәдениетіміз, сөздік қорымыз, ұтқыр, ойлы сөйлеу шеберлігіміз кемшін түсіп жататыны жасырын емес. Сондықтан халқымыздың мақал-мәтелдерінің тақырыптарын, мән-мағынасын зерттеп, зерделеуді осы зерттеу жұмысымның өзекті мәселесі ретінде алдым. Себебі ата-бабаларымыз тобықтай түйінмен-ақ адамға дұрыс жол сілтей алған. Мақалдар мен мәтелдерде адамның жан-жақты тәрбие алуына үлкен мән берген, тәлім-тәрбиені мақал-мәтел арнасына шеберлікпен сыйғыза білген. Мақалдар мен мәтелдер тапқырлыққа баулиды, шеберлікке, шығармашылыққа бастайды, көркем сөз табиғатына жетелейді әрі ұшқыр, көңілге қонымды, ойлы, бейнелі сөйлеуге үйретеді, сөйлеу мәдениетін дамытады.  Оның үстіне мақалдарымыз бен мәтелдеріміз тіл үйренуде, сауатты жазып, ойды көрікті әрі көркем етіп жеткізуде, тіл сауаттылығына баулуда ең тиімді, ең құнды құрал ретінде де маңызы зор деп есептеймін. «Мақал – сөз атасы». Олар сөз дәлдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Халық даналығына баулудағы мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні" тақырыбындағы ғылыми жұмыс»

«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы»ММ

Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы

«Ақтөбе медициналық колледжі» МКҚК







Тақырыбы: Халық даналығына баулудағы

мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні




















































Орындаған: Достанова Іңкәр

204 «Мейіргер ісі» тобының студенті

Жетекшілері: Мысаева Г.Ж., Адисова Н.А.

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары


Ақтөбе 2018 ж.

Мазмұны


Кіріспе

1. Мақал – мәтел туралы

1.1.Тақырыптың өзектілігі мен мақсат-міндеттері,оның орындалу жолдары


2.Зерттеу бөлімі

2.1 Мақал – мәтелдердің құрылымдық ерекшеліктері

2.2.Мақал мен мәтелдің ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату

2.4 Халық даналығына баулудағы мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



































Кіріспе


Зерттеу жұмысының мақсаты – Талдау, саралау  негізінде ұтқыр, дәл айтылған тіркестерде берілген қазақ халқының  тілінің жалпы  және  жеке  ерекшеліктерін анықтау;  ұлттық мінез-құлықтың мақал-мәтелдерде айтылған  өзіндік  ерекшеліктерін зерделеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері – Студенттердің сөздік қорын дамытуға  және жеке  өмірлік тәжірибесін кеңейтуге  ықпал ететін қазақтың  тіл  шығармашылығының  бірегей  формасы,  мақал-мәтелдердің тақырыптарын зерделеп, мәнін  ашу.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер тек қана мектептердің ғана емес, сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының әлемдік өркениеттің барлық талаптарына сай келетін, парасатты, тәрбиелі жастарды тәрбиелеп шығаруын талап етуде. Бұл Отанымыздың келешек дамуымен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуымен, қазіргі колледж студенттерінің білім дәрежесімен, шығармашыл ойлай алу қабілеттерімен сабақтаса орайласады. Осыған орай білім беру салаларында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдану жұмыстары жедел қарқынмен жүруде.

Мақал-мәтелдер негізінен халық аузында ауызша сақталған. Ал, оларды нақты жинап, қағаз бетіне түсіру, баспасөз беттерінде жариялау – XVIII ғасырдың II жартысынан басталады. Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Шоқан Уәлиханов. Шоқан Уәлихановтың «Таңдамалы шығармалар» еңбегіндегі біршама мақал-мәтелдер әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Сол уақыттан бері қазақ мақал-мәтелдері түрлі жинақтарда, хрестоматияларда жазылып, жарияланып келді. 
Мақал-мәтел – әрі қысқа, әрі нұсқа айтылған сөз мәйегі, ой маржаны. Мақал-мәтел бір ғасырдың ғана жемісі емес. Олардың алғашқы үлгілері есте қалмаған, өзінің қалыптасу, даму, өсу процесінде әр түрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес өзгеріп, жаңарып отырған. Мақалдар мен мәтелдерде айтылмайтын, сөз болмайтын өмір саласы жоқ десе де болады. Мақал-мәтелдерден халықтың ой-санасы, дүниеге көзқарасы, ақыл- өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, түр жағынан ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан салалы құбылыстарына баға беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі негізінде пікір айтылады. Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, шебер беруге тырысқан. Сөйтіп, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, қорытып береді. Онда халық тарихы, әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі кең көрініс тапқан.  Мақал менен мәтелдерде халқымыз жақсылық пен жауыздықты, адамдық пен арамдықты, еңбеккерлік пен еріншектікті, жомарттық пен сараңдықты салыстыра сөз етеді, жамандық пен жауыздық қылықтардың барлығын батыл сынап, жұртшылыққа адамгершілікке тән мінез, қылықтардың барлығын ұсынады.  Өкінішке орай, қазіргі уақытта ғылым мен техниканың дамуына байланысты біз дайын құндылықтарға әбден үйреніп, төселіп кеттік. Олар – әлемдік интернет өнімдері, электрондық өнімдер, т.б. Сөз жоқ бұл құндылықтардың да өмірде алатын орны зор. Дегенмен, адамдардың арасындағы «тірі» қарым-қатынасқа жетпейді. Көпшілігіміздің сөйлеу мәдениетіміз, сөздік қорымыз, ұтқыр, ойлы сөйлеу шеберлігіміз кемшін түсіп жататыны жасырын емес. Сондықтан халқымыздың мақал-мәтелдерінің тақырыптарын, мән-мағынасын зерттеп, зерделеуді осы зерттеу жұмысымның өзекті мәселесі ретінде алдым. Себебі ата-бабаларымыз тобықтай түйінмен-ақ адамға дұрыс жол сілтей алған. Мақалдар мен мәтелдерде адамның жан-жақты тәрбие алуына үлкен мән берген, тәлім-тәрбиені мақал-мәтел арнасына шеберлікпен сыйғыза білген. Мақалдар мен мәтелдер тапқырлыққа баулиды, шеберлікке, шығармашылыққа бастайды, көркем сөз табиғатына жетелейді әрі ұшқыр, көңілге қонымды, ойлы, бейнелі сөйлеуге үйретеді, сөйлеу мәдениетін дамытады.  Оның үстіне мақалдарымыз бен мәтелдеріміз тіл үйренуде, сауатты жазып, ойды көрікті әрі көркем етіп жеткізуде, тіл сауаттылығына баулуда ең тиімді, ең құнды құрал ретінде де маңызы зор деп есептеймін. «Мақал – сөз атасы». Олар сөз дәлдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.

Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Олар халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды. Мақал-мәтелдердің басты тақырыбының бірі – Отан, туған жер, атамекенге байланысты. Мақал-мәтелдердің үлкен бір саласы еңбекке арналған. Халық еңбекті әр уақытта ардақтап, бүкіл игіліктің көзі деп таныған. Бұл «Еңбек түбі – береке», «Еңбек етсең, емерсің», «Ер дәулеті – еңбек», «Бейнет, бейнет түбі – зейнет деген мақалдардан айқын аңғарылады. Халық еңбек пен бақытты егіз деп қараған. Адамды ер атандырып, құрмет, қуанышқа жеткізетін де еңбек деп білген. «Еңбегіне қарай – құрмет, жасына қарай – ізет», «Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік мұратқа жеткізер», «Еңбек еткен – мұратқа жеткен», «Әрекет болмай, берекет жоқ», «Еңбексіз рақат жоқ», «Бір еңбектің көп рақаты бар», «Біткен іс – піскен жеміс» деп, халық еңбекті мейлінше дәріптеген.  Сонымен қатар жалқаулықты, еріншектікті мінеген. «Ақымақ күлкіге тоймас, жалқау ұйқыға тоймас», «Жұмысы жоқтық – ырысы жоқтық», «Еріншектің егіні піспес», «Еңбек адамды бүтіндейді, жалқаулық адамды түтіп жейді», «Жақсы болар жігіттің жұмыссыз жүрген күні жоқ, жаман болар жігіттің еш жұмысқа қыры жоқ» деп, халқымыз жалқаулықты шеней отырып, еңбек адамының беделін биіктетіп отырған. 
Қазақ мақал-мәтелдері – ертек, аңыз-әңгіме, батырлық-ғашықтық жырлар, қара өлеңдер  секілді халық шығармаларымен қатар  жасап келе жатқан көне жанр. Олай дейтініміз ХІІ-ХІІІ ғасырлардан сақталған сирек жазба деректерде мақал-мәтелдерді кездестіруге болады. Мәселен, Орхон жазуларында: «Жырақ болса жаман сыйлық берер, жақын болса жақсы сыйлық берер», «Бастыны еңкейткен, тізеліні бүктірген» («Күлтегіннен»), «Жұқаны топтау оңай, жіңішкені үзу оңай», «Өлімнен ұят күшті» («Тоныкөктен») деген мақал-мәтелдерді кездестіреміз. Ал Махмұт Қашқаридің «Дивани лұғат – ат түрік» сөздігінен: «Ұлы болсаң кішік бол, халық үшін бәлік бол», «Кісі аласы ішінде, жылқы аласы сыртында», «Тай ат болса – ат тынар, ұл ер болса – ата тынар» дейтін мақалдарды [4], ал «Құдатғу біліктен»: «Біліп сөйлеген білікке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр», «Ауыздан бірде от, бірде су шығар, бірі жанса, бірі сөндірер» дейтін мақал-мәтелдерді оқимыз.

   Алайда  ертедегі құлпытастарда, сирек кітаптарда жазылып қалған бірен-сарандары  болмаса, қазақ мақалдары мен  мәтелдері, негізінде, халық жадында  ауызша айтылып сақталған.

    Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты  материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы – ХІХ ғасырдың екінші жартысы – Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең – оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.

    Қазақтың  мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Шоқан Уәлиханов. Ш.Ш.Уәлиханов пен Л.И.Березин  архивтерінде ХІХ ғасырдың елуінші  жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтел сақталған. Солардың ішінде күні бүгінге дейін құнын жоймаған «Ақыл – дария, көңіл – дүлдүл», «Тотықұс бойын көріп сырланады, аяғын көріп қорланады» деген сияқты ондаған мақал бар. Сол уақыттан бері қазақ мақал-мәтелдері әр түрлі жинақтарда, хрестоматияларда жазылып, жарияланып келеді. Қазақ фольклорының басқа түрлерімен бірге (кейде дербес) оны жинап жариялаушылар: Ш.Ибрагимов, М.Терентьев, Ы.Алтынсарин, Я.Лютшь, Ф.Плотников, Н.И.Гродеков, А.А.Васильева, П.М.Мелиоранский, А.А.Диваев, Н.Ф.Катанов, Н.Н.Фантусов, В.В.Катаринский т.б. болды.

    Қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары, соның  ішінде мақал-мәтелдер жарияланған  Орынборда 1879 жылы шыққан, 1906 жылы толықтырылып қайта басылған Ыбырай Алтынсарин хрестоматиясының алатын орны ерекше.

    Хрестоматияда қазақ мақал - мәтелдерінің ең таңдаулары іріктеліп жарияланған және адам туралы, әйел, бала, ата - ана мен туыстар, байлық пен кедейлік, достық пен  денсаулық деп он шақты тақырыпқа  бөліп, жүйелеп түзілген. Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин тек оқу-ағарту ісіне емес, сонымен қатар халық мұрасын іріктеп, сұрыптап, реттеп жариялауға да үлкен үлес қосты.

    Сол сияқты В.Катаринскийдің Орынборда 1899 жылы «Памятная книжка Тургайской области  на 1899 год» дейтін кітапта жарияланған қазақ мақалдарының жинағын да атай кеткен жөн. Бұл жинақта оған дейін жарық көрген қазақ мақалдары мен мәтелдері жинақталған – бір мың бес жүздей мақал-мәтел жарияланған [6].

    Халықтық  нұсқалары таңдап алынып, тақырыптық принцип бойынша түзілген бұл  екі басылым қазақ мақал-мәтелдерінің кейінгі жинақтарына үлгі болды, жол ашты. Жоғарыда  аталған жинақтардың бір артықшылығы  – оларда мақал-мәтелдер ел арасында қалай айтылса, ешбір өңдеусіз, өзгертусіз сол қалпында жазып алынған да, іріктеп-сұрыптап жарияланған, көне, бөгде сөздерге түсініктер және қазақша мәтінімен қатар орысша аудармасы берілген. Сосын қай жерден жазып алынғаны көрсетіліп, әр уездің мақал-мәтелдері бөлек топталған. Баспасөзі кенжелеп дамыған халықтардың тілін, тұрмысын, салтын, кәсібін т.б. зерттеп білу үшін құрылысы ерте қалыптасқан мақал-мәтел сияқты ескі әдеби мұраны өзгертпей, өз қалпында жазып жариялаудың және материалдың қайдан, кімнен жазып алынғанын көрсетіп отырудың ғылыми мәні үлкен. Оның үстіне әдеби нұсқаны қазақ тілінде жариялаумен қатар, орысша аудармасын беру де жинақтардың құнын арттыра түскен. Алайда , халық  шығармасын жинаушы жариялаушылардың осындай игілікті істерінде кейбір кемшіліктер де орын алған. Атап айтқанда, ауыз әдебиеті нұсқаларын жаттап, сақтап келген және жаздырған әңгімешілер мен жыршылардың аты-жөндері аталмаған, айтушы, жаздырушылар жөнінде ешқандай дерек, мәлімет берілмеген. Тағы бір кемшілік, аталған жинақтардың көбінде мақал-мәтелдің шығу тарихын, әдеби мәнін түсіндіргендей жарытымды түсініктер, алғы сөздер жазылмаған. Қазақ фольклорының басқа түрлері сияқты мақал-мәтелдер де ұқыпты жиналып, молынан  жариялана бастады.

    Ташкентте 1927 жылы «Қазақ мақалдары» (құрастырушы  Әбубәкір Диваев) [7], Алматыда 1935 жылы «Қазақтың  мақалдары мен мәтелдері» (құрастырушы  Өтебай Тұрманжанов) [8], 1950 жылы «Қазақтың мақал-мәтелдері» (құрастырушы Балым Ақмұқанова) атты жинақтар басылды [9]. Содан бері мақал-мәтел нұсқалары мезгіл-мезгіл қайталап, толықтырылып басылып келеді. Мақал - мәтелдердің  басылымдарына тән ерекшеліктер бұларда материалдар идеялық мазмұнына, көркемдік құндылығына қарай елеп-екшеп алынған, тақырыптық принциппен жүйелеп берілген. Барлығында дерлік түсіндірме, алғы сөздер бар. Бұл жерде қазақ ауыз әдебиетінің  жанашыры жазушы Өтебай Тұрманжановтың еңбегін ерекше атау ләзім. Ол  ескілі-жаңалы газет-журналдарда, жинақ-кітапшаларда бұрын-соңды жарияланған, әдеби-тарихи архивтерде қолжазба күйінде жатқан және ел аузынан өзі жинаған қазақ мақалдары мен мәтелдерін іріктеп-сұрыптап, белгілі жүйеге салып, үнемі толықтырып жариялап келді. Ө.Тұрманжанов құрастырған мақалдар мен мәтелдер жинақтары идеялық және көркемдік жағынан таңдап алынуымен, тақырыбы мен мазмұнына қарай жүйелеп берілуімен, басқа жинақтарға қарағанда толықтығымен дараланады.

    С. Сейфуллин  мақал-мәтелдері шешендік сөздердің бір саласы, жалғасы ретінде қарайды. Мақал-мәтел көшпелі елдің тұрмысынан туып, сол халық өмірінің барлық саласын қамтитынын, бейнелейтінін көрсете келіп, зерттеуші жалпы ауыз әдебиетіне ортақ бір ой тастайды. «Ауыз әдебиетінің қай бөлімі болса да,  – дейді Сәкен, – сол заманның тұрмысының қандай болғанын, сол тұрмыстың әсерімен ол тұрмысқа ұсап туған сана, қандай сөз, қандай әдебиет болғанын көрсетеді. «Заманына қарай күлкісі, тауына қарай түлкісі», «Сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі» деген ерекше сөздер – әр заманның тілі, көркем сөзі, әдебиеті сол заманның салт-санасына, сол заманның тұрмысына, ол заман тұрмысынан туған мұратына ұсай туды деген сөзді қуаттайды» [11; 295]. Демек, әдеби мұра оны тудырған уақытпен, қоғам мүддесімен, мұратымен тығыз байланыста қаралып, бағалануға тиіс.

    Ұлы жазушы, ғұлама ғалым М. Әуезов –  қазақ мақал-мәтелдерінің алғашқы  зерттеушілерінің, оның ішінде ең беделді  ғылыми пікір айтқандарының бірі. Ол «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» деген еңбегінде халық шығармашылығының бұл түрін жеке дербес тарау етіп алып, талдаған. Мақал-мәтелдердің басқа халықтарда да барын ескере келіп, М. Әуезов: «Мұның қазақтағы түрінің өзіндік ерекшеліктері мол... Қазақ мақал-мәтелдерінің, жұмбақтарының дені өлең түрінде келеді. Және сондағы сөздердің өзара үндесіп, ассонанс, аллитерациялардың мол болатындығына қайран қаласың. Мағына, мәні де мейлінше терең болады», – дейді [10; 28]. Сөйтеді де, «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу», «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» сияқты мақалдардың ішкі ұқсастықтарының күштілігіне жұртшылық назарын аударады.

    Зерттеуші қазақ халқының ғасырлар бойы қорланған қазынасынан жиналып, қағазға түскенінен, әлі күнге дейін ел ішіндегісі, хатқа түспегені көп екенін айта келіп, оқырман қауымға соларды  жинау, жалпақ елдің жан-жақты игілігіне айналдыру парыз екенін де ескертеді.

«Қазақ  мақал-мәтелдерінің екінші бір ерекшелігі,– деп көрсетеді М.Әуезов, – оларда халықтың мал баққан тұрмысына  байланысты образдар мен сарындардың  мол ұшырасатындығы. Үй хайуанаттарының қылығын айту арқылы адам мінезіне ишара, тұспал жасау соншалықты әсерлі де мәнді болып шығады». Автор бұл пікіріне дәлелді, нақты мысалдар келтіреді [10; 401]. Алайда қазақ фольклористикасының негізін салушылар мақал-мәтелдердің кейбір ерекшеліктерін анықтап, оған жоғары баға бергенмен, олардың жанрлық табиғатына тоқталмайды.

Халықтық мәдени тәрбие беру ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі, балалар арасындағы тәрбие жұмыстарының мақсаттары, міндеттері мен тәсілдері бір-бірімен байланысты жинақталған. Сондықтан тілімізге мемлекеттік мәртебе берілуіне, республикамыздың тәуелсіздік алуына байланысты тарихымызды, мәдениетімізді, бүкіл адамгершілік рухани қазынамызды ғылыми жүйеге келтіріп, оны ұрпақ тәрбиесіне орынды пайдалануымыз керек. Бұл салада мұғалімдердің алдында күрделі де жауапты міндеттер тұр.

            Баланы  сергек сезімді, еңбек сүйгіш, абзал  азамат етіп тәрбиелеу ісін оның жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, «ұлыңа бес жасқа дейін патшаңдай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң досыңдай бағала» деген халық мәтелі баланы беске дейін еркін тәрбиелеудің, ал он беске дейін көмекшің деп қараудың, он бестен асқан соң ақылшы-досың деп санаудың қажеттігін мегзейді. Ал бұл ғылыми педагогикадағы баламен еркін сөйлесу, тең азамат санау, ашық сырласудың тәлімдік мәнін қоштайтын ашық пікірлесу қағидасына сай келеді.

           Мақал-мәтелдерді пайдалана тәрбиелеу ісін баланың жас ерекшелігіне сай жүргізумен бірге, тәрбиеленушінің жеке бас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді де ескерткен.Барлық адамның мінез-құлқы, қабілеті бірдей емес. Солай болғандықтан да оларды тәрбиелеу әдісі, ықпалы, құралы да алуан түрлі болмақ. Олай болса, бала мінезін жете түсініп, жеке өзгешелігін еске ала білу қажет. «Балаға үміт арту – әкенің парызы, ақтау – баланың қарызы» деген мақал да осыған байланысты. Өйткені, кімде-кім болмасын өз ұрпағының асыл азамат болып өскенін қалайды, бұл үшін қолынан келгеннің бәрін істейді. Сондықтан әр ата-ана баланың жеке адамгершілік қасиеттерін еске ала отырып, тәрбие беруге тырысуы керек. Қалыптасқан мінезбен еш пенде дүниеге келмейді. Осыны топшылаған ата-бабамыз «Баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің» немесе «Бір биеден ала да туады, құла да туады» деп ой төркінін жасаған. Сондықтан да бөбекті ер етіп өсіру де, ез етіп қожырату да үлкендердің қолындағы іс.

Мақал-мәтелдер бойынша баланың тәрбиесі туған, өскен ортаға, ата-анаға, үлкендерге, олардың үлгісіне байланысты. Мәселен: «Жібекті түте алмаған жүн етеді, баланы күте білмеген құл етеді», «Бала айналасына қарап өседі», – дейді халқымыз. Алайда, асырау мен асыл тәрбие беру екі түрлі мәселе. Сондықтан да халык «Жігіттің тентек болмағы – биінен, баланың тентек болмағы – үйінен», «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Өнеге күші өлшеусіз» деуі арқылы бала тәрбиесінің өскен ортаға байланысты екенін көрсетеді. «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаны қайсы?», «Ұл ұяты әкеге, қыз ұяты шешеге» деу арқылы да ата-ананың, үлкендердің жас ұрпақ тәрбиелеудегі орнын керсеткен, Қай халық болмасын – философ. Қазақ халқы да ұстанған қағидасын, түйген философиялық ойын жан-жақты қарастырып, бір ауыз сөзге сыйғызып бере білген. Мысалы: «Ағаға қарап іні өсер», «Алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба солай жүрер» деп осы ойды нықтай түскен. Қазіргі кезде жас өрендерімізді жан-жақты тәрбиелі, терең білімді азамат етіп өсіруде ата-анаға үлкен міндет жүктеліп отыр. «От басы -өнеге» деген халық мақалы да осыны ескертеді. Біз бұдан ата-ананың балалары алдында өздерін біркелкі ұстауы, әке мен ананың өзара татулығы, сыйластығы, пікір келісімі отбасында бала тәрбиесіне зор ықпал жасайтынын халық педагогикасының орынды пайымдағанын байқаймыз. «Адамға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Бірінші-ата-анадан, екінші-ұстазынан, үшінші-құрбысынан» деп ұлы ойшыл Абай да өте дұрыс айтқан [11]. Осы пікірді халық педагогикасында «Атпаз көрген ат таныр, үстаз керген хат таныр», «Ұстазына қарай шәкірті», «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», «Өмір -үлкен мектеп», «Аға-жаға, ұстаз-пана» деген мақал-мәтелдер арқылы құптайды. Бірақ құрғақ өсиет, құнсыз уағыз арқылы емес, жеке бастың үлгісімен, тапқырлық тәсілмен баланы тәрбиелеу орынды дегенді атап көрсетеді.

            Қазақ халқының келесі ерекше қағида орыс халқының көрнекті педагогы А.С.Макаренконың «Егер менен педагогтік тәжірибемнің мәнін қысқаша тұжырымдап беруді сұраса мен: адамға көбірек талап қою, оны барынша қадірлеу деп жауап берген болар едім» – деген өсиетімен пара-пар, себебі адам өзін сыйлағанның құлы» [12]. Баланың аты бала. Оның қандай бір нәрсені білгісі келетін, қандай бір құбылыстың сырын жете меңгергісі келетін мінезі, оның психологиясы мен физиологиясы – баланы жаңсақ қылыққа ұрындыруы да мүмкін. Баланың жіберген мұндай қателіктерін үлкендер дер кезінде байқап, дұрыс жолға салып отыруы парыз. Сондықтан да халкымыз: «Баланы ақылмен тәрбиелей алмаған қорқытып та тәрбиелей алмайды» дейді. Халық ұғымында тәрбиелеуші жазалаудың және ықпал етудің барлық шараларын дұрыс қолдануы үшін бала жанын жетік білуі шарт. Ол үшін бала жанын түсінуге талпыныс жасау қажет. Басқа ұрып, көзге шұқи беру баланы жүнжітіп жібереді немесе кияңқылыққа соқтырады. Сондықтан балаға үлкен талап қою керек және сол дәрежеде оны қадірлей білу керек. Жасөспірім алдына үлкен максат қоя білсе ғана биікке ұмтылады, сондай ұмтылыс үстінде өседі, жетіледі. Армансыз биікке самғау жоқ екенін жақсы ұққан халық: «Талаптыға нұр жауар» деп жеткіншекті қанағаттандырумен қатар «Армансыз ұлан - қанатсыз қыран» немесе «Арманы жоқтың – пәрмені жоқ», – деп парықсыздықтансақтандырған.Студенттерді   тәрбиелей оқыту барысында дамыту – бүгінгі педагогиканың ең көкейкесті мәселелерінің бірі. Себебі, шәкірттердің ойлау дербестігі іске асырылмаса қазіргі ғылыми-техникалық прогресс қарқынының жылдамдығы мен жастардың білім игеру қабілеті арасында алшақтық туады. Халық педагогикасы осы бір қағиданы ежелден ұстанған. Өйткені, жасөспірім әр қадам басқан сайын өзі үшін ұдайы жаңалық ашады. Халқымыз «көрмеген жердің ой-шұқыры көп» болса да тартынба, тайсақтама, дүниені тани бер, алдыңда асқақ арманың болсын, «Көз жұмбай, дария кешпек жоқ», «Ақылды тәуекелдің арты – игілік», «Тәуекелдің кемесі суға кетпейді» дейді. Бұдан мақал-мәтелдер арқылы тәрбиелеу ісінде алға қойған ойлы мақсаты – жас буынды дербестікке, өздігінен ойлауға баулу екенін айтамыз. Мұнда ескеретін бір жай жас буынды ой дербестігіне баулуда халык ауыз әдебиетін кеңінен пайдаланған жөн. Олардың ішінде, әсіресе, сюжеті күрделі, шытырман оқиғалы жырлар мен ертегілер, жұмбақтардың атқарар міндеті орасан. Негізінен ой дербестігі, адамдарда сындарлы сыннан өту, мәселені өздігінен шешу барысында қалыптасады. Бұл жерде А.В.Луначарскийдің «Мектептен тыс білім алу дегеніміз – күллі өмір. Адам өмір бойы білімін биіктете беруі керек» – деуі осыған дөп келеді. Ал қазақ атамыз «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» – деп тұжырымдайды. Сондай-ақ ата-бабамыз: «Жығуға шамасы жоқ – күреске түспейді», «Жығылсаң нардан жығыл» деу арқылы ауырдың үсті, жеңілдің астымен бас сауғалап күн көргенше, күресте көрініп көзге түс, көпке таныл дегенді уағыздайды.     

Мақал-мәтелдер тәрбиенің әлеуметтік-идеялық мәнінен туындаған. Мәселен, халық баланы жастайынан еңбек етуге үйретуді, даярлауды басшылыққа алған. Жастайынан ұл балаларды қозы-лақ қайыру, отын-су әзірлеу, мал өнімдерінен тұрмыстық құрал-жабдықтар әзірлеуге, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, кесте тігу, өрнек тоқу, үй тазалау, т.б. жұмыстарға үйретті. Балалар есейген сайын олардың еңбектерін күрделендіріп отырды. Сол арқылы балаларды өмірдің ең қажетті дағдысы-еңбекті сүю және құрметтеу рухында тәрбиеледі. Басқаша айтқанда, халық жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеудің негізі еңбек екенін дүрыс пайымдаған және еңбек тәрбиесін ерекше бағалаған. Олай болса, еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің ескірмейтін қағидасы, тозбайтын тәсілі. Себебі, еңбек - адам қызметінің шешуші түрі дегенді халқымыз «Істесең тістерсің», «Мал баққанға бітеді», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» – деп тұжырымдайды, материалдық игілік адам еңбегінің нәтижесі екенін жас ұрпаққа ұғындырады.

           Мақал-мәтелдердің ең негізгі қағидасы тәрбиенің біртұтастығы жайлы болмақ. Жас ұрпақты өмірге дайындап олардың «Сегіз қырлы, бір сырлы» азамат болуы үшін бар мүмкіндігін сарқа пайдаланған халқымыз тәрбиенің барлық түрін ұштастыра, ұластыра жүргізген. Халық педагогикасында мынау ақыл-ой тәрбие тетігі, мынау эстетикалық тәрбие құралы дейтін жекеленген тәрбие құралы жоқ. Кез келген тәрбие құрамына талдау жасасақ, ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбек, т.б. тәрбиелері іштей сабақтастық тауып етене араласып кеткенін көреміз.

Мақал-мәтелдерде адамгершілік қасиеттерді, әсіресе, ар, ожданды қастерлеу тәрбиенің басты принципі болып саналған. Осыны басты нысан етіп ұстанған ата-бабамыз «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Ақ жүрген адам азбас», «Адам деген ардақты ат», «Әдептілік, ар, ұят – адамдықтың белгісі, тұрпайы мінез, тағы жат – надандықтың белгісі», «Жігіттің құны – жүз жылқы, ары – мың жылқы», «Жаным арымның садағасы» деп арды аса жоғары бағалаған. Арлы адам адал, әділ болады. Ар тазалығы басқаға қиянат жасамауға, шыншыл, әділ болуға баулиды. Әдептілік, сыпайылық, кішіпейілдік, мейірімділік, иманжүзділік қасиеттердің бәрі ар-ұят, ождан тазалығынан туындайды. Имансыз болу, ата-ананы, үлкенді, ұстазды сыйламауды халқымыз кешірілмес күнә деп санаған. Қазіргі мейірімсіздік, қатыгездік, дөрекілік етек алып отырған заманда жастарды ар ождан тазалығын сақтауға, имандылыққа тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлу қажет болып отыр.


Мақал-мәтелдердің құрылымдық ерекшелігі

Мақал-мәтелдер де тұрақталған, қалыптасқан сөздер тобы болып табылады. Мақал-мәтелдердегі сөздердің де орнын басқа сөздермен алмастыруға келмейді. Бірге айтылғанымен мақал мен мәтелдің бір-бірінен өзіндік ерекшелігі, айырмашылығы болады:

1. Мақалдың мазмұнында істің себебі мен салдары бірге айтылып, шарты мен нәтижесі қатар беріледі. Мысалы, (Егер) ісім өнсін десең, (онда) еңбек ет. Ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмайды. Мысалы, Сабыр түбі – сары алтын.

2. Мақал құрылысы жағынан көбінесе құрмалас сөйлем болып келеді. Мысалы, Еңбек етпесең, елге өкпелеме; егін екпесең, жерге өкпелеме. Ал мәтел құрылысы жағынан көбінесе жай сөйлемге құрылады. Мысалы: Көп түкірсе – көл. Басқа пәле тілден. т. б.

Мақал – мәтелдің өн бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақтылық байқалады. Онда басы артық сөз болмайды. Барлығы өз орнында, екшеленген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ой-өрнек ажыраспас туыстық тапқан, ішкі мазмұнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді. «Ер дәулеті - еңбек» деген мақалды талдап көрелік. Осындағы сөздердің бірін де өзгерту мүмкін емес. Мұндағы негізгі ой – еңбектің құдіретін, ол бүкіл бүкіл игіліктің көзі екенін білдіру. Ой қазығы «еңбек» деген сөз болған соң, «е» дыбысы ерекше естіліп тұр. Мақалға саздылық, үнділік беріп тұрған да – сол. «Дәулет» сөзінің мақал бітіміне кіруі де соған байланысты. Оның орнына «ырыс, байлық, молшылық» т.б. сөздердің біреуін де ала алмайсың. Сөздер сол бітімінде ғана үлкен ой жүгіне ие. Сөздерді ауыстырып қолдансақ, онда бұл мақал поэтикалық қасиетінен де, мән – мағынасынан да айырылады, мақалдық қасиеті жұтаңдайды.

Мақал-мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданады. Тіпті кейде кейбір сөзді тастап кетіп отырады. Мысалы: «Ақыл – жастан, асыл – тастан» мақалында «шығады» деген сөз қалып қойған. Бірақ одан мақал ойсырап тұрған жоқ. Түсіп қалған сөз өз өзінен ойға оралып, ишарамен білінеді.

Мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасы болады. Мысалы, «Өнер алды – қызыл тіл», «Ер қанаты – ат», «Елін сүйген ер болады», «Жігітті намыс, қоянды қамыс өлтіреді» деген мақалдар ешқандай тұспалдаусыз тура мағынада айтылып тұр. Ал, «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда», «Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер», «Не ексең, соны орарсың», «Жауырды жаба тоқиды», т.б. мақал-мәтелдерде айтпақ ой тура айтылмай, жұмбақтап, астарлы мағынада ишарамен білдірілетінін көреміз.

Мақалдарды жасаудағы көркемдік тәсілдердің бірі – әсірілеу. Мысалы, «Көп түкірсе – көл», «Жақсы – ай мен күндей, әмбеге бірдей». Сондай-ақ салыстыру әдісі жиі қолданылады. Мысалы, «Жақсы қыз – жағадағы құндыз, жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз». Мақалдар мен мәтелдердің үш жақты ерекшелігі бар тұлғалар екендігіне ғалымдар ертеден-ақ назар аударып келеді. Біріншіден, мақалдар мен мәтелдер – фразеологизм сияқты тілдік құбылыс. Екіншіден, пайымдау мен ой - пікірдің түйіні ретінде логикалық тұлға. Үшіншіден, келелі ой, кең мазмұнды қысқа айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі. Мақал-мәтелдердің осындай үш жақты қасиеті оларды тілдік құбылыс ретінде және ойлау құбылысы ретінде бөлек-бөлек зерттеуді қажет етеді.

Мақал мен мәтелдер сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбайды, даяр қалпында жұмсалады, құрамдары әрқашан тұрақты болады. Мақал- мәтелдер – сан ғасырлар жемісі, сондықтан әбден ой елегінен өтіп, екшеленген, сөйтіп тұрақталған сөз оралымдары. Мақал мен мәтелдердің ішінде тура мағынасында ұғынылатыны да бар, яғни олардың мағыналары сол мақалдарды құрастырушы сөздердің мағыналарынан туады. Олардың тұрақтылығы мағыналарының астарлы келетінінде емес, керісінше, олардың даналық қорытындылар болып келуінде.

Мақал мен мәтелдер де әр түрлі дәуірдегі нақты өмір шындығына, халықтың ерте кездегі ұғымына, ой-санасына сай келіп отырады. Мақал-мәтелдер фразеологизмдер сияқты құрамын сақтап қолданылады, олардың сөздерінің орнын ауыстыруға болмайды. Олар қай тұрғыда болсын, я морфологиялық, я синтаксистік тұрғыда болсын, өзгеріссіз, даяр күйінде қолданылады. Мысалы, «Аздың қадірін білмеген, көптің қадірін қайтіп білер» деген мақалда құрамындағы жеке сөздердің берер мағынасы сөз болып отырған жоқ, түгел бір мақалдың тұтас мәні сөз болып тұр.

Мақал-мәтелдердің игі қасиеттерге үндеу, ақыл-өсиет сипатында болатындары баршамызға мәлім, яғни ішкі мазмұнның сыры олардың өздеріне ғана тән, меншікті мағынасы бар оралымдар екендігін дәлелдейді. Мақал-мәтелдердің мағынасы сөйлемнің бастапқы мағынасымен жарыса отырып дамиды да, келе-келе астарлы мәнге өтеді. Мысалы, «Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында», «Біреуге ор қазба, өзің түсесің» дегендер тура мағынасымен қатар, ауыспалы мағынаға да ие. Ол мағыналар бір-бірімен астарласып, байланысып жатыр. «Адам аласы», яғни адамның жаман пиғылы, жағымсыз жақтарын сырт бітімінен көре, сезе алмайсыз. Демек, сөйлемнің фразеологиялық мағынасы «ала» сөзінің ауыспалы мағынасының негізінде қалыптасқан.

«Біреуге ор қазба, өзің түсесің» сөйлеміндегі туынды мағына «біреуге ор қазу» бөлігінің мағыналық өзгерісінің жемісі, яғни «басқаға жамандық жасау» деген ұғымды білдіреді. Ал «өзің түсесің» сыңары «ор» сөзімен байланысты туынды мағынасын дамытып, тұтас сөйлем «басқаға жамандық жасасаң, өзің де жамандықтан аулақ қалмайсың» дегенді білдіріп тұр.

Кейбір мақалдар тура мағынаны ғана білдіреді дедік. «Көп жасаған білмейді, көпті көрген біледі» деген нақыл шын мәніндегі өмір тәжірибесінен алынған, көбіне тура мағынасында қолданылады. Сонымен қатар, әрбір мақалды айтқанда «адам», «кісі» категориясына байланыстырып айтамыз, соларды сипаттауда қолдынамыз. Мақалдардың тура мағынада ұғынылатындарының өзінде әйтеуір салыстыру, теңестіру, астарға айналдыру білініп тұрады. «Қамшыға бүлдіргі, баға үлгі керек» дегенде халқымыз балаға жаман әдет, әдеп үйретпе деген мәнді қоса ұғындырады. Мақал-мәтелдер ауыс мағынада қолданылғанда да, олардың құрамындағы барлық сөздер тұтас мағынадан қалыс қалмайды. Мысалы, «Қисық ағаш қиыспайды, қыңыр адам сыйыспайды» деген мақал жөн білмейтін адам ешкіммен тіл табыса алмайды дегенді меңзейді. Дыбыстық жағынан да, грамматикалық жағынан да, сонымен қатар мағынасының кесек ойға, мәнге құрылуы жағынан да тиянақты болып келетін мақал-мәтелдер тілдік тұлға болып табылады.


Мақал мен мәтелдің ұқсастығы мен айырмашылығы. 


Мақал-мәтелдер құрылысы жағынан сырттай ұқсас болып келгенімен, олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды шешуінде өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мен ерекшеліктер мақал-мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады. 
Мақал дегеніміз - өмір құбылыстарын жинақтайтын бір немесе екі бөлімнен құралып,алдыңғысында жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды пікір айтатын, өте ықшам, бейнелі халық нақылы. Мақалдар аяқталған ойды білдіретін жай немесе құрмалас сөйлем болып келеді, құрамындағы сөздер өзінің дербес мағынасын сақтайды. 
Бір мысал талдап көрелік: «Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алсақ, бұл екі жай сөйлемнен тұрады. Мұнан мақалдар көбінесе екі бөлімді болатынын көреміз. Оның үстіне мақалда ой тиянақты болып келеді. Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді. Киіз қазықтың жерге кіруі тоқпағының күшті болуына байланысты екендігі анық айтылып тұр. 
«Мезгіл жетсе, мұз да ерір» деген мақалдан да осыны байқауға болады. Мақалда бір-біріне қарама-қайшы ұғымдар мен нәрселер салыстырылып, шендестіру арқылы ой-пікірді айқындау тәсілі басым болып келеді. 
Ал мәтел құрылысы жағынан мақалдан өзгешерек. Мәтелде қорытынды ой, түйін айтылмайды, тұспал ғана болады. Бейнелі сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшылайды, тұжырым жасайды. 
Мысалы, «Көппен көрген – ұлы той» дегенде тұспал ғана бар. Бұл жерде мағынаны тыңдаушы өзі қорытуына тура келеді. Мәтелде дәлелдеу де, тиянақты тұжырым да болмайды, мағына ашық емес, қорытынды пікір жоқ. 
Мәтел – халық арасында кең тараған, қорытындысы болмайтын, негізгі айтылатын ой жанамалап берілетін, ықшам кестелі халық сөзі. Өзінің құрамы жағынан фразеологизмдерге мақалдан гөрі мәтелдер бір табан жақын келеді. 
емес. Мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасы болады. Мысалы, «Өнер алды – қызыл тіл», «Ер қанаты – ат», «Елін сүйген ер болады», «Жігітті намыс, қоянды қамыс өлтіреді» деген мақалдар ешқандай тұспалдаусыз тура мағынада айтылып тұр. Ал, «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда», «Не ексең, соны орарсың», т.б. мақал-мәтелдерде айтпақ ой тура айтылмай, жұмбақтап, астарлы мағынада білдірілетінін көреміз. 
Мақалдар мен мәтелдердің үш жақты ерекшелігі бар тұлғалар екендігіне ғалымдар ертеден-ақ назар аударып келеді. Біріншіден, мақалдар мен мәтелдер – фразеологизм сияқты тілдік құбылыс. Екіншіден, пайымдау мен ой - пікірдің түйіні ретінде логикалық тұлға. Үшіншіден, келелі ой, кең мазмұнды қысқа айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі. Мақал-мәтелдердің осындай үш жақты қасиеті оларды тілдік құбылыс ретінде және ойлау құбылысы ретінде бөлек-бөлек зерттеуді қажет етеді. 
Мақал мен мәтелдер сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбайды, дайын қалпында жұмсалады, құрамдары әрқашан тұрақты болады. 
Мақал-мәтелдер фразеологизмдер сияқты құрамын сақтап қолданылады, олардың сөздерінің орнын ауыстыруға болмайды. Олар қай тұрғыда болсын, я морфологиялық, я синтаксистік тұрғыда болсын, өзгеріссіз, даяр күйінде қолданылады. Мысалы, «Аздың қадірін білмеген, көптің қадірін қайтіп білер» деген мақалда құрамындағы жеке сөздердің берер мағынасы сөз болып отырған жоқ, түгел бір мақалдың тұтас мәні сөз болып тұр. 
Мақал мен мәтел бір-бірінен осындай белгілерімен ерекшеленеді. 
Қазақ өміріндегі әлеуметтік-тарихи өзгерістерге байланысты мақал-мәтелдердің де мазмұны байып, өзгеріп отырғанын көреміз. Әрбір тарихи кезең мақал-мәтелдерде өзінің ізін қалдырып отырған. Мысалы, «Базары жақын байымас», сол сияқты «Ексең егін, ішерсің тегін», деген мақалдар қазақ даласында сауда, базар сияқты қарым-қатынастардың енуіне байланысты шыққаны, елдің экономикалық тіршілігіндегі өзгерістен кеп туғаны айқын. 
Мақал-мәтелдерді байытып, оның сарқылмас көліне үзілмей құйылып отыратын сала-сала бұлақтар бар. Олар – нақыл сөздер, толғаулар, шешендер сөзі жеке, сом айтылған мағыналы өлең, өлең жолдары, ақын-жазушылардың кітабынан шығып, мақал-мәтелдер қатарына қосылып тұратын тұжырымды айтылған асыл сөздер, мағыналы көркем сөйлемдер. Ақын – жазушылар шығармаларында мақал-мәтел болып кеткен жолдар мол. Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбайұлының көптеген өлең жолдары қанатты сөздерге айналып кеткені белгілі. Мысалы, Ыбырайдың «Шегірткем, бір секірдің – құтылдың, екі секірдің – құтылдың, үшіншіде – тұтылдың», Абайдың «Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез», «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» дегендері мақал - мәтелдер қатарынан өз орнын алған. 
Жастарға өнер-білім, тіл үйретуге, жан-жақты тәрбие беруде мақал-мәтелдің мән-маңызы өте зор. Білім мен өнер еңбектің бір түрі болса, аз сөйлеп, көп тыңдаған, көп оқып, білімін байытқан бала ғана өмірден өз сыбағасын алып, өз орнын таба алатыны сөзсіз. 
Көптеген ғалымдарымыздың ғылыми зерттеу еңбектерінде сөз болған мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні жөніндегі пікірлеріне көңіл аударып көрелік. Мысалы, Балтабай Адамбаев «Халық даналығы» деген еңбегінде: «Әр халықтың мақалы мен мәтелі – сол халықтың өзі жасап алған логикалық формуласы, ережесі. Ол кез-келген оқиғаның, мәселенің тұсында еске түседі, тілге оралады. Сөйтіп, көп ойлануды, ұзақ баяндауды керек ететін қиын нәрсені жеп-жеңіл , оп-оңай, бір-ақ ауыз сөзбен түсіндіреді, ұғындырады» деп, мақал-мәтелдердің мінез-құлық мәдениетіне, өнерге, әдебиетке, деген негізгі талаптарын тұжырымдауға болатынына тоқталады. 
Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы ұлы ақын Абай Құнанбайұлы ұлтымыздың ауыз әдебиетінің асыл қазынасы мақал -мәтелдердің шығу тегін терең зерттеп, құнды пікірлер айтты. Мысалы, Жиырма тоғызыншы қара сөзінде: Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар. 
Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол - ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі. 
«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды? 
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны. «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе? Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек. 
«Біздің қазақтың мақал-мәтелдерінің көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтыны да бар» дей келе, «Қалауын тапса, қар жанады, сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ», «Атың шықпаса жер өрте», «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті» деген мақал-мәтелдердің сұрамсақтық, пәлеқорлық, дүниеқоңыздық, қулық-сұмдық, алаяқтық сияқты жат мінездерді уағыздайтын, мағына-мәні қайшы мақал-мәтелдер екенін дәлелдеді. Сондай-ақ, Отыз үшінші, Отыз алтыншы сөздерінде «Өнерді үйрен, үйрен де жирен», «Өнерліге тоғыз өнер де аз», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер», «Ағайынның азары болса да безері болмас», «Жол қуған қазынаға, дау қуған пәлеге жолығады», т.б. халықты өнерге, бірлік-берекеге, достыққа шақыратын мақал-мәтелдердің мәніне баға берді. 
Тарихи қалыптасқан тұрақты сөз тipкестеріне идиомалық тіркестермен қатар ғасырлар бойына coзылған ұзақ дәуірдің өмір тәжірибелерінен екшеліп алынған сөзі ұйқасымды, мағыналары тұжырымды болып келетін халықтық мақал мен мәтелдер де жатады. Тілдегі қолданылып жүрген әрбір мақал, мәтелдер ауыздан-ауызға беріліп, талай ғасырларды көктей өтіп, тілде сақталып, өңделіп қолданылып келе жатқандықтан, мақал мен мәтелдегі сөздер де, белгілі дәрежеде тұрақталған, қалыптасқан тіркесте айтылады: Еңбек қылсақ ерінбей, тояды қарның тіленбей; Ырыс алды — ынтымақ; Ел үмітін ep ақтар, ep атағын ел сақтар деген қазақ мақалдарының құрамына енген сөздер белгілі тұлғада, белгілі орында тұрып қалыптасқан. Олардың көпшілігінін морфологиялық тұлғасын не қалыптасқан орнын өзгертсе, мақалдардың мағынасы бұзылады. 
Мақал мен мәтелдің идиомалық тіркестегі сөздерден мына сияқты ерекшеліктері бар: идиомалық тіркестегі сөздер өздерінің жеке турғандағы мағыналарын сақтамай, сол тіркес күйінде; бір ұғымды білдіріп, жігі ажырамай бір логикалық топ ретінде жұмсалса, мақал мен мәтелдердің құрамына енген сөздер өздерінің бастапқы мағыналарын сақтап, синтаксистік қарым-қатынасы жағынан мүшеленіп тұрады. Мысалы: өнер білсең, өлмейсің; Өтірікшінің шын сөзі зая деген мақал мен мәтелдердегі әрбір сөз өз мағынасында колданылып, әрқайсысы сөйлемнің белгілі мүшесі түрінде айтылып жүр. 
Тұрақты сөз тіркестеріне фразеологиялық, идиомалық тіркестер және мақал мен мәтелдер ғана еніп қоймайды. Сонымен қатар, екі, кейде одан да көп сөздердің белгілі дәрежеде қатар айтыла келіп, бастапқы мағыналарын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркес ретінде қалыптасқандары да тілде жиі кездеседі. байлау, жан қалта, төс қалта, қол сағат, бет орамал, қол орамал, аяқ, киім, бас киім, темір жол тағы сол сияқты алуан түрлі сөздер де жатады. 
Бұл сияқты сөз тіркестері әр сөздің бастапқы мағыналарын сақтай отырып бір ұғым ретінде жұмсалатын болғандықтан, бұларды лексикалық тіркестер деп атауға болады.Қазақтың халық педагогикасы – ғасырлар бойында қалыптасып, қорлана байып келе жатқан ғылым. Халқымыз «Мақал – сөздің мұнарасы» деп, халық ауыз әдебиетінің асыл бір жанрына осындай бағаны өзі берген. Мұнара биіктікке, асқарлыққа, парасат асқарына мезгейді. Мақал-мәтелдің озық-артықшылығы ойды сығымдап, нақышты әрі әсерлі, санаулы сөзбен әрі өткір, әрі мәнді айтып, суреттеуінде. Халық өзінің тәлімгерлік трактаттарын мақалдар мен мәтелдерге шебер сыйғыза білген. Бір естігеннен жадыңда қалады, тәлімгерлердің де, тәрбиеленушілердің де жаттауына оңтайлы, жеңіл. Және бір ғажабы, өмірдің өзі секілді желісі үзілмей, өркен жайып, жыл асқан сайын жемісін елге ұсынып отыратын даналық көзі мақал-мәтелдер өз қатарын қалыңдатып отырады. Жаңа дәуір талабына сай жаңаша туындайтын мақал-мәтелдердің иесі де, көнеден сақталып келе жатқан, сұрыптала, сұлулана түскен асылдарды сақтаушы да – қарапайым халық. Сонымен, өткен замандарда жасаған сал-серілер мен ақылмандарымыздың бізге қалдырған ой-парасат, мирасы даңғыл жол сияқты екен. 
«Әкесіне қарап ұл өседі, шешесіне қарап қыз өседі», «Әкесіне қарап, ұлын сына» деген мақалдардың ұлағатына көз жіберіңізші. Өзіне тартқан өнегелі ұл өсіре алмаған әке ұятты, ал абыройлы әкеге тартып өсе алмаған жасық, болбыр ұл да ұятты деп тұрған жоқ па? «Тектей білген екшей де біледі» демекші, адам танумен шұғылданған, ертедегі өткен ата-бабалар қасиеттерін түптеп зерттеген кісі бүгінгінің жақсысы мен жаманын саралай алады, өзі де терісінен түңіледі, безеді, тектісіне еліктейді, өзгелерді де еліктіре ертеді. «Білімсіз бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді» ... бұл да бір ақылды мақал. Надандар, намыссыздар әке-шешесін ғана емес, бүкіл жұртын жерге қаратады. Ендеше, осы сияқты мақал-мәтелдерде тәрбиелік мән, мазмұн тұнып тұр. «Азамат – елдің ажары» деген ақылды мақалды оқушыға қайталаудан жалығуға болмайды, себебі балаға кішкентай кезінен бастап-ақ елдіктің еңсесі ер азаматтарымен биік екенін құлағына құя берудің несі артық?! «Анасына орын ұсынбаған, әкесіне қолын ұсынбайды» деген мақалды алайық ... Халық әдетте қамқорлықтың ұсақ-түйектен-ақ көрініс табатынын осылай ескертеді. «Ана сүтін ақтамағанды ешкім жақтамайды» деген даналық өте сыпайы айтылса да, өткір айтылған айып. «Әкеңнің төріне сенбе, маңдайыңның теріне сен» деген мақалдың тәрбиелік мәні ешкімге иек артпа, өз күніңді өзің көруге машықтан, ешкімге масыл болма, адал еңбегіңмен дәм-тұзыңды ақта, теріңді төгіп еңбектен дегенге саяды. 

Сауалнама қорытындысы. 

Мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде алатын орнын анықтау мақсатымен, үш топ студенттерінен, яғни 75 студенттен сауалнама алынды.
Сауалнама қорытындысы бойынша: 
25% мақал-мәтелдерді кейде қолданады, 
50% үнемі; 
25% қолданбайды 
Студенттер мақал-мәтелдерді көбіне ата-әжелерінен, оқытушыларынан еститіндігін немесе кітаптан оқитындарын жазған.
Қорытындысы бойынша: студенттер оқулықпен шектелмей, әдеби кітаптардан мақал мәтел туралы мағлұмат алатыны және мәдениетті, әдемі әрі көркем сөйлеуге талпынатыны байқалады. Яғни, студент пен кітапхана арасында және оқытушылар арасында байланыс бар.


Халық  даналығына  баулудағы   мақал-мәтелдердің   тәрбиелік  мәні

       Мақал-мәтелдердің   адамды   игі   қасиеттерге   үндеу,   уағыз өсиет  сипаты   бар   екені  баршаға  мәлім.  Бұл  қазына  тәрбиелі  қыз,  ұлағатты  ана,ардақты  ұл,  елі  аялаған  ер,   жылы  жүректі   әке  қандай   болуы  керекосының  бәрін  тобықтай  сөздің  түйінінде  түйіндейді. Қазақ халқы  мақал-мәтелге  өте бай. Мақалмәтелде  халқымыздың  өніпөсуіне,  мінез-құлқын  қалыптастыруға,  тіршіліктің қыры  мен  сырын  түсінуге,оның  қайшылығын  тануға   терең  баға  беріледі.    Мақалмәтелді  кез  келген  адам  шығаруға  құқылы. Ал  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасып,   уақыт   арқалатқан   жүкті   мойымай  көтеріп,  сөйтіп,қалың   елдің   мұқтажын   өтейтін   мақалмәтелдер   салиқалы   ой   иесі,   ділмар   шешен,   адуын   мінезді     ақындар   араласуымен   жасалған.   Қазақтың   мақалмәтелдеріне   өз    үлесін    қосып,    отты   сөздері   ел    аузына  кең    тараған   М.Әуезов,   Б.Момышұлы,    Ғ.Мүсірепов,    Ғ.Мұстафин    сияқты   ұлы  адамдар  есімі  ел  есінде  сақтаулы.Жастарға  өнербілім,   тіл  үйретуге,  жанжақты  тәрбие  беруде  мақалмәтелдің  мәнмаңызы  өте  зор.Білім   мен  өнер   еңбектің   біртүрі  болса,  аз  сөйлеп,   көп  тыңдаған,  көп  оқып,  білімін  байытқан   бала   ғанаөмірден   өз   сыбағасын  алып,   өз   орнын   таба  алатыны   сөзсіз. 

  Қазақ   халқының   даңқын   шығарып,   абыройын   асырған  айтулы  ұлдардың  бірі –жазушы,  қазақтың  батыр   ұлы  Бауыржан   Момышұлының  «Ер  серігі сергек  ой»,   «Сын  ерді  шыңдайды,  қорқақты  қинайды»,   «Азаматқа  өмірденар  қымбат,  өлімнен  ұят  күшті»,  «Қорқақ – дөрекі,  әрі  ақымақ», «Алғырлық  ойдың  ішкі   мазмұнын  нұрландырып  тұрады»,  «Ақылгөйлік  кейде  өнегесіздікке   тірейді»   деген  ұлағатты   сөздері   қанатты   сөздер   қатарынан  шығып,   мақалмәтелдер  қатарынан  мықты  орын  алуы  заңды  құбылыс  десе  болады.   Осы  мақал-мәтелдерді   жастар  оқып үйренсек,  нұр  үстіне  нұр  болары   сөзсіз . 

        Бауыржан  Момышұлының  мақалдары  ерлікке,  адамгершілікке  шақырады.  Мысалы:  «Анаң  үшін  аянба, ант  ұрады,

                              Балаң  үшін  аянба,  бетің  күйеді,

                              Елің  үшін  аянба – ерлігіңе  сын,

                             Жұртың  үшін  аянба – жігіттігіңе  сын»,

немесе :               «Жерге  тер  төгіп  қызмет  ет,

                              Халыққа  қан  төгіп  қызмет  ет»,

                             «Қайратыңа  әдісіңді  жолдас  ет,

                              Әдісіңе  ақылыңды  жолдас  ет»  

деген  мақалдары   әрбір   елжанды  ұрпақтың   жүрегіне  әсер  етпей  қоймас.

        Халық  ақыны  Қайып  Айнабековтың  мақалдарына  көңіл  аударып  көрейік.  «Алаңғасар  адамнан  ақау  шықпай  қалмайды»,   «Ердің  сыны –  сырында,  сөздің  сынышынында»,   «Ерінбегеннің  еңбегі  жанады,  іркілмегеннің  ерлігі  артады»,  «Ойлай  берсең,  дана  боласың,  ойнай  берсең, бала  боласың»    деген  мақалдарытәлімтәрбиесі  мол  даналық.Қазақтың  мақалмәтелдерінің  өскелең  ұрпақтың  эстетикалық  мәдениетін  дамытуда  да 

маңызы  зор.   Мұндай   мақалмәтелдердің   мазмұны  атабабаларымыздың  бүкіл  өмір  тәжирибесін  қамти  отырып,  жас  ұрпақ  санасын,  әсемдік  сезімін,  талғамын,  көзқарасын  дамытады.  Осыған  орай  көптеген   ғалымдарымыздың   ғылыми   зерттеу   еңбектерінде   сөз   болған   мақалмәтелдердің   тәрбиелік  мәні  жөніндегі  пікірлеріне  көңіл  аударып   көрелік.   Мысалы,  Б.Адамбаев    «Халық  даналығы»   деген  еңбегінде:   «Әр  халықтың  мақалы  мен  мәтелісол  халықтың   өзі  жасап  алған  логикалық  формуласы,  ережесі.   Ол   кезкелген  оқиғаның,  мәселенің  тұсында  еске  түседі,  тілге  оралады.  Сөйтіп,  көп  ойлануды,  ұзақ  баяндауды  керек  ететін  қиын  нәрсені  жеп-жеңіл ,  оп-оңай,  бір-ақ  ауыз  сөзбен  түсіндіреді,  ұғындырады»  деп,  мақалмәтелдердің  мінезқұлық  мәдениетіне,  өнерге,  әдебиетке,  деген  негізгі   талаптарын   тұжырымдауға  болатынына  тоқталады.

        Мақалмәтелдер  өмір  құбылыстарының  барлық  саласын  қамтитын  болғандықтан,олардың тақырыптары да сан алуан. Мақалмәтелдерде  айтар  ойды  әсерлі  жеткізу  үшін  көркемдеу  құралдары   қолданылады.Мысалы,  «Жақсы жігітжағадағы  құндыз, жақсы  қызаспандағы  жұлдыз»,     «Жаман   тұқым   егінді   былғайды,    жаман   жігіт   елді  былғайды»,  т.б.  Мұндай  орынды  қолданылған   бейнелеу  құралдарымақалдың ажарынашып,ой өткірлігін арттырады,адамның  бойында  мәдени  дағдыларды  қалыптастырады.                                    

       Қазақтың  жазба  әдебиетінің  негізін  салушы  ұлы  ақын  Абай  Құнанбайұлы  ұлтымыздың  ауыз  әдебиетінің  асыл  қазынасы  мақалмәтелдердің  шығу  тегін  терең  зерттеп,  құнды  пікірлер  айтты.  Мысалы,  Жиырма  тоғызыншы  қара  сөзінде:«Біздің  қазақтың  мақалмәтелдерінің  көбінің  іске  татырлығы   да   бар,   іске  татымақ  түгіл,  не  құдайшылыққа,  не   адамшылыққа  жарамайтыны  да  бар»  дей  келе,  «Қалауын  тапса,  қар  жанады,   сұрауын  тапса,    адам  баласының  бермейтіні  жоқ»,   «Атың  шықпаса  жер  өртте»,   «Алтын  көрсе,  періште  жолдан  таяды»,   «Атаанадан  мал  тәтті,  алтын  үйден  жан  тәтті»    деген  мақалмәтелдердің  сұрамсақтық,    пәлеқорлық,    дүниеқоңыздық,    қулық-сұмдық,    алаяқтық  сияқты   жат  мінездерді  уағыздайтын,  мағына-мәні  қайшы  мақалмәтелдер  екенін   дәлелдеді.   Сондайақ,   Отыз   үшінші,   Отыз   алтыншы    сөздерінде   «Өнерді  үйрен,  үйрен  де  жирен»,  «Өнерліге  тоғыз  өнер  де  аз»,  «Алтау  ала  болса,  ауыздағы  кетеді,  төртеу  түгел  болса,   төбедегі  келеді»,    «Аз    араздықты   қуған   көп  пайдасын  кетірер»,   «Ағайынның  азары  болса  да   безері  болмас»,   «Жол  қуған  қазынаға,  дау  қуған  пәлеге  жолығады»,  т.б.  халықты  өнерге,  бірлік-берекеге,достыққа  шақыратын  мақал-мәтелдердің    мәніне   баға  берді.

        Қазақ  атабабаларымыздың   ақылпарасаты   дүниежүзілік  алдыңғы  қатарлы  ойлау  жүйесімен  деңгейлес  екеніне  халқымыздың  мақалмәтелдері  куәлік ете  алады.  Шығыста:   «Үш   іс   тындырған   адам,   яғни   бала  өсірген  кісі,  тал  өсірген  кісі  және  кітап  жазған  кісі  өлмейді»   деген  даналық  сөз  бар.   Қазақ  халқының  «Ер  адамның  алдында  ашылатын  есігі  болсын,  әйел  адамның  алдында  тербиелейтін   бесігі  болсын»,   «Адам  ақылымен  сымбатты,  ұрпағымен  қымбатты»,   «Ұлы  бар  үйде  қуат  бар,  қызы  бар  үйде  шуақ  бар»   деген   мақалдарының   идеясы   да   соған  саяды.

        «Тәрбие   тілден  басталады»     дейтін  халқымыз  ана  омырауынан  ажырамаған   кезденақ   бөбегің   ана  тілінің  ақ  уызымен  ауыздандыра   бастау  керектігін,  ана  тіліадамның  ғұмыр  бойғы  серігі,  рухани  қуаты,  күрестегі  құралы  екендігін   меңзеп  отыр.Қазақтың  халық  педагогикасы – ғасырлар  бойында  қалыптасып,  қорлана  байып  келе  жатқан  ғылым.  Халқымыз  «Мақалсөздің  мұнарасы»  деп,  халық  ауыз  әдебиетінің  асыл  бір  жанрына   осындай  бағаны  өзі  берген.   Мұнара   биіктікке,   асқарлыққа,   парасат  асқарына  мезгейді.  Мақалмәтелдің   озықартықшылығы   ойды  сығымдап,  нақышты  әрі  әсерлі,    санаулы  сөзбен   әрі  өткір,  әрімәнді  айтып,  суреттеуінде. Халық  өзінің  тәлімгерлік  трактаттарын   мақалдар   мен   мәтелдерге   шебер   сыйғыза   білген.  Бір  естігеннен   жадыңда  қалады,  тәлімгерлердің  де,тәрбиеленушілердің  де   жаттауына  оңтайлы,  жеңіл.  Және   бір  ғажабы, өмірдің   өзі  секілді  желісі  үзілмей,өркен  жайып,  жыл  асқан  сайын  жемісін елге  ұсынып  отыратын  даналық   көзі   мақалмәтелдер    өз   қатарын   қалыңдатып  отырады.  Жаңа   дәуір   талабына   сай   жаңаша  туындайтын  мақалмәтелдердің   иесі    де,    көнеден   сақталып   келе   жатқан,   сұрыптала,   сұлулана   түскен   асылдарды  сақтаушы  да – қарапайым  халық. Сонымен,   өткен   замандарда  жасаған   сал-серілер  мен  ақылмандарымыздың   бізге   қалдырған   ой-парасат,   мирасы   даңғыл   жол   сияқты  екен. 

        «Әкесіне  қарап  ұл  өседі,  шешесіне  қарап  қыз  өседі»,   «Әкесіне  қарап,  ұлын  сына»   деген   мақалдардың   ұлағатына   көз   жіберіңізші. Өзіне   тартқан   өнегелі  ұл  өсіре  алмаған  әке  ұятты,  ал  абыройлы  әкеге   тартып  өсе   алмаған   жасық,   болбыр   ұл   да   ұятты   деп   тұрған   жоқ   па?

         «Тектей  білген  екшей  де  біледі»  демекші,  адам  танумен  шұғылданған, ертедегі өткен атабабалар  қасиеттерін  түптеп  зерттеген   кісі  бүгінгінің   жақсысы  мен   жаманын   саралай  алады,  өзі  де   терісінен  түңіледі,  безеді,   тектісіне  еліктейді,  өзгелерді  де  еліктіре  ертеді.

      «Білімсіз  бүлдіреді,   ата-анасын  күйдіреді» ...   бұл  да  бір  ақылды  мақал. Надандар, намыссыздарәкешешесін   ғана  емес,  бүкіл  жұртын  жерге  қаратады.Ендеше, осы  сияқты мақал-мәтелдерде   тәрбиелік  мән,  мазмұн  тұнып  тұр. 

        «Азамателдің  ажары»  деген  ақылды  мақалды  оқушыға  қайталаудан  жалығуға  болмайды,  себебі  балаға  кішкентай  кезінен  бастап-ақ  елдіктің  еңсесі  ер  азаматтарымен  биік   екенін   құлағына   құя   берудің  несі  артық?!    «Алты  қадам  алдын  көрмеген,  алысқа  ұзап  кете  алмас»,    «Арманменен ерсұлу, орманмененжерсұлу»  деген  мақалдар  бүгіннің  ығында  ғана  бүкжеңдей  беруге  болмайды,  ертеңді   де   ойлау  керектігін,  сонда   ғана   алға  жылжуға  болатынын  меңзейді. Бұл ойды «Арманды адам–пәрменді»    деген   мақал   нықтай,    нақтылай   түседі.  «Ананың  алдында  асқар тау да аласа», «Анаөмірдің  қайнар  бастауы»,   «Ана  болған  дана  болады», «Анабала  бақытының  бағбаны»  деген   мақалдар    кімге    болсын   ана   алдындағы   парызды   ақтаудың   биік  маңызын   ұқтырып   тұр.  Ержеткен  ұл,  бойжеткен  қыздың  ешбір  жарғымен  бекітілмеген,  халық  өзі   шығарған  заңында  аталған  парызы  бар.  Ол:    «Ана  алдында – құрмет,  ата  алдында – қызмет».   Ана  парызын   өтеуден   артық   құрмет,  ата  парызын  өтеуден  асқан   қызмет  жоқ  екенін   ұғындырып  тұр  бұл  мақалдар.  «Анасына  орын  ұсынбаған,  кесіне  қолын  ұсынбайды»  деген мақалды  алайық ... Халық  әдетте қамқорлықтың  ұсақтүйектенақ   көрініс  табатынын  осылай   ескертеді.   «Ана  сүтін  ақтамағанды  ешкім  жақтамайды»    деген   даналық   өте  сыпайы   айтылса   да,   өткір   айтылған   айып.   «Әкеңнің  төріне  сенбе,  маңдайыңның  теріне  сен»    деген   мақалдың   тәрбиелік  мәні  ешкімге  иек  артпа,  өз  күніңді  өзің  көруге  машықтан,  ешкімге  масыл  болма,  адал  еңбегіңмен дәмтұзыңды  ақта,  теріңді  төгіп  тапқан  еңбегіне  ғана  сен  дегенге  саяды. 

        «Көпке   пайдаң   тисе,  төбең   көкке   тиер»   деген  мақалдың  тәрбиелік  мәні  ашып  көрейік.   Кез  келген  адамның  өзіне  бұйырғаны  тек  өзінің  ғана  игілігі  емес  екені   белгілі.    Жеке   азамат   тағдырының   мәнділігі   қалың  қауымға  тигізетін  себімен,  көмегімен  өлшенетіні  де  даусыз.  Ендеше  көпке  тигізген  пайда  арқасында  кім  болса  да  құрметке  ие  болатыны  да  айғақ  нәрсе  екені  ешқандай  дәлелдеуді  қажет  етпейтін  сияқты.  «Ағайын  азарында  алыстанар,  ағадан  жөн  сұрауға  намыстанар»  деген    мақал   бар   дана   халқымызда.   Бұдан   ұғынатынымыз   жамандыққа   сүйрейтін  мінездің  бірі  жалған  намысшылдық  екен.  «Өзім  білем»,   «Мен  сенен  кеммін  бе?» – деп,  көкірек  қағу,  омырау   соқтық  орға  жығумен  тынатынын  сезу  қиын  емес. 
Қорытынды бөлім 

Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Ол – ғасырлар бойы халқымыздың ұқыптап сақтап келген тәжірибесінің жиынтығы, ой-пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, атадан балаға қалдырып келе жатқан мұра. Мақал-мәтелдер көркемдік бейнелі сөз айшықтарымен әсерлі. Олардың айтуға оралымдылығы, тілге үйіріле кететіндігі, ойдың өткірлігі, ұшқырлығы, тереңдігі мақал-мәтелдердің сапаларын анықтайды. Мақал-мәтелдер адамды сөз қадірін білуге, жақсы мен жаманды, қас пен досты айыра білуге, айналадағыларға мейірбан, кеңпейіл болуға, сезімтал болуға, халық шығармашылығының інжу-маржанын бағалай білуге баулиды.  Мен – студентпін, өмір тәжірибем аз. Өзім сияқты балалардың, достарымның бойында мәдениет, адами қасиеттер қалыптастыру мақсатында айтылатын әрі әсерлі, әрі ойда сақталып қалатындай мәнді мақал-мәтелдер, ақыл-насихат, өнеге-өсиет төл әдебиетімізден көптеп табылатынына көзім жетті. Біз қоғамның қамын ойлайтын азамат болып өсуіміз керек. Осындай игі істе біздің таптырмас көмекшіміз халық даналығы болып табылады. Ал халқымыз – дана ұстаз. Демек, өткен замандарда жасаған серілер мен ақылмандарымыз бізге қалдырған ой-парасат мирасы даңғыл жол сияқты екен! Халқымыздың сөз мәйегі мақал-мәтелдер бізді ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелейді. «Мақал – сөздің атасы» дегендей, өмірде мақал-мәтелдің қажеттілігін түсінуге болады. Халық педагогикасының қағидалары қатарына қосылатын туған халқымыздың кез келген мақал-мәтелімен сусындап өссек, жемісіміз молығады, толығады. «Дұрыс қанаттанған түзу ұшады» деген халқымыз тәрбиенің түпкі мақсатын, жемісін меңзеп отыр. «Үлгілі үйдің ұл-қызы ұялтпайды» деп келеді халқымыздың бір даналығы. Олар адам баласының қарым-қатынас, салт-сана, тәлім-тәрбиесі, бір сөзбен айтқанда, тұтас адамгершілік қағидалардың дастаны тәрізді. Оларды сусындап оқысақ, өмірде ұшырасатын оқиғалардың бәріне де лайықты жауап табамыз. 
Осы зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде өркениетті елдердің өрге тартқан көшінде, алға тартқан легінде халқымыздың мерейін көтеруге, қажыр-қайрат жұмсауға, үлес қоссақ деген тұжырымға келдім. 










































Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. М. Әлімбаев. «Халық – қапысыз тәрбиеші». Алматы – 1976 
2. Б. Адамбаев. «Халық даналығы». Алматы – 1976 
3. С. Ұзақбаева. «Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру». Алматы – 1988 
4.С.Қалиев. «Халық педагогикасы хақында бірер сөз».Алматы – 2000. 
5. Қ.Жарықбаев., С.Қалиев. «Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы» 
Алматы – 1994 
6. М. Әлімбаев. «Халқымыз қандай тәлімгер!» «Мұрагер» журналы №1, 1992 
7. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №5,2004 
8. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №4, 2004 
9. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №1, 2005 
10. Ө.Тұрманжанов. «Қазақтың мақалдары мен мәтелдері» Алматы – 2007 
11. «Халық даналығына баулудағы мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні» тақырыбындағы ғылыми жоба http://sc0002.celinograd.akmoedu.kz 
12.http://kk.wikibooks.org/wiki/Абайдың_қара_сөздері/Абайдың_жиырма_тоғызыншы_қара_сөзі. 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Достанова Іңкәр Әділбекқызы

Дата: 14.04.2018

Номер свидетельства: 466130


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства