kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қалтай Мұхамеджанов «Көктөбедегі кездесу» пьесасы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қалтай Мұхамеджановтың өмір жолы мен драматургиялық қызметі,шығармашылығынан мағлұмат беру.  «Көктөбедегі кездесу» пьесасында көтерілген мәселелерді талқылау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қалтай Мұхамеджанов «Көктөбедегі кездесу» пьесасы.»

Турысбекова Жанар Кажимовна

ШҚО, Үржар ауданы,Таскескен ауылы

«Үржар колледжі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы


Сабақтың тақырыбы: Қалтай Мұхамеджанов «Көктөбедегі кездесу» пьесасы.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қалтай Мұхамеджановтың өмір жолы мен драматургиялық қызметі,шығармашылығынан мағлұмат беру. «Көктөбедегі кездесу» пьесасында көтерілген мәселелерді талқылау.

Дамытушылық: Студенттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу,ой-өрісін,рухани жан дүниесін байыту.Ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.

Тәрбиелік:Драматург шығармалары арқылы студентерді адами қасиеттерге баулу,азаматтық бейнесін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ типі: іздендіру сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,шығармашылық зерттеу.

Пәнаралық байланыс:тарих.

Көрнекілігі: Қалтай Мұхамеджановтың портреті,кітаптар көрмесі.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, дайындығына назар аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Жаңа сабақ.

Мұғалім: Қазақ драматургиясының дамуына зор үлес қосқан драматург,аудармашы Қалтай Мұхамеджанов Қызылорда облысының Тереңөзек ауданына қарасты Шіркейлі ауылында дүниеге келген.Ташкенттегі театр өнері институтының курсынан кейін Мәскеудегі А.В.Луначарский атындағы театр өнері институтына (ГИТИС)ауысып, 1958 жылы театр бөлімін тамамдайды.Елге оралған соң,ҚР Мәдениет министрлігінде, «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналында,Мемлекеттік кино комитетінде жауапты қызметтер атқарады.Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы,Кинематографистер одағы басқармасының бірінші хатшысы, «Ара-Шмель» сатира журналының, «Жаңа фильм-Новый фильм» журналының, «Заман-Қазақстан», «Түркістан» газетінің бас редакторы болып қызмет етті.

М.Горкийдің «Тоғышарлар»,С.Айнидің «Құлдар»,М.Айбектің «Киелі хат» романдарын,А.Қаһардың «Ауру тістер»,Б.Рахмоновтың «Жүрек сырлары»,Ш.Айтматовтың «Ана-Жер –Ана»,«Арманым,Әселім» шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Драматургтің қаламалды туындысы «Бөлтірік бөрік астында»1959 жылы жазылған.Комедияға,сатираға бейімділігін бірден байқатқан драматургтің «Құдағи келіпті» (1961), «Қуырдақ дайын»(1964), «Жат елде»(1967), «Өзіме сол керек»(1968), «Көктөбедегі кездесу»(1972 ж.), «Біз періште емеспіз» (1987) сияқты сахналанған көптеген пьесаларының өзегі-өзі өмір сүріп отырған кезеңнің өзекті шындығы.

«Көктөбедегі кездесу»- Ш.Айтматовпен бірігіп жазған бұл пьеса өз кезінде Кеңес Одағының көптеген сахналарында,шетелдердегі театрларда қойылды.

Пьеса кейіпкерлерінің саны аз:бір сыныпта оқыған совхоз агрономы Досберген,әйелі Алмагүл,география пәнінің мұғалімі Мәмбет Абаев,тарих пәнінің мұғалімі,әйелі Әнуар,ғылым докторы Өсіпбай Татаев, журналист-жазушы Исабек,әйелі актриса Гүлжан және олардың мұғалімі болған,бұрынғы мектеп-интернат директоры Айша апай.

Кластас әрі майдандас достарын арнайы шақырып,басын қосқан Досбергеннің бастауымен Көктөбеге шыққан соң,Алмагүлдің ұсынысымен Көктөбені Фудзияма деп атауда шарттылық бар.Киелі саналатын тауға шыққан буддашы «Құдаймен тілдеседі.Сол киелі тауда өзінің игі істері мен кінәрат,кінәсін айтып,бүгінгі тілмен айтсақ,Құдайға есеп береді екен».

Қазіргі сәтте орталарында жоқ,ішкілікке салынып кеткен кластас Сабырды барлығы да еске алып,оның шынайы дарын екенін өлеңдерін жатқа айтып,еске алуы шынайы.Осындай еске алу барысында Гүлжан мен Алмагүлдің сөз арасында тастап отырған репликалары-әңгіменің басылып қалмай өршіп отыруына себепкер.Бұл күні өмірде өз орындарын тапқан ,мақсатына жеткен,тұрмыс-тіршілігіне көңілі тоқ достар Сабырды «азған ақын,тозған талант» деп кінәлайды.Мәмбет қана өзін де,басқаларды да кінәлі санайды. Сабырдың өлеңі «қоғамға жат деп,оның ұсталып кетуіне себепкер бір адам ғана ма» деген сауалға жауап табылмайды. Ешкім де ешнәрсені мойнына алғысы келмейді.Осындай ой мен сөз-көзқарас қақтығысы пьесаның арқауын ширатып,ширықтырады.Әңгіме барысында әрқайсысының жылдар өткен соң жеткен биігі де,өресі мен өзгешеліктері де айқындалады. Бір кездегі жастар-кейін өз талабына,тағдыр жолына қарай өмірден өз орнын тапқан,ақыл тоқтатқан бүгінгі үлкендер.Бала кездегі сөз,тәртіп,түсінік әсерімен әрқайсысы әрқилы қалыптасқан.

Шығарманың дүниеге келуіне авторлардың заман алға тартқан тарихи-қоғамдық,философиялық-моральдық мәселелерге байланысты толғаныстары,тәуелсіздік кзеңіне дейінгі қатпары қыруар,астары алуан қоғамдағы құбылыстарды байыптауы әсер еткен.

4.Бекіту.

1.Драмашы шығармаларында астарлы әзіл,юмор қандай қызмет атқарады?

2. «Көктөбедегі кездесуде» кейіпкерлерге уақыт,заман қалай әсер еткен?

3.Пьесада қандай мәселелер айқындалған?

4.Кейіпкерлердің табиғаты мен тағдырындағы айырмашылықтарды айтыңдар.

5.Шығармадан алған әсерлеріңді айтыңдар.

5.Үй тапсырмасы.

Шығарманы рөлге бөліп,мәнерлеп оқып келу.

6.Бағалау.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қалтай Мұхамеджанов «Көктөбедегі кездесу» пьесасы.

Автор: Турысбекова Жанар Кажимовна

Дата: 21.12.2019

Номер свидетельства: 532976


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства