kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?азіргі жастар поэзиясында?ы фразеологизмдерді? ?олданылуы (?ылыми жоба)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абстракт

Зерттеуді?  ма?саты: ?азіргі ?аза? поэзиясында?ы жа?а атаулар мен оларды? шы?армаларын насихаттау, тіл к?ркемдігін таныту.

Зерттеу ж?мысыны? ?ылыми болжамы: ?азіргі ?аза? поэзиясында?ы жастарды?  тілі ж?та? емес, к?ркем с?з ?рнектеріне толы.

Зерттеу ж?мысыны? ?дістемелік негізі: Зерттеу ж?мысыны? ?дістемелік негізі ретінде а?ындарды? ?ле?деріндегі фразеологизмдерді екіге б?ліп ?арастырып, зерттеу, талдау, баяндау, салыстыру,ж?йелеу,?орыту ?дістері пайдаланылды.

Зерттеуді? жа?алы?ы мен дербестік д?режесі: ?аза? поззиясында?ы жастар шы?армаларыны? та?ырыбын ашуда?ы фразеологизмдерді? ?исындылы?ын, т?жырымдылы?ын, к?ркемдігін, стильдік, ??рылымды? ерекшелігін аны?тау.

Ж?мысты? н?тижесі мен ?орытындысы: ?азіргі ?о?амда кенжелеп, туралап ?ал?ан ана тілімізді? е?сесін т?сірмей, шо?ты?ын биікке к?теріп ж?рген ?аза? жастарыны? шы?армалары тілді? ?аза?ы ?алпын жо?алтпа?аныны? д?лелі, сонды?тан да ?аза? жастар поэзиясыны? тілін зерттеу ?дебиетімізді? ?лтты? ?орын толы?тыратын ??ндылы? бола алатынын ескеріп, а?а ?рпа? ізін жал?астырушы екенін таныту.

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?азіргі жастар поэзиясында?ы фразеологизмдерді? ?олданылуы (?ылыми жоба) »

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы № 6 орта мектебі

Оқушылардың ғылыми қоғамы «Зерде»



Авторы: Серғазиева Қалдыгүл

10 сынып








Тақырыбы:


Қазіргі жастар поэзиясындағы фразеологизмдердің қолданылуы












Секциясы: тіл білімі





Жетекшісі: Сүлейменова Б.С.

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі






Шалқар қаласы

2014-2015 оқу жылы



Мазмұны:







І. Кіріспе............................................................................................................4


ІІ. Зерттеу бөлімі


2.1. «Алтынкөпірліктер» поэзиясы хақында.............................................................................................................5

2.2. Жас ақындар шығармаларындағы фразеологизмдер

а) Етістік номинативтік фразеологизмдердің қолданылуы........................................................................................................6

ә) екі сыңары да есім сөздерден болған фразеологизмдердің қолданылуы........................................................................................................9


ІІІ. Қорытынды.................................................................................................


IV. Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................























Абстракт





Зерттеудің мақсаты: Қазіргі қазақ поэзиясындағы жаңа атаулар мен олардың шығармаларын насихаттау, тіл көркемдігін таныту.




Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Қазіргі қазақ поэзиясындағы жастардың тілі жұтаң емес, көркем сөз өрнектеріне толы.




Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі: Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі ретінде ақындардың өлеңдеріндегі фразеологизмдерді екіге бөліп қарастырып, зерттеу , талдау, баяндау, салыстыру,жүйелеу,қорыту әдістері пайдаланылды.




Зерттеудің жаңалығы мен дербестік дәрежесі: Қазақ поззиясындағы жастар шығармаларының тақырыбын ашудағы фразеологизмдердің қисындылығын, тұжырымдылығын, көркемдігін, стильдік, құрылымдық ерекшелігін анықтау.



Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Қазіргі қоғамда кенжелеп, туралап қалған ана тіліміздің еңсесін түсірмей, шоқтығын биікке көтеріп жүрген қазақ жастарының шығармалары тілдің қазақы қалпын жоғалтпағанының дәлелі, сондықтан да қазақ жастар поэзиясының тілін зерттеу әдебиетіміздің ұлттық қорын толықтыратын құндылық бола алатынын ескеріп, аға ұрпақ ізін жалғастырушы екенін таныту.









3


Кіріспе



Ұлттық тілдің сөз қазынасы түр- тұрпаты жағынан әр алуан болып келеді: жеке сөздер, күрделі сөздер, тұрақты сөз тіркестері түрінде кездесетін лексикалық бірліктер бар. Солардың бір саласы «фразелогиялық тіркестер», қысқаша «фразеологизмдер» деп аталады.

Фразеологизмдер құрамы жағынан тұрақтылығымен «дап- дайын» күйде кездесетіндігімен, кез-келген тұста қолдана беруге болмайтын талғампаздығымен, мағына ,мазмұн тереңдігімен, бейнелілігімен ерекшеленіп тұратын тілдік құбылыс. Фразеологизмдер кейде жеке сөздердің эмоционалды, экспрессив баламасы ретінде де қызмет етеді: алыс- ит өлген жер т.б Фразеологизмдердің тағы бір қасиеті олардың құрамында көнелік белгі, сөздердің байырғы күйі, ескілікті сипаттары сақталады. Жекелеген сөздердің мағыналары дыбыс тұрпаты өзгеріп жатса, фразеологизмдер бұл жағынан «дәстүрге берік» . «Tонның ішкі бауындай» дегендегі «тонның» қазіргі мағынасы «сырт киім » дегенді білдірсе,фразеологизм құрамында жалпы «киім » дегенді аңғартады.[9]

Мәдени тілдік ұжымның (халықтың, ұлттың,эпостың ) байырғы дүниетанымы, дүние түйсігі, салт- дәстүрі жеке сөздерге қарағанда фразеологизмдерде мол қолданылған. Сондықтан фразеологизмдердің этномәдени қоймасы, этномәдени сақтаушы және бүгінгі заманға жеткізуші қызметтері көзге ұрып тұрады. Халықтың байырғы күнтізбе жүйесі, юриспруденция, дәстүрлі мәдениет институттары т.б қатысты ұғымдар, тірлікте болмағанмен тілде сақталған мифологиялық, этнографиялық көнеліктер көбіне фразеологиялық тіркестер құрамында кездеседі.[7]

Қысқасы, фразеологизмдерде Адам, Табиғат, Қоғам жөнінде тілдік ұжымның сан ғасырлық дәстүрлі білімдер жүйесі сақталған. Фразеологизмдер- тіл қазынасының ерекше бір қымбат дүниесі, сөз жүйесінің ішіндегі шоқтығы биік болып көрінетіні де сондықтан. Қай қаламгердің болмасын фразеологизмдерді дайын күйінде де, авторлық өңдеумен де (перифраза жасап) қолданатыны сөзсіз[9]. Әрине, мұнда автордың талғамын мен тілдік қоры шешуші болмақ. Соларға орай, фразеологизмдер біреуде аз, біреуде мол кездеседі. Ал қазіргі жастар поэзиясында фразеологизмдердің шебер қолданылуы қазақ поэзиясының шарықтау шегінде екеніне дәлел бола алады.




4



Негізгі бөлім


2.1. «Алтынкөпірліктер» поэзиясы хақында


Еліміз тәуелсіздік алар тұста да, алғаннан кейін де біраз уақытқа дейін мына заман аласапыран күйге түсіп, түрлі саяси, әлеуметтік сапырылыстарды басынан өткерді. Міне, сол кезеңдерде көп халық «әдебиет тоқырауға ұшырап тұр» деп алқынып айтты. Бірақ поэзия тіні үзілмеді, поэзияда тоқырау болмады. өсті, өркенін жайды. Ол толқынның әдебиетке келу кезеңі «алтынкөпір» деп аталып жүр. Олай аталу себебін Темірхан Медетбек былай түсіндіреді: «Бұларды «алтынкөпірліктер» деп атауымның басты себебі, олар әдебиетпен ешкімнің шаруасы болмай қалған тұста, әдебиетті тіпті әдебиет деп елемей қалған уақытта, әркім өзінің қарақан басының қамын ойлап кеткен кезеңде әдебиетте жалаң аяқ, жалаң бас, ешкім арқасынан қақпайтын, маңдайынан сипамайтын, «мынадай жақсы өлеңің бар екен» демейтін сәтте келгендіктен атадым. Осындай өтпелі қиын шақтың өзінде бұлар жеке шаруасын күйттемей, әдебиетке «сөзімді айтсам…» деп келген еді. Сондықтан бұл толқынға шынайы сүйіспеншілікпен қараймын.»[14]Бүкіл ел таршылық көрген тұста көп ақындар ұлы Мәртебелі поэзияның кешегісін бүгінгімен жалғастыратын көпір бола білді.

Жастар шығармашылығы туралы сөз болғанда әуелі есімізге Мағжанның  «Мен жастарға сенемін» деген өлеңі оралады. Онда ақын:

Арыстандай айбатты.
Жолбарыстай қайратты  -
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін! - деп ағынан ақтарылған болатын.

Ал сол жастар үмітті ақтады ма?

«Біздің жас ақын-жазушыларымыз әдебиетке біз жастар тақырыбымен келеміз деп еді. Асыл тастан, ақыл жастан деген халық қағидасы бойынша үлкендеріміз үлкен үміт еткенбіз. Ол үміт әлі ақталған жоқ». Бұл сөз Ғабит Мүсіреповтың 1984 жылы Жазушылар одағында 82 жасында айтқаны. Қазірде құнын жойған жоқ. Алдыңғы буынның соңғыларға көңілі толмаушылық өткен ғасырдың соңына келгенде талай данамыздың өкпесін қара қазандай қылған түрі бар. Десе де барға қанағат жасайтын, алғы күнімізге үмітпен қарайтын халықпыз ғой. Әуезов 1960 жылы «Жыл келгендей жаңалық сеземiз» атты мақаласында: «...Сол жайды бiз өзiмiздiң жастар туғызып жатқан қазақ поэзиясы, қазақ лирикасы жайында айтқым келедi. Осы үш саланың табыстарын жаңа жыл


5

келгендей өнердiң жаңа, жас қайраткерлерi келiп, қазақтың музыка, живопись, поэзия өнерiне жаңа бiр жыл келгендей жақсылық әкеле жатқан сияқты», - деген болатын. Ескерте кетерлігі, мұнда Мұхаң прозамыз жайында емес ,тек «қазақ поэзиясы, қазақ лирикасы жайында» сөз қозғап отыр.[12]

Онан кейінгі толқында да жастар жағына мойын бұрып, олардың шығармашылығы туралы сөз қозғағандар аз болған жоқ.Жастар және олардың поэзиясы төңірегінде Әбіш Кекілбаев: «...Мен өзге ұлттардың әдебиетін біршама білемін, осының ішінде қазақтың өлеңіндей өте мәнді, өте әдемі, барлық жағынан жетілген өлең өте аз. Әсіресе, жастар поэзиясы. Осы поэзияның деңгейіне әдебиеттің қалған жанрлары да жетер болса - қазақ әдебиеті ең бір дамыған, оқсаулы әдебиет боп шығар еді...», - деп үміті мен талабын қатарынан білдірсе, Асқар Сүлейменов: «Ұрпақ - ұрпақпен ұрпақ. Аға буын ағалық қамқорлығын көрсетсе, рухани мұраның тарих қоржынында қабаттасып қала бермейтініне есеп беріп отыр. Қазіргі жас - тарихтың мұрагері, сондықтанда сол мұраны жетпек жеріне жетелеп кетеді деп, соның азабына да, ауыртпалығына да таймай барады деп үміт артады. Бұл  - сенім, бұған қоса жауапкершілік. Әдебиеттің жаңа буынына, ең жас буынына бұл туралы әбден ойлану керек. Әншейін көкірек қағып, құрғақ мақтанудың жетегіне еріп емес, өздерінің табысына да, табыс көріне бермейтін тайыздығына да шын суреткерше асықпай, аптықпай, байыпты қарап ап ойланғаны шарт... Жаңа буын жаңаның жасаушысы болуға шамасы жетпесе, үлескері болуы керек»  - деді.[12]

Ақын Темірхан Медетбек жас ақындарды «Алтын көпірліктер» деп атады.

Сөйтіп, алдыңғы аға буынның өзінен кейінгілерге сынмен, үмітпен, күдікпен қарайтыны мәлім болды. Ал біз...[13]

Бұл зерттеу жұмысымда «алтынкөпірліктер» деген ұғымның әдебиетке енуіне себепкер болған, «алтынкөпірліктердің» көшбасшысы саналатын Маралтай Райымбекұлы, Әмірхан Балқыбек, белгілі журналист Жарас Сәрсек ,облыстық «Ақтөбе» газетінің редакторы Бауыржан Бабажанұлы, Батырболат Айболатұлы, «Қазақ радиосы» акционерлік қоғамының редакторы Әлібек Шегебай, Танагүл Толқынқызы, Нұржан Қуантайұлының еңбектеріне тоқталамыз.Әрине, жастар поэзиясы аты аталған жастармен шектеліп қалмайды, олар әлдеқайда көп. Бірақ мен өз зерттеу жұмысымды осы аталған ақындардың шығармашылығына арнадым. Бұлардың алды- қырықты алқымдаған, елге беделді, шығармашыл тұлғалар.





6


2.2. Ақындар шығармаларындағы фразеологизмдер

а) Етістік номинативтік фразеологизмдердің қолданылуы


Тұрақты сөз тіркестері тілде қалыптасқан даяр қалпында қолданылады. Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өзінің мағынасынан мүлдем, не жартылай айырылып, біртұтас мағынаны білдіреді. Тұрақты тіркестердің құрамы тұрақты, оны басқа тілде сөзбе-сөз аударуға болмайды, қолдануға дайын қалпында алынады. олар сөзді көрікті, өткір ету мақсатында қолдаынлады.[10] Ақындар өз шығармаларында сезім күйін, іс -әрекетті айшықты сөздерді қолдану арқылы өлеңдерінің үндестігін күшейте білген. Өлеңдердегі фразеологизмдер көбіне екі толық мағыналы сөздерден тұрады. Өз зерттеуімде етістік номинативті фразеологизмдердің алғашқы сыңарларының көбі адамның дене мүшелерінің атауларына қатысты екені байқалды.

1)Маралтай ақынның:

Жалғыз жерде жалғыз ғұмыр кештім мен,

Көзім, сірә, көрге кіріп ашылар,[3]- деген жолдарындағы «көзім ашылу» жан -жақты көру деген мағынаны білдірсе, Әлібек Шегебай «көз» сөзіне байланысты тіркесті шебер қолдана білген. Мысалы:

Қырман қашан бұл ауылдан жоғалған,

Итаяққа көз тігеді көгершін...

Қайыршының алдына жиналған,

Ақшаға да көзді тіккен күнім бар...

Жалғыздықты көзіме шұқығандай.

Топ шымшықтар ұшады топ шеңгелден,[3]- деген жолдардағы «көз тігу» фразеологизмі «назар аудару» мағынасын білдіреді.[1] Ақын осы фразеологизмнің баламасы болатын «көз салу», «көз түсу» тіркестерінің орнына дәл осы нұсқасын пайдалануы кейіпкердің ауыр халін ұқтырады. Ал екінші «көзге шұқу» тіркесінің мағынасы «бетіне басу», «бетіне салық етті» тіркесімен өзара синонимдес, яғни «табалады» деген мағынаны білдіреді. Бірақ ақын «көзіме шұқыды» тіркесін пайдалану арқылы дыбыстар үйлесімділігін орната білген.

«Бас» сөзіне қатысты фразеологизмдер де өте көп. Ақындар шығармаларында ол тіркестер де өз орнын таба білген.

Әмірхан Балқыбек:

Ия, аруақ!

Қалмасам да тұралап,

7


Біздің бастан ұшады енді, сірә, бақ,[3] -деп тіркестер орнын өзгертіп, ұйқасты шебер құра білсе,

Нұржан Қуантайұлы

Тұттай баланың тұрмысы үшін нар бабам,

Басы қайда қалмаған?[15]- деп риторикалық сұрауға негізделіп,метонимиялық тәсілмен жасалған тіркес арқылы өз ойын жеткізе білген.

Бауыржан Бабажанұлының:

Соңына ерген көп итіне үргізіп,

Енді тізе батырмас деп мына елге,- деген өлең жолдарындағы «тізе батыру» зорлық көрсету, күш көрсету, үстемдік жасау [8]мағыналарын береді. Бұл фразеологизмдегі тура мағына мен астарлы метафоралық мағынаның арасында байланыс салыстырмалы түрде[11] жеңіл анықталады. Байланысты түсіну үшін этимологиялық талдау жасасақ. Шын мәнінде фразеологизм тілде «тізесі батып, қатты ауырды» деген идеяны білдіру үшін туған болу керек. Осы тіркеспен мәндес «Табанына таптау, табанына салу» [15]деген фразеологизмдер бар. Жарас Сәрсек өз өлеңінде осы тіркес арқылы

Асқақ басын табанында таптаған

Әттең, менің бабам сынды жауым жоқ![6] – деп елі үшін ештеңе істей алмаған жандарға деген өкпе, ызасын жеткізеді. Зорлық қылуға қарама- қарсы әрекет қайырым жасау болса, қайырымдылық жақсы көруден басталады. «Жақсы көру» деген тіркесті Бауыржан Бабажанұлы:

Айқайлаймын, даусым шығар емес,

Тұр өйткені, менің де ішім жылып,[15] - деп, «ішім жылып» деген фразеологизм арқылы жан құбылысының климатын дәл айта білген. Сезімнің жылы климаты осы тіркес арқылы сипатталса, ақын келесі бір өлеңінде:

Кірпігіне қан қатып қоғамың тұр,

Үміт күткен ұрпағың ол жалаңаш, - деп «ашулану» мағынасын беретін «кірпігіне мұз қату, кірпігіне мұз тоңу» фразеологизмдермен синонимдес «кірпігіне қан қатып» [16] тіркесін «шаршау» мағынасында қолданғанын аңғаруға болады, яғни бір тіркеске екі мағынаны сыйғызған.

Ақындар поэзиясында бақ, көңіл, қайғы сияқты абстрактілі зат есімдерден жасалған фразеологизмдер де жиі кездеседі.

Әмірхан Балқыбек:

Қадірі қашқан, қаһары асқан заманда,

Қазағым қайда аумаған? – деп «беделі кеткен, құрметі жоғалған» деген мағынаны білдіріп, заман сөзіне күрделі эпитет болып тұрған тіркесті

8

пайдаланады. Сонымен қатар, дыбыс үйлесімділігін сақтау үшін «Қадірі

кеткен» деген тіркесті емес «қашқан» сөзін қолданған. Б.Айболатұлы «Мен ғашық қыз» жыр жинағында «бағаламау» деген мағынаны білдіретін тіркесті инверсияға ұшыраған сөйлемнің баяндаушы етіп қолданады.

Өзіме де қимаған соң қорқамын

Қадіріме жетпей ме деп басқа адам.[15]

Алғашқы тіркестегі «қашқан» сөзі «ұйқы, күлкі» зат есімдерімен тіркесіп келіп, адамның мазасыз жай-күйін білдіреді. Тіршіліктен қажып шаршаған Батырболат ақын өз көңіл-күйін:

Бір түнімнен ұйқым қашты,

Бір күнімнен күлкім қашты

Баянсыздау сезімдердің,

Байсал ойын жұртын басты,[4] - деп жеткізеді. Көңіл-күй демекші, «Көңіл» сөзі фразеологизмдік тіркестердің бағыныңқы сыңары болып келеді. Мысалы, Батырболат өзінің ішкі әлемін:

Көңіл қалды пенделіктен,

Әлім кетті-зая күндер,- деп білдірсе, Әлібек Шегебай:

Жоқтау айтып жылаған сезіміме,

Келіп тұр қайғы мен мұң көңіл айтып,[3] - деп фольклорлық сипаттағы «Көңіл айтып» тіркесін, өз көңіл-күйін кейіптеу арқылы сипаттауда өте орынды пайдаланған.

Сонымен қатар, ауыспалы мағынаға «Көп» деген метонимия арқылы ауысқан «көптің көңілін жықпай» фразеологизмі Маралтай ақын өлеңінде былайша көрініс береді:

Тәніне орап, тәлімінің кебінін,

Жалпылдайды көптің жықпай көңілін.

Жатырында қулықпенен сұмдықты,

Естіп өскен бала сынды өмірім. [3]

Ақындар жан күйзелісін өлеңдерінде «Жан» сөзіне қатысты фразеологизмдер арқылы бере білген. Мысалы, Әлібек Шегебай:

Жанымды жейді кей-кейде,

Күткенің тура келмей де, - десе, Жарас Сәрсек:

Сезім дейтін жанымды өртеп жасынды от,

Сен шөл болсаң, жаумақ болғам жауын боп,[6] - дейді. Бұл аталған тіркестер адамның жағымсыз көңіл-күйін білдірсе, Әмірхан ақын:

Жанды тербеп мәңгіліктің ағыны, - деп «толқу» мағынасындағы тіркесті көңіл-күйдің жағымды жағдайын көрсету үшін пайдаланған.


9

Бұл өлеңдерде «қарға тамырлы қазақ», «салы суға кету» сияқты фразеологизмнен мәтелге ауысқан қолданыстар[9] кездеседі. Мысалы, Нұржан ақынның:

Салы суға кеткен көктің

Еңсесі

Ескі тонның етегіндей салбырап, - деген өлеңінде тіркес арқылы бояуы қанық сурет сала білген. Сонымен қатар, «еңсесі салбырап» тіркесін» ескі тонның етегіндей» деген тұрақты теңеу арқылы сипаттау, фразеологизмнің эмоционалды бояуын арттырып, суреттелетін құбылысты әсерлі түрде бейнелеген ақынның шеберлігін көрсетеді.Немесе Бақыт Беделханұлы:

Тақпақты қойшы, қарғаны айтам да,

Қарға тамырлы қазақ – ау![5] – деп қазақтың бірлігін сөз қайталаулары (коламбур)арқылы суреттеген.

ә) Екі сыңары да есім сөздерден болған фразеологизмдердің қолданылуы

Осындай етістік номинативті фразеологизмдермен қатар есімді фразеологизмдерді кездестіруге болады. Мысалы,Бақыт Беделханұлының:

Күйкі тірлікпен мүжілген аядай ғана,

Ауылға қара, қорымдар қарап тұр әне...[5] – деген үзіндісіндегі «күйкі тірлік» күйбең, қиын тіршілік деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар, осы тіркестің синонимі ретінде, сөйлеу тілінің фразеологизмі болып табылатын «ит өмір» тіркесі Б.Бабажанұлы шығармаларында жиі кездеседі. Мысалы,

Аттан түстім, түстім дұшпан торына,

Азап шектім, ит өмірден жеріндім,

Далбасалап қарап едім қолыма,

Бұл күннің де өтетінін ұғындым.[2]

Бұл тіркес қарапайым болғаныменен,өлеңнің эмоцианалдық бояуын қанықтыра түскендей.

Халақ ырым қылып, жұлдыз ақса «жұлдызым жоғары» деп мерейім үстем болсын деген ниетпен айтылатын тілек сипатындағы фразеологизмді

жиі қолданады. Қарапайым, күнде айтылып жүрген осы тіркес Батырболат ақынның өлеңінде «рухы дертке шалдығып», ақыры тәнін жерге қалдырып, бақилық кетсе де , бәрібір өршеленген жанның өжеттік рухын береді. Оқып көрелік:

Рухымды дертке шалдырдым,

Кәсіпкерлікке обалы,

Тәнімді жерге қалдырдым...


10

...Жұлдызым жоғары.[4] Рухы биік ақынның ешқашан көңілі күпті болмайды.Осы тіркесті пайдаланған ақынның сенімді, өр тұлға екенін көруге болады.

Итаяқтан суды да ішкен бар шағым,

Кез емес-ті ол көңіл күпті, арса мұң. (Ә.Балқыбек)

«Көңіл»сөзіне байланысты адамды сабырға шақыру мақсатында айтылатын «сап көңілім» деген тіркесті Б.Бабажанұлы шығармаларынан көруге болады.Ол өзінің «Сөз» өлеңінде:

Сап, сап, көңілім-бозжорғам,

Жоқ нәрсеге налыма.

«Ең әуелі сөз болған»,

Сөз болады соңы да![2]- деп жырлайды. Бұл тіркестегі «сап» сөзі «сабыр» сөзінің дыбыстық өзгеріске ұшырап, ықшамдалған түрі болса керек.


























11



Қорытынды


Тіл зерттеушілерінің айтуынша, сөз жұмсаудағы қатенің ең жиі кездесетін түрі фразеологизмдердің мағынасын тап басып тани алмағанымыздан, орынды қолдана білмейтіндігімізден. Осы орайда, қазіргі жас ақындар тілдің інжу- маржанындай көрінетін сөз орамдарының қаймағын бұзбай орынды жұмсай алады деп сенімді айтуға болады. Олар тұрақты тіркестердің сыры мен қырын ұққан. Олардың поэзиясының қажеттілігі мен құндылығы осында.

А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, т.б. ақындардың шығармаларындағы, «Сал-сал», «Зарқұм», т.б. діни-қисса дастандардың, «Едіге», «Абылай» тәрізді тарихи жырлардың тіліндегі фразеологизмдер еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жинастырыла бастады. Ал қазақ жастар поэзиясының тіліндегі тұрақты сөз өрнектері әлі де зерттеуді қажет етеді.























12


Пайдаланған әдебиеттер:


1. Тұрақты тіркестер сөздігі Алматы «Арыс» 2007

2. Б.Бабажанұлы «Аспан мен жердің арасы» Елорда, Астана 2001

3. «Мәртебелі поэзия» топтамасы Елорда, Астана 2001

4. Б.Айболатұлы «Көзмоншақ» Елорда, Астана 2001

5. Б.Беделханұлы «Көкемарал» Елорда, Астана 2001

6. Ж.Сәрсек «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» Елорда, Астана 2001

7. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2008 №5,2007№2

8. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі Алматы ,2005

9. М.Балақаев,М.Томанов,Е.Жанпейісов,

Б.Манасбаев «Қазақ тілінің стилистикасы» Алматы,1974

10. Н.Оралбаев,Т.Әбдіғалиева,

Б.Шалабаев «Практикалық қазақ тілі» Алматы «Ана тілі»1993

11. А.Байтелиев «Қазақ тіліндегі етістік

мағыналы номинативтік фразеологизмдердің

семантикалық құрылымы» «Қазақ тілі мен

әдебиеті»журналы 2005№7,54-бет

12.Ж.Шәкенұлы «Жастар поэзиясы жайын

да толғаныс» www.massagan.kz сайты18.12.2010

13. А.Елгезек «Жастар өз ішінен өзін www.massagan.kz

іздеп жүр» 02.09.2010

14. Қ.Бәкір «Өлең мені «Алтын Орда»

асыраған жоқ, мені асыраған журна- газеті 24.02.2011

листика»

15. Т.Медетбек «Алтынкөпірліктер» «Жұлдыз» №1-2 2008

16. Синонимдер сөздігі Алматы Арыс 2007

13





























12









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
?азіргі жастар поэзиясында?ы фразеологизмдерді? ?олданылуы (?ылыми жоба)

Автор: Сер?азиева ?алдыг?л ?онысбай?ызы

Дата: 13.03.2015

Номер свидетельства: 185559


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства