Просмотр содержимого документа
«Елбасыма арнау. Т?уелсіздігім арайлым »
Тынышбай Аружан
Тараз қаласы №47 орта мектебінің 8 «Б» сынып оқушысы.
Жетекшісі: Досжанова Рахия Каюмовна.
Елбасыма арнау
Еліміз – дүрсіл қаққан жүрегіміз
Елбасы – ел қалауы тірегіміз
Туымыз биіктерде желбіресін
Тәңірге қабыл болып тілегіміз
Әдет – ғұрып, салт – дәстүрін сақтаған
Ата – баба ел сенімін ақтаған
Қазақ елін барша жұртқа танытқан
Қамқоршымыз елбасымен мақтанам!
Өз халқының тағдыры үшін күрескен
Өркениет қатарында тірескен
Егескенде биік ұстап еңсесін,
Тәуелсіздік жолындағы күрестен
Алаш жұртын жан - тәнімен сүйетін
Алауласа ыстығына күйетін
Суығында нұрын шашып, жылу боп,
Шапағаты жұртшылыққа тиетін
Арқаладың қиындықта ел жүгін
Қадіріңді біліп отыр ел бүгін
Тәуелсіздік туын биік көтеріп,
Сақтап қалдың қазағымның елдігін
Сөйлегенде сөз маржанын ашатын
Жұртшылыққа мейірімін шашатын
Әрбір істе табандылық танытып
Ерлігінен қазақ даңқы асатын
Елбасына бұл жырымды арнадым
Қадірлейді халқы дәйім ардағын
Елбасындай елге қызмет ететін
Менің – дағы асқақтап тұр арманым
Тәуелсіздігім арайлым
Арайлап атқан таңым да
Жүрегімде Отан жанымда
Қазақстан атты байтақ жер
Сақтаулы мәңгі жадымда
Асау бір мына сағымда
Боданда жүрген шағымда
Тәуелсіздігім – арайлым
Оралдың менің бағыма
Өзіңді сүйіп тәңіммен
Шырқаймын бірге әніммен
Құшағыңда асыр саламын
Бар салтанатыммен, сәніммен
Дидары асқан бал тұлғам
Жаралған мөлдір ақ нұрдан
Ағасы болып елімнің
Аспаған дәстүр, салтымнан
Анамдай көрем мен сені
Аялағаныңа тамсанып,
Атамдай мейірім төгесің
Отан деп айтып, жар салып
Төбемде қалқып қыраным
Кеудеде тулап, жыр – әнім
Еркіндік желі тербейді
Бақыттың тағып тұмарын