kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Елбасы-ел тIрегI

Нажмите, чтобы узнать подробности

1-желтоқсан тұңғыш президент күніне арналған баяндама.

Қазақстан Республикасының елбасы Н.Ә.Назарбаевтің еңбек жолы туралы, өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарығантуған тілін сүйетін адам туралы айтылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Елбасы-ел тIрегI»

Маңғыстау облысы

Мұнайлы ауданы

№2 жалпы білім беретін мектептің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Аскарова Гулмира Ермуратовна





Баяндама тақырыбы: « Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»



Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Республиканың өз алдына дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 26 жыл толғалы отыр. Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді. Өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жүрген ерікті елдің қызының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел Президентін сайлады. Оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз

Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи  таңдау күні барлық  қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  төңірегіне  топтасу күні. Тәуелсіздік пен бостандықтың  игі мұраттарынан баянды етіп,өркениетті елдерге тән қадамдар жасауда, ел алдындағы саясаткерлік,қайраткерлік, азаматтық және перзенттік парызын адал орындап, әлемдік беделге ие болған. Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенттің ел тәуелсіздігін нығайтудағы, халықаралық аренада мемлекет беделін көтерудегі еңбегіне ризашылық білдірген хаттар, төрткүл дүниеде журналистер қауымы жарыса жақсылап жазып, әділ бағаларын беруде. Қазақтыңбағын жандырушы, алаш балаларының маңдайына біткен   «алтын жұлдыз» іспеттес.

Кешегі бала, бүгінгі Президент, Елбасы қасиеттері… Бұл «есті патшаның бойында алты әулиенің қасиеті болады» дегенге солды Шығыс аңыздарында Елбасы Алматы облысында, Қаскелең ауданы Шамалған ауылынды Әбіш пен Әлжан атты карапайым шаруалардың отбасында дуниеге келген.

...«Мына Алакелдінің жотасына бір  қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққан соң ауыл жаққа қарасам, менің класым да, мектебім де, мектебімдегі балалар да, осы Шамалған ауылының бәрі төмен жақтан көрінді. Соны арқалап шығарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім»-деп көрген түсін Нұрсұлтан анасы Әлжанға жорытпақ ниетте, сонда ақ жақсылықты, кемеңгер ана жүрегі бірдемені сезді ме, баласына: «Сұлтан, балам сенің ел алдында беделің биік, өрең  кең, құрметті адам болады екенсің»-деп батасын беріпті. Сол бата періштелердің құлағына шалынып, батамен ер көгереді.

Бесіктегі баланың бек боларын кім білген,

Қарындағы баланың хан боларын кім білген!!

Елбасының балалық шағынан бозбалалық шағына дейін Шамалған ауылында өсті. Сол кезеңдегі көптеген қиындықтарды басынан өткерді. Кедейліктің, сол заманғы қиындықтың ащы дәмін татты. Жер аударылып келген шешен, орыс, украин, чуваш халықтарымен бір нанды бөлісіп жеп, тату-тәтті өмір сүрді. Бұл қасиет қазіргі таңда, жүз отыздан аса ұлтты ел болуымыз, балалық шағының бір парағы іспетті.

Білімге құштарлығы сол балалық сәби кезінде-ақ қалыптасты, Бір естелігінде: «әдетте мені мектепке баруға әтештің шақыруына қарай оятатын. Сағат дегеніңіз атымен болмайтын. Ұйқылы көзбен қалың өқарды омбылап, алты –жеті шақырым жол журіп мектепке жететінмін. Жеткен кезде кейде сағат әлі бес не алты болып шығатын»-дейді. Өте еңбекқор, мінезі де өте жақсы, биязы, мейірімді, көмекке зәрулерге әрдайым қасынан табыла кетеді екен.  Үйге берілген тапсырмаларды түнделетіп болсын, шамжарығымен оқиды екен. Сонда  әкесі түні бойына от жағып, баласының білімге құштарлығына сүйсіне ерекше көзбен қараған. Бір өзінде қазақ-орыс тілінде шешендігі,өнерге жақындығы: домбыра, аккордеон, баян тарту, ән айту, ақындық, сазгерлік қасиеті және спорт ол үлкен орын алады екен. Украинада жүргенде 1-разрядты спортшы нормативін, уақыт өте келе баскетбол, волейбол, теннис, гольф, атқа міну, тау шаңғысы сияқты спорт түрлерін жақсы меңгерген.Мектеп қабырғасында жүргенде кітап оқуға қашан  болмасын, уақыт табатын көрінеді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, біздің Елбасы «бес аспап»немесе «әмбаб».  Елбасы мектепті күміс медальға бітірген екен

Ең алғаш оқуға түспек ниетте Қазақ Мемлекеттік Университетінде химия фокультетіне тапсырады. Қанша «үздік» тапсырып тұрса да, сол заманға парақорлықтың  кең етек алған уақыты болғандықтан, алдынан кесе көлденең  кедергі шығып, тауы шағылады. Бұл оқиғадан «парақорлық» — әлеумет–экономиканы құлдырату деген тұжырымға келді. Бірақ, тағдыр сынына мойымай, өмірін әрі қарай сабақтастырды. Бірде, Киев азаматтық авиация институтына қабылданып тұрса да ата-ананың батасынсыз кетуге бата алмай, жүрегі қанша қан жылап тұрса да құжатын қайтарып алады. Енді, «ер кезегі үш рет» демекші, Теміртауда салынған металлургия комбинатына бармақшы болып шешеді.Сырт көзбен қарағанда тиіп тұрған Алматыға бармай, сол уақыттағы жердің қиыры болып көрінетін Теміртауға баруға ешкімніңде жүрегі дауаламайтын кез. Ең алғаш «еңбек жолын қарапайым металлург болып бастаған жігіт қалай Елбасы болды?» — десе, өзіне тән табандылығы, шыншылдығы, еңбекқорлығының арқасы. Теміртауда кадрлер дайындау мақсатында, Украинаға, Днепродзержинскіге барып, ВТУЗ-да оқып келеді. Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. Еңбек жолын есіне алғанда: «кір болған киімімізді қайта киіп алғаннан гөрі, далаға жайып мұз болған киімді дұрыс көретінбіз»-дейді.Көптеген істер атқара жүріп, қызметі жоғарылай түсті. Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер  атқарды, партком хатшысы,Қазақстан КП Орталық комитетінің  хатшысы болды. 1984 жылдан 1989 жылға дейін Қазақ КСР министрлер Кеңесінің төрағасы. Ал,1989-1991 жылдары Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы, 1990ж сәуірінен Қазақстан Республикасының Президенті. 1991жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлауы нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.

Әрбір елдің, халықтың бір дәуірлерде қайта тулеуіне, жаңғыру кезеңіне себепкер тарихи ұлы тұлғалар болады. Мысалы, түріктер үшін-Кемал Ататурік, үнділер үшін-Махатма Ганди. Олардың бірі тарихтан өшіп кетудің алдында тұрған халқын қайта қайта түлетсе, екіншісі отаршылар езгісінде тапталған қалың бұқараның  еңсесін көтереді. Ал біздің қазақ Н.Ә.Назарбаев-сондай тұлға. Осындай ұлт бақыты үшін туған азаматтың қайраткерлігі, сезімталдығы, сезімталдығы, көрегендігі, нені қолға алса да жүз ойланып, мың толғанып шешім жасайтын қасиеті ұнайды. Сайланған күннен бастап, бүгінгі күнге дейінгі дамудың өркениеттің жолына түскен халқымыз ел өміріндегі бар жақсылықты, әр саладағы сәтті қадамдарда, Елбасы есімімен тікелей байланыстырып келеміз. Бұл-шындық. Қазақ елін халықаралық аренада елу елдің қатарына еңгізіп, дамыған елдермен иық текетіресе алатындай дәрежеге жетті. Елбасының жиырма жыл ішінде еңбектерін ауыз толтырып мақтана аламыз. Біріншіден, Қазақстан  Республикасының астанасын Алматыдан Астанаға көшіруінің астарында нағыз саясаткерлік шеберін көрсетті. Себебі, сол кезде солтүстік-шығыс жақтағы қазақтар Ресейге қосыламыз деп бүлік шығарған еді. Сондықтан, қазақтарды біріктіру мақсатын көздегені анық байқалады. Бір күнде Астананы көшіру деген, әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Сонда Елбасының табандылығы мен көрегенділігіне таңдай қаққаннан басқа шара жоқ. Екіншіден, қазақ қандастарымыз кейбір себептермен шет елдерге көшіп кетті. Сол  қазақтарды өз Отанына шақырды. Үшіншіден, Қазақстанда экономикада өзгеріс енгізіп, демократиялы ел болдық. Төртіншіден, Қазақстан даму стратегиясына «Қазақстан 2050» жарық көрді. Бұл бағыт Қазақстанның білімі, мәдениеті, ғылым, спорт, саясат, әлеумет, экономиканы, қай жағынан болмасын дамыту көзделіп, басты жолға қойылды.

Ең ескерер жәйт, ол Қазақ жерінің астын талқандаған Семей полигонын жабу және 130-дан астам ұлт пен ұлыстың бір аспан астында өмір сүруді жөн санады, Халық Ассамблеясын құру, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына, Тәуелсіз Мемлекеттер одағына кіру, ең бастысы «EXPO-2017» көрмесінің  Қазақстанда өтуіне ықпал еткен бір ғана Елбасымыздың сындарлы саясаты екенін білемін. Сөзі мен ісінде алшақтық жоқ саясаткер Елбасы арқасында дамушы ел ретінде алдына қойған миссияларын абыроймен орындап келеді. Ол кісі бейбітшілікті сүйетін тұлға, өз сөзінде «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол-бірлік »дегенді ұстанады. Жалпы, Елбасымыз Ұлт Көшбасшысы – қазақ ұлтына және мемлекетімізге байланысты қандай мәселені болсын, соңына дейін шешуге талпынатын табанды саясаткер. Бір қоғамнан келесі қоғамға ауысар, осындай өтпелі кезеңде маңдайына Назарбаевтай  нар тұлға көшбасшы бұйырғанын Қазақстан халқы мақтан тұту керек.

Қорыта айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев – ғасыр тұлғасы, елінің жанын ұғатын, халқын замана көшімен аман алып келе жатқан қамқоршы. Айналасына нұрын төккен, жылу шашқан Нұрсұлтан Назарбаевтай тұлғалардың қоғамдағы алар орны ерекше. Елбасының  бергенінен  әлі де берері мол екеніне кәміл сенемін.Елбасыға тілерім көк туымызды биіктерде желбірету жолындағы еңбегіңіз жана берсін!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Елбасы-ел тIрегI

Автор: Аскарова Гулмира Ермуратовна

Дата: 04.12.2017

Номер свидетельства: 442133


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства