Сабақтың ортасы 20 минут 10 минут | Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі тірек сөздерді анықтаңыз. Тірек сөздерді қатыстыра отырып, 2 проблемалық сұрақ құрастырыңыз. Сұрақтарыңызды жұбыңызбен алмастырыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беріңіз. Өзгенің жауабын өз болжам жауабыңызбен салыстырыңыз. Келісу, келіспеу себептерін талқылаңыз. Табиғат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу - Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген. Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып су алуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер. Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика, негізінен, механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады. Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады. Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар – күн мен түннің ауысуын және Күннің тұтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады. Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады. lektsii.com/12-34114.htm Проблемалық сұрақтарға деректер арқылы дәлелді жауап береді | Негізгі тірек сөздерді анықтайды | Екі проблемалық сұрақ құрастырады | Сұрақтарға деректер келтіре отырып, дәлелді жауап береді | Өзгелердің жауабымен салыстырады | Өзгенің жауабын өз жауабымен салыстырады | Келісу, келіспеу себептерін талқылайды | Сергіту сәті. Тапқыр болсаң, шешіп көр! Қолы жоқ,сурет салады,тісі жоқ,тістеп алады./Аяз/ Қанаты жоқ- ұшады,аяғы жоқ-жүреді,аузы жоқ-ұлиды./Боран/ Терезеге қонады,әсем ою ояды./Қырау/ Отқа жанбас,суға батпас./Мұз/ Бар ма, жоқ па – оны анық білмейсің, Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің./ауа/ Жылт – жылт еткен, Жырадан өткен. /су/ Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді, Қара шапан үстінен алты ай бойы түспейді. /Қара жер мен қар/ | Мәтін |
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? |