Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығын оқыту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Сүйінбай Аронұлыныңөмір жол, шығармашылығымен таныстыру. Ақын өлеңдерін оқыту, түсінік беріп, мазмұнын меңгерту. Дамытушылық: Алған білімдерін жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру. Тәрбиелік:Өлеңді негізге ала отырып, оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, жаман қасиеттерден алшақ болуға, жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.
Туған жерінің елжанды азаматы болуға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
I. Ұйымдастыру бөлімі: сәлемдесу, сыныптың сабаққа даярлығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Жаңа сабақ:
1.Дәріс. Ақын өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Сүйінбай Аронұлы Алатау бөктеріндегі Алматы облысының Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерінде 1815 жылы туылып, 1898 жылы 83 жасында дүние салған. Оның өлеңдері мен айтыстарында ХІХ ғасырдағы қазақ елінің өмір-тіршілігі, арман-мұраты көрініс тапқан. Жасынан қолында билігі мен байлығы барлардың кедей-кепшікке көрсеткен зорлық-зомбылығын көріп-біліп өскен ол қара халықтың жоқтаушысы болған. Атқамінерлердің халыққа жасаған қиянаттарын алмастай өткір жырларымен естен кетпестей қып беттеріне басты. Ел бірлігін, оның тәуелсіздігін, сол жолдағы ерлердің жанқиярлығын талмай жырлады. Болашақ даңқты ақын жасында жоқшылық тауқыметін көп тартқан. Жастай жетім қалып, байдың малын бағып, тамағын асыраған. Ол туралы өлеңдерінде ақынның өзі де айтады. Ал ақын Қожахмет Тұрлыбайұлы бір өлеңінде: Сүйінбай он жасында қалды жетім, Жылаумен секпіл басқан екі бетін. Жетімді жетілдіріп, жүйрік еткен, Алланың көрмеймісің құдыретін, - деп, жетім баланың ақындық өнердің шыңына шыққанына таңданады. Сүйінбай 13-14 жасында ең алғаш рет “Түс” деген өлеңін шығарады. Бұл өлеңде болашақ ақын Шүйбек деген байдың қойын бағып жүргенде, бір күні түс көріп, ұйқысынан өлеңдетіп оянғандығын баяндайды. Болашақ ақынның айтуы бойынша түсіне Қызыр баба келіп, көген аласын ба, өлең аласын ба дегенде, Сүйінбай «өлең, өлең» деп айқайлап, ұйқысынан оянған екен . Осыдан бастап оның ақындық қасиеті дами бастаған. Бір ғасыр бойы өмір сүрген жыр алыбы Жамбыл атамыз да осы Сүйінбайдың ақындығына тәнті болып, іздеп барып жыраудың батасын алған. Жамбыл Сүйекеңді ұстазым деп пір тұтқып, оның бағасын: Бата берген Сүйінбай, - Жырдың тіккен туындай... Ақындардың ақыны, Айдын көлдей ақылы... Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай... – деп берген. 2.Оқушыларға ақынның өлеңдерін оқыту, өлеңдерінің мазмұнын ашу.
Оқулықтарын ашқызып, өлеңді мәнерлеп оқу. Оқып отырып, «Түртіп алу» стратегиясы бойынша өздеріне таныс емес сөздерді қарындашпен белгілеп отырады. Тақтаға түсініксіз сөздер айтылып, сөздік жазылады: Әмме – түгел, барлық, күллі Парқы – бағасы Ұңғы – балтаның сап салатын жері - Ақын бұл өлеңінде адам бойындағы мінез құлықтарға үңіледі.Жақсы жамандықтың қоғам тіршілігінен және жеке адамның өмір қоғам тіршілігіненжәне жеке адамның өмір ағымындағы іс-әрекетінен туып отырғанын анық айтады.Ол өмірдің басты тұтқасы – адамның адамға жақсылық жасауы деп түсінеді. «Алысты жақын етер, елімнің ағасындай» жақсылар жарық дүниеге ізгілік үшін келеді деген ой түседі. Жақсылық пен жамандықты салыстыра отырып, жақсы істің артықшылығын көпке әкелер пайдасын атаумен бірге, жаман істің енді жамандыққа ұрындыратынын, зиянды екенін көрсетеді. Бұл арқылы адам баласы қай жағынан алып қараса да, таза, адал, ар иесі болу керек деген қорытындыға келеді. (оқушылар өз ойларын айтады). 2. Өлеңнің ұйқасын табу. Көркемдегіш құралдарды табу: Теңеу – ел-жұртының қамасындай, әмме жұрттың анасындай (ережесін айтқызу) Бұл өлеңде ақын не айтқысы келді? Сендерге қандай әсер етті?
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Ү.Үйге тапсырма: Сүйінбай Аронұлы шығармашылығы туралы әңгімелеу, өлеңдерін өз қалаулары бойынша жаатқа мәнерлеп оқу, айтысты рөлге бөліп оқу. «Жақсылық пен жамандық» тақырыбына шығарма жазу.