kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сыныптарға арналған жаңылтпаштар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл бағдарламада әртүрлі жастағы оқушылардың тілін жаттықтыру мақсатында жаңылтпаштар жазылған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныптарға арналған жаңылтпаштар»

  1. « Алма піс,

Аузыма түс » деп,

Ертай баққа қарамайды.

Ойнап құр аралайды.

Бұл жарамайды!



  1. « Балқурайдан »

Басқа да бар қурай.

Ал, балқурай

Қай қурай?



  1. Тал тік,

Тіп – тік қып тік.

Түбін түпте,

Нық қып түпте.



  1. Көгорай көк шөп,

Көгорай көк шөпті

Жағалар көбелек көп.



  1. Күн ыстық,

Күнге қыздық.

Суға түстік

Үздіксіз жүздік.





  1. Кесені шай,

Шайқай – шайқай шай,

Шайып, құй шәй.



  1. Отан, бұтап шоқ бұтақты,

Түтін түтетті

От тұтатты.



  1. Күрішті екшеп,

Текшелеп ексек.



  1. Семіз қой сой,

Семіз қой қай қой?



  1. Тоқсан сайын

Алғыс алғыш

Жалғыз Нарғыз.



  1. Тайғанақтап,

Қаңғалақтап,

Бұлғалақтап,

Сырғанақ теп.





  1. Бұл сомпай,

Оңқай сомпай.

Омпа тұрды

Оңқай сомпай.





  1. Көбейді құрт күрт

Құртты құрт

Деп жүр жұрт.



  1. Базарда барабан,

Дүкенде қара нан сатады.

Барабан қара нанды да,

Ел алып бара жатады.



  1. Сен бестік баға аламысың?

Бестік баға алмаған күні –

Өзіңді кеше аламысың?



  1. Құздан таймаған ат,

Мұздан тая ма?

Мұздан таймаса,

Шауып, өт аяма!



  1. Босап қапты қалта сап,

Балта сапты қайта саптап

Балта шап.



  1. « Тойбастарсыз » қай той тарқар?

« Тойбастар » айтар

« Тойбастардан » кім бой тартар.





  1. Қабырғаларға кілем ілді

Ілген кілем кілең, бір өңді.





  1. Жыртыс жыртты жұрт үшін

Жырғап жүр жұрт ап жыртысын.



  1. Жағалау жағалай қарағай

Жағалаудағы жағажайды жұрт

Қарағайларды жағалай сағалар.



  1. Піл күшті,

Піл күшті емес,

тіл күшті.



  1. Құс түлкі алады,

Қасқырды тазы – иті ғана сөйте алады.



  1. Нар түйе –

Әр түйе емес.

Әр түйе –

Нар түйе емес.



  1. Тоғайда қай ағаш бар?

Қара ағаш, сары ағаш,

Кәрі ағаш бар.



  1. Тоқтарбай

Шоқпарбайдың ағасы.

Тоқтарбай

Шоқпарбайға нағашы.



  1. Моншақты тақты оншақты,

Оншақты болды моншақты.



  1. Саптап, сақтап орақ, шалғы,

Жұмсай берді олар, олақ шалды.

  1. Үйге кіріп киім ілді,

Сыртта шешіп, үйде киді.

Бірін тастап, бірін киді.



  1. Қойбағар тойға бармай, қойға барды,

Тойбағар қойға бармай, тойға барды.



  1. Сөздің соңын тақпақтатады,

Талай тақпақ таппақ тағы.

  1. Қаңбақ – тоңғақ!

Тоңғақ – қаңбақ.

Ұшты иық қомдап!



  1. Маса жүрді ызылдап,

Маса қаны бұзылды – ақ...

Біруақта шекесі

Қоя берді дызылдап.

Шапалағы шарт етті,

Алақанда – қызыл дақ!

Екінші рет шекесі

Қоя берді дызылдап.

Маса жүрді ызылдап.





  1. Шеңгел! Шеңгел!

Шеңгелге енгенде,

Шеңгелде сенделген де

Еріншек Ерден бе?



  1. Сылдырмақ сылдырлады,

Сәби былдырлады.

Сылдырмақ сылдырласа,

Сәби былдырлай ма?

Сылдырмақты

сындырмай ма?



  1. Дөңгелек гүрілдеді,

Теміржолдар дірілдеді.

Сәби көзін бір ілмеді

Үн шығарып « уілдеді »



  1. Мінген шанаға да,

Танаға да

Анау бала – қара бала.



  1. Мұрат тағы

Құлап қалды.

Мүйізді « ерді »

Ұнатпады.

Киізді жерді

Тұрақтады.



  1. Қаратай оны –

« Балақай » - деді.

Қаратайды ол –

« Ағатай » деді.



  1. Апам ән айтады,

Атам: ән айт десе ол және айтады.

  1. Ақ арыстан

Аса алыстан әкелінді.

Аса алыстан

Ақ арыстан әкелінді.



  1. Жаңабай көшіп,

Қарабай көшті,

Қарағай кесті,

Оң – солына

Қарамай кесті

Қарабай көшті

Жаңабай көшті,

Қарағай көшті,

Оң – солыңа

Қарамай кесті

Қарабай көшті,

Жаңабай көшті.



  1. Алқа тақты

Қамқа тақты,

Қалқа тақты.

Алқаны

Қалқа тақты,

қамқа тақты.

  1. Төленді

Беренді жаратпай,

Желенді киді.

Беренді жаратпай

Төленді

желенді киді.

  1. Білте келте,

Келте білте.

Тозады

Бірте – бірте

Білте.



  1. Жамақай

Жапатай кимей,

Малақай киді.

Жапатай кимей,

Малақайды

Жамақайды

Жамақой киді.



  1. Атам бақ аралады,

Ағам тал аралады.

Атам көл жағалады,

Асыл ат тағалады.



  1. Жұмыртқалар деген тауықтар,

Жұмыртқаламас деген қауіп бар.

Жұмыртқалар деген тауықты,

Жаңылыспай жүріп тауып ал.



  1. Қулық таудан

Қулық бие көрдім,

Қуанғаным – құлындапты.

Қулық таудың

Қойнауындағы,

Қорқауларға ұрынбапты.

  1. Шырағым, шұбат іш,

Шұбатты сұрап іш.

Шұбатты ішпесең,

Бітпейді бұла күш.



  1. Сиыр бұйдасын үзді,

Барып бұзауды сүзді.

Бұзау арқанын үзді,

Қашты бетке ап түзді.



  1. – Табыңдар! – деп, - бізді,

Апам сөкті бізді.

Таппаған соң бізді,

Бар күдерін үзді.



  1. Сырттағы ит үрді,

Сырттан кісі кірді.

Сырттағы біреу,

Сыпырып кетті кірді.

  1. Біздің Айдана жаза алады,

Басқа қай бала жаза алады?

Жаза алмаған балаларды,

Апалары көп мазалады.



  1. Заңгер меңгергенді

Дәрігер меңгер ала ма?

Дәрігер меңгергенді

Заңгер меңгере ала ма?



  1. Түсіне дүрбі кірген,

Дүрәлі мойнына дүрбіні ілгін.

Дүрбіні бір күн ілген

Бір күн ілмеген.



  1. Дәмегүл сән мен ән іздер,

Дәмегүл дән мен дәм іздер.



  1. Сырқат малды демде емдеді,

Демде емдегенде

Ол мал енді өлгендей еді.



  1. Өрісінде жүз бір өгіз

Сұрап алдық біз бір өгіз.

Сұрадыңыз сіз бір өгіз...

Есебін ап біз жүреміз.



  1. Сиыр оқыралады ма,

Суыр оқыралады ма?

Суыр оқыралай алмайды,

Сиыр оқыралалайды.



  1. Біз де ізге түстік,

Сіз де ізге түстіңіз.

Біз қыста ізге түстік,

Сіз күзде ізге түстіңіз.

  1. Қарға жарда

Жарма тереді

Жарда қарға

Жарма тереді.

  1. Қырда тырна,

Тырна қырда.



  1. Көксерке көп

Көксерке.



  1. Шиыр – шиыр

қиын қиыр,

қиыр – шиыр



  1. Мақта бапта

Апта бапта

Баптасаң мақта,

Еңбегіңді ақтамақ та.

  1. Кеше көшен кесе алды.

Көше кесені кеше алды.

Ерте алмай кеш алды.

  1. Мұздай суық

Судай суық



  1. Алау, лаула, алаула

Лаула, алау, жалаула.





  1. Дүкенге бара бер,

Карамель ала бер,

  • деді Баламер.



  1. Берік пен Көрік

Көріп – көріп,

Көк бөрік алды.



  1. Қорқаудың жауабы –

Шортанның ауызы

аңқия ашылған.



  1. Құймаққа құлмақ салма,

Құмаққа құймақ салма.



  1. Үйрек тұмсық,

Имек тұмсықтар да бар.

Ұясы жарда не

Талда бар.



  1. Тақылдап

Жаңылпаш жаттадың ба?

Жаңылтатынын жаттап,

Жаңылтапайтынын таппадың ба?



  1. Біреу, екеу,жетеу.

От пен отын, көсеу.

Сонда бәрі нешеу?



  1. Ақ терек,

Көк терек пе?

«Бәйтерек»

Қай терек?



  1. Ноқта, жүгендерді

Атам түгендеді.

Ертең тойға барам,

Атыма мінем,-деді.



  1. Көк серкенің

Мүйізі қарағайдай.

Көп серкенің

Мүйізін кім

Санағандай?



  1. Ала күшті

Қара мысықпен ойнады.

Күшік мысық боламын деп,

Мысық күшік боламын деп ойлады.

  1. Атам:

  • Қазандыққа

от жақ дейді.

Апам:

Отыңды

Тоқтат дейді.





  1. Ақын аға

Өлең айтып қатыра ма?

Сол мықты,

Жүгіріп шықты

Сахнаға!



  1. Мерген емес –

Талды атады.

Мерген талды атпай,

Аңды атады.



  1. Қорға, құзғын – құс болады.

Бірге,екіні қоссаң үш,

Екіге бірді қоссаң да –

үш атады.



  1. Қондық жаңа қонысқа,

Қалың екен жоңышқа.

Қоныстағы жоңышқа,

Оралады қонышқа!



  1. Күн жаңбырлатты.

Жаңбыр үй төбесін даңғырлатты.





  1. Бұлбұл ән салады,

Ән салып

Таңды әнмен

Қарсы алады.





  1. Көпірден өткендер,

Өзеннен өткендер.

Ал өзеннен өтпегендер,

неткендер?



  1. Кілтім кетті көбенде,

күн құйып тұр төбемде.

Көбен кілтпен келгенше,

Көрермін көрем де.

Кілтімді енді көбенге,

Көрсетем бе, берем бе?



  1. Халық ханнан хабарсыз,

Хабаршысы «Хабарсыз»

«Хабардағы» хабарға

Хабарласпа хабарсыз.



  1. «Ромашкасы» «Рахаттың»,

Рақымжанға рақатсың.

Рұқсатымен Рақаттың

Ренжусіз рәпәтің,

«Ромашкадан» рақатың.



  1. Үйректі үйтіп үйтпейді,

Үйіңде үйт, үптейді.

  1. Еңбек,еңбек,еңбек – деп

Еңбек – бәрін жеңбек,- деп

Ертелі – кеш естіген,

Еркеш те жүр еібектеп.

Еңбектеген Еркешті

Еркелетер еңбек тек.

  1. Талқарбай Тонтаймен танысты,

Танысып Таутанмен табысты.

Талқарбай, Тойтан,Таутандар

Толқанға тамсанды, тауысты.

  1. Феруза да

фермеда

Фариза да

ферма аты

«Ферғана».



  1. Шалабай тым шалағай

Шалағай тым Шалабай

Шақша басы шарадай

Шаладай шала Шалабай.



  1. Шеше,шеше,

неше кесе

сынды кеше?



  1. Тарғыл итім талға оралды.



  1. Омартаға балалар барар,

Балаларды аралар талар.

  1. – Мынау балқаймақ қай балқаймақ?

  • Бұл балқаймақ – ма балқаймақ.



  1. Малтам бар қалтамда,

Бір қалта талқан арқамда.



  1. Қапыда ит қапты,

Қатты қапты,

Қапты қатты.



  1. Шүрегей сүңгігіш пе?

Сүңгуір сүңгігіш пе?



  1. Бөдене бөдеде,

Көбелек көдеде,

Бедені – беде де,

Көдені – көде де.



  1. Біл, бұл – піл,

Бұл – бір ірі піл.



  1. Шың еңбекшіл – өрмекші,

Өрмекші – шын өрнекші.



  1. Он қап,

Он қапты қақ,

Он қапты қақ та,

Қатта.





  1. Талғат, балға тап,

Он шақты жаңғақ шақ.

Шақсаң, сақ шақ.





  1. Кеспе, өссін тал,

Өссе – өсімтал.

Өссе, өссін тал,

Кеспе, өссін тал.



  1. Тары ақта,

Тары ақтап,

Қапқа қапта.



  1. Аралдарда жабайы маралдар бар,

Араларында жаралы маралдар бар.



  1. Қыста құлағым үсіп кетті,

Үсіп, ісіп кетті.



  1. Киген тоны –

Оңды тон,

Өңді тон.



  1. Асан бақша жақтан

Ақ сабақ асқабақ әкелді,

Басқа жақтан

Басқарақ асқабақ әкелді.





  1. Ала – ала алашалар,

Тамаша олар,

Оған кім таласа алар.

Алашаларды

Таба алса, алар.





  1. Үміт түбітті түтті,

Түбітті түтіп бітті.



  1. Ақ халатты,

Ақ қалпақты.

Аққал атты апайды

Ақатай да « Ақ апай » деп атайды.



  1. Ізшілер іздесті,

Түз кезді, із кесті.



  1. Қырбық қар құрғақ па,

Құрғақ қар құрғақ па?

Қырбық қар да құрғақ,

Құрғақ қар да құрғақ.



  1. Көктем жауын – шашынсыз болмас,

Жауын – шашынсыз болмаса,

Жасынсыз болмас.



  1. Тамшылар тамшы тамса,

Тығылар таса тапса.



  1. Шалғы саптап,

Шөп шап.

Шөп шапсаң, көп шап.

Көп шапсаң, шапшаң шап,

Шапшаң шапсаң,

Шаршап жат.



  1. Көктемде шөп өнер жер –

Мал келер, мал өрер жер.



  1. Шалабай саба пісті,

Шамалап шала пісті.



  1. Шұнақ құлақ лақ

Бұлаққа барды.

Бұлақ жағасындағы

Құраққа барды.



  1. Әсем билеймін деп әлек,

Қасен шешен сөйлеймін деп әлек.

Қашан Қасен шешен сөйлеп еді?

Қашан Әсем әсем билеп еді?



  1. Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім.

Неше кіші ішік піштім?



  1. Тіреуішке түйреген түйреуішті,

Күлдіреуішке тіреген тіреуішті.

Күлдіреуішке тірегім тірелмепті,

Түйреуішім тіреуішке түйрелмепті.



  1. Арғы арал, бергі арал,

Ол аралдарды жайлаған бал арал.

Қырдың қызыл түлкісін қырағы алар.



  1. Ол аралда да марал,

Бұл аралда да марал.

От екен маралға арал,

Оттасын аралда марал.

  1. Ақ тайлақ ақ па?

Қара тайлақ ақ па?



  1. Ақ тайлағымды бұйдалайын десем,

Бұйдалай алмадым.

Шудалайын десем,

Шудалай алмадым.



  1. Көк бұйра бір бұлақ,

Тіл қатар бұлдырлап.

Тастарды ұрғылап,

Ағады құлдырлап.



  1. Ара, ара, аралар

Орманның бойын аралар.

Гүлдерден сорып бал алар,

Алысқа ұшып бара алар.

Бал тәтті ғой, балалар.



  1. Су бетінде май бал қаймақ,

Ол қай бал қаймақ?

Балдан тәтті бол, май қаймақ.



  1. Ықылық тиді, ықылық,

түйілдім қатты тұтығып,

Ықылық қалды тұтылып,

Сытылып шықтым құтылып.



  1. Тарғыл итім талға оралды,

Талға тағы барып оралды.

  1. Қораларыңда қол ара тұр,

Қол араларың қорада тұр.



  1. Бозда боз ат мінген атам,

Бозда боздап жүрген атан.



  1. Қайрақтыда Қайратты қайраттан деп қайратты.

Қайрат біздің қайратты, құрым қазан қайнатты.



  1. Немереммен емен егем, немереммен неге емен мен?



  1. Аңқау жалқауды жалқаусыз депті,

Жалқау аңқауды аңқаусыз депті.



  1. Асан бақша жақтан

Ақ сабақ асқабақ әкелді,

Басқа жақтан

Басқарақ асқабақ әкелді.



  1. Есет, Көшек екті көшет,

Көшет көгін жепті есек.



  1. Тау дәу болады, дәу тау болады.



  1. Үш ұшқыш алды

Үш кірқысқыш,

Үш тісысқыш.

Кірқысқыш қымбат па?

Тісысқыш қымбат па?

  1. Есік алдындағы отынның

Шырпылылырағынан ала кел,

Томарлылырағынан ала кел.



  1. Шорағай шоршып кетті,

Шорабай шошып кетті.

Шорағай қорқақ па?



  1. Қылыш құнды қынсыз да,

Қын қылышсыз құнсыз ба?



  1. Шүрегей сүңгіш пе?

Сүңгуір сүңгігіш пе?



  1. Қамаштан көріп қалашты,

Қалашқа жарас таласта.

Бөлінсін десең қалаш тең,

Таласпа, Жарас, Қамашпен.



  1. Көк бұйра бір бұлақ тіл қатар былдырлап.

Тастарды ұрғылап, ағады құлдырап.



  1. Ауылым ой құлдилар, жон құлдилар.

Ауылым жоннан көшсе,сай құлдилар.



  1. Шыжып жатты шұжық, шұжық ақты шыжып.



  1. Шалшық, балшық.

Балшық, шалшық

Балшықтан алшық.

  1. Солақайдың сол қолы – оң қолы,

Оңқайдың оң қолы - оң қолы.



  1. Жол бар,

Жолда ор бар.

Өр бар,

Орға барма,

Өрге бар.



  1. Піскен пісте,

Піс те,

Жерге түспе.



  1. – Жұмаш.

Көзіңді жұм, аш,-

деді Күләш.



  1. Шұңғыл, шұңқыр,

Шұңқыр,шұңғыл.





  1. Оқуда Ораз озар ма екен?

Ажар озар ма екен?





  1. Дән – дәулет,

Дәулет – дән

Сән – сәулет,

Сәулет – сән.



  1. Бұл қар –

Сұр қар,

Сұр қар.

Кір қар,

Үстінде аунама,
Үстіңді былғар.



  1. Ақ доп,

Соқ деп.



  1. Бос шатыр,

Бос жатыр.



  1. Шеше.

неше кесе

Сынды кеше?



  1. Шапшаң

Шапсаң,

Бұрқырайды

Ақ шаң.



  1. Пеш үстінде бес мысық –

Бес күзетші, бес мысық.

Тышқан ұстап жемесе,

Бола қоймас еш қызық.

  1. Көк тырна,

Көп тырна.

Тыраулап тек

Көп тұрма.

  1. Есет ағам ет асатар,

Ет асатса , бес асатар.



  1. Көп-көп көк жеп,

Келді көжек.



  1. Қыста боран болар, қар болар,

Қыздар шәлі, орамал оранар.



  1. Жапалақтап, қаптап,ақ қар жауды,

Алқапты аппақ ақ қар жапты.



  1. Тары ақ та,

Қапқа қапта.



  1. Көк базарда күзде бәрі бар,

Барып, бәрін, бәрін ал.



  1. Лаула, алау, лаула,

Алауласын аула.



  1. Қапыда ит қапта,

Қатты қапты.



  1. Мергеннің еңбегі – ермегі,

Ермегі – еңбегі



  1. Қаз маңғаз,

Маңғаз қаз.

Әр кез маңғаз.

  1. Қар аппақ,

Дала аппақ,

Бәрі аппақ...

Қарап бақ.



  1. Қара қарғаларға

Ала қарғалар үйір.

Ала қарғаларға

Ала қарғалар үйір.



  1. Жақсы қайшы

Қайсы қайшы?



  1. Торғай тоғайды ұнатады,

Тоғай Торғайды қуантады.



  1. Үш қыз да ұшқыш

Ұшқыш та үш қыз.



  1. Арыстан арысқа барса да,

Арыстан ары алысқа бар алмайды.



  1. Қырық құлып,

Қырық құрық

Құлып та – қырық,

Құрық та – қырық.



  1. Шортан шоршып қорқыттып,

Шолпан шошып,

Шоршыпты.

  1. Ала қарға қарға қонды,

Қарға қара жарға қонды.



  1. Жамал амал іздесе де,

Самал амал іздемеді.



  1. Үш егіз біз,

Үш егіз біз,

Асты бірге ішеміз біз.



  1. Үшкір тұмсық

Сұр шымшық

Сордан ұшты

Құр шымшық.


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Бастауыш сыныптарға арналған жаңылтпаштар

Автор: Мирманова Жанар Жумагельдиновна

Дата: 24.10.2016

Номер свидетельства: 351877


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства