kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама: "К?ркем м?тінді о?ып-?йрену ж?не талдау ж?мыстары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

БАЯНДАМА

К?ркем м?тінді о?ып-?йрену ж?не талдау ж?мыстары.

Джаксыбаева Мунира, ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? м??алімі

     ?дебиет - ?нер п?ні.  ?дебиет  п?ні  ар?ылы  о?ушыларды?  рухани д?ниесі байиды,  ту?ан тілін  с?юден  елін,  адамзатты  ??рметтеуге  дейінгі сезімдері т?рбиеленеді. ?дебиет ар?ылы о?ушылар алдында елімізді? тарихы, оны? ?асырлар ?ойнауында ?ал?ан с?з санды?ы ашылады, солар ар?ылы халы? арманы, ?иялы, болаша?тан к?тер ?міті, а? сенімі к?рінеді. ?дебиетті о?ытуды? басты ма?саты- о?ушыларды с?з ?неріні? ?ыр-сырымен таныстыру, халы? даналы?ы, халы? ?сиеттерінен н?р ал?ызу, кітап?а деген ынтасын ояту, халы?ты? рухани байлы?ы - ?дебиетін жан-жа?ты игерту, сол ар?ылы парасаттылы??а, имандылы??а, инабаттылы??а, с?лулы??а т?рбиелеу.

       ?дебиетті о?ыту к?ркем шы?арманы о?удан басталады. К?ркем шы?арманы о?у ?йде, сыныпта ж?ргізіледі. К?ркем туындыны о?уда м?нерлеп о?у, ?р с?зді ай?ын, т?сінікті о?у, жина?ы о?у, дауыс естіліміні? де ашы? болуы талап етіледі. О?ушыны к?ркем м?тінні? о?у т?рлеріне да?дыландыру керек. К?ркем м?тінді о?у  т?рлерін жіктеп ажыратамыз:

 1)  к?ркем м?тіндегі жазушы ойын м??алім к?мегімен а??ара о?у. Оны? м?н-ма?ынасын  т?сіне о?у.  ?иын, т?сініксіз образды,  айшы?ты с?здерді ??ына о?у,  я?ни лингвистикалы? т?сіндірмелі о?у;

 2)  та?дап о?у. Белгілі ма?сатпен ?ойыл?ан с?ра?тар?а жауап іздеп, тіл к?ркемдігін д?лелдеу, портрет, пейзаж, образды табу;

 3)  іштен о?у немесе ?здік о?у.   Іштен о?уды? о?ушыны жеке,  ?з бетімен ж?мыс істеуге баулуда?ы  ма?ызы ерекше зор. Ойлану,  ?з бетімен іздену,  жауап табу, дербес белсенділігін арттыруда?ы іштен о?уды? ат?арар р?ліні? ерекше екендігі;

 4) р?лге б?ліп о?у. Р?лге б?ліп о?у таным белсенділігі,  ?ызы?ушылы?ын арттыруда, ?абілеттерін дамытуда,  саба?ты? эмоциялы?,  психологиялы? м?нін н?рлендіруде пайдалы;

 5) хормен о?у. О?у техникасын жетілдіру,  м?нерлі,  ай?ын о?у,  к?ркем м?тінмен ж?мыс істеуге баулу б?кіл сынып о?ушыларын к?ркем о?у?а ?йымдастыруда тиімді;

 6) ?жымды? о?у.  ?сіресе, даралап о?ытуда тиімді. О?у техникасына, м?нерлеп о?уына ?арай, о?ушыларды топ?а б?ле отырып, м??алім ?жымды? о?уды тиімді ?йымдастырса, к?ркем м?тінді тез ме?гертуге ы?пал жасайды,  м?тінді о?у?а деген о?ушы ынтасын  арттыру?а ?сер етеді;

 7) ж?пты? о?у.  Ж?пты? о?уды? тиімділігі,  біріншіден ?з беттерімен о?у техникасын жетілдіру да?дыларын дамытады,  екіншіден ??ыпты ты?дай білуге,  бір-біріні? ж?мысына талдау жасай білуге икемдейді;

 8) м?нерлеп о?у.  М?нерлеп о?у-?дебиетті о?ытуды? басты ?дістемелеріні? бірі.  М?нерлеп о?уды? ма?саты:

а) о?ушылар?а  к?ркем туындыны?  эмоциялы?-эстетикалы? ?серін сезіндіру;

?) к?ркем м?тінге жан беру,  ?р с?зді? м?ні мен ма?ынасын,  с?з бояуларыны? на?ышын сезе білу;

в)к?ркем м?тіндегі айтар ой мен поэтикалы? к?ркемдікті ?здеріне болжату, т?сіндіру, м?тінді талдау да?дыларын дамыту.

   ?дебиетті о?ытуда?ы басты м?селе – шы?арма?а, я?ни к?ркем м?тінге талдау жасау. ?діскер Т.А?шола?ов к?ркем шы?арма?а талдау жасауды? т?рт т?рлі ?дісін к?рсетеді. Олар: образ бойынша талдау; проблемалы талдау; т?тас талдау; та?ырыпты? талдау.

а) Образ бойынша талдау кезінде о?ушылар адамды танып?біле отырып, сол кейіпкер бойында?ы ?намды, адамды? ?асиеттерді білуге талпынады. Автор ?з кейіпкерін м?тіндегі ?р алуан іс??рекеттермен, о?и?алармен, бас?а кейіпкерлермен байланыстырады, к?ркем шы?армада?ы бейнелер ж?йесін ?зара т?тастырады

?) Шы?арма талдауда?ы келесі ?діс – проблемалы талдау. К?ркем шы?армада сан тарапты ?рекеттер баяндалып, к?птеген ?арама??айшылы?ты, талас пікірлі о?и?алар туындап жатады. Осы?ан байланысты жазушы к?терген проблеманы танып?білу керек. Осы?ан байланысты о?ушыны? алдына проблемалы? ситуация ?сыну ?ажет.

б) Автор ізімен талдау. Б?л шы?арманы? желісіне сай ж?ргізіледі. М?нда к?ркем шы?арманы? б?лімдері бойынша онда?ы о?и?аны? дамуына сай автор ізімен ж?ре отырып, талдау жасалады. М?ны? тиімді жа?ы шы?армада?ы о?и?аны, іс??рекетті жан?жа?ты, ж?йелі ?арастыр?а м?мкіндік береді. К?біне к?лемді м?тіндерді талда?анда, онда?ы о?и?а реті ауыстырылып, ?алыс ?алдырылып немесе толы? баяндалмай жатады. Б?л талдау осындай м?селеде реттілікті са?тап, о?и?а барысын автор баяндауынан ауыт?ымай ж?ргізуге к?мектеседі.

    Автор ізімен талдауда м??алім к?ркем шы?арма сюжеті, эпизодтары, авторды? негізгі ойы, мазм?н мен форма ж?йесін са?тай отырып, талдау?а ерекше назар аударады. Біра? еске алатын бір м?селе, талдауды? б?л т?рін т?сіндірмелі о?у?а айналдырып жіберуге болмайды. М??алім о?ушыларын кейіпкер іс-?рекеті ар?ылы мінездеме жасату?а, о?и?алар ар?ылы шы?арманы? негізгі проблемаларын а?дату?а алып келуі керек.

   Талдау с?ра?тары: Ауыл иттерінін К?ксерек ?андай з?бір к?рді? Оны? себебі не? Ауыл адамдары неге оны жек к?рді, жазалады? Осы жаза?а ?зі? ?алай ?арайсы?? Неге К?ксерек адамдар арасына ?йреніп кете алмады?   

     Т?ртінші б?лімге «Арлан», «Ай?ас», «?яласымен табысу» т.с.с. ат ?ойылады. Талдау с?ра?тары: К?ксеректі? ??рмаш ы?ыласына мойынс?нбау себебі неде деп ойлайсы?? Таби?атпен ай?асына назар аудар. К?ксерек ??рмаштан г?рі а? ?ас?ырмен неге тез бауырласты? К?ксеректі? ауылдан кету себебін ойла.

     Бесінші б?лімге «Шабуыл», «?араадыр еліндегі мазасызды?», «?ас?ыр ?ашанда ?ас?ыр», т.с.с. та?ырыптар беруге болады. Талдау с?ра?тары: ?ос ?ас?ырды? ?араадыр еліне істеген жауызды?тарын сарапта. ?сіресе, К?ксерек ?аталды?ы, та?ылы?ын ?алай т?сіндірер еді?? ?ас?ырлар іс-?рекеті, ойынына назар аудар. Таби?атта?ы та?ылар тіршілігі ??гімеде ?алай берілген? Адамдар шабуылы, К?ксеректі? жал?ыз ?алуы.

     Алтыншы б?лімге «??тыр?ан К?ксерек», «Та?ы да шабуыл», «Бітіспес ?шпенділік», «Жауызды?», «??рмашты? ?лімі» деген аттар ?ою?а болады. Талдау с?ра?тары: К?ксеректі? ауыл?а ?здіксіз шабуылын ??гімеле. ??рмаш К?ксерекке ?алай тап болды? Ауыл адамдары ала алма?ан К?ксеректі А??ас?аны? же?у себебі не? ?алай ойлайчы?, жазушы осы ар?ылы не айтпа? бол?ан? ?зі? сонша ба?ып, м?пелеген ??рмашты танымай, К?ксеректі? жауызды? істеген себебін ?алай т?сіндірер еді?? Жазушы ойы не? Б?л с?ра?тар ??гіме мазм?нын, ?рі ??гімені? к?терген басты м?селесін ашу ма?сатында койылады. ??гімені? ал?аш?ы бетінен-а? жазушы к?терген м?селелерге о?ушылар назарын осылай аударта отырып, ?орытынды пікір, ?орытынды талдауды мынындай с?ра?тармен ж?ргізуге болады: Жазушы ??гімені неге «К?ксерек» деп ата?ан? Жазушы ойын ?алай т?сіндірер еді?? ?алай ойлайсы?, ??гіме негізіндегі басты ойды ашатын е? негізгі о?и?алар ?айсы? ?лде таби?атты? ?ата? за?ы, ?ас?ырлар ?леміні? тіршілік за?ы солай ма?

?орыта келгенде, о?ушы  к?ркем   м?тінді талдай білу ар?ылы на?ты, д?лелді с?йлеуге да?дыланады, с?з ??діреті мен ?асиетін ??ынады.  Сол себептен, е? алдымен к?ркем тілмен с?йлеуге талаптандыру керек.  ?р с?йлемні? негізінде на?ты ой, сол ойды аны?,  ай?ын кестелейтін с?з оралымдары болу керек.  К?нделікті пайдаланатын тілді жа?сы ме?герген бала оны ?демілеп ?олдану?а да?дыландыру керек.  Сонды?тан к?ркемдеп с?йлеуді ?р саба?та ж?йелі т?рде ж?ргізген тиімді болма?.  К?ркем с?йлеу о?ып отыр?ан к?ркем шы?арма?а да тікелей байланысты.  О?ушыларды ??гімелеу, мазм?ндау кезінде жиі м?тінге ??ілдіріп, кейбір негізгі м?селелерді м?тінге жуы? айтуды талап ету-осы к?ркемдеп с?йлеуге баулуды? басты жолы. К?ркем с?йлеуді? негізгі белгілері топтар,  фигуралар т?рін ме?герту,  те?еулер мен баламаларды с?йлемде жиі ?олдану болма?. К?ркем м?тінді о?у барысында керекті д?йектемелерді ала білуге,  бейнелі  оралымдарды теріп алу?а баулу. К?ркем м?тін тілін талдауда жазушыны? суреткерлік шеберлігі, эстетикалы? м?мкіндігі, тілдік ??ралдарды поэтикалы? де?гейге сай ?олданылуы,  с?зді? ??діретін д?рыс танытады.

Пайдаланыл?ан  ?дебиет

1. Т. А?шола?ов,  Шы?арманы? к?ркем айшы?тарын таныту, А.,  «Жазушы», 1998.

2. А. Байт?рсын?лы,  Тіл та?ылымы,  А,  «Жазушы», 1992.

3.Р. Сызды?ова,  Б. Шалабаев,   К?ркем тексті лингвистикалы? талдау,  А., «Мектеп», 1989.

4.?. Бітібаева. ?дебиетті о?ытуды? тиімді жолдары, А.,  «Жазушы», 1990.

5.?. Бітібаева.  М. ?уезов шы?армашылы?ын мектепте о?ыту  А.,  «Жазушы», 1994.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама: "К?ркем м?тінді о?ып-?йрену ж?не талдау ж?мыстары"»

БАЯНДАМА


Көркем мәтінді оқып-үйрену және талдау жұмыстары. Шығарманы автор ізімен талдау, оның негізгі мақсаттары


Джаксыбаева Мунира, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Әдебиет - өнер пәні. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет арқылы оқушылар алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді. Әдебиетті оқытудың басты мақсаты- оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы - әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы парасаттылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу.

Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі. Оқушыны көркем мәтіннің оқу түрлеріне дағдыландыру керек. Көркем мәтінді оқу түрлерін жіктеп ажыратамыз:

1) көркем мәтіндегі жазушы ойын мұғалім көмегімен аңғара оқу. Оның мән-мағынасын түсіне оқу. Қиын, түсініксіз образды, айшықты сөздерді ұғына оқу, яғни лингвистикалық түсіндірмелі оқу;

2) таңдап оқу. Белгілі мақсатпен қойылған сұрақтарға жауап іздеп, тіл көркемдігін дәлелдеу, портрет, пейзаж, образды табу;

3) іштен оқу немесе өздік оқу. Іштен оқудың оқушыны жеке, өз бетімен жұмыс істеуге баулудағы маңызы ерекше зор. Ойлану, өз бетімен іздену, жауап табу, дербес белсенділігін арттырудағы іштен оқудың атқарар рөлінің ерекше екендігі;

4) рөлге бөліп оқу. Рөлге бөліп оқу таным белсенділігі, қызығушылығын арттыруда, қабілеттерін дамытуда, сабақтың эмоциялық, психологиялық мәнін нәрлендіруде пайдалы;

5) хормен оқу. Оқу техникасын жетілдіру, мәнерлі, айқын оқу, көркем мәтінмен жұмыс істеуге баулу бүкіл сынып оқушыларын көркем оқуға ұйымдастыруда тиімді;

6) ұжымдық оқу. Әсіресе, даралап оқытуда тиімді. Оқу техникасына, мәнерлеп оқуына қарай, оқушыларды топқа бөле отырып, мұғалім ұжымдық оқуды тиімді ұйымдастырса, көркем мәтінді тез меңгертуге ықпал жасайды, мәтінді оқуға деген оқушы ынтасын арттыруға әсер етеді;

7) жұптық оқу. Жұптық оқудың тиімділігі, біріншіден өз беттерімен оқу техникасын жетілдіру дағдыларын дамытады, екіншіден ұқыпты тыңдай білуге, бір-бірінің жұмысына талдау жасай білуге икемдейді;

8) мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқу-әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі. Мәнерлеп оқудың мақсаты:

а) оқушыларға көркем туындының эмоциялық-эстетикалық әсерін сезіндіру;

ә) көркем мәтінге жан беру, әр сөздің мәні мен мағынасын, сөз бояуларының нақышын сезе білу;

в)көркем мәтіндегі айтар ой мен поэтикалық көркемдікті өздеріне болжату, түсіндіру, мәтінді талдау дағдыларын дамыту.

Әдебиет сабағының күре тамыры көркем мәтінмен жұмыс істеу деп санаймын. Оның ерекшелігі сол - ол оқушының жүрегіне, сезім қылына әсер етуі. Оқушылармен бірге көркем шығармамен жұмыс істей отырып, олардың ойлауына, толғауына, пікір айтуына ықпал жасайды. Оқушылар көркем шығарманы оқып біткен мерзімде, ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы мазмұнын айтады, өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндайды, бір кейіпкердің іс-әрекетінен мысалдар келтіреді, ең негізгі деген жерлерден үзінді жазып, «Ол қай оқиғадан алынды, кімнің сөзі?» деген сұрақтарға жауап алынады, әр түрлі әдеби ойындарын жүргізіледі.

Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Көркем мәтінді оқыту мен талдауда оқушының мәтін мазмұнын меңгеруіне көңіл бөлу керек. Көркем шығарманы оқығанда, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Оқушылардың зейіні, есте сақтау, қабылдау қасиеттеріне қарай мұғалім мәтінді тұтастай емес, ең негізгі басты мәселелерін ғана мазмұндатып, оны меңгеруді одан әрі жалғастырғаны тиімді болады. Үзіндіні мазмұндағанда, оқушыларды мүмкіндігінше жазушы тілімен мазмұндатуға икемдеу керек. Көркем шығарманы үйге тапсырма ретінде бергенде, түсініксіз сөздерді, сөйлемдерді оқушылардың алдын ала белгілеп келуін талап еткен жөн. Сабақ барысында шығарманың мазмұнына талдау жұмысын жүргіземін. Күрделі, түсініксіз сөздерге түсінік беремін. Мысалы: қыстау, атан, шам, ру, шариғат бұйрығы, ердің құны. Кейбір диалогтерді оқи отырып, ең басты мәселелерді түсіндіремін.

- «Арысыңды, ендеше, арыстан жеді» (Бөжейдің сөзі).

- «Ақ қарамды тексермедің бе, өңшең қан жұтқан қара бет?!» (Қодардың сөзі).

Әдеби талдаудың басты мақсаты-оқушылардың өзіндік қабылдауларын, пікірін әдебиеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаға бағыттау болып табылады.

Көркем шығарманы талдаудың ғылыми жүйесін жасаған әдіскер ғалымдар: Ә. Қоңыратбаев, Ә.Көшімбаев, Ә. Дайырова, Т. Ақшолақов т.б. Көрнекті әдіскер, ғалым Төлеутай Ақшолақов көркем шығарманы талдау мәселесіне таза әдеби - эстетикалық жолмен қарауды ұсынды ». Біз шәкірттерді сөз сырына бойлатуымыз керек. Шәкірттерді сөздің алуан сырына үңіле білуге үйрету - әдебиет шығармасын танытудың басты жолы.

Ахмет Байтұрсынұлы шығарма тілін ақын тілі және әншейін тіл деп жіктей келіп: «Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтылығын, тазалығын дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекті, әуезді болу жағын талғайды» деп жазады.

Көркем мәтінді талдауда композиция, сюжет, жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея, оның көтерген мәселесі ерекше назарға алынады. Әдеби талдау арқылы оқушылардың әр түрлі реңдегі эмоциясына, сезіміне әсер етеді, ойларына ой, пікірлеріне пікір қосып, бүкіл жан дүниесін оятады.

Көркем мәтінді терең түсіну, талдауда әңгімелеудің де маңызы ерекше деп санаймын. Әңгімелеу әдісінің тәжірбиемде қолданып жүрген мынадай түрлері бар: мәтінге жуық, көркем мәтін ізімен әңгімелеу, оқушының өзіне ұнаған эпизодын, әсерін әңгімелеу, шығармашылық жолмен әңгімелеу болып табылады. Мәтінге сәйкес әңгімелесу баланың еске ұстау қабілетіне әсер етеді, зерделілікке, ұғымдылыққа, алғырлыққа баулиды. Сондай -ақ ең бастысы, оның сөздік қорын, тіл байлығын, өз сөйлеу тілінде пайдалануға үйретеді. Көркем мәтінді дұрыс, нақты түсінуге жетелейді.

Көркем шығармадағы кейіпкерлердің орнын, ой-мақсатын оның сөйлесу тілі арқылы айқындауға болады. Көркем шығармадағы сюжет пен композициядан бастап, әрбір деталь, көркемдік тәсіл белгілі бір ойға, мақсатқа құрылады. Көркем мәтінді талдауға байланысты оқушы дағдысы, икем машықтарына қойылатын талаптар, осыған байланысты істелетін жұмыстар:

а) Өз бетімен, жеке талдау. Мұндай талдауда мұғалім талдау сұрақтарын, тапсырмалар береді. Сондай-ақ, көмек-карточкалар ұсынылады.

ә) Ұжымдық талдау. Ұжымдық талдау мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Ол оқушыны көркем туындыны қабылдау, бағалау жұмыстарына баулиды, бірігіп бір пікірге келуге, қорытынды жасауға жетелейді. Ұжымдық талдау сұрақ-жауап, мәтінмен практикалық жұмыс, пікірлесу, әдеби айтыс негізінде жүзеге асады.

Көркем мәтінді талдаудың жолдары мен бағыттары Рәбиға Сыздықова мен Бердібай Шалабай еңбектерінде жан-жақты сараланады. Ғалымдар көркем мәтінді талдаудың жолы мен жүйесін айқындайды.

Көркем мәтіннің негізгі белгілеріне байласым, тұтастық және эмотивтілік жатады.Байласым- лингвистикалық ұғым, ал тұтастық-психолингвистикалық ұғым. Байласым көмегімен мәтін құрылысының феномендері талданады, ал тұтастық ұғымы арқылы мәтіннің терең қабатындағы орналасқан әрекеттері түсіндіріледі.

Көркем шығармаларды оқытудың тиімді де өнімді жолдарын іздеудегі әйгілі ұстаз, әдіскер Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның еңбегі зор. Әдіскер ұстаздың қаламынан М.Әуезов шығармашылығын оқыту мәселесіне байланысты үш кітап жазылған. «Оқулықта... талдаудың бір түрі-образдық талдау жүйесі негізге алынған». Көркем шығарманы талдау жүйесі, ең алдымен көркем туындыда жазылған, баяндалған оқиғалардың тарихи негізіне назар аудартады. Мұғалімнің түсіндірме әңгімелерінен кейін, мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнымен танысу, мәтінді бөлшектерге бөліп, ат қою, әр бөліміне жоспар құру, құрылған жоспар бойынша тірек сөздерді қолданып мазмұндату, шығарманың басталуы, шығарма ішіндегі уақиғалардың байланысы, уақиғаның шарықтау шегі, шешімі айқындалады. Әр шығармадағы адам тағдыры жеке кейіпкерлер арқылы пайымдалып, іс-қимылы, мінезі, қылығы, әрекеті айқындала түседі. Кейіпкерді танытатын, айқындап, даралап беретін негізгі элементтер: портрет, іс-қимыл әрекеті, тілдік көрінісі, көркемдік детальдар, суреттеме, кейіпкерлер диалогы, жанама сипаттамалар, кейіпкердің өзара қарым-қатынасы, қақтығысы, күресі т.б.

Көркем мәтінді талдау әдісі – бұл әдеби талдаудың ғылыми негізделген әр түрлі жолдары мен тәсілдерін іздестірумен айналысатын сала. Әдеби шығарманың мазмұнын меңгергеннен кейін оған талдау жасалады. Әдеби талдау кезінде көркем мәтінді кез келген бөлшектерге бөліп, жіктеуге болады. Талдау жасағанда мәтіндегі әрбір шағын, жеке элементтер де назардан тыс қалмау керек. Әдеби талдау үстінде көркем шығарманың мазмұн‑пішіні, кейіпкерлер қатынасы мен тілдік құралдар ашылады. Әдебиетті оқытудағы басты мәселе – шығармаға, яғни көркем мәтінге талдау жасау. Әдіскер Т.Ақшолақов көркем шығармаға талдау жасаудың төрт түрлі әдісін көрсетеді. Олар: образ бойынша талдау; проблемалы талдау; тұтас талдау; тақырыптық талдау.

а) Образ бойынша талдау кезінде оқушылар адамды танып‑біле отырып, сол кейіпкер бойындағы ұнамды, адамдық қасиеттерді білуге талпынады. Автор өз кейіпкерін мәтіндегі әр алуан іс‑әрекеттермен, оқиғалармен, басқа кейіпкерлермен байланыстырады, көркем шығармадағы бейнелер жүйесін өзара тұтастырады

ә) Шығарма талдаудағы келесі әдіс – проблемалы талдау. Көркем шығармада сан тарапты әрекеттер баяндалып, көптеген қарама‑қайшылықты, талас пікірлі оқиғалар туындап жатады. Осыған байланысты жазушы көтерген проблеманы танып‑білу керек. Осыған байланысты оқушының алдына проблемалық ситуация ұсыну қажет.

б) Автор ізімен талдау. Бұл шығарманың желісіне сай жүргізіледі. Мұнда көркем шығарманың бөлімдері бойынша ондағы оқиғаның дамуына сай автор ізімен жүре отырып, талдау жасалады. Мұның тиімді жағы шығармадағы оқиғаны, іс‑әрекетті жан‑жақты, жүйелі қарастырға мүмкіндік береді. Көбіне көлемді мәтіндерді талдағанда, ондағы оқиға реті ауыстырылып, қалыс қалдырылып немесе толық баяндалмай жатады. Бұл талдау осындай мәселеде реттілікті сақтап, оқиға барысын автор баяндауынан ауытқымай жүргізуге көмектеседі.

Автор ізімен талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, талдауға ерекше назар аударады. Бірақ еске алатын бір мәселе, талдаудың бұл түрін түсіндірмелі оқуға айналдырып жіберуге болмайды. Мұғалім оқушыларын кейіпкер іс-әрекеті арқылы мінездеме жасатуға, оқиғалар арқылы шығарманың негізгі проблемаларын аңдатуға алып келуі керек. 5-7 сыныптар оқушылары көркем туындының ең қызықты, ең шиеленісті оқиғаларына ерекше назар аударады. Автордың идеясына, шығармадағы көтерген негізгі мәселеге зер сала қоймайды, өйткені бұл жастағы оқушыларда оқиға қуалаушылық басым. Автор ізімен талдау бұл сыныптарда өте тиімді. Себебі, балалар көркем туындының мазмұнымен таныса отырып, мұғалім көмегімен оның көтерген мәселесіне, автордың көзқарасына, кейіпкерлер іс-әрекеті мен туынды көркемдігіне бойлайды. Мысалы, 7-сыныпта М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі беріледі. Сөз жоқ, оқушылар ең алдымен оның оқиға желісін қызықтайды. Әсіресе, бұл әңгіме ер балаларды ерекше елең еткізеді. Оларды Құрмаш пен Көксерек арасы қатты қызықтырады. Құрмаштың өлімі толқытады. Көксерекке деген ашу ызалары өршиды. Ал әңгіме негізіндегі авторлық мәселеле көмескі қалады. Әңгіме оқушылардың сезім күйі, эмоциясын жаулап алады да, оның негізіндегі басты мәселелер соның қалтарысында қалып қояды. Адамдар әлемі мен қасқырлар әлемі қатар алынып, адамдардың сол қасқырлардан да қатал, тағы екенін көрсету-әңгіменің басты мәселесі. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да сол адамдардан көрген жәбір-жапасы. Бәлкім, қасқыр інін бұзып, табиғат заңына қарсы келген адам тағылығы болар... Міне, басты мәселелерді ұғыну үшін, әңгіменің алғашқы беттерін оқығаннан-ақ, балаларды оған жетелеп отыру керек. Басты оқиғаларды ашатын сұрақтармен қоса, әңгіме идеясына да бірте-бірте жақындата түсетін сұрақтардан іздеген дұрыс.

Бірінші бөлімді оқып болған соң, балалармен бірге отырып, оған «Қасқырлар мекені», «Қасқырлар ойнағы», «Тағырлар ұрпақ қамында» деген ат қойып, мұғалім енді талдауды мына сұрақтар мен тапсырмалар негізінде жүргізеді: Қасқырлар тіршілігі қалай суреттелген? Тіршілік үшін күрес, сол жолдағы қаталдық қалай берілген? Шағын болса да әңгіме идеясын ашуда ерекше орын алатын екінші бөлімге де ат қою керек. Балаларға көмек беру, әрі әңгіме идеясына жақындату мақсатында мұғалім бірнеше тақырып ұсынады. Мысалы, «Адамдар тағылығы», «Табиғатқа шабуыл» т.с.с.

Тақырыпты тыңдап алғаннан кейін, мынадай сұрақтар қойылады: Қасқырлар ұясын адамдар неге талқандады? Бөлтіріктерге істегендеріне қалай қарайсын? Адамдардың іс-әрекеті дұрыс па? Бірінші бөлімдегі қасқырлар іс-әрекеті мен осы бөлімдегі адамдар іс-әрекетінде ұқсастық бар ма? Қайсысы қаталырақ? Үшінші бөлімге мынадай тақырыптар ұсынылады: «Көксерек пен Құрмаш», «Көксеректің ұрлығы», «Адамдар және Көксерек», т.с.с.

Талдау сұрақтары: Ауыл иттерінін Көксерек қандай зәбір көрді? Оның себебі не? Ауыл адамдары неге оны жек көрді, жазалады? Осы жазаға өзің қалай қарайсың? Неге Көксерек адамдар арасына үйреніп кете алмады?

Төртінші бөлімге «Арлан», «Айқас», «Ұяласымен табысу» т.с.с. ат қойылады. Талдау сұрақтары: Көксеректің Құрмаш ықыласына мойынсұнбау себебі неде деп ойлайсың? Табиғатпен айқасына назар аудар. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты? Көксеректің ауылдан кету себебін ойла.

Бесінші бөлімге «Шабуыл», «Қараадыр еліндегі мазасыздық», «Қасқыр қашанда қасқыр», т.с.с. тақырыптар беруге болады. Талдау сұрақтары: Қос қасқырдың Қараадыр еліне істеген жауыздықтарын сарапта. Әсіресе, Көксерек қаталдығы, тағылығын қалай түсіндірер едің? Қасқырлар іс-әрекеті, ойынына назар аудар... Табиғаттағы тағылар тіршілігі әңгімеде қалай берілген? Адамдар шабуылы, Көксеректің жалғыз қалуы.

Алтыншы бөлімге «Құтырған Көксерек», «Тағы да шабуыл», «Бітіспес өшпенділік», «Жауыздық», «Құрмаштың өлімі» деген аттар қоюға болады. Талдау сұрақтары: Көксеректің ауылға үздіксіз шабуылын әңгімеле. Құрмаш Көксерекке қалай тап болды? Ауыл адамдары ала алмаған Көксеректі Аққасқаның жеңу себебі не? Қалай ойлайчың, жазушы осы арқылы не айтпақ болған? Өзің сонша бағып, мәпелеген Құрмашты танымай, Көксеректің жауыздық істеген себебін қалай түсіндірер едің? Жазушы ойы не? Бұл сұрақтар әңгіме мазмұнын, әрі әңгіменің көтерген басты мәселесін ашу мақсатында койылады. Әңгіменің алғашқы бетінен-ақ жазушы көтерген мәселелерге оқушылар назарын осылай аударта отырып, қорытынды пікір, қорытынды талдауды мынындай сұрақтармен жүргізуге болады: Жазушы әңгімені неге «Көксерек» деп атаған? Жазушы ойын қалай түсіндірер едің? Қалай ойлайсың, әңгіме негізіндегі басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсы? Әлде табиғаттың қатаң заңы, қасқырлар әлемінің тіршілік заңы солай ма?

Қорыта келгенде, оқушы көркем мәтінді талдай білу арқылы нақты, дәлелді сөйлеуге дағдыланады, сөз құдіреті мен қасиетін ұғынады. Сол себептен, ең алдымен көркем тілмен сөйлеуге талаптандыру керек. Әр сөйлемнің негізінде нақты ой, сол ойды анық, айқын кестелейтін сөз оралымдары болу керек. Күнделікті пайдаланатын тілді жақсы меңгерген бала оны әдемілеп қолдануға дағдыландыру керек. Сондықтан көркемдеп сөйлеуді әр сабақта жүйелі түрде жүргізген тиімді болмақ. Көркем сөйлеу оқып отырған көркем шығармаға да тікелей байланысты. Оқушыларды әңгімелеу, мазмұндау кезінде жиі мәтінге үңілдіріп, кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап ету-осы көркемдеп сөйлеуге баулудың басты жолы. Көркем сөйлеудің негізгі белгілері топтар, фигуралар түрін меңгерту, теңеулер мен баламаларды сөйлемде жиі қолдану болмақ. Көркем мәтінді оқу барысында керекті дәйектемелерді ала білуге, бейнелі оралымдарды теріп алуға баулу. Көркем мәтін тілін талдауда жазушының суреткерлік шеберлігі, эстетикалық мүмкіндігі, тілдік құралдарды поэтикалық деңгейге сай қолданылуы, сөздің құдіретін дұрыс танытады.




















Пайдаланылған әдебиет


1. Т. Ақшолақов, Шығарманың көркем айшықтарын таныту, А., «Жазушы», 1998.

2. А. Байтұрсынұлы, Тіл тағылымы, А, «Жазушы», 1992.

3.Р. Сыздықова, Б. Шалабаев, Көркем тексті лингвистикалық талдау, А., «Мектеп», 1989.

4.Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары, А., «Жазушы», 1990.

5.Қ. Бітібаева. М. Әуезов шығармашылығын мектепте оқыту А., «Жазушы», 1994.











































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Баяндама: "К?ркем м?тінді о?ып-?йрену ж?не талдау ж?мыстары"

Автор: Джаксыбаева Мунира Мейировна

Дата: 22.04.2016

Номер свидетельства: 321670


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства