kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "?дебиет саба?ында о?ушыларды ?лтжандылы??а т?рбиелеу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ДЕБИЕТ САБА?ЫНДА О?УШЫЛАРДЫ ?ЛТЖАНДЫЛЫ??А Т?РБИЕЛЕУ Умутбаева Асыл Булаткановна «Н.Островский атында?ы №4 К?ршім орта мектебі»КММ, ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ні м??алімі Елімізді? ?з т?уелсіздігіне ?ол жеткізіп, саяси-?леуметтік ж?не экономикалы? дамуды? жа?а кезе?іне ?адам бас?ан уа?ытта тере? білім беріп, сауатты ?рпа? т?рбиелеу – негізгі міндеттерді? бірі. ?лемдік саяси аренада ?аза?стан Республикасыны? ?зіндік салма?ын пайымдау оны? ?лтты? білім ж?йесіні? жо?ары д?режеде дамуымен байланысты. Егемендікті? т??ыры т?ра?талып, мемлекетті? іргесін ны?айту ж?не ?азіргі уа?ытта?ы жа?андану жа?дайында ?лтты? бірегейлікті, т?тасты?ты са?тау, ?лтты? сананы? сар?ылмауы, тіл мен ділді? баянды болуы ?шін о?у оша?тарында елжандылы? т?рбие идеяларын баланы? санасына дарытуда ?дебиетті? алатын орны ерекше. ?дебиет – с?з ?нері. Барлы? с?зді тізе берсе? ??гіме, жыр шы?пайды. Адам ж?регі тербетіп, а?ыл таразылап, тіл кестелеп айт?ан с?з ?з орнында т?рса ?ана ?дебиет деген ?нер пайда болады. ?ылыми т?жырымда ?дебиет «адамтану ??ралы», ал ?дебиет п?ні «адам т?рбиелеу ??ралы» - делінген. Ол жас?спірімдерге ?дебиеттанудан, с?з маржандарыны? ?ыр-сырын игеруден жай білім ?ана беріп ?оймайды, е? бастысы, ?мірді? е? ?ымбаттысы, е? асылы – жа?сылы? пен ізгілікті? ?ры?ын себеді. ?дебиет п?ніні? ?р саба?ын адам бойында?ы ас?а? арман, ?демі сенім, ?семдік пен с?лулы??а ??штарлы? т?різді е? м?лдір сезімдер мен кісілік ?асиеттер туралы сырласу саба?ы десек те болады. ?йткені ?ылыми педагогикалы? ?станым бойынша ?дебиет п?ні философиялы?, педагогикалы?, негізінен ?лтты? ізгілікті, психологиялы?, т??ырламалы? м?дени-рухани к?з?арастар?а, ??ндылы?тар?а ??рыл?ан. ?дебиет п?нін о?ыта отырып: ?аза? тіліні? ?олдану аясын ке?ейту, ?аза? тіліні? ?атысымды?, эстетикалы? ж?не этикалы? ?ызметін ме?геруін ?амтамасыз ету, о?ыту ?рдісі ар?ылы ауызша ж?не жазбаша с?йлеу тілін дамыту, ?аза? ?дебиеті шы?армаларын о?у, т?сіну, баяндап айту де?гейіне жеткізу. О?ушылар?а ?дебиетті? ??діретін, оны? адам баласы жаратыл?аннан бері бірге жасасып келе жат?анды?ын, м??гілік жа?арып, жасарып отыратын ?рдіс екенін айтып, т?сіндіре отырып, сол ?дебиетті жасаушылар туралы, оларды? к?ркем шы?армалары жайында айтуымыз керек. ?дебиет п?нін о?ытуда?ы ма?сат-о?ушыларды? рухани д?ниесін байыта отырып эстетикалы, интеллектуалды?, к?ркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматты? т?рбие беру;о?ырманды? т?ра?ты ынта ы?ыласты, биік тал?амды ?алыптастыру; ?деби м?раны ж?не онда бейнеленген ??былысты эстетикалы? ?абылдауына ?ажетті білім ж?не біліктілікпен ?аруландыру; логикалы? ойын, ауызекі ж?не жазбаша тіл м?дениетін ?алыптастыру. Бір с?збен айт?анда, жеке т?л?аны дамыту, ?алыптастыру болып табылады, к?ркем шы?арманы о?ыту ар?ылы о?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "?дебиет саба?ында о?ушыларды ?лтжандылы??а т?рбиелеу"»

ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ


Умутбаева Асыл Булаткановна

«Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі»КММ,

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Еліміздің өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім беріп, сауатты ұрпақ тәрбиелеу – негізгі міндеттердің бірі. Әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты. 
Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін оқу ошақтарында елжандылық тәрбие идеяларын баланың санасына дарытуда әдебиеттің алатын орны ерекше. 
Әдебиет – сөз өнері. Барлық сөзді тізе берсең әңгіме, жыр шықпайды. Адам жүрегі тербетіп, ақыл таразылап, тіл кестелеп айтқан 
сөз өз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер пайда болады. 
Ғылыми тұжырымда әдебиет «адамтану құралы», ал әдебиет пәні «адам тәрбиелеу құралы» - делінген. Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын игеруден жай білім ғана беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқақ арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Өйткені ғылыми педагогикалық ұстаным бойынша әдебиет пәні философиялық, педагогикалық, негізінен ұлттық ізгілікті, психологиялық, тұғырламалық мәдени-рухани көзқарастарға, құндылықтарға құрылған. Әдебиет пәнін оқыта отырып: қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілінің қатысымдық, эстетикалық және этикалық қызметін меңгеруін қамтамасыз ету, оқыту үрдісі арқылы ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиеті шығармаларын оқу, түсіну, баяндап айту деңгейіне жеткізу. 
Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек. 
Әдебиет пәнін оқытудағы мақсат-оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалы, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;оқырмандық тұрақты ынта ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады, көркем шығарманы оқыту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. 
«Көркем шығарма – әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру» - деген болатын әдебиет зерттеуші ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев. 
Білім алушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек. Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние. 
Қандай жақсы көркем шығарма болмасын, оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жан күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз. 
Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамегршілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс-тәсілдерді орнымен қолдануы қажет. 
«Әдістің жақсы, жаман болмағы жұмсалатын орнына қарай»,- деп А. Байтұрсынов айтқандай қандай әдісті алсақ та баланың шығармашыл, өз ой-пікірі бар, зерттеу қабілеті дамыған, тәжірибеде теориялық білімін пайдалана алатын жеке дара тұлға болып қалыптасуына ықпал тигізуі керек. 
Әдебиет пәні –тарихымыздағы ұлы оқиғалардың көркем шежіресі. Әдебиет- адам баласымен бірге жасап, оларға рухани күш беріп, бірге дамып, өсіп келе жатқан өнердің бір түрі. 
Елбасымыздың «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» делінген «Қазақстан — 2050» стратегиялық бағдарламасында сөзі бар.. Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, жан дүниесі сұлу, рухани бай, сезімтал, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін қажырлы еңбек қажет.

Жаңа ғасырда жаңа заманға лайық тұлға ретінде қалыптасқан, өз көзқарасын жүйелі талдай білетін өз өміріне қоршаған ортаға сын көзбен қарайтын жеткіншек жастарды даярлау – біздің ұстаздық парызымыз.

Әдебиет сабағында дарынды балалармен  жұмыс жасаудың топтық формалары әлдеқайда орындырақ: миға шабуыл, рөлдік тренингтер, ғылыми-тәжірибелік жұмыстар, жобалық тапсырмалар, эссе, ойтолғау жазу сияқты  және т.б. түрлері әр сабақта дарынды оқушының шығармашылығын шыңдауға жетелейді.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. 
Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.Оқушыларға тек дайын дүниелерді ғана бергеннен гөрі,түрлі бағыттаушы сұрақтармен, қилы жағдаяттар арқылы бағдар бере отырып іздендірсе, сенім білдірсе,нәтижелі жұмыс жасауға ынталы болады. Мұғалім міндеті- осындай жағдай тудыра білу. Сонда ғана оқушы өз бетімен ізденуге, еңбектенуге талпынады, үйренеді.Оқушының өзінде қозғалыс болғанда ғана онда қызығушылық пайда болады

Әдебиеттің суреттейтіні — адам. Оны жалпылай емес, нақты, тұлға (образ) дәрежесіне көтере даралап көрсетеді. Адам қашан да бір ортада өмір сүреді, еңбек етеді, сол ортада өзін жан-жақты таныта, көрсете біледі.
Адам бейнесін жасауда жеке бір адамға тән мінез-құлықты да, көпке ортақ сипаттарды да жинақтау тәжірибесі пайдаланылады. Типтік бейне қашанда жинақтау жолымен жасалады. Өмірде сирек ұшырасатын не жиі кездесетін деректердің қайсысы болса да типтік бола алады. Ең бастысы — шындықтың адам табиғатына сиымдылығы және нанымдылығы.

“Әдебиетші… — қаламымен ғана жазбайды, сөзбен сурет салады, адамды бір қалыпта ғана суретке түсіретін сурет өнері сияқты емес, үнемі қозғалыс, әрекет үстінде, таусылмайтын кездесулер мен қақтығыстардың жағдайында… суреттейді”-деп орыс жазушысы М.Горький айтқан болатын. Әдебиет адамның өмір тануына, оның эстет. ұғым-түсінігін, сезімін байытуға қызмет етеді. Оның тәрбиелік мәні зор, жарқын жасалған жақсы тұлғаларға оқырман елігеді, оған ұқсауға тырысады. Халық өмірінің жан-жақты бейнеленген суреті мен оның көрнекті өкілдерінің бейнесін жасаған, азаттық, тәуелсіздік жолындағы арман-тілегін суреттеген әдебиет халықтық болып саналады. Шығарманың тақырыбы мен идеясын да оның халықтық сипаты белгілейді. Әдебиет— ұлттық категория. Ол алдымен ұлттық түрде, сол халықтың дәстүрлері мен тарихи дамуының ерекшеліктері негізінде жасалады. “Әдебиеттің мазмұнын оның халқының өмірі береді” деген В.Г. Белинский. Ұлттық тәрбие – бiздiң ұрпақтан-ұрпақ­қа жеткiзетiн асыл қазынамыз. Ұлттық тәрбие қазiр елiмiзде орын алып отырған көптеген мәселелердi: ана тiлiн, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрiн бiлмейтiн жастар, тастанды жетiм балалар, «қиын» балалар, қарт­тар үйлерiндегi әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бiрте-бiрте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негiзгi жолы. Ұлттық тәрбие алған ұр­пақ денi сау, бiлiмдi, ақылды, ұлт­жанды, еңбекқор, сыпайы, кiшiпейiл болып өседi. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.

Елбасының «Қазақстан – 2050» Стра­тегиясында қойып отырған мақсат-мiндеттер елiмiздегi тәрбие беру жүйесiн ұлттық құндылықтар негiзiнде жасау қажеттiлiгiн тағы да дәлелдеп отыр. Жалпы «ұлттық» деген сөздiң астарында елге-жерге, тiлiмiзге, дiнiмiзге деген құрмет жатыр. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагоги­калық оқулықтарға енгiзген Мағжан Жұмабаев болды. Ол педа­гогиканың ұлт­тық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегiнде былай дейдi: «Ұлт тәрбиесi бая­ғыдан берi сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол бол­ғандықтан, әрбiр ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшiн қызмет ететiн болғандықтан, әрбiр тәрбиешi баланы сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие қылуға мiндеттi». Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игiлiктер мен адамзаттық құн­ды­лықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәр­биелеу.

М.Әуезов «Ел боламын десең, бесi­гiңдi түзе» дегендей, ертеңгi ұрпақтың  тәрбиесiн бүгiннен  бастап қолға алып, жастарымызды ұлтын сүйетiн ұлт­жанды, Отанын сүйетiн патриот, жо­ғары адамгершiлiк иесi, ұлттық рухы биiк парасатты азамат етiп тәрбиелеу үшiн оларға ұлттық тәрбие қажет еке­нiн өмiрдiң өзi-ақ көрсетiп отыр. 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қа­лыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Елдiк мұрат жолындағы ұлы ерлiк  әрқашан аталарымыздың бойынан табылған. Тәуелсiз елдi өз қолымен құрған буын­нан басталған ұлы iстердi кейiнгi ұрпақтың лайықты жалғастыраты­нына сенемiн», –  деген болатын.

Ұлы тұлғалардың, халық ардақ­ты­ларының жүрегiне үңiлiп, ғибратқа толы ғұмырынан тағылым алу – бiзге парыз. Сондықтан жас ұрпақты Ота­нын сүюге, ол үшiн аянбай қызмет етуге, елжандылық пен ерлiкке  тәр­биелеу – бiздiң басты мiндетiмiз бол­мақ.

Әдебиет сабағында оқушылар тек көркем мәтінмен танысып қана қоймай, өздеріне ухани азық та алады. Мысалы, 10-сынып оқушыларына арналған әдебиет пәнінде Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына айрықша тоқталған. Шәкәрім- қазақ әдебиетінің ерекше шоқтығы биік тұлғаларының бірі. Өмірі мен артына қалдырған мұрасы, сан қырлылығымен оқушыларды таң қалдырса, сонымен бірге қайғылы тағдырымен оқушы жүрегін елжіретеді. Шәкәрім шығармашылығын меңгерту мақсатында , мен Венн диаграммасын, топтастыру стратегиясын, флиптачарт әдістерін қолдандым. Аталған әдістер арқылы оқушылар ақынның өмірі, отбасылық жағдайы, прозасы, поэзиясы, музыкалық шығармалары және ақынның бойындағы өнермен танысты. Шәкәрім –нағыз ұлтжанды тұлға, оған дәлел оның шығармалары ғана емес, ақынның өз бойындағы ерекшелік. Елбасымыз «Қазақстан-2050стратегиясында» Қазақстан «Мәңгілік елге»айналуы керек деген болатын. Ал «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – ұлттық тәрбиенің әдіснамалық негізі. Кез келген тәрбиенің (ұлттық, діни, құқықтық, саяси және т.б.) мәні – тұлғаны қалыптастыру үдерісін сипаттайды. «Мәңгілік Ел» идесында ұлттық тәрбие туралы өте көп айтылған. Оқушы бойына тәрбиесіз берілген білімнің өте қауіпті екені белгілі. Ұлттық тәрбиені бойға дарыту мақсатында қазақ әдебиетінде Шәкәрім мен Абайдан асқан тұлғалар жоқ десем, артықайтқан болмас. Шәкәрім- жан-жақты тұлға. Егемен еліміздің қазіргі жастарының бойынан табылуы тиіс деген қасиеттердің бәрі дерлік Шәкәрімнің бойында бар. Ол- полиглот, бірнеше тілді еркін меңгерген.(парсы, түрік, араб) .Ол- интеллектуалды тұлға. Сол кезде сирек кездесетін кітаптар қорынмен еркін танысып отырған. Ол- еңбекқор жан, естеліктерде өз киімін өзі тігіп алатыны, тіпті ою-өрнекке дейін өзі келістіріп істеп алатыны жайлы айтылады. Ол- тарихшы. Елбасымыз қазіргі жастар қазақ халқының тарихын меңгерсін, өткенінен өнеге алсын деп, көптеген шаралар өткізіп жатыр. Оның дәлелі- мерейтойлар, конференциялар, зияткерлік ойындар.(Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ата Заңымыздың 25 жылдығы т.б.). Шәкәрім- қажы, екі рет қасиетті Мекке қажылық сапарға барып келген адам. Ұлы ақынның тұлғасын осылай сан қырынан оқушыларға талдау арқылы, олардың бойына қазақ ұлтының осындай мақтан тұтарлық тұлғасы бар екендігін айтып, бойларына ұлттық тәрбие негізін дарытамыз.Ұлтжандылық- туған елге, жерге деген сүйіспеншілік. Осы сезімнің керемет үлгісі қазіргі арамызда жүрген заңғар жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады»әңгімесінде керемет суреттеледі. Аталған әңгімемен танысу барысында, оқушылар туған жердің қадір-қасиетін түсініп, өз ойларын еркін жеткізді. Шығармамен жұмыс барысында оқушылар әдебиет, тарих, география пәндерінен алған білімдерін де ортаға салды. Әдебиет сабағының бір кереметтігі- осы пәнде тек әңгіме оқылмайды, сонымен қатар ұлттық салт-дәстүр, ұлтымыздың санасындағы қасиетті деген сандар да еске алынады. Мысалға, М.Әуезов шығармашылығымен танысарда, «Абай жолын» оқыған кезде, Абай мен Құнанбай бейнесі, Зере мен Ұлжан бейнесі талданады. Кейіпкерлерге мінездеме берілген соң, бала, әке, әже, ана жайында мақал-мәтелдер, әндер де айтылады. Құнанбай мен Абай бейнесін талдауда, бала Абайға мінездеме жасалғанда, бала бойындағы әкеге деген махаббат, сыйластық, сезімталдық қасиеттер туралы айтылады. Әке мен бала арақатынасына сипаттама берген кезде, Құнанбайдың Абай бойынан көретін мінін суреттегенде, қазақ ұғымындағы қасиетті сандар туралы оқушыларға айтып өтуге болады. Қазақта мынадай құнды өсиеттер бар.   Мысалы:

Жеті қазына                                  Жеті ата                            Жеті жұт

Ер жігіт                                         1. Бала                          1. Құрғақшылық

Сұлу әйел                                      2. Әке                           2. Жұт (мал қырылу)

Ақыл, білім                                   3.Ата                            3.Өрт

Жүйрік ат                                      4.Арғы ата                   4. Оба (ауру)

Қыран бүркіт                                5. Баба                          5. Соғыс

Берен мылтық                               6. Түп ата                     6. Топан су

Жүйрік тазы (ит)                           7. Тек ата                     7. Зілзала (жер сілкіну)

 

Жеті күн                Жеті ғалым                                  Жеті әулие

Бүгін                        1. Шығыс                            1. Меке шәріп

Ертең                       2. Батыс                               2. Мәдина шәріп

Бірсүгіні                  3. Оңтүстік                          3. Бұхар шәріп

Арғы күні                4. Солтүстік                        4. Шам шәріп

Ауыр күн                5. Аспан (жоғары ғалым)     5. Қатым шәріп

Соңғы күн               6. Жер орта                          6. Құддыс (Мысыр) шәріп

Азына                      7. Жер асты( төменгі ғалым)       7. Кәләм шәріп (Құран)

 

Жеті жоқ                                                                        Жеті жетім

Жерде өлшеуіш жоқ                                    1. Тыңдамаған сөз жетім

Аспанда тіреуіш жоқ                                   2. Киюсіз тозған боз жетім

Таста тамыр жоқ                                           3. Иесіз қалған жер жетім

Тасбақада талақ жоқ                                     4. Басшысы жоқ ел жетім

Аққуда сүт жоқ                                              5. Аққу – қазсыз көл жетім

Аллада бауыр жоқ                                         6. Жерінен айырылған ел жетім

Жылқыда өт жоқ.                     7. Замандасы болмаса  – бәрінен де сол жетім

 

 

Бес қару                                    Бес өсиет                                      Бес намаз

Садақ                               1. Топасқа сенбе                                 1. Таң намазы

Мылтық                          2. Жауға иілме                                     2. Бесін намазы

Найза                               3. Сақ жүр                                            3. Екінді намаз

Қылыш                            4. Аз үйге сенбе                                  4. Ақшам намазы

Айбалта                          5. Жарлыдан сый алма                      5.Құптан намазы

 

Бес жаратылыс                                                  Бес қатер

Күн                                                                          1. От

Ай                                                                            2. Жау

Жұлдыз                                                                   3. Борыш

Күндіз                                                                     4. Ауру

Түн                                                                          5. Сөз

 

Үш даусыз                           Үш арсыз                                Үш тәтті

Мінез                               1. Ұйқы арсыз                            1. Жан тәтті

Кәрілік                            2. Күлкі арсыз                            2. Мал тәтті

Ажал                               3. Тамақ арсыз                           3. Жар тәтті

 

Үш ғайып                                 Үш қадірлі                                   Үш қуат

Ажал ғайып                              1. Ырыс                                     1. Ақыл қуат

Қонақ ғайып                             2. Бақ                                         2. Жүрек қуат

Несібе ғайып                            3. Дәулет                                   3. Тіл қуат

Қорытындай келе, халқымыздың маңдайына бiткен ұлттық құндылық­тарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың тарат­қан үлгi-насихаты –асыл мұралары­мызды студенттердiң бойына сiңiрiп, ұлттық мәдениетiмiздi  сақтай бiлейiк!


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақ тілі мен әдебиеті, № 2/2016

2.Мәдениет №8(95)тамыз, 2014

3.Жұлдыз, №12,2013

4.Шәкәрім Құдайбердіұлы, Аңыз адам №16(28) тамыз, 2011

5. Жұмағазы Игісін. Қоңыр қоржын. Өскемен-2005

6.http://almaty-akshamy.kz/2013/10/07/Ұлттық тәрбие-өркениеттілік өзегі

7. http://sabaq.kz/ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ 8. Мәңгілік Ел: – Оқулық / М.Б. Касымбеков, С.Ж. Пралиев, К.К. Жампеисова және т.б. Абай атындағы ҚазҰПУ – Алматы: «Ұлағат» баспасы, 2015. – 336 б








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Баяндама "?дебиет саба?ында о?ушыларды ?лтжандылы??а т?рбиелеу"

Автор: Умутбаева Асыл Булаткановна

Дата: 31.03.2016

Номер свидетельства: 313022


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства