М??алім: ??рметті ?стаздар мен о?ушылар. Б?гін біз сіздермен 5А ж?не 5? сыныптары арасында?ы «Тап?ыр достар» атты сайысты тамашала?алы отырмыз. Білімділікті, шапша?ды?ты ?ажет ететін б?л сайыс?а 5А сыныбынан «С???ар» 5? сыныбынан «Т?лпар» атты екі топ ?атысып, ?з ба?тарын сынап к?рмекші. Сайысты бастамас б?рын мен сіздерге мынадай с?ра? ?ой?ым келіп т?р.
1. Топтары?ды неліктен солай атады?дар?
2. Сайыс?а не ?шін ?атысып отырсы?дар?
Ал, балалар, б?гінгі сайысымыз?а ?з пікірін білдіріп, сарап?а салатын т?уелсіз сарапшылар ?атысып отыр. Ендеше сол кісілермен таныстырып ?тейі
Б?гінгі сайыс 4 айналымнан т?рады.
І «С?з тап?ан?а ?ол?а жо?»
ІІ «?й тапсырмасы»
ІІІ «Сен білесі?бе?»
ІV «Кім шапша??»
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгін біз сіздермен 5А және 5Ә сыныптары арасындағы «Тапқыр достар» атты сайысты тамашалағалы отырмыз. Білімділікті, шапшаңдықты қажет ететін бұл сайысқа 5А сыныбынан «Сұңқар» 5Ә сыныбынан «Тұлпар» атты екі топ қатысып, өз бақтарын сынап көрмекші. Сайысты бастамас бұрын мен сіздерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр.
1. Топтарыңды неліктен солай атадыңдар?
2. Сайысқа не үшін қатысып отырсыңдар?
Ал, балалар, бүгінгі сайысымызға өз пікірін білдіріп, сарапқа салатын тәуелсіз сарапшылар қатысып отыр. Ендеше сол кісілермен таныстырып өтейін.
1.Сәлімжанова Б
2. Жұбантаева Ә.Ж
Бүгінгі сайыс 4 айналымнан тұрады.
І «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
ІІ «Үй тапсырмасы»
ІІІ «Сен білесіңбе?»
ІV «Кім шапшаң?»
Ал, енді балалар, сайысты бірінші болып қай топ бастайтынын анықтау үшін мен сіздерге жұмбақ жасырамын. Жауабын тапқан топ бастайды.
Жаздай інге тығылып
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығынан суырып
Әкелді әжем бір күні.
(Сәбіз)
Беташарын бұл сайыстың бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық
Ұтымды әрі мағыналы жауап бер
Тапқырларды ду қол соғып қоштайық!
Әріптер бойынша сұрақтарға жауап беру: ж,с,о,т,к,м.
І топқа
Сабақты қалай оқисың?
Сен қандай баласың?
Бос уақытыңда немен айналысасың?
Қазір қайда барасың?
Қалтаңда не бар?
Қандай тағам түрін жақсы көресің?
Парталас көршің қандай?
Ойын қалай өтіп жатыр?
Ауа райы қандай?
Сен қайдан келдің?
ІІ топқа:
Қай пәнді ұнатасың?
Ұнатпайтын пәнің?
Болашақта кім боласың?
Мектепке не үшін келесің?
Ұнатпайтын тағамың?
Үйге барғанда не істейсің?
Ата-анаңды тыңдайсыңба?
Кімге ұқсағың келеді?
Кітап оқығанды жақсы көресіңбе?
Қарсыластарыңа тілегің.
Екінші айналым «Үй тапсырмасы». Бұл жерде де бастайтын топты анықтау үшін мақал айтамын, аяқтаңдар. Үйден дайындап әкелген 2-ден сұрақтарыңды қоясыңдар.
Отан оттан да ыстық.
(сұрақ-жауап)
Үшінші айналым «Сен білесіңбе?» деп аталады. Алдарыңдағы 12 ұяшықтың біреуін таңдап, қазақ тіліне байланысты сұрақтарға жауап бересіңдер.
Жұмбақ: Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді.
(ерін)
Сайыскердің білімін
Тағы байқап көрейік
Жүйрік аттай желейік
Сұраққа кезек берейік.
Ендеше келесі айналым «Сен білесіңбе?»
(сұрақ-жауап)
Төртінші айналым «Кім шапшаң» деп аталады. «Қолғанат» (сөз құрау) І минут.