kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ахмет Байт?рсынов мысалдарыны? Абай аудармаларымен ?ндестігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

?останай облысы

«?улиек?л ауданы ?кімдігіні?

білім б?ліміні? №2 Аман?ара?ай орта мектебі» 

?аза? тілі мен ?дебиеті п?ні м??алімі:

Н?р?ожина Г?лзира ?бікен?ызы

 

Ахмет  Байт?рсынов мысалдарыны? Абай аудармаларымен       ?ндестігі.

Абайды  Ахмет Байт?рсынов  отыз жастан ас?ан ша?ында ?ана танып білуге м?мкіндік тап?ан.О?ан дейін еміс-еміс естігені болмаса,оны? Абай ?лендеріне деген онша ы?ылас, ??штарлы?ы бола бермеген. О?ан себеп Ахметті? ?зіні? туып ?скен ортасы Тор?ай ??ірінде де ?ле?-жырды ?спеттеген тума таланттарды? шо?ыры мол болатын.Оларды? б?ры??ы халы?ты?  поэзияны? ?лгі н?с?асында ?алыптас?ан жыр д?ст?рлерін Ахметті?  бала  жасынан  бойына  дарытып, ж?регіне  сі?іріп, жаттап ?скен  а?ын.

     ?асырлар бойы тілі ?зілмей келе жат?ан ар?ы Асан ?ай?ыны айтпа?анда, бергі Бал?ы Базар,одан кейінгі Кердері ?буб?кір ?уендері елтіп ?скен бала Ахмет,есейген т?ста сол ??ірді?  бір туар білімдар.Ал?ыр да ар?ылы а?ындары  Сейдахмет  пен  А?молда жырларына т?нті болып,жігіттік т?тті ?иялды? ??ша?ында ж?рген кезі болатын.Шынында да, Сейдахмет,А?молда а?ындар ?з заманыны? жомарт талант,дара т?л?алары бол?анды?ына дау жо?.

          Ахан ?лгі т?т?ан, осынау а?ындарды ?лі к?нге дейін таби?атын ашып,?дебиеттану ?лгісінде тере? зерттеп,зерделей алмай келе жат?анымыз ?кініш-а?.Оларды? ?ле?дері жалпа? елге ??ыны?ты, к?бінесе ?гіт-насихат ?лгісінде жазыл?ан. Жазба ?дебиеті ?лі де толы? дамыма?ан, ?асырлар бойы жыр ?азынасы ауызша айтылып, ?рпа?тан-?рпа??а ?зілмей келе жат?ан,осынау жыр ?лгілері халы? жадында жатталып,ж?ректе са?талып ?алу?а же?іл,?рі о?тайлы екендігі белгілі.Біра? Аха? б?л а?ындарды ?лгі т?т?анмен, пір т?т?ан емес.

         С?йтіп ж?ргенде, 1903 жылы Аха?ны? ?олына Абай ?лендері жазыл?ан ?алы? д?птер т?седі.Б?л Аха?ны? ?стазды? етіп,д?ріс беріп, ?ар?аралыда ж?рген кезі еді.К?зі ашы?, болаша? а?ынны? осы т?ста Европа ?дебиетіне ден ?ойып,оны? ішінде орыс а?ындарына ?арай к??іл б?ліп, ой ж?гірте баста?ан кезі болатын.Тіпті оны? Лермонтов?а еліктеп, «?ош сау бол,?ар?аралы жуылма?ан» деген ?ле? жазуы да соны? белгісі.Алайда, ол осы уа?ыт?а дейін, осындай к?рделі ойды к?рмеп келтіретін ?аза? а?ынын кездестірмегені а?и?ат еді.Енді міне, соларды? с?зі де, ойы да бірде-бір кем емес,ке? тол?ап,кемел пішетін, ?аза?ы ?ле? ??діреті о?ы?ан сайын бірден баурап ?кетіп бара жатыр.Авторы Семей ?аза?ы Ибрагим ?нанбаев.Б?л ойын Ахан ?зіні? 1913 жылы «?аза?» газетінде т?н?ыш жариял?ан «?аза? бас а?ыны» деген ма?аласында байыпты  баяндап береді.

           «О?ып ?арасам,бас?а а?ындарды? с?зіндей емес.Олар с?зінен бас?алы?ы сонша,?уелгі кезде жатыр?ап,к?пке дейін тоса?сып отырасы?.С?зі аз,ма?ынасы к?п, тере?»-деп тамсана  тол?алы.

           С?йтіп ?зіні? осы уа?ыт?а дейін Абайды білмегеніне,оны? осынау ??нды ?азынасына кеш кезіккеніне ?кініш етеді.Оны? себебін ?з с?зінде ай?а?тай т?седі:

        «А?мола,Семей облыстарында Абайды білмейтін адам жо?.А?мола мен сыбайлас Тор?ай облысында  Абайды білетін адам кем деп айтса да,с?зі де Тор?ай облысында естілмеген еді».-деген д?лелдері к?лдене? тарт?анмен,?зіне де ?кпе артып, мін та?ады.Оны осы ма?алда?ы  мынадай  жолдардан ай?ын  а??ару?а  болады:

         «?ай жерде  а?ындар жайынан я а?ындарды? с?здері жайынан ??гіме болса, Абайды? с?зін  ма?тамайтын адам болмайды. Абайды? с?зін к?рмей т?р?анда, ма?та?андарына сенбей, ?аза? ?кілеген ?з ??нынын ?згелерді? т?лпарынан арты? к?ретін мінезі болушы еді,ма?тап отыр?ан Абайы бізді? ?буб?кір,Сейдахмет,А?молдаларымыз сия?ты біреу ?ой деп ж?рдім»,- деп а?ынан а?тарылады.Осындай жолдарды о?ып отыр?анда, «шіркін –ай, осындай ж?рекжарды шынды?ты біз ?азір бір-бірімізге айта алар ма екенбіз» деген ойлар мазалайды мені. Абайдай ?лы дана?а кеш кезіккен ?кінішін а?тау ?шін Аха? ендігі жерде данышпан а?ынны? жырларын ел ішінде ке? насихаттап, ?рпа??а жеткізуді ?зіне міндет санайды.Оны алдымен, ?зге емес ?зінен бастайды. Абайды ?стаз деп ??ынып, оны? ?лгісінде ?ле?дер жазды.Ендігі жерде Аха? ?лгі т?татын орысты? Пушкині де Лермонтовы да емес ,к?дімгі ?аза? а?ыны Абай болады.С?йтіп, Абай ?ле?деріні? ?рнегі Аха? а?ынды?ыны? алтын ар?ауы болып, ?лы жолда адастырмас Темір?азы?ына айналады.

      Крыловты? кезінде Абай да аудар?ан Байт?рсынов та?ы к?п емес, академиялы? жина?та Абай?а телі?іп ж?ргендері 12 мысал.Біра? Байт?рсынов аты атаусыз ?алып, оны? ?деби м?расына тыйым салын?ан кезде, біз Крыловты? аудармашысы ретінде Абайды ?ана білетінбіз.Сонды?тан болар,Абайды? кейбір басылымдарына Ахмет аудармалары да кіріп кеткен кездері де бол?ан.Осы ж?нінде бізге к?п н?рсені а??артады.

              Абай мен Ахмет аудармаларында?ы ерекшелік мысалдарды? сырт?ы ??рылысынан да бай?алады .Абай ,к?бінесе ,жеті-сегіз буынды жыр алуандас ?ле?мен, айнымас ?лшеуге ба?ындырып,?ыс?а етіп аудар?ан.Оларды к?бінесе т?п н?с?амен  д?л келіп жатады. Ал,Ахмет халы? ??ымына жа?ын, к?зіне таныс д?ст?рлі суреттер мен те?еулерді  ?олданып ?аза?ты? т?рт жолды ,не бір буынды ?ара ?ле? ?лгісімен ?айта жазып шы??ан.Сол себепті Аха?да мысалдарды? к?лемі т?п н?с?ада?ыдан арты?ыра? болып келеді..Ол Крылов мысалдарыны? ??гімесі мен сатиралы? –?жуалы?  е? ?ымбатты ішкі м?нін алады да, ?зінше жазады.Сырт?ы т?р ?згешілігін к?п ??нттай бермейді.

  

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ахмет Байт?рсынов мысалдарыны? Абай аудармаларымен ?ндестігі »

Қостанай облысы

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің

білім бөлімінің №2 Аманқарағай орта мектебі»



Ахмет Байтұрсынов мысалдарының Абай аудармаларымен үндестігі.

Абайды Ахмет Байтұрсынов отыз жастан асқан шағында ғана танып білуге мүмкіндік тапқан.Оған дейін еміс-еміс естігені болмаса,оның Абай өлендеріне деген онша ықылас, құштарлығы бола бермеген. Оған себеп Ахметтің өзінің туып өскен ортасы Торғай өңірінде де өлең-жырды әспеттеген тума таланттардың шоғыры мол болатын.Олардың бұрыңғы халықтық поэзияның үлгі нұсқасында қалыптасқан жыр дәстүрлерін Ахметтің бала жасынан бойына дарытып, жүрегіне сіңіріп, жаттап өскен ақын.

Ғасырлар бойы тілі үзілмей келе жатқан арғы Асан Қайғыны айтпағанда, бергі Балқы Базар,одан кейінгі Кердері Әбубәкір әуендері елтіп өскен бала Ахмет,есейген тұста сол өңірдің бір туар білімдар.Алғыр да арқылы ақындары Сейдахмет пен Ақмолда жырларына тәнті болып,жігіттік тәтті қиялдың құшағында жүрген кезі болатын.Шынында да, Сейдахмет,Ақмолда ақындар өз заманының жомарт талант,дара тұлғалары болғандығына дау жоқ.

Ахан үлгі тұтқан, осынау ақындарды әлі күнге дейін табиғатын ашып,әдебиеттану үлгісінде терең зерттеп,зерделей алмай келе жатқанымыз өкініш-ақ.Олардың өлеңдері жалпақ елге ұғынықты, көбінесе үгіт-насихат үлгісінде жазылған. Жазба әдебиеті әлі де толық дамымаған, ғасырлар бойы жыр қазынасы ауызша айтылып, ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей келе жатқан,осынау жыр үлгілері халық жадында жатталып,жүректе сақталып қалуға жеңіл,әрі оңтайлы екендігі белгілі.Бірақ Ахаң бұл ақындарды үлгі тұтқанмен, пір тұтқан емес.

Сөйтіп жүргенде, 1903 жылы Ахаңның қолына Абай өлендері жазылған қалың дәптер түседі.Бұл Ахаңның ұстаздық етіп,дәріс беріп, Қарқаралыда жүрген кезі еді.Көзі ашық, болашақ ақынның осы тұста Европа әдебиетіне ден қойып,оның ішінде орыс ақындарына қарай көңіл бөліп, ой жүгірте бастаған кезі болатын.Тіпті оның Лермонтовқа еліктеп, «Қош сау бол,Қарқаралы жуылмаған» деген өлең жазуы да соның белгісі.Алайда, ол осы уақытқа дейін, осындай күрделі ойды күрмеп келтіретін қазақ ақынын кездестірмегені ақиқат еді.Енді міне, солардың сөзі де, ойы да бірде-бір кем емес,кең толғап,кемел пішетін, қазақы өлең құдіреті оқыған сайын бірден баурап әкетіп бара жатыр.Авторы Семей қазағы Ибрагим Қнанбаев.Бұл ойын Ахан өзінің 1913 жылы «Қазақ» газетінде тұнғыш жариялған «Қазақ бас ақыны» деген мақаласында байыпты баяндап береді.

«Оқып қарасам,басқа ақындардың сөзіндей емес.Олар сөзінен басқалығы сонша,әуелгі кезде жатырқап,көпке дейін тосаңсып отырасың.Сөзі аз,мағынасы көп, терең»-деп тамсана толғалы.

Сөйтіп өзінің осы уақытқа дейін Абайды білмегеніне,оның осынау құнды қазынасына кеш кезіккеніне өкініш етеді.Оның себебін өз сөзінде айғақтай түседі:

«Ақмола,Семей облыстарында Абайды білмейтін адам жоқ.Ақмола мен сыбайлас Торғай облысында Абайды білетін адам кем деп айтса да,сөзі де Торғай облысында естілмеген еді».-деген дәлелдері көлденең тартқанмен,өзіне де өкпе артып, мін тағады.Оны осы мақалдағы мынадай жолдардан айқын аңғаруға болады:

«Қай жерде ақындар жайынан я ақындардың сөздері жайынан әңгіме болса, Абайдың сөзін мақтамайтын адам болмайды. Абайдың сөзін көрмей тұрғанда, мақтағандарына сенбей, қазақ үкілеген өз құнынын өзгелердің тұлпарынан артық көретін мінезі болушы еді,мақтап отырған Абайы біздің Әбубәкір,Сейдахмет,Ақмолдаларымыз сияқты біреу ғой деп жүрдім»,- деп ағынан ақтарылады.Осындай жолдарды оқып отырғанда, «шіркін –ай, осындай жүрекжарды шындықты біз қазір бір-бірімізге айта алар ма екенбіз» деген ойлар мазалайды мені. Абайдай ұлы данаға кеш кезіккен өкінішін ақтау үшін Ахаң ендігі жерде данышпан ақынның жырларын ел ішінде кең насихаттап, ұрпаққа жеткізуді өзіне міндет санайды.Оны алдымен, өзге емес өзінен бастайды. Абайды ұстаз деп ұғынып, оның үлгісінде өлеңдер жазды.Ендігі жерде Ахаң үлгі тұтатын орыстың Пушкині де Лермонтовы да емес ,кәдімгі қазақ ақыны Абай болады.Сөйтіп, Абай өлеңдерінің өрнегі Ахаң ақындығының алтын арқауы болып, ұлы жолда адастырмас Темірқазығына айналады.

Крыловтың кезінде Абай да аударған Байтұрсынов тағы көп емес, академиялық жинақта Абайға теліңіп жүргендері 12 мысал.Бірақ Байтұрсынов аты атаусыз қалып, оның әдеби мұрасына тыйым салынған кезде, біз Крыловтың аудармашысы ретінде Абайды ғана білетінбіз.Сондықтан болар,Абайдың кейбір басылымдарына Ахмет аудармалары да кіріп кеткен кездері де болған.Осы жөнінде бізге көп нәрсені аңғартады.

Абай мен Ахмет аудармаларындағы ерекшелік мысалдардың сыртқы құрылысынан да байқалады .Абай ,көбінесе ,жеті-сегіз буынды жыр алуандас өлеңмен, айнымас өлшеуге бағындырып,қысқа етіп аударған.Оларды көбінесе тұп нұсқамен дәл келіп жатады. Ал,Ахмет халық ұғымына жақын, көзіне таныс дәстүрлі суреттер мен теңеулерді қолданып қазақтың төрт жолды ,не бір буынды қара өлең үлгісімен қайта жазып шыққан.Сол себепті Ахаңда мысалдардың көлемі түп нұсқадағыдан артығырақ болып келеді..Ол Крылов мысалдарының әңгімесі мен сатиралық –әжуалық ең қымбатты ішкі мәнін алады да, өзінше жазады.Сыртқы түр өзгешілігін көп құнттай бермейді.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ахмет Байт?рсынов мысалдарыны? Абай аудармаларымен ?ндестігі

Автор: Нургожина Гульзира Абикеновна

Дата: 22.01.2015

Номер свидетельства: 159572


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства