kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай және Әл-Фарабидің ғылыми танымдық ойлары (мақала)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушыларына қосымша әдістемелік матирал ретінде қолдануға болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай және Әл-Фарабидің ғылыми танымдық ойлары (мақала)»

ӘӨЖ 821.512.122


АБАЙ МЕН ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ ОЙЛАРЫ


Кокбас Ж.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Қазақстан, Петропавл қ.


Қазақтың майталман тұлғалары Абай мен Әл-Фараби әр ғасырда өмір сүргенімен, екеуінің айтқан ғибратты сөздерінің арасында үлкен байланыс жатыр. Біз бұл ғұламаларды, өздері айтқан ғылыми – танымдық ойлары арқылы танып білеміз. Абай мен Әл-Фарабидің ой-толғамдары халықтың үлкен мұрасы. Біз бұны Ә. X. Марғұланның айтуынша: Абай мен Әл-Фарабидің көздегені адамдардың рухани байлығы, олардың бақытты болуы мен әсемдікке ұмтылуы болып табылады [1:5].

Абай мен Әл-Фараби өз ойларын әр түрлі сөзбен жазса да, олардың мағынасы бір-бірімен байланысты. Абайдың қара сөзі мен өлеңдерін оқыған адам өмірін босқа өткізбесі анық. Себебі, олардың әрбір жолдары мен шумақтары парасаттылық пен ақылдылыққа, бір сөзбен айтқанда өмірді лайықты сүруге үйретеді. Абайдың өлеңдерінен ар-ұят, еңбек , намыс, адамгершілік ұғымдарын жиі кездестіруге болады. Мысалы: «Адасқанның алды - жөн , арты – соқпақ» деп аталатын өлеңінде ел кезіп уақытын қыдырысқа өткізіп жүрген адамдар жайлы айтады. Олардың өмірін бейнелеп, сынайды. Және «еңбек» туралы сөз қозғайды. Еңбек адамның өмірінде үлкен орын алатындығын айтады. Расымен де, қызмет етпей уақытын босқа өткізіп жүрген, жай жүрген бір қуыс кеуде. «Ғылым таппай мақтанба» деп аталатын өлеңінде адамның неден асық және неге қашық болу керек екендігін нақты көрсетеді. Сонымен қатар, әр пенденің өмірде өз орнын табуы тиіс дейді, заманауи сөзбен айтсақ әр тірі жан иесі өзіне ұнайтын салада қызмет етіп, өз елінің дамып көркеюіне үлесін қосқаны абзал. Ақынның қара сөзіне келер болсақ, әр даналығы өмірдің шындығы. Оның қара сөзін оқи отыра көз алдымызға, соған сәкес жайттар мен адамдарды көзімізге елестетіп отырамыз. Сол арқылы жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренеміз. Он төртінші қара сөзінде «Жүрек» жайлы сөз қозғайды. Ол: «Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? » деп сұрақ қойып, соған өзі жауап жазған. Оның айтқан сөзін талдасақ жүректі – адам ең мықты, батырдың – батыры, жүрекпен айтылған сөз – ең дұрыс сөз дейді. Яғни, әр уақытта жүрегімізді тыңдап, әр айтар сөзбен, іс-әрекет алдында жүрегімізге үңілгеніміз дұрыс.

Абай Шығыстың, ұлы ақындары Фирдоуси, Низами, Хафиз, Жами, Сағди, Науаи, Сәйхали және басқа да алыптардың сиқырлы әуез, биік рух, қиыннан қиындасқан шынайы шеберліктің үлгісіндей ғажайып поэзиясының аясында тәрбиеленіп, өмір бойы солардың дәстүрінен қол үзген емес. Өйткені, Шығыстың ойшыл ақындары адамның табиғатын тереңнен ұғатын ерекше қасиеті, оның болмысына, рухани жан дүниесіне ерекше әсер етті.

Әл-Фараби мен Абай үндестігі, жердің жаратылуы туралы ойлары, космониялық және космологиялық түсініктері үндес. Әл-Фараби өзінің математикалық трактаттарында «8» санына баса назар аударған, ал Абай «Сегіз аяқты» жазған.

Әл-Фараби: «Әрбір адамның әлемде (дүниеде) өз орны бар», десе Абай оны жаңғыртады: «Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан!» деп, ұрпақтың ел өмірінде елеулі орын алатынын шегелеп айтқан. «Әл-Фараби және Абай» проблемасын зерттеумен шұғылданушы А. Машанов екі ойшылдың арасын тарихи сабақтастықпен жалғастырады. Әл-Фарабидің философия, музыка, жаратылыстану ғылымдары туралы трактаттарына кеңірек тоқталған мұсылман-діншіл Шахабутдин Маржани деген пікірге келеді. Ш. Маржанидің шәкірттері Абайға медреседе оқыған жылдарында дәріс берген. Абайдың Маржаниды көп оқығандығы жөнінде мәліметтер бар.

«Әл-Фараби мен Абай арасын жақындастыру, оларды үндестіру, біздің халқымыздың мың жылдық рухани, мәдени-рухани дүниесін тірілту деген сөз. Демек бұл зор мақсатты халықтық іс деп білу керек… Ал, осы екі алып тұлғаны жеке-жеке тануда едәуір істер істелгені рас. Бірақ бұлардың арасын жалғастырып тұрған ғажайып нәзік, тамаша берік рухани жіпті біз әлі таба алмай жүрміз: бірақ оның барын анық сезсек те, оны «көруден» әлі шалғай жатырмыз, – дейді зерттеуші ғалым А. Машанов [2: 7].

Абайда “мутакалим мантикун” деген сөздер бар. Бұл өзі ғажап терең философиялық-логикалық – диалектикалық қағида. Бұл жөнінде бүкіл араб елдерінде, халифалар заманынан бастап осы күнге дейін айтыс-тартыс талас үзілген жоқ. Мантиқ-логика ілімін ең толық зерттеп дамытқан адам Әл-Фараби.

Абайда талай терең қағидалар жатыр. Мысалы Абайдың “ғақлия – нақлия”, “ғаламның сәнді сәйкес жарастығы”, “ғылым құдіреті”, “жүрек таразысы – инсаф”, “өмірдің өзі шындық” деген тәрізді қағидаларының әрқайсысы бір-бір томдық еңбек жазуға болатын тақырыптар. Және осылардың барлығы әл-Фараби еңбегінде бар, онда терең талқыланған. Абай жолын келешекте кеңейтіп адамдық, шындық жолы – Фараби-Абай жолы деп тануымыз керек…», [2: 10].

Әл-Фараби өздігінен көп оқып, философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Философ адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан — жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы, “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық дегенде ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті.

Әбу Наср Әл-Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды. “Ғылымдардың шығуы” деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. “Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктеме” деп аталатын еңбегінде математиканың методолгиялық мәселелері жөнінде құнды пікірлер айтқан.

Сонымен қатар, Абайдың қара сөздерінде де, Әл-Фараби айтып кеткен ойлар сабқтасады. Абайдық қара сөздері тұнып тұрған философиялық ой.Сол себепті де «философиялық трактаттар» деп айтуға әбден болады. Оған сөзіміздің дәлелді болуы үшін:

Біріншіден - Абай бұл еңбегінде жан, ой, дін, ынсап, ләззат, ақыл, түйсік, ғылым, білім, құмарлық, еңбек, талап, ұят, ар, намыс, махаббат, қайрат, ашу-ыза, қуат тағы басқа көптеген философиялық категорияларды қағаз бетіне түсіріп, философиялық әдіспен терең талдап, түсіндірген адам. Сондықтан Абайдың бұл шығармасын ешбір талассыз философиялық тракттат дейміз.

Екіншіден – Абай поэзиясын философиялық трактат деуге нақтылы дәлел мынау: Абай Әл- Фарабиден кейін, арада мың жыл өткен соң қазақ топырағында екінші болып Сократ, Платон, Аристотель, Аристодем еңбектерін терең үңіле оқып, оларға өзінше интерпретация жазған адам. Бұған дәлел ретінде Абайдың «жиырма жетінші сөзін» оқып көрсек болады. Сондықтан бұл шығарманың философиялық трактат деуіміз әбден дұрыс болмақ.

Үшіншіден – осы еңбектің жалпы жазылу, баяндау, таңдау, дәлелдеу стиліне ой жіберіп қарасаңыз, әлемге әйгілі философтар Монтеннің, Ларош-Фуконың, Ибн-Синаның стиліне өте ұқсас. Қарапайым тілмен әңгімелеу, баяндау, түсіндіру тәсілімен жазылған. Бірақ терең ой, тартымды теңеу, тағылымды сөздер оқырманды қызықтырып отырады. Бұл да шығарманың философиялық еңбек екеніне бұлтартпас дәлел.

Төртіншіден – Абайдың осы шығармасы неге қазірге дейін қате тақырып қойылып жазылып келді ? Меніңше, ақынның бұл философиялық еңбегі аяқталмаған, автор өзі ойлаған тақырыпты жазып үлгермеген. Ал кейінгілер, әсіресе алғаш «Қара сөз» деп жазуға өресі жетпеген деп қорытады ойын Ә. Дастанұлы. [4: 54].

Қорыта айтқанда. Әл – Фарабидің трактаттарында да Абайдың қара сөздерінде де – білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігі басым.Бұл екі ғұламаның гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Олар ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. — А., 1972.

2.  Машанов А. Әл-Фараби және Абай. – А., 1989.

3. Абай. Қара сөз. — А., 1993.

4.   Жабал Шойынбет. //Қазақ тілі мен әдебиеті – 2 - 2004 .





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Абай және Әл-Фарабидің ғылыми танымдық ойлары (мақала)

Автор: Кокбас Жазира

Дата: 10.01.2017

Номер свидетельства: 377345


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства