kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай және Шәкәрім дүниетанымы: Антропонимдердің этимологиялық аспектілері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Антропонимиканы этномәдени тұрғыда қарастыра отырып, ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілерімен халықтың танымдық ерекшеліктері арқылы рухани мәдениетін тану, олардың қызметі мен орнын анықтау. Абай және Шәкәрім шежірелеріндегі  антропонимдердің этимологиялық төркініне талдау жасау, түсіну, ұқсастықтарын анықтау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай және Шәкәрім дүниетанымы: Антропонимдердің этимологиялық аспектілері»



Бағыты: лингвистика

Тақырыбы: « Абай және Шәкәрім дүниетанымы: Антропонимдердің этимологиялық аспектілері»








Авторы: Сабыртаева Балжан

Мамандығы, біліктілігі:01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі

4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі

Курсы: 1 курс























Семей, 2022 жыл

ЖОСПАР

I. Кіріспе____________ 4 бет

1.1 Ономастика ғылымы туралы түсінік

1.2 Анропонимика ғылымының қалыптасуы және дамуы

II. Негізгі бөлім________________5-8 бет

2.1 Абай және Шәкәрім шежірелеріндегі қос есімдердің ұйытқы және тірек сыңарлары

2.2 Кісі есімдерін жасаудағы эмоционалды-экспрессивті реңк мәнін тудырушы жұрнақтар

III.Қорытынды_________________9 бет

3.1 Абай және Шәкәрім антропонимикасындағы ортақ үндестік

IV. Әдебиеттер тізімі________________10 бет



























Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақ тіліндегі антропонимдердің тарихи-мәдени, әлеуметтік қызметін сипаттау.

Зерттеудің мақсаты: Антропонимиканы этномәдени тұрғыда қарастыра отырып, ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілерімен халықтың танымдық ерекшеліктері арқылы рухани мәдениетін тану, олардың қызметі мен орнын анықтау. Абай және Шәкәрім шежірелеріндегі антропонимдердің этимологиялық төркініне талдау жасау, түсіну, ұқсастықтарын анықтау.

Зерттеудің міндеттері: Қазақ тіл біліміндегі ономастика жүйесінің, антропонимия саласының зерттеулеріне тілдік тұрғыдан сипаттама, шолу жасау.

Зерттеу болжамы: Зерттеу нәтижесінде антропонимдердің этномәдени сипатын ашып, ат берудің пайда болу жолдарын айқындап, мағыналық талдау жасай білуге үйрету.































Кіріспе

Ономастика (грек  onomastіke – ат беру өнері) – тіл білімінің жалқы есімдерді  зерттейтін саласы. Жалқы есімдерге кісі, жануарлар аттары, халық, ұлт, ру-тайпа атаулары, жер-су, аспан денелері жатады. Ономастика атаулардың шығу, қалыптасу жайын тексереді. Ол зерттеу нысанына қарай топонимика, антропонимика, этнонимика, астронимика, зоонимика, теонимика, фитонимика секілді түрлерге бөлінеді. Топонимика географиялық атауларды зерттесе, антропонимика кісінің аты-жөнін, тегін, лақап, бүркеншік есімдерін қарастырады.

Антропонимика ономастикадан ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында бөлініп шықты . Ғылымда «антропонимика» терминінің орнына «ономастика» қолданылып келгені белгілі. Антропонимика (грек  anthropos – адам, опута ат) — адамдардың өзіне меншікті есімдерін, аты-жөнін, жалған, бүркеншік, жасырын аттарын, ру аттарын — антропонимді зерттейтін ономастиканын тармағы. Антропонимдердін жиынтығы антропонимия деп аталады.
Жеке адам есімдері басқа көптеген жеке атаулардай өздерінің дербестігімен ерекшеленеді: әр адамның жеке есімі бар. Есімдер тізілімі шектеулі. Жеке есімдер қайталап отыратындықтан, оларға қосымша атаулар беріледі.























Негізгі бөлім

Лингвистикада қазақ антропонимдері туралы жазылған еңбектер біршама. Профессор Қ.Жұбанов қазақ антропонимдері жөнінде кең көлемде еңбек жазған. Сондай-ақ , І.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Т.Жанұзақов,Қ.Рысбергенова ,Г.Мадиева т.б. ғалымдардың антропонимика саласындағы ой –пікірлерінің маңызы ерекше.

« Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры,жұмсайтын қаруының бірі »,- деп, тілдің әлеуметтік қызметін , айрықша қабілетін түйсінуі заңдылық.[1]

Әр этностың әр кезеңде өзіне тән антропонимиконы ( есімдер тізбесі ) қалыптасады. Осы орайда , Абай және Шәкәрім шежірелеріндегі ұрпақ есімдері, аты, атауы да өз дербестігімен ерекшеленіп тұратындығына байланысты кеңірек тоқталуды жөн көрдік. Антропонимдер де тілдегі сөздік құрамның бір бөлігі. Тілдің ішкі заңдарына сәйкес дамиды. Есімдердің басым тобы халықтың өткен замандардан бастап күні бүгінге дейінгі мәдени – тарихи өмір бейнесін көрсетеді.Адам аттарына байланысты қалыптасқан араб-парсы сөздерінің антропонимия ғылымындағы алар орны айрықша.Бұндай тілдік деректер ең мол қорды жасайды. Олар тұлғасы жағынан да, семантикалық топтары жағынан да, игерілуі жағынан да әр түрлі дәрежеде.

Адам есімдерінің пайда болу, даму заңдылықтары, әлеуметтік сипаттары, салт-әдет, ислам дінінің тікелей әсеріне байланысты . Мысалы, Алдажар ( Алла жар ), Құдайберді , Тәңірберді , Ибраһим , Ысқақ , Оспан , Халиолла , Смағұл , Алдаберген (Шәкәрімнің нағашы атасының есімі ) .

Халқымызда мұсылмандық шариғат бойынша жаңа туған нәрестеге ат қою үшін азан шақырылып , сәбидің құлағына айту дәстүрін ескерсек, Шәкәрім де Айғаншадан туған қызы Жәкімнің ( Жәкіш) балаларына Қожағапан , Қожанияз , Қожағапез деген есімдерді өзі қойған [ 2. 373 б ].

Компоненттерінің бірігуінен құралатын қос есімдердің жоғарыдағыдай негізгі қабаттары ұйтқы тірек болып табылады . Қожа + ғапез (Хафиз ) Шәкәрім шежірелеріндегі антропонимдердің үлес салмағы , саны әр тарихи кезеңдерде біршама өзгеріп тұратындығы да, керісінше біршама тұрақтылығы да қатар дамып отырады. Әрине ,негізгі этнологиялық , антропонимиялық қор атадан балаға мирас болып сақталып отыратындығын мына кестеден аңғаруға болады:

Ғабдулжәлел- ( Жәліш) ,

Ғабдулғафур - (Қапыр, Ғафыр, Ғапыр)

Ғабдулаһад –( Ахат)

Ғабдулла- ( Қабыш)

Ғабдулхакім -( Хаким,Хакім, Әкім ).

Бірінші белсенді тірек сыңары – Ғабдул болып келсе, келесі мысалда

-Құл сыңары екінші орында келетін белсенді тірек

– Әлімқұл, Мұсылманқұл, Турағұл т.б.

Антропонимдер арасында өз кезегінде ортақ тірек сыңарлардың кейбірінің тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай өзгеріске түсіп отыратындығы заңдылық .

Әбусуфиян, Әубәкір – Әбубәкір - (Әбу+Бакир ), Шаһкарим – Шәкәрім, Шаһингерей –Шәңгерей, Мұхаммедшаһкүр – Шәкір антропонимдерінің этимологиялық түп төркініне бойлағанда арабша әш –Шакур сөзі , парсы тілдеріндегі Шаһ сыңарларының көбірек өзгеріске түсуге бейімділігі байқалады. Абай дәстүрін дамыта жалғастырған Шәкәрім дүниетанымында Алла туралы сенім мен таным ерекше. Бұл дүниетанымдық көзқарас Шәкәрім өмірінде де , шығармашылығының барлық бағытында да берік орын алған. Ендеше , ислам тарихын жетік меңгерген Шәкәрімнің теология – философиялық ұстанымдарының дәлелдері антропонимдерде көптеп ұшырасатындығы , Абаймен үндесетіндігі кездейсоқтық емес .

Жебрейіл –Шәкәрімнің Айғаншадан туған баласына қойылған есім. ( Алайда , Жебрейіл жастайынан қайтыс болған ) [2.373б] .

Жебрайыл – Абайдың да немересіне қойылған ат .

Мұсылмандық дүниетаным бойынша ең үлкен төрт періштенің бірі саналатын Жебірейіл ( Ә .С .) Хақ Тағаланың кітаптарын пайғамбарларға жеткізумен , уахи ісімен айналысатындығын , Алла мен пайғамбарлар арасында дәнекер болғандығын ескерсек , Абай мен Шәкәрім де өз ұрпақтарына періштенің бойындағы көптеген ізгі сипаттарды тілеу ниетінен - Жебірейіл есімін таңдағандығы бекер емес .

Тіл мен сөздің құдірет, күшіне сене отырып балаға ат қою арқылы оған белгілі бір қасиеттерді дарытуды мақсат етіп көздеген антропонимдердің астарында оқу , ғылым –білімге деген ағартушылық мақсат берік орын алған .

Халық өмірінен , дүниетанымынан хабардар ететін этнолингвистикалық мән-маңыз антропонимдерде өзіндік бір мәдени мәтін ретінде қабылданып қалыптасқан. Исламдық дүниетанымдағы жәннаттағы бір бақшаның аты –Фирдоус болса, шығыс халықтарындағы кісі есімдерінің жасалуында Фирдоуси үлгісімен аталатын ныспы да жоғары талап пен талғамға сай таңдап алынып отырады.

Абай өлеңдеріндегі Шығыстың атақты жеті ақындарының бірі –Фирдоуси есіміне ұқсас қойылған Әзімбайұлы Фирдоуси ( Бердеш) . Сағди – Сағадат т.б.

Эмоционалды –экспрессивті реңк мәнін тудырушы жұрнақтар да кісі есімдерін жасауда белсенді қолданыста жұмсалады : Шаһмардан – Шәке, Мүслима – Мүкіш , Турағұл – Тураш , Ғақылия – Ақылия – Ақила – Ақыш, Тәңірберген –Тәкежан , Мекайыл -Мекеш, Мінура – Мінәш , Жебірайыл-Жебеш , Ізкайыл – Зекеш , Зікеш т.б. тізбектер жалғаса береді.

Төл есімдердің қосымша атаулармен берілетіндігінен өзге, осы тұста тағы бір тоқталатын жайт – құрылым жүйелілігі. Кісі аттарының жасалу үлгісі, принципі , компоненттерінің антропонимдер жүйесінде сақталуы;

Әр антропопимдерде жиі кездесетін біріккен түбір арқылы жасалған есімдерді төмендегідей мысалдар арқылы көрсетуге болады :

Бай; Кеңгірбай, Ырғызбай, Өскенбай,Құнанбай , Ақылбай, Әзімбай,Әкімбай.

Хан; Берекехан, Жошыхан, Әлихан, Райхан.

Тай; Кәкітай , Мырзатай т.б.тілімізде қалыптасқан үрдіс бойынша жасалған. Жалпы , салыстырмалы түрде байқағанымыз Абай және Шәкәрім ұрпақтарына қойылған есімдердің сайып келгендегі мағыналық тобын құрайтындары төмендегідей үлгіге саяды :

Алла тағаланың 99 есімдерінің біріне байланысты -Жағыпар (–әл- Жаббар), Фатх, Ахад , Әрхам- ( ар Рахман ) , Ғафур, Қапура, Ғафура, Ғазиза - ( әл Ғазиз).

Исламдағы басты ұғымдар ; кәміл - ( Қамила , Кәмәлия) . Калима - ( Қалима, Қалил). Мағрифат –( Мағрифа - Мағыш).

Құрандағы сүре аттарының құрметіне ; Фатх ,Фатиха .

Исламдағы ең үлкен періштелердің аттары ; Жебірейіл , Исрафил ( Исраил), Микәйіл (Мекайыл).

Пайғамбарлардың есімдеріне; Закария , Құзайыр , Ысқақ . Жақып , Жақия.

Пайғамбардың айналасындағы адамдар және туысқандарының аттары ;

Зубаир , Құтайба , Айша , Рухия , Хадиша , Әлішер, Ахмедтауфих , Біләл , Әбдірахман , Рахила , Ділда , Рахима , Ләбиба, Нәзипа, Рухия , Уәсила , Райхан т.б.













































Қорытынды

Түйіп айтар болсақ , Шәкәрім дүниетанымына негіз болған Абайдың рухани өресі – кәміл мұсылмандық . Камил инсаният - Шәкәрімде Ар ілімі жүйесімен өрбіп, есім берудің уәждерінде қарастырылып отырады . Шәкәрімнің үміт- тілектерінен туындаған арабша есімдерде мол мәдени - тарихи ақпараттар жинақталған . Абай мен Шәкәрімнің дүниетанымы қазақ дүниетанымының екі биігі. Мәселен, қазақ дүниетанымында ақыл категориясына Шәкәрімдей ден қойып тоқталып, оның табиғатын ашқан ақын кем де кем. Шәкәрімнің «Пайғамбар қыл ақылды» деуі ақыл ұғымын шырқау биікке көтеруінің белгісі. Оның шығармаларындағы таза ақыл, жанды ақыл, азат ақыл, анық ақыл, саяз ақыл, аз ақыл, сау ақыл, арлы ақыл, мас ақыл, шын ақыл, еркін ақыл, өз ақыл, мол ақыл, ақыл-айна, ақыл-нұр, жайлы ақыл, толық ақыл, терең ақыл деген тіркестер Шәкәрімнің ақыл категориясын терең түсіне білетінінің белгісі. Абай мен Шәкәрім шығармашылығында үндестік мол десек, ұқсастық та байқалады. Біз бір нәрсені есімізден шығармауға тиіспіз: Шәкәрімнің алдында ұдайы үлгі-өнеге көрсетіп тұрған жалғыз Абай ғана болғандықтан, ол кездегі жазба әдебиет пен әдебиет әлемінен ақпараттың жоқтығы, қазақтың ауыздан-ауызға тараған поэзиясы біркелкі, батырлық, ғашықтық және діни дастандардан болып, ілуде бірі ғана болмаса, олардың ішінде Шәкәрімді қанағаттандырарлық, ілгері сүйрерлік озық әдебиет болмағандығы Шәкәрімді бір ғана Абайға еліктеп, бір ғана Абайдан үйреніп, бір ғана Абайға жүгінуге мәжбүрлегенін түсінуге тиіспіз.

Шәкәрім әлемдік дейгейде осы дүниетанымдық көзқарасы арқылы биіктей бермек.

Ат қоюда Абай мен Шәкәрімнен тамырын алып жатқан ұрпақтар арасындағы сабақтастықты аңғару қиын емес.

Жалқы есімдер мен мифтік танымның байланысы және инварианттары мен варианттарын , маңызды құндылықтарын анықтау – келешек зерттеулердің кезек күттірмейтін мәселесі.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.А.Байтұрсынұлы , Тіл тағылымы , А.,1992

2.«Шәкәрім энцциклопедиясы » Семей, 2008

3.Досжанов Б. « Тілдің дыбыстық заңдарына сай антропонимдер тұлғасының қалыптасуы .- Тіл және қоғам .№ 1(33 2013-77-89б)

4.Шаһкәрім. Жол табалық ақылмен .Шығармаларының бір томдық жинағы. Халықаралық Абай клубы. Жидебай. 2006

5.  Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет.

6.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл.

7.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998.

8. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. 





















Қосымша 1:





Қосымша 2


















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Абай және Шәкәрім дүниетанымы: Антропонимдердің этимологиялық аспектілері

Автор: Сабыртаева Балжан Асхатқызы

Дата: 16.05.2022

Номер свидетельства: 607038


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства