Просмотр содержимого документа
«Абай ж?не Ахмет лирикалы? шы?армаларыны? к?ркемдік ерекшеліктері »
Ақмола облысы Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ
Нахимов негізгі мектебі
Абай және Ахмет лирикалық шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Бағыты:Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалық туристік сапар желілері
Секция: Қазақ әдебиеті
Дайындаған: Талапова Үміт Талапқызы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жарқайың,2015 жылы
Мазмұны:
Андатпа
Кіріспе
1.1 ХІХ ғасырдағы Абай шығармашылығының маңыздылығы мен көркемділік ереекшеліктері
1.2 ХХ ғасырда өмір сүрген ақын А.Байтұрсынов шығармашылығы мен лирикалық ерекшелігі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Ғылыми жұмыстың андатпасы
«Абай және Ахмет лирикалық шығармаларының көркемдік ерекшеліктері»
Нахимов негізгі мектебі
Жұмыстың аяқталу мерзімі – 2016жыл
Жұмыс көлемі: 27 бет
Әдебиеттердің саны: 30
Жұмыс сипаттамасы:
Қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениеті мен өнеріне, ұлттық ойлау мен парасат әлеміне Абай мен Ахметтің қосқан үлесі зор. Бірақ кеңестік дәуірде тарихи санадан аластатылды. Сондықтан халқымыздың қоғамдық өміріндегі Ахмет шығармаларының жеткен деңгейі мүлдем ғылыми айналыстан шығарылуы рухани вакумға айналып, табиғи дамудың сабақтастығына зор нұсқан келтірді. Еліміздің егемендікке жетіп, өз билігі өзіне тиюі рухани мұрасын түгендеп, ұлттық дүниетанымына қайта үңілуіне, осыған орай Ахмет шығармаларының ғылыми зерделеу .
Абай мен Ахметтің ұқсастығын, сонымен қатар, халықты оқу білімге шақыра отырып, рухани тазалық , отбасы , еңбек, адамгершілік, ақыл- ой, ұл- қыз тәрбиесіне жете мән берген . Абай мен Ахметтің ағартушылық, ұлттық мінез-құлықты зерттеудегі жастар тәрбиесін, ұлтжандылық, азаматтық ой- пікірлеріндегі үндестігін зерттеу.
1.Ғылыми жұмыстың мақсаты:
Ахмет пен Абайдың поэзияларының ерекшеліктерін, ой- өрнектерінің, идеяларының, тақырыптарының ұқсастығымен айырмашылығын қарастыра отырып зерттеу.
Халқына, ұлтына терең сүйіспеншілік сезімін оятқан Ахмет пен Абайдың поэзиялық шығармаларының тереңдігімен көркемдігін ашу.
Абаймен Ахмет шығармаларының қазақтың әдеби тілін, ақындық тілін, әдебиетпен өнерге қосқан үлесінің маңызын ашу.
2.ҒЖЗ зерттеу әдістері
Абай заманындағы қазақ қауымының әлеуметтік жағдайы, шығармаларындағы тарихи көріністерін жүйелеп қарау.
Ахмет шығармаларындағы негізгі ойын , түйінді мәселесін , еркіндігін , қазақ тұрмысына жақын идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойларын табу.
3.ҒЖЗ негізгі нәтижесі:
Абай мен Ахмет өлеңдеріндегі- қазақ поэзиясының дәстүрлерін, демократтық- ағартушылық әдебиет үлгілерін, лирикалық туындыларындағы тебіреністі ой- толғаулары, күрделі сезім иірімдері, ұлттық өлең өнеріндегі шынайы көркемдік үрдістерді, қазақ поэзиясына әкелген жаңалықтарын ашу.
Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы:Жұмыс кіріспе бөлімінен, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.
Кіріспе
Абай поэзиясы - өз заманындағы қоғамдық өмірдің ең көкейтесті, ең күрделі және маңызды мәселелерін қозғаған, толғаған. Оның өлеңдерінде, қара сөздерінде қазақ өмірінің көркемдеп бейнеленген телегей теңіз шындығы бар. Абай шығармаларының қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында өзінше бөлек, өрісі аса биік, мүлде жаңа ой пікір, көркем сезім әлемін ашқаны даусыз. Абай шығармашылығының ішкі рухы мен көрініс көркі, сипаты мен сыны бұрын әдебиетте дәл мұндай дәрежеде көрінбеген жарасымды жаңалық танытады. Ақын поэзиясына осындай қуат күш, көркемдік сәулет беріп тұрған оның шығармасында қазақ халқының бүкіл өмірінің, әсіресе сол дәуірдегі қоғамдық өмірінің шындығы терең бейнеленуі және оларда әдебиеттегі ұлттық көркемдік ойлау, өзгешелігінің, өмір құбылыстарын сөзбен мүсіндеу шеберлігі жарқырап көрінеді. Абай поэзиясының тілі, сөз кестесі мен өлең өрнегі кіршіктей қоспасы жоқ, таза халықтығымен, келісті қарапайымдылығымен, тартымды құнды. Абай творчествасы оның нақтылы мазмұн-мағынасы, құрылыс бітімі алуан түрлі шығармалардан тұратынын, олардың өзіндік сипат өзгешеліктері аз емес. Осы тұрғыдан қарағанда Абай шығармашылығына оның танымдық, көркемдік мәнін, негізгі тақырыптық арналарын, адамгершілік сарын әуендерін айқындауға, талдап айтуға тірек боларлық біртұтас концепциялық көзқарас қандай қажет болса, әр шығармаға тереңдеп үңіліп, өзіндік сипатын ұғып түсіне білу сондай қажет.
А.Байтұрсынов та ақын өлеңдерімен 1903 жылы Абай өлеңдері жазылған дәптер арқылы танысқанын айтады.
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтарға ілесе Абай шығармашылығы жайында үлкенді-кішілі мақала жазып, ақын шығармаларын жұртшылыққа танытуға Н.Рамазанов, Ғ.Сағди және Н.Н.Белослюдов т.б. да ат салысты. Бұлардың еңбектерінің Абай шығармашылығын сипаттап, бағалаудағы мәні әркелкі болса да, ақын шығармаларын насихаттауға қалайда үлес қосқан.
Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрдегі дұрыс көзқарастың қалыптаса бастағанын 1933 жылы М.Әуезов бастырған жинақтан және 1934 жылы жарық көрген І.Жансүгіров, Қ.Жұбанов секілді белгілі әдебиет, ғылым қайраткерлерінің мақалаларынан байқауға болады.
Абай шығармасын дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген Мұхтар Әуезов болды. Әуезов өзінің «Абай жолы» эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын дүниежүзі оқырмандарына толық танымаләдеби бейне қатарына жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек етті. М.Әуезовтың Абай жөніндегі зерттеулері осы ғылымның мызғымас негізі болып табылады.
40-50 жылдарда Абай өмірімен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық, философиялық көзқарасын, психологиялық және педагогиалық пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектері жарық көрді.
Қазіргі кезде, әдебиеттану және басқа қоғамдық ғылымдар идеолгиялық қатаң қағидалардың тар шеңберінен шығып, кең құлаш жаюға мүмкіндік алған жағдайда абайтану ғылымы белеске көтеріліп жалғаса, толыға береді. Абай творчествасының танымдық, көркемдік, тәрбиелік мәнін жаңа қырларынан қарап, терең ашып көрсететін еңбектер Абай ғылымын байыта түспек.
1.1 ХІХ ғасырдағы Абай шығармашылығының маңыздылығы мен көркемділік ереекшеліктері
Абай және Ахмет шығармаларының маңыздылығы мен көркемдік және лирикалық ерекшеліктері.
Ақын шығармашылығы жайлы түйінді пайымдаулар жасау, ой қорыту оңай емес. Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болғаннан соң, ұзамай-ақ қолға алынғаны жайлы дәлелдейтін нақтылы деректер бар. 1909 жылы Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңдері және «Ескендір» мен «Масғұт» поэмасы басылған, яғни осы күнгі белгілі шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылғаны айрықша атап айтарлық. Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын.
Абайтанудың бастамасы, алғашқы деректік арнасы ретінде осы 1909 жылы жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш жинағын, оған кірген Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев жазған ақынның тұңғыш өмірбаянын айтуымыз қажет. Абайдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары бірлі-екілі ғана екенін және ақын өзі қолмен жазған қолжазбалары сақталмай, шығармалары түгелдей дерлік Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбалары арқылы жеткенін ескерсек, бұл тұңғыш жинақтың мәні зор екені анық. Ал кейінгі жинақтарды айтсақ, бір топ, бұрын жарық көрмеген жаңа өлеңдер 1916 жылы Орынборда Самат Әбішұлы бастырған «Абай термесі» атты кітапта жарияланды.
Абай шығармаларына қатысты жеке деректер туралы айтсақ, ақынның көзі тірісінде 1903 жылы Санкт Петербургте Бөкейханов берген мағлұматтар бойынша басылған «Ресей Біздің Отанымыздың географиялық баяны» атты көптомдық жинақтың он сегізінші кітабында А.Сидельников жазған мақалада: Абай қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілі деген баға берілгенін көреміз. Абай шығармалары жеке кітап басылғанға дейін де қолжазба түрінде және ауызша тарап келген болатын.
Абай творчествасы төңірегінде жиырмасыншы жылдардағы, кейінгі кездердегі талас сын пікірлер тұрғысынан қарасақ, Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» атты 1913 жылы жарияланған мақаласындағы Абайға берген бағасы, ұлы ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орнын анықтауы, өнерпаздық өзгешелігін, асқан шеберлігің тануы шынайы ғұлама ғалымға тән айрықша көрегендіктің, білгірліктің, өлең сөздің қадірін терең бағалай алатын ақындық сезімталдықтың, талғампаздықтың үлгісі деуге лайық.
Заман өзгерген сайын, халықтың сана сезіміне еркіндік самалы естіп, ақыл есі желпінген сайын ұлы ақынның өлмес мұрасы да жаңа бір қырларынан ашылып, жарқырай түспек. Демек, өз жолында жаңа бір жол тауып, тың жемістер теруге ұмтылу Абайға қарай сапар шеккен әрбір зерттеушінің абыройлы борышы. Осы айтылғандарды ескере келіп, ақынның өлеңдерін қоғам мен табиғат құбылыстарын, адам жанының иірімдерін реалистік көзбен суреттеуі тұрғысынан тұтас алып қарастыру, сонымен бірге Абай шығармаларының көркемдік ерекшелігін атап өткім келеді.
Біріншіден, Абай өз халқының, өз қоғамының кәдімгі қарапайым тұрмысын, күнделікті тіршілігін суреттеген.
Екіншіден, ол өз замандастарының бойындағы жаман мінездерді батыл сынай отырып, оларды адамгершілікке шақырған. Өзінің ағартушылық борышына балап, халқын оқуға, мәдениетке, ғылым-білімге үндеген. Ел жұртына шынайы парасаттылықтың жолын нұсқаған.
Үшіншіден, Абай қазақ поэзиясына шын мәніндегі лириканың классикалық үлгілерін енгізген ақын. Ал лирика дегеніміз ең алдымен сезімге құрылатыны ежелден мәлім.
Бұл жерде екі түрлі сезімнің толқыны тоғысады. Бірі өлең процесі үстіндегі тебіренген ақын сезімі, екіншісі сол сезімнің күшімен, әсерінен туындайтын оқырман сезімі. Бұл екеуі шынайы болғанда, бір-бірімен табиғи үндестік табады.
Төртіншіден, ұлы Абай ұлттық поэзияда реформа жасаған жаңашыл ақын. Ол ақындықтың ауылы қай жақта екенін өз замандастарына да, келешек ұрпаққа да көрсетіп кеткен ақын. Сол шынайы көркемдікті, бір жағынан, өз шығармашлығы арқылы көрсетсе, екінші жағынан, өлең өнерінің шарттарын ақындық тілмен өрнектеп, ұстаздық жолмен насихаттап өткен, сөйтіп, артына тұтас бір эстетикалық мектеп, әсемдік мектебін қалдырған.
Бесіншіден, Абай - данышпан ақын Абай - жай ғана данышпан емес, түпсіз тереңнен толғайтын, талай замандардың ақыл ойын бір басына сыйғызған ғұлама ғалым, кемеңгер данышпан. Ол даналықты өзінің туған табиғатынан, туған халқының сөз қазынасынан, дүниежүзінің ғылым білімінен үйренеді. Соның барлығы өз санасында, өз жүрегінде қорытып әкеліп, туған халқына ұсынды.
1.2 ХХ ғасырда өмір сүрген ақын А.Байтұрсынов шығармашылығы мен лирикалық ерекшелігі
А.Байтұрсынов - қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар дарынды ақын. Өз бетін танытқан қаламгер. Ахмет шығармаларының ерекшелігі - нағыз халықтығында. Ол қараңғы халқы үшін қарапайым жазды, бірақ қара дүрсінділікке, жайдақылыққа ұрынған жоқ.
Ол Абай үлгісімен өлеңнің аясын, әлеуметтік тынысын кеңейтті. Ел қамын жеке басының қамынан жоғары қоятын лирикалық кейіпкерді оятты.
Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми-творчествалық мұрасын үш салаға бөліп қарауға болады. Олар: ағартушы, ғалым, тілтану, әдебиеттанушы, ақындық және аудармашылық творчествосы. Әдебиеттану ісіне Ахмет Байтұрсыновтың қосқан үлесі аса мол. Қазақ тілі мен көркем сөзі, сана салты, дүние танымы Ахмет Байтұрсыновты семинарияда оқып жүрген кезінен бастап қатты қызықтырғанға ұқсайды, өйткені ол Орынбордағы мұғалімдер дайындайтын семинарияны бітірген 1895 жылдың өзінде «Тургайская газетаның» 39-санында «Казахские приметы и пословицы» деген мақала жарияланған. Бұл оның баспа бетіндегі алғашқы еңбегі.
Бұл жерде саналы өмірін қоғамдық, ағартушылық қызметке іштей дайындалып бастаған Ахмет Байтұрсыновтың халықтық көркем мұраның мән маңызына, эстетикалық қадір қасиеттеріне бойлап, оны жинап бастыруға ұмтылысын байқауға болады. Оның «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы әдебиеттану саласындағы алғашқы зерттеуі еді. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының мазмұн тереңдігі мен ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының эстетикалық қадір қасиеттерін ашып көрсеткен.
Қазақ филологиясының әдебиеттану саласында А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты кітабының ерекше маңызы бар. «Әдебиет танытқыш» деген атының өзі әйгілеп тұрғандай, кітап әдебиет әлемін, көркем сөз табиғатын, сырын, мазмұнын, ерекшеліктерін, жанрларын, дүниетаным мен қоғамдағы ролін қыруар мысалдармен дәлелдеп, байсалды ғылыми түрде түсіндіруге арналған алғашқы тәжірибе, тұңғыш зерттеу болуымен құнды. Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы көп ғасырғы қазақ поэзиясының дәстүрлерін, демократилық-ағартушылық әдебиет үлгілерін жаңа тарихи жағдайда дамытып, жалғастырған идеялық көркемдік деңгейі жоғары туындылар.
Сонымен А.Байтұрсынов өлеңдеріндегі ерекше нышандар мыналар деп айтуға болады: бірінші, А.Байтұрсынов өлеңдерінде деректілік, өз заманының үні, өз заманының қоғамдық саяси көрінісі бар, екіншіден, өмірде болған өз замандастары тарихқа белгілі адамдар аты аталады, үшіншіден, А.Байтұрсынов өлеңдерінде публицистика элементтері, кейіпкер монологы ретінде де көрініс табады, төртіншіден, жер, су, қала аттары, атаулары аталады, бесіншіден, өлеңдерінде, мысалдарында үгіт-насихат, тәлім- тәрбиелік мәні бар.
Ескілікке, кертартпалыққа қарсы тұрған Абай халықты еңбекке, өнер білімге ұмтылуға шақырады. Оның өткір сынға құрылған шығармаларының өзінде халық өмірінің көкейтесті мәселелеріне жауап беруге тырысу айқын сезіледі, оның шығармаларындағы наразылық ағартушы ақын арман мұраттарымен ұштасып жатады. Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, көңілі ойлы» адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл творчествосының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес жемісінің біріне айналады. Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы айрықша зор сүйіспеншілікпен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік көрсететініне үлкен сенім артады.
Елге білім тарату, ғылымды меңгеру тақырыбы Абай творчествосында бұрын-соңды болмаған, шын мәнінде орасан зор әлеуметтік мазмұнға ие болды.
Халықты ағарту, білім тарату ісін ол адамдарды қандай да болсын әлеуметтік кеселден азат етудің қуатты құралы деп түсінді. Абай ескі ұғым нанымдарға сену әдетінен, топастықтан бойы жоғары тұрған білімді адамдарды аңсады. Ол надандыққа, қандай да болсын теріс, кертартпа ықпалға қарсы тұра алатын оқыған, біліммен қаруланған адамды құрметтеу керек деп атайды. Ең алдымен білімді ғалым адам мақтан тұтуға лайықты. Ол үшін адам еңбексүйгіштік, мақсатқа жету, кішіпейілділік, мейірімділік сынды өнегелі қасиеттерге ие болуға, өтірік айту, жалқаулық, мақтаншақтық сияқты деректерден аулақ болуға тиіс. Ақылды, парасатты адамның идеал бейнесін ұсына отырып, Абай оған жақсылықты жамандықтан ажырата білмейтін, ағыммен ілесіп жүре беруге бейімделген надан, қараңғы адамды қарсы қойды. Топас, кертартпа адамның осы жағымсыз типі ақынның творчествосына өте тән және ағарту ісін, өнер білімді жақтаушы Абайдың алдыңғы қатарлы көзқарасын білдіреді.
Абай поэзиясында жастарға білім беру, ғылым үйрету мәселесі, оқуға шақыру тұрғысында жасалған екі өлеңі бар. Олар «Интернатта оқып жүр» және «Ғылым таппай мақтанба».
Ал Ахмет Байтұрсынов болса, оқу ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған. Ол 1911 жылдың өзінде:
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары аяқтары ұзын маса.
Өзіне біткен түрі өзгерілмес,
Дегенмен қара, я қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса, -деп
Білім-ғылымнан кенже қалған, мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан маса болып ызыңдап оятып алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды. Сол сияқты «Оқуға шықыру» (орысшадан тәржіма) өлеңінде де
Балалар!Оқуға бар! Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңызда жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,
Оянып жан-мақлұқ түнде қонған,
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған,
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған
«Аллалап», ал кітапты қолдарыңа!
Құлдарын құдай сүймес жалқау болған.
Осы тұрғыдағы Абайдың «Интернатта оқып жүр» мен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері мысалы:
Интернатта оқып жүр,
Талай қазақ баласы
Жасөспірім, көк өрім,
Бейне қолдың саласы,
Немесе
Ғылым таппай мақтанба.,
Орын таппай мақтанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,
Осындағы Абай мен Ахметтің көксеген мақсаты, ой-арманы, өлеңдеріндегі мазмұн-мағынасы, ойдың түйдектеліп айтылуы, сөздерініңүйлесімі жағынан да жалғасын тауып жатқандай. Екі ақынның өздерін бастан-аяқ қарасақ, жоғарыда аталып кеткен екі тамырлас тақырып, яғни ғылым іздеу, оқу және сол ғылымды жұмсап қарекет қылу, еңбек ету, өмірлен тұрақты орынын табу туралы ой-пікірлерінің үзілмейтінжіптей, жалғасынтауып тұрғандай. Абай мен Ахметтің ұқсастығы сол, олар болашақ жастарды жаманнан жиренуге, жақсыдан үйренуге үндейді.Сонымен қатар , халықты оқу білімге шақыра отырып, руани тазалық, отбасы, еңбек, адамгершілік, ақыл-ой ,ұл-қыз тәрбиесіне жете мән берген. Абай мен Ахметтің ағартушылық ой-пікірлеріндегі үндестік деп, олардың ұлттық мінез-құлықты зерттеудегі жастар тәрбиесін жандандыруда ұлтжандылық, азаматтық сезімдерді жоғары бағалап, ұлтын тапқа, топқа бөлмей бірдей сүюін айтады.
Абай – өз заманының жыршысы. Оның шығармалары – сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс-тіршілігі барлық ерекшеліктерімен, өзіне ғана тән белгі-бедерімен, өзіндік бояу-өрнектерімен мейлінше айқын бейнеленген.
Абайдың заман бейнесін, елдің тіршілік болмысын, халықтың мінез-құлқын аз сөзбен бір жерге шоғырландырып, мейлінше ширыға жазған шымыр шығармасы – «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым». Бұл – өзге көп өлеңдеріндегі айтылған ойларының түп қазығындай бадарламалық мәнібар, іргелі туынды. Ақын бұл кезде өз сөзін осылай айтуға, өз пікірінің халық санасының ең биік мінбесіне шығып жариялауға әбден хақылы еді. Сондықтан ол ойын ауыл-аймаққа, ағайын-туысқа, аталас жұрағатқа арнамайды, қалың еліне арнап айтады. Сондағы елім деп отырғаны – өз қазағы. Оның бәрін бауыр тартып, ұлтым деп, елім деп еміренеді. Сол халқының қазіргі халін ойлап қамығып, қасірет шеккен шерлі күйін білдере үн қатады.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың.
Осыдан кейінгі тармаққа ой жүгіртсең, халқыңның өткен тарихы мен қиын тағдыры елестейді. Мұнда үлкен мағына бар, халқымыздың ғасырлар бойғы тіршілік болмысынан хабар беретін бейнелі астар жатыр.
Абайдың орсан зор ақындық қуат-күші өз шығармаларында қазақ өмірінің ең маңызды әлеуметтік мәселелерін көтере білуінен, қоғамның алдыңғы қатарлы өкілдерінің ой-арманын, түбегейлі мүддесін терең ұғып, сезіне білетіндігінен айқын көрінеді.
Ақынның «Қалың елім, қазағым,қайран жұртым», «Қартайдым, қайғы ойладым, ұйқы сергек», «Сегіз аяқ», «Ғылым таппай мақтанба», «Болыс болдым, мінеки» сияқты тадаулы көркемдік туындыларының қайсысын алсақ та, оларға идеялық арқау болатын келелі мәселелер- білімге, адал еңбекке, әділеттілікке шақыру, надандықты, артта қалу кесапатын айыптау, алауыздық пен керіс-тартысты, өкімет билігін теріс пайдалануды әшкерлеу екендігі байқалады және осы идеялар ақын шығармалары тақырыбының ең басты, күрделі мәселелеріне жалғасып, солармен тұтасып, халықтың тағдыры, бүгінгісі мен келешегі, поэзияның өмірдегі алатын орны туралы ойларымен сабақтасып келеді. Өйткені, Абай поэмасының басты тақырыптары , идеялық нысанасы ұлы ақынның әлеуметтік прогресс үшін, халықты өнер білімге жеткізу үшін күресу мақсатынан туады. Халықтың ауыр тағдырын, өмір-тұрмысын ерекше шеберлікпен, нанымды көрсете отырып, Абай халықты қоғамдық асыл мұраттарға жетуге ынталандырады.Абайдың адам мен қоғам халқындағы концепциясы – қазақ топырағындағы жаңа концепциясы.Абай адамды белгілі қоғамдық өмірдің жемісі, нәтижесі ретінде қарады, оның қимыл-әрекетін, психологиясын, моральдық келбетін өмірге, әлеуметтік тұрмысқа байланысты көріп бағалайды.
Мысалы, Абай өлеңдеріндегі неше түрлі болыс-байлардың әлеуметтік тұлға дәрежесіне көтерілген, жинақталған бейнесін көруге болады. Солардың бірі- «өз малын өзнікі дей алмай,күндіз күлкі, түнде ұйқысы бай». Бұл – кәдімгі бір жағынан билеуші чиновниктер, екінші жағынан, ел ішіндегі әкім,төрелер тарапынан екі жақты қыспаққа ұшырап, есі шығып өз малын өзі билей алмай, әлекке қалып, жапа шегіп жүрген бай.
Абай халық туралы сөйлегенде, ел жайын қозғағанда «қазақ», «халық», көбінесе «ел», «жұрт» деген сөздерді қолданады. Бірақ есте тұратын нәрсе – осы сөздердің нақтылы мағынасы ылғи бірдей болмай, айтылатын ойдың орайына қарай әр түрлі келеді. Елдің елдігін танытатын үлкен ұғым ретінде «халық», «қазақ» дегендерді көбірек айтса, «ел», «жұрт» деген сөзді телісі бар, тентегі аласы бар, құласы бар дегендей көпшілік деген мағынада да жиі қолданады. Сөйтіп «ел», «жұрт» деген ұғымдар арқылы сыншы ақын қоғам өміріндегі әр түрлі қарым-қатынастарды қайшылықтарды ашып көрсетуге ұмтылады.
Айналадағы ел-жұртты, өзі өскен, өмір кешкен ортаны мінездеу мен заман, дәуір бейнесін көрсету Абай өлеңдерінде ұштасып, жалғасып жатады:
Туыстың, достарың-бәрі екіұшты,
Сол себепті досыңнан дұшпан күшті.
Сүйсе –жалған, сүймесе аянбаған
Бұл не деген заманға ісім түсті?!
Осы орайда «Сүйсе- жалған, сүймесе аянбаған» деп өз замандастарын сипаттау арқылы дәуір келбетін елестетсе, басқа өлеңдерінде дәуір, заман бейнесі әртүрлі топты, мінез-тұлғасы да ашу- ызасы да, халықтың тағдырын ойлаудан туады. Абай ел жайын толғайды, елдің мінез- құлқын сынға алады.
Ақын өлеңдерінен оның сол кездегі қазақ қоғамындағы терең әлеуметтік қайшылық тудырған кесапатын көре білгендегі аңғарылады. Қазақ қоғамын жегідей жеген әкімшілік, әртүрлі топтар тартысы мен алауыздық ақынды ашындырып, ызасын келтіреді. Осы бір қоғамдық өмір кеселін Абай өз шығармаларында айрықша қатты сынап отырған. Билікқұмар, мансапқор билеушілердің керіс-таласы талай адамды әуре- сарсаңға түсіріп, және алуан түрлі жіктердің алауыздығын қоздырып, халықтың қайғы-қасіретін күшейтті. Халық үшін ауыр қасірет болып табылатын ел билеушілер мен әр түрлі топтардың арасындағы тартыс- керістің күшеюін ақын қазақ қоғамындағы әлеуметтік-саяси дағдарыс көріністерінің бірі деп білген.
Елді бірлікке, татулыққа шақыру- «Сегізаяқ» өлеңінің ең бір күшті сарыны.
Біріңді, қазақ, біріңді дос
Көрмесең істің бәрі бос -деп үлкен қоғамдық мәні бар терең мағыналы түйінді ойын ерекше тебіреніспен айтады. Елдің берекесін кетіріп, көзін аштырмай отырған, бір-бірімен дауласу, қастасу, өтірік арыз беру секілді жаман әдеттер екенін нақтылап көрсеткен ақын;
Таласып босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып құрып барасың – деп өкініш білдіреді. «Сегізаяқ» өлеңінде Абайдың көптеген шығармаларына тән аса маңызды ерекшеліктері –өмірді көрегендікпен тани білуі, шындық пен әділеттілікті сарыла іздеуі, халықты «түзу жолға» - мәдени, прогрестік даму жолына шығуға бағыттау сияқты аса маңызды идеялар айқын танылады.
Ахмет те Абай сияқты халықты оқу-білімге ғана шақырып қойған жоқ, «бұратана» халықты надандыққа ұстап, айтқанына көндіріп, айдауына жүргізгісі келген патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы тұрып, саяси күреске бастап, бостандық жолында нұсқады.
Мен жазған кеңес,
Мақтаныш емес,
Ат шығармақ ақындық, – деп өзі айтқандай, А. Байтұрсынов ақын болып, атын шығаруды ойлаған адам емес, ол халқын қараңғылық құшағынан алып шығуды көздеді, сол идеясын жүзеге асыру жолында өлең жазды, «поэзияны саяси күрестің өткір құралына айналдырылды».
Оның өлеңдері бодандықтағы езілген елдің жанайқайы.
Мұны да Ахметтің өзі
«Ер батқанда - жорғалық,
Молда жоқта-молдалық », деп – жасырмай, жеріне жеткізе айтып кеткен. Үндемей қалуға болмайтын сәт туғанда қолына қалам алған ақынның әр өлеңінде болашаққа ұмтылу, бостандыққа қол созу бар.
Байқасақ, жезде,
Бауыздар кезде,-
Үн шығару бар емес пе,?!
Лақ құрлы бақырмай,
Өлген екен, апырым- ай!
Милләтке қызмет,
Бәріне міндет,
Деп айтасыз өзіңіз,
Милләттен безу,
Әйтпесе төзу,
Шын болса, сол сөзіңіз,
Кей іс шарты құрбанмен,
Болмас қарап туғанмен, -деп еркіндік үшін құрбан болу қорқынышты емес екенін айтады. Күрес жолында бұғып қалмай, ауызбен айтқанымызды іс жүзінде де көрсете білуіміз керек дейді.
Ахмет Байтұрсынов өмір сүрген 20-ы ғасырдың басы-қазақ халқының тарихында ерекше бір кезең болғаны белгілі. Қоғамдық ой- пікірдің өрлеп, ұлттық сананың енді-енді оянып, жетіле бастаған шағы еді. Бірақ оқыған азаматтар санаулы болатын. Сондықтан да көзі ашық, көкірегі ояу, елдің оқыған азаматтары халықты қалың ұйқысынан оятуды ойлады. Ағартушылық әдебиеттің тууына себепкер болған да осы жай еді.
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары аяқтар ұзын маса.
Өзіне біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша,
Ұйқысынан аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?-деп
Ахмет те ұйқыдағы елін маса болып ызыңдап, аз да болса ұйқысын бөліп, оятуды көздеді. Қағажу көріп, қанаты қайырылса да сол жолдан таймады.
«Маса» автордың 1911 жылы Орынборда жарық көрген өлеңдер жинағының аты. Өлеңде шынайы шындық, елім-жұртым деген азаматтың арман мақсаты бар. Ол шындық қазақ халқының қалың ұйқыда жатқандығы, автордың сол ұйқыдағы халқын ең болмаса маса болып ызыңдап ұйқысынан оятқысы келеді.
Ахмет-өзі өмір сүрген заманның тыныс-тіршілігіне үн қосып, күйініш-сүйінішін қағаз бетіне түсірген. Өйткені, оның өмірі-ел өмірімен, өзі өмір сүрген заманның болмыс-бітімімен тығыз байланысты. Жазушы шығармасы-өз өмірбаяны, заман тынысы, заман келбеті десек, мына өлең Ахметтің ғұмыр кешкен кезеңінің көшірмесіндей емес пе?
Баяғы қалпы,
Баяғы салты,
Бұл неткен жұрт ұйқышыл?!
Болсын кедей. Болсын бай.
Жатыр бейқам, жым-жырт, жай.
Шалап ішкен кедей мас,
Мына жұрттың түрі оңбас!
Ұйқышыл жұртты
Түксиган мұртты
Обыр обып, сорып тұр.
Қазағым- елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып...
Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысалы» тұңғыш рет 1909 жылы Петербурда жарық көрсе, 1913 жылы Орынборда, 1922 жылы Қазанда қайта басылып шықты. Өйткені, сол тұстағы қоғамдағы келеңсіз көріністер мен жағымсыз мінездерді сынға алатын Ахмет мысалдарының әлеуметтік-психологиялық мазмұны терең, көркемдік шоқтығы биік болатын. Әрі бұл уақыт қазақ халқының ұйқысынан ояна бастаған, рухани өсіп-жетіліп келе жатқан шағы еді. «Мені тудырған-заман патша заманынының зұлым саясаты, зорлығы, зомбылығы, қорлығы»,-деп өзі айтқандай, отаршыл саясат, ел ішіндегі алауыздық,талас-тартыс Ахметті мысал жазуға итермелейді. Сонымен бірге ұлттық мүддені қоғауды мұрат тұтқан сол жолда қуғын-сүргінге ұшыраған Ахмет үшін ойын астарлап жеткізудің жаңа бір тәсілі еді. Ол тәсіл-арқылы іштегі шерін тарқатып, айтайын дегенін айтып, ел рухын көтеріп, ақыл-кеңес, халқына ғибратты сөз арнады.
Ақын өз өлеңдерінде көбіне Абай қалыптастырып дамытқан өрісті ойды,
жағдайда өзінше жалғастыушы ретінде көрінеді. Оның өлеңдерінің тақырып қойылысынан, өрнектелуінен, ой жүйелеу мәселелерінен Абай үлгілеріне жақындық, үйлесімділік, үндестік байқалады.
«Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» сияқты өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Ахмет қоғамның сол бір келеңсіз көріністеріне салқын қарай алмайды.
«Қазақ қалпы», «Досыма хат» өлеңдерінде қазақ елінің қалпы
«Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып көшпесі жоқ,
Шығармай бір жеңнен қол, бір жеңнен сөз
Алалық алты бақан дертпен кірдік».
(Ақшаға абыройын,арын сатып,азған жұрт, адамшылық қалмай сыны,жаны мал, жақыны мал, малдың құлы»-деген сипаттармен нақтылай түседі.
Ахметтің «Жиған-терген» өлеңі Абайдың «Сегіз аяқ» үлгісімен, әсерімен жазылтған шығарма. Осы өлеңде қазақ қоғамының бірсыпыра көкейтесті мәселелері көтерілген. Елдің ел намысын ойлайтындар аздығы, бірліктің жоқтығы, ел басшыларының зорлықшылығы, т.б жайлары туралы, Ахмет пен Абайдың қоғам қалпы туралы ой тұжырымдарының ұқсастығын көруге болады.
Мысалы: Ахметтің «Жиған-терген» өлеңі:
Әр жолды ойлап,
Ойыма бойлап,
Ұқтым тайыз, тереңді.
Сайраған тілмен,
Зорлаған үнмен,
Құлағы жоқ кереңді-
Ұқтыра алмай сөз әуре.
Салынып жауға,
Сатылып малға,
Болыстықты алысты.
Қызық боп жұртқа,
Қорған боп сыртқа,
Кім ойлады намысты?! десе,
Абай «Сегіз аяқ» өлеңінде былай дейді:
Қайнайды қаның,
Ашиды жаның,
Мінездерін көргенде
Жігерлен,сілкін,
Қ айраттан,беркін
Деп насихат бергенде
Ұятсыз,арсыз салтынан
Қалғып кетер артынан,
Аулаққа шықпай,
Сыбырлап бұқпай
Мейірленбес еш сөзге.
Пайдасыз ақыл,
Байлаусыз тақыл,
Атадан бала ойы өзге.
Санасыз, ойсыз жарым ес,
Өз ойында ар емес,-
Осы екі өлеңдерінде Абай да, Ахмет те сөз ұғар, көңіл көзі сергек қауым алдына нелер келеңсіз көріністер сырын ашады. Ұлы ұстазы Абайша Ахмет «Салынып дауға, сатылып жауға» аянған болыстықты, аңқау адамдарды алдап, мал жинап, кәсіп етіп жүрген арамза моллаларды, халық бойындағы енжарлық, бейқамдық мінезі сынға алады.
Абай мен Ахмет өз замандарындағы қазақ ауылдарындағы әлеуметтік теңсіздіктің, таптық шиеленіс-қақтығыстардың себеп-салдарына терең бойлай алмаса да, еңбекші халыққа, олардың ауып халге төзіп, көніп, үндемей жүре бермей, адамдық қасиетті қорғауды қалайды. Ахмет «Адамдық диханшысы» деген өлеңінде ол өмір бойы бейнетке, қорлыққа үндемей шыдап, жасып, жаншылып кеткен адамдарды көріп, жаны ашиды, олар сергектеу болса, адамдыққа ұмтылса, үндемей жүре бермесе. Алдағандарға арланбаса, таяққа еті үйреніп жүнжіп кетпес еді деп ойлайды, олардың намысына ащы сөздер айтады. Ахмет өлеңдерінде жеке бастың мұң-шері, тұрмыс-салт суреті емес, негізінен, әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар айтылады. «Туысыма», «Досыма хат», «|Қазақ қалпы», «Жұртыма» өлеңдерінде ұлы Абай сатирасын еске түсіретін сарындар, ойлар, образдар, ұқсастық пен үндестік жатыр.
А. Байтұрсынов-ақын. 1927 жылы Смағұл Садуақасов Ахмет Байтұрсыновты професионал деп деуден көрі, ірі қоғам қайраткері және ғалым деп тану дұрысырақ деп жазған болатын. Бұл, тегі соңғы 10-15 жыл бойы Байтұрсыновтың өлең жазып, не баспасөз беттерінде, не жеке кітап түрінде көрінбегендігінен, Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтқанда, «бұрынғы уақыттағы жас буынның әлсіз ойын тербеткен жүрекке жылы, тәтті өлеңдерін ести алмай кеткендіктен» айтылған болу керек. Әйтпесе А.Байтұсыновтың ақындық таланты да, беріп кеткен поэтикалық мұрасы да оның өте күшті, дарынды, ойлы ақын екендігін танытады. Оның «Маса», «Қырық мысал» деген аттармен Санкт-Петербург, Қазан, Орынбор қалаларында 1912 жылдан 1922 жылдарға дейін бірнеше рет жариялаған. «Қырық мысал» орыстың атақты мысалшысы И.Крыловтан аударылған және соның ізімен жазылған өлеңдер. Ақынның әдеби шығармаларының дәл осы жанрын таңдауында үлкен мән бар. Мысал жанры- қазақ халқына да жақын,таныс дүние, ғибрат айтып, жақсылыққа шақырудың ең бір ұтымды амалы.
«Маса» жинағындағы өлеңдер- ақынның төл туындылары. Кезінде Мұхтар Әуезов «Қырық мысалды» «қазақ жұртының алғашқы естіген төңкеріс рухындағы сөзі» деп бағаласа, «Маса»- « қазақ оқушысына естілген екінші елшілдік ұран» деп сипаттаған болатын. Мұндағы сол кездің терминімен «елшілдік ұран дегені- демократтық, бұқарашылдық ұран». Бұл жинақтағы өлеңдер-ақын Байтұрсыновтың азаматтық борышының,арман-мақсатының толғауы. «Маса» деген жинақ атының өзі символ: надандық, өнер-білімнен кенже қалушылық, шаруаға енжарлық-осылар автордың бейнеленуінде, қазақты шағуға дайын тұрған жылан, ал өлең иесі «аяқтары ұзын, сары «маса» болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятып, жыланнан сақтандырмақшы.
Мысалы, қазақ малшы ұйықтап жатқан,
Жыланды бәле делік аңдып баққан.
Бәленің түрін көрген сары маса,
Қазақты оянсын деп сөзбен шаққан.
Елдік, ұлттық бостандығы жоқ, отаршылдықта күй кешіп отырған, өзгелермен білім-ғылым жөнінен де теңдесе алмайтын көшпелі жұртына ақын:
Қазағым елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның
Аш көзіңді, оянып.
Қанған жоқ па, әлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар, не сыйқың?-дейді.
Өзі үшін емес, халқы үшін қызмет ету «Масадағы өлеңдердің лейт-мотиві. Ол «адамдық диқаншысы» болып, оның тұқымын шашуды мақсат еткенін білдіреді:
Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көгі жоқ, көгалы жоқ қырға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көтеруге құл халықтың.
Ахмет Байтұрсыновтың «адамдық» деген ұғымға адалдықты, адамгершілікті, қалтқысыз еңбекті сыйғызатын тәрізді. Сондықтан ол қай заманда да, қай ортада да бар арам ниеттілерді, қарақан басының қамын ойлаушыларды, күпшілдерді кешірмейді. Оның әйгілі мына тармақтары әр кезде басынан осындай хал кешкен әр адамның көңіліне ұялар еді.
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес, дарға асқаны, атқаны
Маған ауыр, осылардың бәрінен,
Өз ауылымнынң иттері үріп қапқаны.
Мұны ақын 1909 жылы өз пайдасын көздеп, патша әкімшілігіне жағынып, Ахметтерге жала жауып, түрмеге отырғызғандарға айтқан. Сонымен қатар:
Асықпаңдар! Артымызда қазы бар,
Тергеп талай сүйектерің қазылар- деп түбінде әділеттің, шындықтың жеңетініне, болашаққа сенімін қос білдіреді. Бұл - әр құбылысты таразыға салып өлшей білетін көреген жанның сөзі.
Сан жағынан аса көп болмаса да «Маса кітабына енген өлеңдерінің әрқайсысы-ақын жанының айғағы. Ахмет Байтұрсынов поэзиясына Абай үлгісі қатты әсер еткені сезіледі. Ол әсер, ең алдымен, поэзияда әлеуметтік тақырыпты көтеруде көзге түседі. Ақындық «мен» атынан туған өлеңдерінің өзінде сол «мен»- нің өз басындағы қайғы-қуанышын, арман-тілегін, өкініш-күйінішін жырлау арқылы әлеуметтік мүдде- мұқтаждар айтылады. Қазақ халқының тағдыры, бүгіні мен ертеңгісі-Ахмет поэзиясының өзегі. Міне, Ахмет Байтұрсыновтың ақындық поэзиясы осындай үні әлеуметтік, идеясы-гуманистік-демократтық. «Ақын ініме» деген өлеңінде осы ойларды көруге болады:
Азырақ құлағың сал, ақын інім,
Ойымыз, рухымыз жақын інім.,
«Ағалық правосын қолыма алып,
Келемін айтайын»,- деп ақыл інім!
«Өзімді ағаңмын»-деп үлкейтемін,
Онымды көремісің мақұл, інім.
Адасқан ағаңыздың жері болса,
Тілеймін ете гөр деп, ғапыл інім.
Ат қойған аз-көбіне қарамастан,
Ақылға біздер жарлы пақыр інім.
Ахмет Байтұрсыновтың ақындығы туралы өте көп тұжырымды айтқан М.Дулатов екені де кездейсоқ нәрсе емес. Олар бірін-бірі тани да, бағалай да білген ғой.
«Ахмет Байтұрсынұлы өз өлеңдеріне сүйіспеншілікті, әйел сұлулығын, табиғат әсемдігін жырламайды, онда сыршыл өлеңдер мен айшықты тіркестер жоқ. Ол қарапайым да ұғынықты тілмен еркіндікті, езілген қазақ халқын жырға қосады, олардың еңбек сүйгіштікке, білімге, ғасырлар бойы ұйқыдан оянуға шақырып, әрбір қазақтың жүрегіне азаматтық рух сіңірді». Осы сипаттама Ахмет Байтұрсыновтың бойына, ақындық бітім-тұлғасына өлшеп айтылған дей отырып, бұл сөздер Ахметтің ақындық өнерінің басты сыр-сипатын да айқындап тануға болады.
Абай қазақ жұртшылығы алдында ақындық өнердің мүлде жаңа, сол жолын ашу мәселесін өзінің міндеті деп санады. Сөз өнері, өлең, ән-күй туралы пікір толғайтын өлеңдерінде Абай бұрынғы жыршылар мен ақындардың салып кеткен дайын, сүрлеу жолымен жүруге құмар емес екендігін ашық айтты. Сөз өнерінің ұлы суреткері ретінде Абайдың орасан зор тарихи еңбегі мынада: ол жаңа заман қазақ әдебиетінің алдына жаңа міндеттер қоятынын жақсы түсінді, ұлттық әдебиетті жаңа дәуірдің тілек-талаптарына сәйкес жаңғырту қажеттігін ерекше көрегендікпен сезе білді, бұл іске өз таантының бар күшімен қызмет еттті. Ол заманның озат идеялармен сусындаған жаңа ақындық өнердің өмір шындығын жаңа көзқараспен реалистік әдіспен терең бейнелеу керектігін паш етті.
«Өлең- сөздің патшасы» өлеңінде Абай: «сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел»-деп, жұртшылықтан ақындық сөзге зор маңыз беріп, қарауын поэзияның жоғары қоғамдық міндетін түсіне білуін талап етеді. Әлбетте, жаңа идеялардың баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның оп-оңай және толық сенім арту қиын еді. Абай оны жақсы түсінді, мұны оның «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген өлеңіндегі мынадай шумақтар арқылы толық дәлелдейді.
«Шу дегенді құлағың тосаңсиды,
Өскен соң, мұндай сөзді бұрын көрмей».
Сондықтан да ақын өзінің сөздеріне құлақ асатын адамдарды көруді ең зор тілегі деп саналады.. Ақын халықтың тағдыры мен қасыретін терең түсініп, оның халдарына қоғам өмірінің күрделі проблемеаларын көтермейтін жыршылар мен ақындарды қатты сынға алады.
Абай теңдесі жоқ ақын болу мен бірге аса дарынды композиотор болғаны, халық арасында кең тараған көптеген әдемі, әсерлі әндер шығарғаны мәлім.
Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Ол- керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кздесетін шебері. Сонымен бірге біз Абайды ойшыл ақын дейміз. Мұны алдымен ақынның өмір құбылыстарын терең толғап айту ағы басым келетін өлеңдеріне қатысты айтсақ, сонымен қатар өмір, адам тағдыры, дүние, заман ағымы айлы пікірлері, дүниетанымы көбірек көрінетін өлеңдеріне қатысты, яғни ойшыл- философ ақын.
Абай шығармаларында алдымен мейілінше мол әр қырынан көрінетін, әрине ақынның өз бейнесі, өз тұлғасы. Лирик-ақын қоғам өмірінің шындығын өз көңіл-күйін білдіру арқылы, өз сезім тоқыныстары, ой толғамдары арқылы танытады. Ақынның өз тұлға-бейнесі оны тебіренткен ой- сезімдерден, айтылып, баяндалып отырған өмірдегі алуан түрлі жағдайларға, қоғамдық мәселелерге, әр түрлі адамдардың әс-әрекеттеріне оның қатысын, берген бағасынан айқындала түсіп, жан-жақты толық көрініс табады.
Ақын бейнесі дегеніміздің өзі де ылғи бір қалыпта, біркелкі сипатта көрінбейді, әр қырынан, әр жағынан ашылып отырады. Өлеңдері кейде сұхбат,сырласу, кейде насихат, кейде ойға шому, ой толғау түрінде әр алуан болып келсе, ал кейде ақын өлеңін өз атынан, бірінші жақтан айтқанымен өмірге жинақтап жасалған лирикалық тұлғаның көзімен қарайтыны байқалады. Поэзияда ақын өмірде болғанда ғана емес, болатын, болуы мүмкін жайларды жинақтап, шындыққа сәйкестендіріп айтатын болғандықтан өлеңдегі ақынның бейнесі кейде осындай лирикалық тұлға қалпында көрінеді. Әрине, лирикалық тұлғаны ақынның өз бейнесінен мүлде бөлектеп, ажыратып алу қиын, бірақ одан өзіндік айырмасы барлығын көрмеуге болмайды. Сол айырманы ескеріп, ақын өмірде болмаған, бірақ болатын, болуы мүмкін шындық жағдайды өз атынан айтса, мұнда өзіндік көркемдік заңдылық бар. Мысалы, «Сен мені не етесің?» деген өлеңнен осындай лирикалық тұлға айқын бой көрсетеді.
«Ажал уақыты жетті, мен өлейін, сен-ақ сау бол!»- дегенді біреуге ақын өзі айтып отыр екен деп түсінуден гөрі, бұл жинақталған лирикалық тұлғаның атынан айтылған сөз деп түсінген жөн.
Әрине, ақынның поэзиядағы тұлға бейнесі мен халық бейнесі деген ұғымдардың арасында да жалғастық сабақтастық жоқ емес. Ақын бейнесінің өзгешелігі алдымен оның халықтың өмірін, тағдырын қалай түсіне білетініне байланысты.
Ақынның шығармаларындағы өз тұлға бейнесі арқылы біз оның өзі өмір сүрген заманды қалай танитынын, халықтың мүддесін, арман-тілегін қалай түсінетінін көреміз. Халық өмірінің, заман келбетінің поэзиядағы көрінісі арқылы ақын бейнесін айқынырақ сезіне түсеміз. Жинақтап айтқанда, осының бәрінен сол дәуірдегі қазақ өмірінің мол шындығын табамыз.
Ахмет Абайдың ақындық дәстүрін ілгері жалғастырып, заман талабына сай жігерлі поэзия туғызды, жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектермен байытты. Абай мен Ахмет поэзиясының ерекшелігі – нағыз халықтығында. Екеуі де қараңғы халқы үшін қарапайым жазды, бірақ қара дүрсінділікке, жайдақылыққа ұрынған жоқ.
Ахмет Абай үлгісімен өлеңнің аясын, әлеуметтік тынысын кеңейтті. Ел қамын жеке басының қамынан жоғары қоятын лирикалық кейіпкерді оятты.
Ахмет Абайдан кейінгі жаңа толқынның басы. Абайдың рухани мол қазынасы, азаматтық парасаттылығын молынан игерген Ахмет, Абай көрінген биіктен көріне білді. Абайдың кемеңгер ой тұңғиығына бойлай білді.
Ақын М.Дулатов айтқандай:
Қазақта бұлар тектес бар ғой шешен,
Халықтан мойны озып болған көсем.
Семейден шықты Ыбырай, Құнанбаев,
Сөзінде қате бар ма сынап көрсең?
Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей,
Сөзі алтын, мағынасы меруерттей.
Оқыған ғибрат алар, жас жігіттер
Һәммәсі өз халқына қызмет еткей, - деген жыр жолдарынан Абайдың рухани ізбасары ақын Ахметтің ақындық болмысынкөреміз.
Данышпан Абай сияқты, Ахмет те, «Сасық ми, салқын жүрек санасыздарға» көңілі толмай, қарны ашып, ашына жыр нөсерін былай төпелеген екен:
Құлағы жоқ кереңді –
Ұқтыра алмай сөз әуре,
Тек тұра алмай біз әуре
Бірақ халқына, ұлтына терең сүйіспеншілік сезім оны тоқырауға жібермеді, халық болашағына кәміл сендірді. Көреген ақын сөзі мәңгі өлместігін «Н.К. ханымға» деген арнау өлеңінде паш етеді.
Ахмет бұл өлеңін тек Нәзипаға ғана емес, өзі үміт күтіп отырған жаңа буын, жас толқынға, ойы өзектес, ізбасарларына арнап отыр. Өзінің ақ жолын мақсұт етіп, халық үшін туған ұлдарының өмірін үлгі етеді.
Тән көмілер, көмілер, еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын – жабықпаймын,
Ел бүгіншіл менікі ертеңгі үшін – деп кәміл сенеді. Расында да Алаштың ғұламасы – Ахмет, барады ғасырлармен иықтасып.
Абай мен Ахметтің рухани туыстығының тағы бір таңғажайып қыры олардың ұлылығында болса керек. Екеуі де барша өмірін халқына арнаған, ел мүддесін қара басының қамынан жоғары қойған ұлтжанды жандар. Олардың бойында ерекше бір сүю сезімі бар. Әуезов тілімен айтқанда, ол жай сүю емес, жар сүю емес, жанынан артық көріп жұртын сүю сезімі. Бұл суюден қасиетті сезім жоқ.
«Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын», - деп ұлы Абай ел алдындағы парызын өтеуде «ата баласы емес, адам баласы» екенін дәлелдесе, Ахметте
«Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай не бетіммен көрге барам», - деп ел алдындағы естен шықпас парызын өтеріне сендіреді. Ұлы жандардың ұлылығы осы болса керек.
Сонымен, «Абай үлгісінің жалғасы, Ахмет дерсің» деген түйінді сөздің тобықтай түйіні: екі ақынның ұқсастығы, ұлттық сананың оянуына ықпал етіп, халықтың арын жырлап, зарын зарлап, жоғын жоқтап, пайдасын қорғаушылары. Шынайы өркениетке, әлемдік даму даңғылығына апарар жол – өнер мен білім деп түсініп, өнер білімге үндеулері.
Қазақ сахарасында етектен тартқан қылықтарды түзеу мақсатында Крыловқа жүгініп, аудармамен шұғылданулары. Осы жұмысты жаза отырып, мынадай қорытындыға келуге болады.
Абай мен Ахмет өз замамнының жыршылары. Олардың шығармаларындағы – сол заманның шежіресі. Ақындық өнердің реалистік бағытын берік ұстанған олар, өз шығармаларындағы туған халқының, өз ортасының сол кездегі тұрмысын, кәдімгі қазақ аулының тірлігін, оның тек өзіне ғана тән белгі – белдерімен, өзіндік ерекшеліктерімен айқын бейнелеп кетті. Ел басындағы саяси әлеуметтік мәселелерді өзек еткен, шығармаларында Абай да, Ахмет те қазақ қауымының басындағы мүшкіл халді әр қырынан көрсете білді. Бұл – олардың бірінші ұлылығы, ащы әжуаны қару еткен сыншыл да шыншыл суреткерлер.
Екіншіден, Абай, Ахмет өз халқының өміріндегі келеңсіз көріністерді әйгілеп әшкерелеуші ғана емес, сонымен бірге оның тарихи тығырықтан шығар жолын мезгеуші рухани көсемі болды. Екі ақынның бұл бағыттағы шығармаларының басты өзегі – ел – жұртын жаман әдеттерден арылтып, жақсы адамгершілікке, парасатты мінез – құлыққа шақыру.
Ақындардың ұғымында халықтың адамгершілік тұрғысын өзін – өзі жетілдірудің ең жемісті жолы – қоғамдық пайдалы еңбекке жұмылу, жаппай оқуға, ғылым – білімге, өрісті өнерге ұмтылу, елдің өз тілін білу. Бұл мақсатқа өздерінің ақындықөнерін де, ағартушылық қызметін де сарқа пайдаланды.
Үшіншіден, Абай мен Ахмет – ұлттық әдебиетті жаңа арнаға түсіріп, оның идеялық – көркемдік дамуына ашқан реформаторлар. Олар қазақ поэзиясына шын мәніндегі лирика жанрын енгізіп, адамның сезім дүниесінің тереңде жатқан не бірнәзік пернелерін өлең тілінде сөйлетті.
Төртіншіден, олар – қазақ өлеңіне реформа жүргізіп, оны мазмұн мен түр жағынан мүлде жаңа арнада дамытты, жай ғана дамытып қойған жоқ, сол жаңалықты жүйелі заңдылыққа айналдырды; өлең өнерінің әсемдік табиғатын ашып берді.
Сөйтіп, олар қазақ топырағында әдебиеттің, оның ішінде ақындық шығармашылықтың көркемдік принциптерін белгілеп,тұтас бір эстетикалық мектептің негізін қалады.
Ақырында, Абай мен Ахмет – дарынды суреткерлікті терең ойшылдықпен ұштастырған кемелді кемеңгерлер, ғұлама даналар. Олар туған табиғаттың тылсым сырларына үңілсе де, адам жанының не бір қалың қатпарларын қопарып ақтарса да, немесе өзі өмір сүрген ортаның, туған халқының, әріден айтқанда, бүкіл адамзаттың өткені мен болашағына көз жіберіп, адам мен қоғам арасындағы қарым – қатынастың тереңіне бойласа да, олардың әрдайым ой тереңдігімен кемеңгерлік кемелдігін танып отырамыз.
Имандылықты адам өмірінің түркі мұраты деп, шынайы өнерді мәңгі өлместіктің кепілі деп ұққан екі ақын өздерінің бүкіл тіршілік тәжірибиесі арқылы туған халқын заманында ізгілікке тәрбиелейді, болашаққа даналықты өсиет етіп қалдырды.
Ақындардың мұрасы – халқымыздың сарқылмас асыл қазынасы. Олар адам тіршілігінің сан саласын қамтып, бүгінгі мен болашақты ұштастырған өміршеңдігімен, әмбебап әрқилылығымен қымбат. Халық тарихи дамудың қаншама асуларынан асып, қандайлық биігіне көтерілсе де, Абай мен Ахмет аты, олардың сөзіәрдайым оның аузындағы жыры, көкірегіндегі иманы санасындағы ұжданы болып қала береді.
Қорытынды
Ахмет Абайдың ақындық дәстүрін ілгері жалғастырып, заман талабына сай жігерлі поэзия туғызды, жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектермен байытты. Абай мен Ахмет поэзиясының ерекшелігі – нағыз халықтығында. Екеуі де қараңғы халқы үшін қарапайым жазды, бірақ қара дүрсінділікке, жайдақылыққа ұрынған жоқ.
Ахмет Абай үлгісімен өлеңнің аясын, әлеуметтік тынысын кеңейтті. Ел қамын жеке басының қамынан жоғары қоятын лирикалық кейіпкерді оятты.
Ахмет Абайдан кейінгі жаңа толқынның басы. Абайдың рухани мол қазынасы, азаматтық парасаттылығын молынан игерген Ахмет, Абай көрінген биіктен көріне білді. Абайдың кемеңгер ой тұңғиығына бойлай білді.
Ақын М.Дулатов айтқандай:
Қазақта бұлар тектес бар ғой шешен,
Халықтан мойны озып болған көсем.
Семейден шықты Ыбырай, Құнанбаев,
Сөзінде қате бар ма сынап көрсең?
Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей,
Сөзі алтын, мағынасы меруерттей.
Оқыған ғибрат алар, жас жігіттер
Һәммәсі өз халқына қызмет еткей, - деген жыр жолдарынан Абайдың рухани ізбасары ақын Ахметтің ақындық болмысынкөреміз.
Данышпан Абай сияқты, Ахмет те, «Сасық ми, салқын жүрек санасыздарға» көңілі толмай, қарны ашып, ашына жыр нөсерін былай төпелеген екен:
Құлағы жоқ кереңді –
Ұқтыра алмай сөз әуре,
Тек тұра алмай біз әуре
Бірақ халқына, ұлтына терең сүйіспеншілік сезім оны тоқырауға жібермеді, халық болашағына кәміл сендірді. Көреген ақын сөзі мәңгі өлместігін «Н.К. ханымға» деген арнау өлеңінде паш етеді.
Ахмет бұл өлеңін тек Нәзипаға ғана емес, өзі үміт күтіп отырған жаңа буын, жас толқынға, ойы өзектес, ізбасарларына арнап отыр. Өзінің ақ жолын мақсұт етіп, халық үшін туған ұлдарының өмірін үлгі етеді.
Тән көмілер, көмілер, еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын – жабықпаймын,
Ел бүгіншіл менікі ертеңгі үшін – деп кәміл сенеді. Расында да Алаштың ғұламасы – Ахмет, барады ғасырлармен иықтасып.
Абай мен Ахметтің рухани туыстығының тағы бір таңғажайып қыры олардың ұлылығында болса керек. Екеуі де барша өмірін халқына арнаған, ел мүддесін қара басының қамынан жоғары қойған ұлтжанды жандар. Олардың бойында ерекше бір сүю сезімі бар. Әуезов тілімен айтқанда, ол жай сүю емес, жар сүю емес, жанынан артық көріп жұртын сүю сезімі. Бұл суюден қасиетті сезім жоқ.
«Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын», - деп ұлы Абай ел алдындағы парызын өтеуде «ата баласы емес, адам баласы» екенін дәлелдесе, Ахметте
«Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай не бетіммен көрге барам», - деп ел алдындағы естен шықпас парызын өтеріне сендіреді. Ұлы жандардың ұлылығы осы болса керек.
Сонымен, «Абай үлгісінің жалғасы, Ахмет дерсің» деген түйінді сөздің тобықтай түйіні: екі ақынның ұқсастығы, ұлттық сананың оянуына ықпал етіп, халықтың арын арлап, зарын зарлап, жоғын жоқтап, пайдасын қорғаушылары. Шынайы өркениетке, әлемдік даму даңғылығына апарар жол – өнер мен білім деп түсініп, өнер білімге үндеулері.
Қазақ сахарасында етектен тартқан қылықтарды түзеу мақсатында Крыловқа жүгініп, аудармамен шұғылданулары. Осы жұмысты жаза отырып, мынадай қорытындыға келуге болады.
Абай мен Ахмет өз замамнының жыршылары. Олардың шығармаларындағы – сол заманның шежіресі. Ақындық өнердің реалистік бағытын берік ұстанған олар, өз шығармаларындағы туған халқының, өз ортасының сол кездегі тұрмысын, кәдімгі қазақ аулының тірлігін, оның тек өзіне ғана тән белгі – белдерімен, өзіндік ерекшеліктерімен айқын бейнелеп кетті. Ел басындағы саяси әлеуметтік мәселелерді өзек еткен, шығармаларында Абай да, Ахмет те қазақ қауымының басындағы мүшкіл халді әр қырынан көрсете білді. Бұл – олардың бірінші ұлылығы, ащы әжуаны қару еткен сыншыл да шыншыл суреткерлер.
Екіншіден, Абай, Ахмет өз халқының өміріндегі келеңсіз көріністерді әйгілеп әшкерелеуші ғана емес, сонымен бірге оның тарихи тығырықтан шығар жолын мезгеуші рухани көсемі болды. Ек» ақынның бұл бағыттағы шығармаларының басты өзегі – ел – жұртын жаман әдеттерден арылтып, жақсы адамгершілікке, парасатты мінез – құлыққа шақыру.
Ақындардың ұғымында халықтың адамгершілік тұрғысын өзін – өзі жетілдірудің ең жемісті жолы – қоғамдық пайдалы еңбекке жұмылу, жаппай оқуға, ғылым – білімге, өрісті өнерге ұмтылу, елдің өз тілін білу. Бұл мақсатқа өздерінің ақындықөнерін де, ағартушылық қызметін де сарқа пайдаланды.
Үшіншіден, Абай мен Ахмет – ұлттық әдебиетті жаңа арнаға түсіріп, оның идеялық – көркемдік дамуына ашқан реформаторлар. Олардың қазақ поэзиясына шын мәніндегі лирика жанрын енгізіп, адамның сезім дүниесінің тереңде жатқан не бірнәзік пернелерін өлең тілінде сөйлетті.
Төртіншіден, олар – қазақ өлеңіне реформа жүргізіп, оны мазмұн мен түр жағынан мүлде жаңа арнада дамытты, жай ғана дамытып қойған жоқ, сол жаңалықты жүйелі заңдылыққа айналдырды; өлең өнерінің әсемдік табиғатын ашып берді.
Сөйтіп, олар қазақ топырағында әдебиеттің, оның ішінде ақындық шығармашылықтың көркемдік принциптерін белгілеп,тұтас бір эстетикалық мектептің негізін қалады.
Ақырында, Абай мен Ахмет – дарынды суреткерлікті терең ойшылдықпен ұштастырған кемелді кемеңгерлер, ғұлама даналар. Олар туған табиғаттың тылсым сырларына үңілсе де, адам жанының не бір қалың қатпарларын қопарып ақтарса да, немесе өзі өмір сүрген ортаның, туған халқының, әріден айтқанда, бүкіл адамзаттың өткені мен болашағына көз жіберіп, адам мен қоғам арасындағы қарым – қатынастың тереңіне бойласа да, олардың әрдайым ой тереңдігімен кемеңгерлік кемелдігін танып отырамыз.
Екі ақынның шығармашылық мұраларындағы аса бір нәрлі де мәнді бөлігі – Адам, өмір, әділетсіздік жөніндегі толғаныстары.
Имандылықты адам өмірінің түркі мұраты деп, шынайы өнерді мәңгі өлместіктің кепілі деп ұққан екі ақын өздерінің бүкіл тіршілік тәжірибиесі арқылы туған халқын заманында ізгілікке тәрбиелейді, болашаққа даналықты өсиет етіп қалдырды.
Ақындардың мұрасы – халқымыздың сарқылмас асыл қазынасы. Олар адам тіршілігінің сан саласын қамтып, бүгінгі мен болашақты ұштастырған өміршеңдігімен, әмбебап әрқилылығымен қымбат. Халық тарихи дамудың қаншама асуларынан асып, қандайлық биігіне көтерілсе де, Абай мен Ахмет аты, олардың сөзіәрдайым оның аузындағы жыры, көкірегіндегі иманы санасындағы ұжданы болып қала береді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А «Ана тілі »1995
Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. А «Жазушы» 1966
Ахметов З. «Өлең теориясы» А – 1986
Қабдолов З. Сөз өнері А -1992
Сыздықова Р. Абайдыңшығармаларының поэтикалық тілі
Сыздықова Р Сөз құдіреті А – 1999
Шалабаев Б. Қазақ көркем проза тілі А – 1994 128 бет
Досжанов Д. Абақты А -1992
Елеукенов Ш. Жаңа жолдан А -1989
Зауал. А -1991 (құрастырған Б.Қаншыбаев)
Кәкішев С. Ақаң туралы ақиқат. А -1992
Бес арыс А -1992
Сыздықова Р. А.Байтұрсынов А -1990
Сатпаева Ш. А.Байтұрсынов А -1989
Ж.Ысмағұлов «Абай: ақындық тағылымы» А. «ғылым» -1994
Жұмаханов А. А.Байтұрсыновтың ақындық мұрасы (Қазақ тілі мен әдебиеті) 1994 №4
Сыздықова Р. Ғылыми ағартушы. А.Байтұрсынов А -1993
Қасенұлы Т. Ахаңның шығармашылық даралығы (Қазақ тілі мен әдебиеті) 1994 № 4
Байтұрсынов А. Ақ жол «Жазушы» А -1991
Байтұрсынұлы А. Шығармалары «Жазушы» А -1989
Байтұрсынұлы А. Жан сөзімді кім түсінер? А -1994
Әшекеева К. «Сөз өнерінің атасы» Ақиқат (журнал) №4 2003