І. Кіріспе: Бір кезде орыс м?дениетіні? ?сіп-?ркендеуіне Пушкин ?сері ?андай болса, б?гінгі Орта Азиялы? к?ркем ойды?, іргелес халы?ты? к?ллі рухына, ?міріні? ?алыптасуына ?уезов ?сері сондай болды. (Ш.Айтматов)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Абай м?расы – ?рпа??а ?ла?ат»»
«Абай мұрасы – ұрпаққа ұлағат» ғылыми-практикалық конференция
Тақырыбы:
«Абай және Әуезов үндестігі»
Қымбат Ароновна Абакова
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
№33 жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мазмұны:
І. Кіріспе:
Абай Құнанбайұлы мен Мұхтар Әуезов үндестігі.2-бет
ІІ. Негізгі бөлім:
М.Әуезовтің шеберлігі. 3-бет
ІІІ. Қорытынды. « Абай жолы» роман-эпопеясындағы
көркем шындық. 4-5 беттер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 6-бет
І. Кіріспе: Бір кезде орыс мәдениетінің өсіп-өркендеуіне Пушкин әсері қандай болса, бүгінгі Орта Азиялық көркем ойдың, іргелес халықтың күллі рухына, өмірінің қалыптасуына Әуезов әсері сондай болды. (Ш.Айтматов)
Абай Құнанбайұлы мен Мұхтар Омарханұлы үндестігі. Абай Құнанбайұлы мен Мұхтар Әуезовті қазақ әдебиетіндегі екі дәуірдің, екі ғасырдың (яғни 19 ғасыр мен 20 ғасырдың) аса ірі өкілдері ретінде алып, ұлттық сөз өнеріміздегі дәстүр жалғастығы тұрғысынан қарап, олардың үндестігі мен өзгешелігі қандай екенін байыптаудың өзі осы екі сөз шеберінің өнерпаздық тұлғасын айкынырақ түсінуімізге себін тигізеді. Алайда Мұхтар Әезов өмір сүрген, әдебиетке араласып, шығармашылық ғүмыр кешкен дәуірі Абай заманынан тым қашық емес, сипаты, мазмұны мүлде өзгеше заман болса да, мерзімдік жағынан жалғас, өзектес. Әуезов жасы ұлғайған Абайды бес жастағы көзінде бір ғана көріп, ол кезде оның кім екендігін, ұлы екендігін біліп, түсіне алмаса да, ол кейінірек сол ортада, Абайды көрген, білген, өлеңдерін естіген, сөздеріне әбден қанық адамдардың ортасында өсіп, ержетті. Мұхтар Әуезов Абайдың өлендерін, калдырған өнегесін осындай ортада жүріп қабылдап, жасынан көңіліне құйып өскені, олардың арасында рухани жалғастык тууына жағдай жасағанын толық ескеру қажет. Жалпы тарихи-әдеби заңдылық шеңберінде осылай бола тұра, Мұхтар Әуезовтің Абаймен рухани жақындығының сыры мен сипаты бөлек. Өзгені былай қойғанда, «Абай жолы» роман-эпопеясында Абай заманы, дәуірі, халықтың тағдыры аса мол, терең бейнеленетінін ескерсек, осы мәселелерге Абайдың көзқарасы мен Мұхтар Әуезовтің көзқарасы, ұғым-түсініктері арасындағы үндестіктер бар екені анық аңғарылады. Абай мен Мұхтар үндес, жақын болумен қатар, бірін-бірі қайталамайтын, біртуар өзгеше дарын екенін де есте тұту шарт.
Негізгі бөлім:
Абай ойшыл, философ, сазгер, ағартушы екені рас, бірақ ең алдымен ақын. Ақын болғанда, ұлы ақын, классик ақын. Мұхтар акын емес, бірақ шебер прозаик-суреткер, драматург ретінде ақынға жақын. Мұхтар Әуезовтің прозалық шығармаларында да, драмалық туындыларында да лирикалық сарындар, лирикалық сезімталдық айқын көрініс беретін тұстар аз емес. Бірақ ол алдымен кең құлашты романист-жазушы, эпостық жанрдың асқан шебері және оқиғаны шиеленіскен талас-тартыс, қақтығыстармен көрсете білетін драматург. Абайтануды дербес ғылым дәрежесіне көтерген Мұхтар Әуезов болды. Оның Абай жөніндегі зерттеулері осы ғылым саласының мызғымас негізі болып табылады. Абай шығармаларының 1933 жылғы жинағын баспаға дайындау барысында Мұхтар Әуезов ақынның жас кезінде шығарған, ел арасында ауызша айтылып жүрген бір топ өлеңдерін жазып алып, сол жинаққа енгізді. Мұхтар Әуезов Абайдың тұңғыш ғылыми өмірбаянын жазып шықты және оны бірнеше рет өңдеп, толықтырды. Ұзақ уақыт Қазақ Мемлекеттік университетінде Абайтану пәні бойынша оқыған дәрістерін жинақтап, үлкен монографиялық зерттеу жазды. Ол еңбегі кейін «Абай Құнанбаев (мақалалар мен зерттеулер)» атты кітапқа енгізілді (1967, 15-228-беттер). Бұл еңбегінде Мұхтар Әуезов Абайдың ең басты-басты дерлік өлеңдеріне, сонымен қатар поэмалары мен қарасөздеріне талдау жасап, баға берген, олардың тақырыптық, жанрлық ерекшеліктерін тиянақты түрде сипаттаған. Абай шығармаларының жазылған жылдарын анықтап, оларды өзінше топтастыру жағынан да Мұхтар Әуезовтің атқарған еңбегі зор. Мұхтар Әуезов Абайдың өлеңдерін талдап бағалағанда, кейде әр түрлі сын пікірлер айтатын тұстары да кездесіп отырады. Мысалға, «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты өлең туралы келелі де келісті пікір айтқан: «Дәл осы өлеңнің тұсында, Абай әйел баласына казақы көзбен, әсіресе бойжеткен қызға феодалдық орта қарайтын көзбен қарағандай болады. Сол себепті сұлудың жүзін бізге айтып беріп отырған акынның көзі көбінше қыз көре келген жігіттің, келін айттыра келген құданың көзқарасы сияқты Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» дәуірнамасында Абай бейнесі, Абай заманының келбеті қалай суреттелген деген мәселелер төңірегінде әлі де айта түсетін, анықтай түсетін жайлар баршылық. Солардың көбі шығармадағы көркемдік шыңдық пен тарихи шындық қалай ұштасқан деген мәселеге саяды. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясында жас Абай мен Құнанбайды әкелі-балалы екі адамды бір-біріне қарсы қойып, қарама-қайшы тұлғалар етіп бейнелеуінің мәнісі қалай деген сауал жиі қойылып жүр. Абай баласы Әбдірахманның дүниеден жас кеткеніне налып шығарған жырында оны жасынан ғылым жолына түскен жаңа буынның өкілі, жаңа заманның, «жаңа жылдың басшысы» еді деп, өзін «мен ескінің арты едім» деген болса, Мұхтар Әуезовтің роман-эпопеясында Құнанбайды ата жолын өзгертпей ұстауға тырысқан бұрынғылардың өкілі, «ескінің арты еді», ал Абай өнер үйренуге, білім-ғылым игеруге ұмтылған прогресс жолына бет алған жаңашыл жастардың ішіндегі ең бір озық жарқын тұлға деп қарағаны, солай етіп бейнелегені көңілге қонымды. Егер байыптап дұрыс аңғара алсақ, Құнанбай мен Абай, әке мен бала ретінде бір-бірімен қайшы көрінбейді, көбінесе екі заманның өкілі, екі мақсаттың, екі қоғамдық көзқарастың адамы тұрғысында қарсы қойылады. Ал екеуінің мінезі екі түрлі болса, Құнанбай айлакер, қатал көрініп, Абай адал, әділет іздеген ақын жанды мінезде көрінсе, мұның өз қисындылығы бар. Құнанбай ел арасындағы түрлі талас-тартыстың, қайшылық шиеленістердің тізгінін қолына ұстап отырған, әбден әккі болған ел билеуші екенін, ал Абайдың қоғам өміріндегі қарым-қатынастарға енді ғана көз тігіп, араласып жүргенін естен шығармаған абзал.
Қорытынды:
Роман-эпопеядағы көркем шындықты өмірде болған оқиғалардың қаз-қалпындағы көрінісі деп қарауға болмайды. Оның өзі көбінесе автордың көркемдік парасатынан өсіп, жетілген, сөйтіп өзара байланыс жүйесін тапқан өмір көріністері боп табылады. Тек оқиғалар мен талас-тартыс төңірегінде ғана емес, белгілі кейіпкерлер мен оларға берілген көркем мінездемелер жөнінде де осыны айтуға болады. Эпопеяда автор ойынан туған көркем бейнелер мен қақтығыс жайларының өзі қаншама! Мұның қайсысы да автордың қоғам өміріндегі өзекті мәселелерді көтеру барысында сол ортадағы әлеуметтік күштердің сан-сапалығын, айрықша күрделілігін жарқын бейнелеп көрсету мақсатынан туған. Эпопеяның түптеп келгенде, негізгі кейіпкері халық. Халық өмірінің алуан түрлі көріністері, құбылыстары шығармада ірілене, жинақтала, типтендіріле бейнеленеді. Романдағы бүкіл ірілі-ұсақты оқиға, тартыс, коллизиялар Абай арқылы, не оның тікелей қатысуымен, не әйтеуір қалайда араласуымен, не оның көңіл-күйіне, ой дүниесіне, жалпы көзқарасына, дүниетанымына байланысы арқылы суреттеліп, бір-біріне ұласып, тұтасып жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Бес ғасыр жырлайды. І том. – Алматы, 1981 жылы.
2. Бес томдық шығармалар жинағы. І том. – Алматы, 1983 ж.
3. /Бейімбет Майлин / / Қаратаев М. Дала жұлдызы , – Алматы,
«Ғылым» баспасы, 1982 жылы.
4. Жұмалиев Қ. Жайсаң жандар. – Алматы, «Жазушы» баспасы,
1969 жылы.
5. Қазақ поэзиясының Құлагері. / / Қаратаев М. Әдебиет және
эстетика. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1970 жылы.
6. Қирабаев С. Әдебиет және дәуір талабы. – Алматы,
«Жазушы» баспасы, 1976 жыл.
7. Осы жүйрік ақын. / / Дербісалин Ә. Мезгіл және қаламгер. –