kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ЛТТЫ? ОЙЫНДАРДЫ? К?МЕГІМЕН О?УШЫЛАРДЫ? БЕЛСЕНДІ ?МІРІН ?АЛЫПТАСТЫРУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.      Ойын-сауы?, т?рмыс-салт ойындары

1.1 Белбеу тастау — ойынына жинал?андар д??гелене ше?бер бойына отырады. Ж?ргізуші ше?бер сыртында белбеуді ?олына ?стап ж?гіре басып айналып ж?реді де, ?зіні? к??іліне жа??ан ойыншысыны? артына білдірмей тастау?а тырысады (егер ол біліп ?ойса тастамау керек). Ж?ргізуші білдірмей тастап кетсе, ше?берді айналып ?айтып келіп, белбеуді алады да, артында белбеу жат?ан ойыншыны «Орны?ды тап» деп белбеумен ?рады. С?йтіп, ше?берді айналдыра ?уалап, ?айтып орнына келгенше со?ады. Ал ойнаушы белбеуді артына тастап кеткенін біліп ?ойса, белбеуді ала салып, ойын ж?ргізушіні? ?зі босат?ан орын?а жеткенше ?уалайды. Ойын осылай жал?аса береді.

1.2 Са?ина тастау — б?л ойын к?галды жерде, залда ?ткізіледі. Ойыншыларды? саны 20—25 адам?а дейін болады. Олар к?галды жерді ?оршалана бір ая?ын астына басып, енді бір ая?ымен тізерлеп т?ру?а ы??айланыш отырысады. Ойыншыларды? аралары тым жа?ын болмауы керек.

Ойыншылар екі ала?анын беттестіріп, ?усыры??ырап, ?олдарын ал?а соза отырады. Ше?бердін ортасына шы??ан адам екі ала?анын беттестіріп ойыншыларды? ала?андарыны? арасына с??ады. Ол бір шеттен бастап, бас?алар?а білдірместен отыр?ан ойыншыларды? біреуіні? ?олына са?ина немесе са?ина орнына алын?ан затты салып кетеді. Тегіс айналып ?ткен со? орта?а шы?ып, «Са?инам кімде?» деп дауыстап с?райды. Сол уа?ытта ?олында са?ина ?ал?ан ойыншы жан-жа?ында отыр?андар?а білдірместен орнынан атып т?руы керек. Ал оны? о? жа?ында?ы адамны? міндеті ?асынан атып т?р?ан ойыншыны орнында ?стап ?алу болып табылады.

Егер ?стап ?алса, орнынан т?рушы жаза тартады. К?пшілікті? ?й?аруы бойынша ?н, би, к?й немес бас?а бір білетін ?нерін орындап береді. Берілген «жазаны» орында?аннан кейін ол ал?аш?ы ойын баста?ан адамны? орнына т?рып, ойынды ?айта ж?ргізеді. Ал егер ол ?статпастан т?рып кетсе, онда ?стай алмай ?ал?ан ойыншы жо?арыда?ыдай жаза?а б?йырылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ЛТТЫ? ОЙЫНДАРДЫ? К?МЕГІМЕН О?УШЫЛАРДЫ? БЕЛСЕНДІ ?МІРІН ?АЛЫПТАСТЫРУ »




ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН оқушылардың

БЕЛСЕНДІ ӨМІРін ҚАЛЫПТАСТЫРУ





Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Мерғалымова Ғ.С.





















  1. Ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары


1.1 Белбеу тастау — ойынына жиналғандар дөңгелене шеңбер бойына отырады. Жүргізуші шеңбер сыртында белбеуді қолына ұстап жүгіре басып айналып жүреді де, өзінің көңіліне жаққан ойыншысының артына білдірмей тастауға тырысады (егер ол біліп қойса тастамау керек). Жүргізуші білдірмей тастап кетсе, шеңберді айналып қайтып келіп, белбеуді алады да, артында белбеу жатқан ойыншыны «Орныңды тап» деп белбеумен ұрады. Сөйтіп, шеңберді айналдыра қуалап, қайтып орнына келгенше соғады. Ал ойнаушы белбеуді артына тастап кеткенін біліп қойса, белбеуді ала салып, ойын жүргізушінің өзі босатқан орынға жеткенше қуалайды. Ойын осылай жалғаса береді.


1.2 Сақина тастау — бұл ойын көгалды жерде, залда өткізіледі. Ойыншылардың саны 20—25 адамға дейін болады. Олар көгалды жерді қоршалана бір аяғын астына басып, енді бір аяғымен тізерлеп тұруға ыңғайланыш отырысады. Ойыншылардың аралары тым жақын болмауы керек.

Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады. Шеңбердін ортасына шыққан адам екі алақанын беттестіріп ойыншылардың алақандарының арасына сұғады. Ол бір шеттен бастап, басқаларға білдірместен отырған ойыншылардың біреуінің қолына сақина немесе сақина орнына алынған затты салып кетеді. Тегіс айналып өткен соң ортаға шығып, «Сақинам кімде?» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан-жағында отырғандарға білдірместен орнынан атып тұруы керек. Ал оның оң жағындағы адамның міндеті қасынан атып тұрған ойыншыны орнында ұстап қалу болып табылады.

Егер ұстап қалса, орнынан тұрушы жаза тартады. Көпшіліктің ұйғаруы бойынша ән, би, күй немес басқа бір білетін өнерін орындап береді. Берілген «жазаны» орындағаннан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жүргізеді. Ал егер ол ұстатпастан тұрып кетсе, онда ұстай алмай қалған ойыншы жоғарыдағыдай жазаға бұйырылады.











































1.3 Көрші ойынын - үлкен бөлмеде, көгалды таза ауада өткізуге болады. Ойыншылар саны 10-нан 30-ға дейін болуы керек. Ойыншылар дөңгеленіп, екі-екіден шеңбер құрып отырады. Тағы бір адам ортаға шығып, жұп болып отырған ойыншылардың бір жұбына келіп, «Көршіңмен татусың ба?»—деп сұрайды.

Егер сұрақ қойған жұптың біреуі «Көршіммен аразбын» десе, онда сұрақ қоюшы адам оның қасындағы көршісін орнынан тұрғызып, соның орнына өзі отырады. Орнынан тұрған адам ортаға шығып басқа бір жұптан ілгерідегідей «Көршіңмен татусың ба?» деп сұрап, ойынды соза береді.

Ал егер ойыншы көршісімен «татумын» деп, қасында жұп болып отырған серігін жібергісі келмеді онда сұрақ қоюшы адам оны жазалайды. Ол ән салады, би билейді, болмаса әңгімеден, поэмадан үзінді айтып береді. Осылай етіп, ол көршісін алып қалады. Егер ойыншы бұл тапсырманы орындай алмаса, өз орнын сұрақ қоюшы адамға береді де өзі соның міндетін атқаруға кірісіп ойынды қайтадан бастайды. Сөйтіп, ойын осылайша созыла береді.


1.4 Түйілген шыт — ойынына қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойынға ортасынан бір-екі рет түйілген орамал, болмаса шыт керек. Ойынды ымыртта немесе іңір қараңғысында да ойнауға болады. Қара көлеңкеде көрнекті болуы үшін ойынға-ақ орамал қолданылады.

Ойнаушылар өзара келісіп, араларынан біреуін; ойын жүргізуші етіп тағайындайды. Ойын жүргізуші ойнаушыларды маңайына шақырып алады да, өзін қоршап, ынтыға ентелеп түрғандарға қарап бір, екі, үш деп дауыстайды. Осы кезде ойыншылар жан-жаққа тез бытырап кетеді. Ал жүргізушінің өзі қолында түйілген орамалы бар ойыншыны қуалайды, мақсаты: оны ұстап, орамалды алу. Ол қолындағы орамалды оп-оңай алғыза қоймайды.

Қуғыншы жете бергенде қолындағы орамалды қатарласа берген басқа ойыншыға лақтырады, орамалды қағып алған ойыншы оны келесі ойыншыға лақтырады. Осылайша жүргізуші қашан орамалды ұстап алғанша ойын жалғаса береді. Ұсталған ойыншы ортаға шығып, көпшіліктің ұйғаруы бойынша өнер көрсетеді. Өнер көрсету аяқталғаннан кейін түйілген орамалды соның өзі қуалайды, яғни ойын жүргізушіні ауыстырады, ойын осылай жалғаса береді.

Бұл ойын жастардың таза ауада демалуларын, денсаулықтарын жақсартып, денелерін сомдаумен бірге, оларды коллектив болып ұйымдаса білуге үйретеді, білгендерін ортаға салуға баулиды.





1.5 Қазақ халқының ұлт ойындарының жастар арасында көп тараған және өте ертеден келе жатқан, аса сүйіп ойнайтын түрлерінің бірі — «Сиқырлы таяқ». Бұнда ойнаушылар санына шек қойылмайды. Ойынға жиналғандар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер құрып тұрады да, араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп тағайындайды. Жүргізуші қолына таяқ ұстап, шеңбердің ортасына шығады да, ойын тәртібін, жолдарын түсіндіреді. Ойнаушылардың бір шетінен бастап барлығына рет қатарын білдіретін сандарын атайды. Сонан кейін жүргізуші қолындағы таяғының бір басын жерге тіреп тік ұстайды да, кез келген бір ойыншының санын атап, таяқты қоя береді. Айталық, жүргізушінің атаған саны төртінші, бесінші, оныншы не жиырмасыншы бола ма, әйтеуір, рет саны аталған ойыншы ести салысымен жүгіріп барып таяқты құлатпай ұстауы керек. Егер ол дауысты аңғармай я болмаса жай басар болып, дереу алмай, таяқты құлатып алса, онда ол ортада тұрып, көптің ұйғаруымен өнер көрсетеді. Ол өлең айтып, би билеп, домбыра тартады, әйтеуір көпшілік нені талап етсе, бәрін орындауға тиісті. Ол өнерін көрсетіп болған соң қайтадан орнына барып тұрады. Егер таяққа тез жетіп жерге құлатпай ұстап алса, онда жүргізушімен орын ауыстырады.

Бұл ойынның екінші түрі үлкен жиындарда, ойын-сауық кештерінде кең бөлмелерде ойналады. Ойынға ұзындығы бір метрдей таяқ пен доп керек (ертеде допты сиырдың жүнінен жасаған, доп болмаған жағдайда кез келген затты алуға болады). Ойын жүргізуші жиналғандарды отырғызғаннан кейін ойын тәртібімен таныстырады. Сонан соң ойынға қатынасушының біреуін өзіне шақырып алып, допты ортаға қояды да, ойыншының көзін байлайды. Ондағы қоятын шарты — көзі байланған адам қолына берген таяқпен допты тауып барып ұруы керек. Мұндай жағдайда ойнаушылар допты қашықтау қоюға тырысады. Осы кезде ойын жүргізуші көзі байланған ойыншының қолына таяқтың былғанған басын ұстата қояды. Көзі байланған ойнаушы еш нәрседен қаперсіз таяқтың былғанған басын ұстай алады. Ойын жастарды шапшаңдыққа тәрбиелейді.

Ескерту : ойынның мақсаты допты ойыншыға ұрғызу емес, көзі байланған балаға бір басы былғанған таяқты ұстата қою.


1.6 Орамал тастау - ойын көгалдарда, үлкен бөлмелерде өткізіледі. Ойынға екі бүктеліп есілген орамал керек. Той-думанға, кешке келгендердің бәрі қатыса алады. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса, ойын да соғұрлым қызықты өтеді.

Ойын ережесі: ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді де арасы 10 адымдай белгіленген екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойын жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да «қа» – деп дауыстайды, ол қағып алып «ғаз» – дейді, болмаса «ла» – дейді. Сонда «қағаз», «қала», тағы басқа сөздер шығады. Айтылатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы: «са» - деп дауыстаса – «садақ», «сақа», «сабын», «сарын» сияқты сөздер айтылуы керек. Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай екінші буынын уақытында тауып айтылмай қалса, онда ортаға шығып өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі лақтырады. Осылайша ойнаушылар орамалды бір-біріне лақтырып, ойынды жалғастыра береді.



1.7 Ұшты-ұшты - ойынды жастардың сауық кештерінде, көгалдарда, ашық алаңдарда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызықты өтеді. «Ұшты-ұшты» ойынына ересектермен қатар балалар да қатысса, қызықты өтеді.

Ойын ережесі: бір жігіт ортаға шығып жиналғандарды дөңгелекте, не болмаса өзіне қаратып бір қатарға отырғызады. Содан кейін, ойынның ойналу тәртібін түсіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды (ойын жүргізуші өзіне барлық ойыншыны көріп тұратындай жағдай жасауы керек). Ойын жүргізуші – «ұшты-ұшты-ұшты, бөдене ұшты» деп қолын көтереді, сол кезде ойнаушылар тыңдап отырады да ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді, ал ұшпайтын затты ұшты деп қолын көтерсе, ойын жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойнаушылар жаза тартады, ал ұшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса, онда да жаза тартады, сондықтан ойын жүргізушінің әр айтқан сөзіне өте сақ болу, қырағы болу қажет. Ойын жүргізуші ұшатын затпен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи да жаңылдырып отыруға тырысады. Тіпті көпшілікке таныс емес құстардың атын айтып та, ұшатын жәндіктердің атын айтып та, жаңылдыруға болады. Мысалы, «ұшты-ұшты кекілік ұшты, ізінше кекіл ұшты, қарға ұшты – сырға ұшты, көбелек ұшты – ебелек ұшты, тауық ұшты, уық ұшты, қаршыға ұшты – қанжыға ұшты» деп жалғаса береді.

Алданған ойыншылардың жазасы сол, олар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтып, би билеп, домбыра тартады, тіпті болмаса мақал-мәтел, жаңылтпаш, тақпақ айтады.




1.8 Тоғыз аяқ, тоғыз табақ - ойын-сауық, әдет ғұрып ойындарының бір түрі «тоғыз аяқ, тоғыз табақ». Бұл әсіресе қазақтың баласын үйлендірерде қыздың әкесіне барып, құда түскенде, екі жақтың келісімі жарасқан шат-шадыман көңіл күйін, туыстық жарастық көңіл күйді білдірген. Осы құда түсу кезінде қонақ сыйларын халық «тоғыз аяқ, тоғыз табақ» деп атаған. Халықтың әдетінде жайшылықтағы қонақ асы бөлек те, құданың асы бөлек берілген. Құдалардың арасындағы сөз әбден келісіліп болғаннан кейін, енді құданың қайтардағы қонақ асысы тағы бөлек – «құйрық бауыр» болыпты. Мұнда құйрық май мен бауыр туралып, оған қосымша айран араластырып, қайтар жолда жесең де жейсің, жемесен де жейсің деген ойын-кәде жасаған. Жемесең тойғанның белгісі деп, құдаларға асатқан кезде айранды бет-аузына дейін түгелдей жағып шыққан. Құда енді бұл асатудан тек кәдесін жасап барып әрең құтылған. «Құйрық бауыр» асататын көбінесе жас келіншектер болып келеді де, олар асататын адамдарына арнайы ән айтумен болады. Қатысушылар көбінесе тапқырлық, шапшандық көрсетіп жазадан құтылып кетуге, асатушылардың саусақтарын тістеп алуға тырысады.



    1. Домалақ ағаш (қазан)


Бұл ойынды қыс уақытында мұздың үстінде де, ал жазда тақыр жерде, таза алаңдарда да ойнауға болады. Ойынға қатысушылардың әрқайсысының өзінің басы қайқыш қақпа таяғы мен ағаштан істелген домалақ шары болуы керек. Ойынға 8-10 бала қатысады.

Ойын ережесі: әркім өздеріне топ ортадан қазан және шеңбер сызады. Егер ойнаушылардың саны көп болса, шеңбер де соғұрлым үлкен сызылуы қажет. Ойнаушылар щеңбердің бойымен қатарға тұрып, арасы бір-бір адымдай жерден, яғни өзінің алдынан қазан қазып, домалақ ағашын соған қояды. Шеңбердің ортасында бір ойыншы бос қазанды күзетіп тұрады, яғни басқа шеңбер бойындағы тұрған ойыншылардың мақсаты - әрқайсысы өзінің шарын ортадағы бос қазанға түсіруге тырысады, ал ортадағы бос қазанды күзетіп тұрған ойыншы басқалардың домалақ ағаштарын өзі күзетіп тұрған қазанға түсірмеуге тырысады. Егер ортадағы қазанға домалақ ағашын кім түсірсе сол екеуі бір-бірімен орындарымен ауысады. Ойын осылайша жалғаса береді.



1.5 Қап киіп жарысу - ойын көгалды жазық далада, клуб немесе дене шынықтыру залдарында өткізіледі. Ойын ашық алаңда өткізілгенде оған қатынасушылар 50м-дей жерден сөре жасайды. Ойын залдарда өтетін болса, сөре оның мүмкіншілігіне қарай жасалады.

Жарысатын жердің ені бір жарым метрдей болады және 4-5 қатар жолақ жол созылып қойылады. Жолдың қақ ортасына жарысатын адамдардың санына сәйкес етіп кенеп қаптың аузын ашып қою керек.

Ойын басқарушының командасы бойынша сызықтың бірінші басында қатарласып тұрған ойнаушылар жарысып жүгіре бастайды. Жолында жатқан қапқа жетуімен, екі аяғын оның ішіне тығып, тез киіп, екі қолымен жоғары көтеріп, ілгері секіріп жарыса береді.

Мұндағы мақсат – сызықтың екінші басына алдымен жету. Осы тәртіппен ойын қайталана береді. Оған барлық талапкерлер кезектесіп қатынасады.

Бұл ойын әр түрлі тәптіппен өткізілуі де мүмкін. Бұл ұсынып отырылған ойынның ең онай түрі.




1.6 Әуе таяқ - бұл ойын далада, алаңда, ауыл сыртында ойналады. Жасөспірімдер таяқтармен келіп, дөңгеленіп тұрады да, ұпай санын әбден келісіп алып, бірінің таяғын бірі көздей аспанға лақтырады. Бірінің таяғы екінішісінің таяғына тисе, келісім бойынша, белгілі бір ұпай алады. Егер әуеде таяққа таяқ тимесе, онда таяғы жерге басқалардан бұрын түскен бала ұтады. Мұндайда ұпай саны әуедегі таяқтардың санына байланысты болады. Ойын тәртібін ойын жүргізуші бақылайды. Ол ойынға неше адам қатынасты, кімнің таяғы тиді, кімнің таяғы жерге бұрын түсті – соған төрелік айтады. Әдетте ұтылған жасөспірім өлең айтып құтылады. Бұл ойын балаларды лақтырған нәрсесін дәл тигізуге дағдыландырады.


1.7 Жанды дөңгелек - бұл ойын жазық алаңда, клубтардың үлкен залдарында және дене шынықтыру залдарында ойналады. Гимнастика, тағы басқа спорт түрлерімен шұғылданып жүрген жастарға лайық ойын.

Жеңіл киініп ортаға шыққан ойыншы, екі аяғын өз иығының деңгейіне жеткізе алшық басып, екі қолын жаза, тік тұрып алады да, жайлап оң жақ қырымен жерге құлай бере оң қолын еденге тірейді. Сол кезде оның саусақтары жазылған сол қолы да жерге тіреле келіп, бөксесі жоғары көтеріледі. Бұл кезде әуелі сол аяқ, одан кейін оң аяқ жерден көтеріліп барып, ойнаушының басынан айнала жерге тіреліп, бүкіл дененің дөңгелей серпілуіне күш береді. Үйреніп алған ойыншылар оп-онай дөңгелей жөнеледі.


1.8 Қасқыр қақпан - ежелгі халық ойындарының бірі. Ойын жазық көгалды алаңда, мектеп аулысында, спорт, мәдениет үйлерінің кең залдарында өткізіледі. Ойнаушылар ойын болатын жерге жиылады да, екі топқа бөлінеді. Үлкен тобы – «қақпан», кіші тобы – «қасқырлар». Ойынға басқарушы тағайындалады. Басқарушы ойнаушылардың арасынан дауысы ашық, тақпақты жақсы білетін біреуіне бастауды міндеттейді, қалғандары оған қосылады.

«Қасқыр түссе қақпанға.

Ұстамасқа бола ма.

Қол ұстасып тұрайық,

Біздің қақпан болаттай.

Қасқырды тұр жолатпай,

Қасқыр, қасқыр, келіп көр,

Қақпан, қақпан берік бол».

Ойынға қатынасушылар әбден бір-бірімен қол ұстасып, дөңгеленіп, шеңбер құрып тұрып болғанша:

«Кәне, кәне, тұрайық -

Қасқырқақпан құрайық» -

деген өлең жолдарын қайталап айта береді. Содан соң өленнің соңғы шумағы:

«Кәне, қақпан, берік бол,

Қасқыр, қасқыр, келіп көр!»-

Деген жолдарды айтып болысымен, «қақпан» болып тұрғандар бір-бірінің ұстаған қолдарын жоғарғы көтереді. Ал «қасқыр» тобындағыда арғы беттегі қораға көтерілген қолдардың астымен жүгіріп өтіп кетуге тырысады.

Қасқырлар осылай өтіп жатқан кезде бастаушының «а-ап!» деген белгісімен көтерілген қолдар төмен түсіріледі. Ойнаушылар жүрелерінен отыра қалады. Сөйтіп «қақпан» жабылады. Іште қалғандар «қақпан» тобына қосылады да, «қасқырлар» азая береді. Ойын қайталанып жалғаса береді. Ойынға қатысушылар кезектесіп орын ауыстырып отырады.



1.9 Қазақ күресі- оңтүстік Алтайдын қазақтарында алтай күресіне ұқсайтын қазақ күресі кең тарап танымал болған. Қазақ күресті бүкіл мейрамдарда танымал мықты балуандар арасында, бірақ ешқандай салмақ категорияларысыз өткізілетін. Балуандарға әр түрлі әдістер, аяқ етегінен іліп алулар, сонымен қатар тұрыстағы лақтырулар, іліп алып бұрылыстар және құлаулар танымал болатын.

Орын гимнастикалық маттармен жабдықтанады. Қауіпсіздік техника ережелері қатаң қарастырылады.

Күрестің негізгі әдістері:

ә) иық арқылы лақтырыс;

а) жамбас арқылы лақтырыс;

б) үстінен ұстау;

в) төмен ұстау және басқа әдістер.

Ұстасу варианттары:

ә) иықтан ұстасу (ортаңғы сызықтан тартып алу);

а) белден ұстасу (шеңберден алып шығу).


1.10 Бұғнай - ойыны 10-нан 25-ке дейін жететін барлық ойнаушылардың саны шеңбер бойынша тұра қалатын әркез жерде өткізіледі. Кіші мектеп жасындағы балалар ойнайды.

Ойнаушылар шеңбер бойынша қазақша отырады. Жүргізуші (жіребе бойынша тандалады) ойнаушыларды: «бірінші бұғнай, екінші бұғнай, үшінші бұғнай…» және т.с. – ақырғысына дейін санай бастайды. Сосың жүргізуші әркез бір нөмірді кенет айтып қалады (мысалы, «алтыншы бұғнай!»), айтылған орыннан шапшаң тұрып, өзі бір нөмірді айтып қайта шапшаң қазақша отырады. Айтылған нөмір тұрады және әркез бір нөмірді атайды. Дәл солай әркез рет: айтылған шапшаң тұрады, нөмір атайды және шапшаң отырады. Егерде біреудің нөмірін атағанда, ал ол тұрмай және оның орнына басқа бір ойнаушы тұрса, онда оған әркез тапсырма беріледі (сұраққа жауап беру, билеу, өлең айту, бір аяқпен секіру, жұмбақты шешу және т.б.). Осыдан кейін ол өз еркінімен жаңа нөмерді атайды.

Ойын аяғында қателеспегендерді белгілейді.

Ережелер: 1. әрбір ойнаушы өз нөмірін есте сақтау керек және шақырғанға дейін тұрмау керек.

2. шақырғаннан кейін ойнаушы өзінің орнына қазақша отырады.


1.11 Қасқұлақ (қасқыр) - ойын далада өткізіледі (алаңда, есік алдында), көбінесе кешке қарай. 10-нан бастап 20-ға дейін жоғарғы сынып оқушылары қатысады.

«Қасқыр» және «түнгі күзетші» тандалады. Қалған ойнаушылар «қойларды» бейнелейді. Олар не «күзетші», не «қасқыр» көрмеу үшін жанжаққа таралып тығылады. «Қасқыр» көріну үшін басың ақ орамалмен байлайды. Тығылғандарды іздеумен, ол «күзетшінің» көзіне түспеуге тырысады. «Күзетшінің» тапсырмасы – «қасқырды» андап жүріп оны қуады. Тығылғандар қимылдамауға тырысады. Егер «қасқыр» ойнаушылардың біреуін ұстаса және оны «күзетші» көрмей қалса, онда «қасқыр», «күзетшінің» орнына тұрады, ал ұсталынған ойнаушы «қасқыр» болады. «Күзетші» болған ойнаушы енді қойдың рөлін атқарып тығылады. Егер «күзетші», «қасқырды» көрсе, өзінің «отарын» қорғап оны қуады. Ойын уақыты белгіленбеген. Ойын аяғында ең жақсы «қасқырларды», «күзетшілерді» және «қойларды» белгілейді.

Ережелер: 1. егер «қасқыр» ойнаушыны көріп қойса, оған оны қуып жетуі қажет емес, атын атаса болғаны.

2. егер «қасқыр» тығылғанның атын дұрыс атаса, онда тығылған орында қалу керек (қашпау керек).

3. «қасқыр» мен «күзетші» рөлдерімен ауысқанда, «қасқыр» және «күзетші» кім болғаның қатты бақырып айту керек. Ойнаушылар орындарында қалу керек.


1.12 Тартыс - ойын жасыл алаңда, спортзалда (маттарда немесе кілемде) өткізіледі. Саны 4-тен бастап 30-ға дейін жететін ұлдар, жасөспірімдер мен бозбалалар ойнайды. Ойнаушылар тең күштері бойынша екі құрамаға бөлініп, жұптасып тұрады. Әрбір құраманың бірінші жұптарында “жоғарғысы” өз серіктесінің арқасына отырады. Белгі бойынша жұптар бір-біріне жақындайды және «жоғарғылар» бір-бірін құлата бастайды. Ойнаушылардың біреуі денесінің әрбір бөлігімен жерге тигізсе, онда бұл жұпқа ұтылыс саналады. Бірінші жұптардан кейін екінші жұптар және т.б. күреседі.

Ең көп жеңіске жеткен құрама жеңімпаз аталады. Сосың ойнаушылар рөлдерімен ауыса алады.

Ережелер: 1. қарсыласты киімінен тартуға рұқсат етілмейді.

2. егер екі минуттың ішінде «жоғарғылар» бір-бірін құлатпаса, онда тең ойын саналады және кілемге келесі жұптар шығады.


1.13 Қандық-сандық - бүкіл жастағы оқушы ұлдар ойнайды. Ойнаушылардың саны 2-ден бастап 40 адамға дейін.

Ойын ойнаушылары капитандармен екі құрамаға бөлінеді, қайсылары ережелерді сақтауын байқап тұрады. Алаң ортасына әрбір құрамадан бір-бір ойнаушыдан бірінші жұп шақырылады. Бір-біріне арқасымен қарама-қарсы тұрып, олар шыңтақтармен ұстасады. Жүргізушінің бұйрығы бойынша, әрқайсысы өзінің қарсыласының аяқтарын жерден (едеңнен) көтеріп алуға тырысады. Бұны жасауға оңай емес, өйткені жүргізушінің белгісі бойынша екеуі жартылай отыру қалпына отырады. Қарсыласын көтеріп алған жеңіске жетеді. Көп жеңіске жеткен құрама жеңімпаз атанады.

Ережелер: 1. құрама капитандары күштерімен ақырғы болып санасады.

2. әрбір сайыс басқарушының белгісі бойынша басталады.


1.14 Алтыбақан - жазғы түнде ауыл артында жастарға арналған әзіл әткеншекті алтыбақан (алты бөренені) деп атайды. Алтыбақанды ұзындығы 3-4 м алты бөренеден жасайды, қайсыларын үш-үштен қояды және үстінгі жағына қоыйлған көлденең бөренемен өзара байланыстырады. Бөрене үстінен екі жақтан арқан байлайды, ал астынан тақтайды орнатады, қайда мінем деген тілеушілер ойнақтайды, әдетте бұл қыз бен жігіт. Бұл жұпты басқа жұп ауыстырады және сауық осылай жалғаса береді.

Қыз бен жігіт алтыбақан үстінде бір-біріне қарама-қарсы тұрып, не отырып, ән айта бастайды. Астында тұрған жігіттер мен қыздар бәрі бірге осы әнді айтып қосыла кетеді. Алтыбақаннан шыққан және қалғандарымен қосылған әннің дыбысы қатты шыққаны түн тыныштығында әрқайсының жүрегін тербетіп, махаббат сезімін тудырады. Жастар әткеншекке кезекпен отырып, білетін әндерді айтады, ал қалғандары ән айтып тұрып алтыбақан шайқауға көмектеседі. Алтыбақанды жиі «сүйгендердің әткеншегі» деп атайды.


1.15 Арқан тартыс - 8-10 метр ұзындығы мықты арқанды алады. Арқан ортасынан орамалды байлайды. Осы орамалдан бастап 1-1,5м қашықтықта екі жаққа да жылжып орамалдар байлайды. Ойнаушылар екі топқа (10-15 адамнан) бөлінеді. Бөліну реті осындай: ойнаушылар бой ұзындығы бойынша қатарға тұрады, кейін жүргізушінің белгісі бойынша оң жақтан бастап сол жаққа қарай саналады, жұп сандылар орында қалады, ал тақ сандылар алға шығады, сонымен екі құрама болып шығады. Қатысушылардың саны 10-нан кем болмау керек.

Алдын ала жерде немесе едеңде түзу көлденең сызығын жасайды. Арқанның ортасындағы орамал байланған жерін осы сызықпен сәйкес келу керектей тартып қояды. Кейін, екі топтың ойнаушылары орамал ортасынан бірдей қашықтықта байланған жерден бастап, арқанды қолға алады. Жүргізушінің белгісі бойынша екі жақ арқанды өзіне қарай тартады. Арқанды аз жағына қарай тартып алуы ойын тапсырмасы болып келеді.

Ойын аяғында ұтылғандар жеңімпаздардың алдында ән айтып билеу керек.


  1. Жануарлар дүниесіне, аңшылыққа байланысты ойындар


2.1. Жануарлар дүниесінен, аңшылықтан туындайтын ұлттық ойындарының бірі — «Аңшылар» ойыны.

Ойынға қатынасушылар араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп сайлап алады да, кең жазық алаңға жиналады.

Жүргізуші күні бұрын белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5—10 м) бойына, қолына доп беріп, үш жерге үш ойыншыны тұрғызады,— бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқта!» деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. «Өлген үйректер» аңшыны алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша үш «аңшы» орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады. 


2.2.Ескі аңшылық дәуір кезіндегі халық тіршілігін бейнелейтін ойындардың бірі — «Тұзақ құру» ойыны. Балалардың жасына, ой-санасына лайықты өзгеріп, өңделген. Үлкендердің аң аулап, құс ату әдісіне салып балалар мұны ойын үстінде орындайтын болған. Тұзақ аттың құйрық қылынан есіп жасалады. Тұзақ құр мен шілдің жолына, суырдың, қосаяқтың, сасық күзеннің, әртүрлі тышқандардың інінің аузына құрылады. Өзен жағалауларында тұратын елді мекендердің балалары осы күнге дейін тұзақпен балық ұстауды ұмытқан жоқ. 






2.3 Жануарлар қалай үндейді?

Бірінші бала — Марат, сен тышқанның қалай дыбыстайтынын білесің бе?

Марат:— Шиық-шиық...
Бірінші бала:— Шібилер қайтеді?
Марат:— Қыт-қыт...
Бірінші бала:— Жарайды, жігіт екенсің. Ал енді иттің қалай үретінін айтып көрші.
Марат:— Үреді, ырылдайды, арсылдайды.
Бірінші бала:—Солай ма екен, сен сиыр мен қойдың қалай дыбыстайтынын айтшы?
Марат:— Сиыр — шиық-шиың..., қой — шиық-шиық етеді.
Бірінші бала:— Олай болса, сен білмейді екенсің. Жануарлардың бәрі бірдей шиқылдай бере ме екен?

Марат:— Ендеше, мына балалардан сұрайық. Жануарлардың дыбысын кім жақсы біліп, дұрыс айтатын болса, соны мал дәрігері қояйық.

Осы арада ойынға қатынасушылар өздері білгенінше жануарлардың дыбыстарын айтады. Кім көп білсе, сол «дәрігер» болып саналады да қалғандарына ем айтады. Ем дегеніміз ұпайдың түрлері. Мысалы, Ермек — өлең, Боқан — жаңылтпаш, Сәрсен — көбейту кестесін айтып берсін. Таубай жұмбақ шешсін, тағы-тағылар.

Жануарлардың дыбысталу жайын ең көп білетін және дұрыс атай білетін бала, мысалы, былай деп түсіндіреді:

Жылқы — кісінейді, шұрқырайды, оқыранады, арқырайды.

Сиыр — мөңірейді, өкіреді, азынайды.
Қой-ешкі — маңырайды, мекіренеді.
Түйе — боздайды.
Шошқа — шыңғырады, қорсылдайды.
Ит — үреді, ырылдайды, арсылдайды, уілдейді, қыңсылайды.
Мысық — бырылдайды, мияулайды.
Тышқан — шиқылдайды.
Қаз — қаңқылдайды, шаңқылдайды.
Үйрек — барқылдайды, қыңқылдайды.
Мекиен — қыт-қыттайды.
Әтеш — шақырады.
Бүркіт — саңқылдайды, бістәктайды.
Торғай — шырылдайды.
Бұлбұл — сайрайды.
Қарға — қарқылдайды.
Безгелдек — безектейді.
Сауысқан — шықылықтайды.
Бөдене — бытпылдайды.
Шыбын — ызыңдайды.
Бөгелек — ызылдайды.
Бәкішек (шегіртке)— тызылдайды.
Жылан — ысылдайды, суылдайды.
Бақа — бақылдайды.
Аю — ақырады, өкіреді.
Қасқыр — ұлиды, ырылдайды.
Түлкі — ырсылдайды, шәңкілдейді.
Күзен — шақылдайды.
Суыр — шулайды.
Борсық — пырсылдайды.
Құндыз — сыңсиды.
Арыстан — гүрілдейді, ақырады.

Жолбарыс — күркілдейді, бұрқанады, т. т.


2.4 Жануарлар дүниесімен байланысты ойынның бірі — «Түйе-түйе» ойыны. Мұнда өнерге баулитын саналы әрекет бар.

Ойын көгалды алаңда өтеді. Ойнаушылар жиналып екі топқа бөлінеді. Бірінші топта ойнаушылардың үштен екісі, екінші топқа үштен бірі болуы керек. Екінші топ ойнаушыларының бірі —«інген», қалғандары «боталар». Бірінші топтың ойнаушылары жан-жаққа тарап кетеді. Көгалда «інген» «боталарын» жайбарақат ертіп жүргенде жаңағы жан-жаққа тарап кеткен ойнаушылар (немесе ұрылар) байқатпай келіп бір-бірлеп «інгеннің,» «ботасын» ұрлай бастайды және әр біреуін әкеткен сайын «ботаңды әкеттік»,— деп дауыстап отырады. «Ботасын» ұрыларға қимаған інген артынан қуалап жете алмай дымы құриды. Осылайша біреуінің артынан қуып жүргенде, екіншісін ұрлап кетіп жатады. Оны көрген «інген» оған жүгіргенде, үшіншісін ұрлайды. Сөйтіп, бір-бірлеп бір «ботасы» қалғанша үрлай береді.

Енді барлық «ботасынан» айрылып, жалғвз «ботасымен» қалған «інген» екі көзінен жасы ағып, боздап, не істерін білмей, дал болады. «Інгеннің» қатты күйініп, қиналып отырғандығын пайдаланған ұрылар жалғыз «ботасын» да қағып кетеді, Бір кезде «ботасына» үн қатса, жауап бермейді, Содан үрейленген інген жан-жағына қарап, жүгіріп, іздеп таба алмай қалады. Жалғыз «ботасынан» айрылған «інген» есінен танғандай бір орнында айналып жүгіре береді. Сөйтіп, есеңгіреп жүгіріп келе жатып, анадайда тұрған ботасын ұрлаған топқа тап болады.

«Інгенді» көрген ойнаушылар жүрелерінен дөңгелене отырысады. Сол кезде қолында таяғы бар «інген» өзінің «боталарын» ұрлаған ұрылардың қолына түскендігі үшін жазалай бастайды, одан ұрыларды жазалайды. Ойын жалғаса береді.


2.5 Ақбайпақ - бұл ойын да «Айгөлек» секілді жасыл көгалдарда, алаңдарда ойналады. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болғаны дұрыс. Өйткені ойын өте қызықты өтеді. Жасына, жынысына қарамай ойнағысы келгендердің бәрі ойынға қатыса алады.

Ойын ережесі: жиналғандар жүресінен дөңгелене отырады. Ал орталарына бір баланы көрсетпей жауып тастайды. Осы кезде інген ботасын іздеп боздап келген бетінде ойыншының иығына отыра кетеді.

Сол сәтте ойыншы: - «Ақ иығымның үстіндегі кім?» – дейді.

Інген: - «Ақбайпақ!»

Ойыншы: - «Нең жоқ?»

Інген: - «Ботам жоқ».

Ойыншы: - «ботаң көлде бетін жуып жатыр». – орнынан тұрып 4-5 адымдай жерге барып келіп отырып кетеді. Екіншісіне барып отырады. Ол да солай: - «ботаң шөмшек теріп жүр»,- дейді. Келесі ойыншы: - «ботаң ұйықтап жатыр», - дейді. Келесі ойыншы: - «ботаң ұйықтап жатыр», - дейді. Осылайша барлық ойыншының иығына отырып болған кезде, ойнаушылар ботаны тастай беріп, әркім өзінің ботаға бергенін айтып, бірі: - «су бердім», екіншісі:- «бу бердім», үшіншісі: - «таяқ бердім», тағысы-тағы, солай деп… жан-жаққа бытырап қаша жөнеледі. Сонда ғана жаны тауып ботасын көрген інген енді кім не берді одан сұрай бастайды. Сөйтіп ботаның айтуымен оған жөдеп тамақ бермегендер, інгеннің әмірімен жазалана бастайды. Яғни, ән салып, би билейді, әйтеуір өнер көрсетеді. Осылайша інген мен ботаның рөлін басқа біреулер ойнайды.



2.6 Айгөлек - қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі халық арасында ең көп таралғандарының бірі осы «Айгөлек» ойыны. Бұл ойынды жасыл желек атқан көктемде, күн ұясына отырып шілденің аптап ыстығы қайта бастаған жазда, тіпті салқын самалды қоңыр күзде де ашық алаңдарда ойнай беруге әбден болады. Ойынға жиналған жігіттер мен қыздардың саны неғұрлым көп болса, соғұрлым қызықты өтеді. Халық арасында кең тараған бұл ойынға балалар мен жасөспірімдер, жас жігіттер мен бойжеткендер де қатыса алады.

Ойын ережесі: кешке жиналғандар өзара тең екі топқа бөлінеді. Олар қаз-қатар қол ұстасып, құлаштарын керіп, арасы бір-бірінен 15-20 қадам қарама-қарсы екі сызықтың бойында тізіліп тұрады. Екі жақтың ойыншылары орталарынан бір-бір жігіттен бөліп, ойын басқаруды соларға тапсырады. Содан соң бір топтың кезек алған ойыншылары барлығы бір дауыспен өлеңдетіп:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар

Ақтерек пен көктерек

Бізден саған кім керек? – десе,

екінші топтың ойыншылары оларға былай жауап қайтарады:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар

Ақтерек пен көктерек

Бізге мұнда Бекбай керек.

Осы аты аталған ойыншы жүгірген бетімен шақырған қарсы қатардағы ойыншылардың біреуінің арасынан келіп қолдарына бұзып өтуі керек. Егер бұзып өте алмай қалса, онда қарсы жақтың қатарында қалады, ал бұзып өткен жағдайда сол екі ойыншының қайсыны ұнатқанын өз тобына алып кері кетеді. Осылайша екі топтың біреуінің ойыншылары таусылғанша ойнай береді, болмаса белгіленген уақыт аралығында қай топтың ойыншылары көп болса, сол жағы жеңіске жетті деп есептелінеді.


2.7 Ақсерек-көксерек - халық арасында айгөлек ойынының екінші түрін «Ақсерек-көксерек» деп атайды. Ел ішінде көп тараған бұл ойынды жасөспірімдер мен бозбалалар, жігіттер мен бойжеткендер ашық аспан астында ойнай береді.

Ойын ережесі: ойнаушылардың өзара келісуі бойынша топ тең екіге бөлінеді. Әр топтағы жастар 20-30 адым қашықтыққа барып, қолдарын мықтап ұстап қарама-қарсы қатарға тұрады. Екі топтың да қатарының оң жақ басында топ басқарушылар тұрады. Өзара келісім бойынша топ басқарушылардың біреуі: - «ақсерек – көксерек, бізден сізге кім керек» – дейді. Екінші топ басқарушы: - «сізден бізге бәленше керек»,- деп кез келген бір ойыншының атын атап шақырады. Шақырылған ойыншының мақсаты сол, тұрған жерінен жүгіріп шыққаннан екпіндеп келіп ағынмен ұстасып тұрған екі қолды үзіп өтуі (қай жерде, қай қолды барып үзеді – еркі өзінде) керек. Егер үзіп өтіп кетсе, онда сол екі ойыншының қай көңіліне жаққанын өз тобына алып келеді. Ал қолды үзіп өте алмай қалса, онда барған тобында қалады. Қай топ өз қарсыластарын, өз тобына бұрын қосып алса, сол топтың ұтқаны. Сөйтіп өздері күні бұрын тағайындаған жүлдені алады. Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.


2.8 Білек сыңасу - бір қол белде, басқасы шыңтақ буынында бүгілген, үстел үстінде қарсыластын қолын алақанынан ұстап, вертикалды тұрған қалпынан, бұйрық бойынша қарсыластын қолын үстелге жатқызу керек.

Құралдар: қазақ үстелі, шыңтақ астына жастық, едеңге көрпе.


2.9 Қандық – сандық (тізеде тұрып күресу)


Кілем үстінде (матта) екі қарсылас тізеде тұр. Белгі бойынша олар бір-бірін иықтан ұстайды және едеңге құлатуға тырысады. Едеңді тигізген ойнаушы ұтылысқа ұшырайды. Ойын күшті дамытады.

Құралдары: маттар.

2.10 Қамал күзету - ойнаушылар санынан бір «күзетші» тандалады және ол ортада орналасады. Сол жерде сауыт (қамал) орналасады. Қалған ойнаушылар шамасы диаметрі 10м шеңбер бойынша тұрып, қамалды доппен лақтырып «атады», ал «күзетші» орнын ауыстырып отырып оны шабуылдан қорғайды. Қамалға тигізген «күзетшімен» бірге өз рөлдерімен ауысады.

Ойнаушылардың минималды саны – 1 қақпашы, 1 шабуылшы, максималды ойнаушылар саны – 1 қақпашы, 3 шабуылшы.


2.11 Жауынгерлі әтештер - жерде диаметрі 2м шеңбер сызылады және екі құрама саппен бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Капитандары тағайындалады, қайсылары шеңберге өзінің ойнаушысын жібереді. Әрқайсысы бір аяғын бүгеді, қолдарын арқасына қарай бүгіп қояды және белгі бойынша сайыс қатысушылары бір-бірін екінші аяққа тұрмауға тырысып иықпен және денесімен шеңберден итере бастайды. Қолдарын арқа жағынан алуға болмайды. Бүкілі әтештер рөлінде болғанша ойын жалғаса береді, капитандар ақырғы сайысады. Қай құрамада жеңіске жеткендер көп болса, сол жеңімпаз аталады. Егер екі ойнаушы (жұптағы) шеңбер сыртында болып қалса, онда сайыс тең деп аяқталады.

  1. Дене шынықтыру, спорт ойындары


3.1 Соқыртеке — ұлттық ойын. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойыншылар шеңбер құрып, дөңгелене турады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке — сол. Қалған ойыншылар соқыр текені қолымен түртіп қойып, одан айнала қашып журеді. Ал соқыр теке сол түрткен адамды ұстап алып, тануға тиісті. Егер ол устаган кісіні таныса, оның көзін байлап, соңы соқыр теке жасайды. Өйтпеген жағдайда соқыр теке ойыны apы қарай жалғаса береді.

Ойынға қатынасушылар жиылып, алқа-қотан тұрғаннан кейін, бір қыздың, не жігіттің көзін байлап, қолына бір метрдей жас шыбық беріп, ортаға шығарады. Ол:

Қараңғыда көзім жоқ,

Тиіп кетсе сөзім жоқ.
Қайда кеттің қалқа жан,
Жетектейтін өзің жоқ.
Қолға түскен құтылмас,

Қала бермек көзім боп,

— деп таяғын өзі болжаған тықыр, дыбыс естілген жаққа қарай соза береді. Айнала трған ойнаушылар қашып жүріп:

Соқыр — соқырақ,

Оң көзіңе топырақ.
Топырағын алайын,
Тотияйын салайын

Саған бір ем табайын,

—деп келіп, «Соқыр текеге» тиіп қашып жүреді. Осылай ойнап жүргенде «соқыр текенің» қолына түскен ойнаушы ұтылады да, екеуі орын ауыстырады.



3.2 Жастардың сүйіп ойнайтын ойындарының бірі — «Орамал тастау». Ол жазда, алаңда, көгалды шөптесін жерде ойналады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызық болады. Ойнаушыар тең екі топқа бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да: «қа» деп дауыстайды. Ол қағып «ғаз», дейді, болмаса «ла» дейді. Сонда «қағаз», «қала», т. б. сөздер шығады. Айтатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы «са» деп дауыстаса, «са-дақ», «са-қа», «са-бын»-, «са-қал», «са-рын» т. б. сияқты сөздер айтылуы керек.

Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай етіп айтуы керек. Егер ол екі буынға арналған сөздің алғашқы буынын тез, дұрыс тауып айта алмаса, онда ортаға шығып, өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі лақтырады.

Лақтырған кезде жаңағыдай сөздердің бірінші буынын айтуы керек. Жазаны жауап бере алмаған ойыншы да тартып, ортаға шығып өнер көрсетеді. Осылайша екі топтың ойыншылары орамалды бір-біріне лақтыра отырып ойынды жалғастыра береді.


3.3 Доп тебу — бұл ойын ашық күндерде жазық далада немесе спорт алаңдарында ойналады. Ойнаушылардың саны үштен жоғары бола береді. Қатынасушыла алаңға жиналып болған соң, жеребе-таяқ ұстасады, жеңгені допты қорғаушы болады. Ойнаушылар оны айнала қоршап тұрады. Қорушы ортадағы допты басқалардан қорғап, оны айналып жүреді. Ойынның тәртібі бойынша допты тек аяқпен қорғайды. Әрбір ойнаушы оны тебе қашуға тырысады.

Ал ойнаушылардың бірі допты тебуге ұмтылған кезде оған қорушының аяғы тиіп кетсе, ол қорғаушы болып қалады да, доп қорғаушы әлгі ойнаушының орнына шығады.

Егер ойнаушылардың бірі теуіп шеңберден шығып кетсе, қашқан доп қорушы қуып жетіп, оны ажыратып алғанға дейін басқа ойнаушылар кезек-кезек біріне-бірі теуіп тастағаннан кейін ойнаушылар бұрынғы орнына келіп жетуге тиіс. Осы кезде қорушы ойнаушылардың бірін доппен ұруға тырысады. Егер ол допты тигізе алса, қорушы болады. Доп тиген ойнаушы да оны ала сала қашып бара жатқан ойнаушылардың бірін шеңберге жеткенше ұрып үлгеруі керек. Егер оған да доп тисе, ол да басқа біреуді ұрып қалуға тырысады. Егер ешкімді ұра алмай калса, сол ойнаушы доп қорушы болып, ойын қайта басталады. Қорушы ешкімге допты тигізе алмаса, қашан біреуді ұрғанға дейін қорушы болып қала береді. Ойын ұзаққа созылмас үшін мерзімді уақыт белгілеп, кезекпе-кезек орын ауыстырып отыруға да болады.



3.4 Ат үстіндегі тартыс - ойынын жүргізу үшін 20— 30 шаршы метр алаң әзірленеді. Осы әзірленген алаң ортасына ойынға қатынасушы 3 — 5 жаяу мен бір атты шығады. Жаяу ойыншылардың мақсаты — аттыны жаяулату. Атты жаяулардан қашады. Ойынның шарты бойынша, жаяулардан қашқан аттының белгіленген алаңның сыртына шығып кетуіне болмайды. Ойын жүргізуші жаяуларға аттының атына тиіспей, өзін аударып тастау үшін 10—15 минут уақыт белгілейді. Осы уақыт ішінде аттыны құлата алмаса, жаяулардың келесі тобы шығады.


3.5 Асық тігіп ойнау - бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс жерді таңдап алады да оны тазартып, ортадан төрт бұрышты сызық сызады. Сол төрт бұрышты ортасынан тең етіп екіге бөледі. Әр жағының қашықтығы балалардың жас мөлшеріне қарай белгіленеді. Сонда 1—1,20 см немесе 1,5 метрге дейін болады. Мұны «көн» деп атайды. Сонда ойнаушылардың өзара келісімі бойынша көннен 4—5 м. не одан да көп мөлшерде асық ататын орын белгіленеді. Оны сызықпен белгілейді. Ойыншылар осы жерден тұрып көндегі асықты ататын болады. Ойынды кім бірінші болып бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды. Сақасы алшы түскен ойыншы бірінші болып ату кезегін алады.

Ойыншы асыққа дәл тигізіп, оны көнбе сызығынан шығарса, оны алады да, сақасы түскен жерден қайта атады. Сөйтіп көннен шығарғандарын ала береді. Егер оның сақасы көндегі асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады. Ал тігілген асықтарды бұзып, бірақ көннен шығара алмаса, қалған ойыншылар асықтарды сол жатқан қалыбында атып, көннен шығарып алуға тиіс. Ойын көндегі асықтар бойынша біткенше ойнала береді. Көндегі асық біткен соң, ойынға қатынасушылар бір-бірден көнге қайта асық тігіп, ойын қайта басталып, жалғаса береді.


3.6 Үш орындық -  ойыны клубтарда, коридорларда, кең бөлмеде, спорт залдарында өтеді. Ол үшін ортаға үш орындық қойылады. Ойынға қатынасушылардың санына байланысты орындықтың көбейе түсуі мүмкін. Ойын басқарушының берген белгісі бойынша ойыншылар ортада тұрған орындықтарды айнала жүгіреді. Ойын қыза бастағанда басқарушы отырыңдар деген белгі береді. Сол кезде ойыншылар орындықтарға отырыса қалады. Ал орындыққа отырып үлгере алмағандар, ойыннан шығады. Енді орындықтың бірі алынып қойылады да, ойыншылар қалған орындықты айнала жүгіреді. Ойын бір орындық пен екі ойыншы қалғанға дейін, олардың бірі жеңіп шыққанға дейін жүргізіле береді. Сонан соң ойын қайта басталады да, артынан жеңімпаздар арасында өзара тартыс басталады. Жеңіп шыққан ойыншы ең жылдам ойыншы деп аталады.

3.7 Жамбы ату - жамбы ату немесе нысанаға садақпен ату бұл Қазақстанда революцияға дейін ең тараған спорт түрі. Қазақтардың арасында көптеген мықты мергендер болды, өйткені нағыз жігітке іскерлік, күш және батылдық сапаларымен қатар дәлме-дәл тигізушілік ажырамайтын бөлігі боп саналатын. Жерде тұрып ату, ат үстінде отырып ату және атпен шауып келе жатқанда садақпен атудың бірнеше варианттары бар. Ақырғы уақытта жерде ату ең тараған болатын. Атудың нысанасы жамбы (күміс дөңгелек) қызмет ететін, қайсысын жұқа жіппен (аттын жалынан) үлкен бағананың кермесіне іліп қоятын. Нысанаға сирек мергендер ғана тигізетін. Жіпке көздеу ең рационалды болып саналатын. Ілініп тұрған дөңгелекті жерге құлату үшін жіпке дәлме-дәл атумен тигізу керек болатын. Қазіргі уақытта садақпен ату жарыстары Республикамыздың мемлекеттік спорткомитетімен бекітілген ережелер бойынша өткізеді. Олар (садақтан атудан көрі) нысанаға найзаны лақтырумен ат шабысты жөн көреді.


3.8 Күміс алу - жігіттерге арналған спорт түрі. Салт атты жігіт жылқының толық жылдам шабысы уақытында жерде, орамалдарға түйіліп жатқан тиындарды бірінен соң оң жаққа және сол жаққа шапшаң еңкейіп көтеріп алады. Әрбір сәтсіз мүмкіндік үшін айып уақыты беріледі. Кім бір шабыстан ең көп орамалдар саның жинап алса, сол жеңімпаз атанады.





4 Сыныптан тыс шаралар

4.1 Қазақтың ұлттық ойындары - халықтың мәдени мұрасы.


«Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен»

Мақсаты:
1.Білімділік:
Ол ойындар жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын көңілді өткізуіне, денсаулықтарын шыңдай түсуіне септігін тигізумен қатар, олардың халқымыздың әдет-ғұрыптарын, салт-санасын біліп өсерлеріне, тілін дамытуға да жәрдемдеседі.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, мергендікке, ептілікке, жылдамдыққа әдептілікке тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, таным қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: Кітап көрмесі, нақыл сөздер, интерактивті тақта.

Барысы:
1. Ұйымдастыру:
- оқушыларды топтарға бөлу
- топ басшысын сайлау
2. Негізгі бөлім.
- мұғалімнің кіріспе сөзі
5 –сынып оқушылары арасында «Қазақтың ұлттық ойындары - халқымыздың мәдени асыл мұрасы» тақырыбында сайыс өткізілгелі отырмыз.
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына 8-ші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен - ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой, ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегін айтпаса керек.
Ұлт ойындары - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.

Қазақтың ұлттық ойындары: Бес тас, Алтыбақан, Тоғызқұмалақ, Теңге алу, Қыз қуу, Аударыспақ, Жамбы ату, Асық ойнау, Қол күрес, Ақсүйек т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.
Бүгінгі өткізілгелі отырған сайысымыздың турларымен таныс болыңыздар.
1. Таныстыру (әр топ өздерінің атымен және топ мүшелерін
таныстыру)
2. Жамбы ату.
3. Аударыспақ
4. Ұшты-ұшты
5. Теңге алу
6. Асық ойыны
7. Білектесу (қол күрес)
8. Мыршым-мыршым
Манашыұлы Тұяқпай жырында:
Балалармен ойнайды
Ойнап жүріп ол бала
Кеудеге ақыл ойлайды» - деп түйіндейді.
Сайысқа қатысқалы отырған 4 топты ортаға шақырамыз.Бүгінгі өткелі отырған сайысымызды әділ бағалау үшін әділ қазы: / /
1. «Тұлпар» тобы (өздерін таныстырады)
2. «Қыран тобы» (өздерін таныстырады)

3. «Жұлдыз» тобы (өздерін таныстырады)
4. «Қыздарики» тобы (өздерін таныстырады)
Сайысымыздың 2- ші туры «Жамбы ату»
Бұл сайыс мергендер сайысы. Үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Жамбыны атып түсірген адам жүлдеге ие болады.Үлкен тойларда жаяу немесе ат үстінен сырық басындағы теңгені атып түсіру.Ойыншы садақ жебесін нысанаға әрі тез дәл тигізу керек.Біздің ойыншыларымыз ілулі тұрған теңгені көздеп атады.Жебесі дәл тиген жағдайда ұпайға ие болады.
Жүргізуші: Келесі турымыз «Аударыспақ» деп аталады. Өте көне дәуірден келе жатқан қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. «Аударыспақ» ол –қазақ халқының арасында кеңінен тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады.
Екі топтан 4 оқушы шығып осы аударыспақ ойынын көрсетеді. Қай топ жеңсе сол топқа ұпай қосылады.
Жүргізуші: Сайысымыздың келесі 4-туры «Ұшты-ұшты» ойыны. Бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ал біздің ойыншыларымыз жаңылыспай ұшатын ғана затқа қол көтерген жағдайда ұпайға ие болады.
1-топқа Ұшты-ұшты – тарғақ ұшты
Ұшты-ұшты – жарғақ ұшты
Ұшты-ұшты – үкі ұшты
Ұшты-ұшты – түлкі ұшты
2- топқа.Ұшты-ұшты –бүйрек ұшты
Ұшты-ұшты –үйрек ұшты
Ұшты-ұшты – кекілік ұшты
Ұшты-ұшты – кекілің ұшты
3-топқа. Ұшты-ұшты – іркіт ұшты
Ұшты-ұшты – бүркіт ұшты
Ұшты-ұшты – ебелек ұшты
Ұшты-ұшты – көбелек ұшты
4-топқа. Ұшты-ұшты – қызғыш ұшты
Ұшты-ұшты – сызғыш ұшты
Ұшты-ұшты – тырна ұшты
Ұшты-ұшты – тырма ұшты
Ойынымыздың келесі туры «Теңге алу», «теңге ілу»
Ертеден келе жатқан қазақтың ұлттық ойындарымыздың бірі – «Теңге ілу».Теңге ілу де ат спортына жататын ойынның бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі.Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үшін үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені талап етеді.Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Ертеде үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған. Сондай кішірек затты ат үстінен еңкейіп көтеріп әкететін адам жеңімпаз атанады.
Енді біздің сайыскерлеріміз шеңбер ішінде тұрған теңгені бір оқушы, бір оқушыны арқалау арқылы тез жүгіріп барып, шапшаңдықпен ептілікпен алулары керек. Екі топтан оқушы ортаға шығады.

«Теңге алу» жүргізуші ортаға бос бөтелке қойып, бөтелкенің аузына ақша тығып қояды. Шығатын адам бөтелкеден он адымдай қашықтықта тұрып, ұзындығы 50-70 см таяқтың бір ұшын жерге тіреп, екінші ұшына маңдайын қойып, сол тұрған орнында басын алмай он рет айналып болып, бойын ұстап шайқалмай, теңселмей барып бөтелкенің аузындағы ақшаны алуы керек. Егер орта жолда тәлтіректеп кетсе, ойыннан шығады әрі айып төлейді. Айып мөлшері бөтелкенің аузында тұған ақшаның мөлшерінен кем болмауы керек. Келесі адам шыққанда да сөйтеді. Ойындар арасында би биленеді, күй тартылады, ән айтылады. Үздік өнер көрсеткендер сый-сыяпат алады. Тойдың қызықты өтуіне үлкен демей, кіші демей барлық қонақ ат салысады.
Жүргізуші:Сайысымыздың келесі 6-туры «Асық ойыны». Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына , шаруашылық мүмкіндіктеріне байланысты қалыптасады.Асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арғыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке , ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді.Бұл ойынның шарты бір топ бала, жиналып келіп, тегіс жерге төрт бұрышты сызық сызады.Сол төрт бұрышты ортасынан тең екіге бөледі. 1х1, 5м. Мөлшерде. Асық ататын орын белгілейді.
Ойыншы асықты дәл тигізіп сызықтан шығарса, оны алады да, сақа түскен жерден қайта атады. Егер оның сақасы асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады.
Ал енді сайыскерлерімізбен асық ату ойынын бастаймыз. Оқушыларымызға ойынның шарты түсінікті болды. Әр топ қанша асық атып алса, сонша ұпайға ие болады.
Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Білектесу» деп аталады. Бұл ойын күш сынасу үшін ойналады. Бір столдың шетіне қарама-қарсы отырған екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды.Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстасып алған екі палуан, ойын бастаушы белгі берісімен, шынтақтарын сол орынынан қозғамай, қарсысындағы палуанның тіреулі қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады. Білегі тайып жантайған палуан жеңіледі. Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі.
Ойынды әрі қарай жалғастыру үшін төрт топты ортаға шақырайық.Екі топтан бір-бір ойыншыдан шығып күш сынасады. Барлық ойыншы түгел қатысады.
Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы туры «Мыршым-мыршым».
«мыршым-мыршым» ойыны өте ертеден қалыптасып келе жатқан, көбінесе ойын-сауық кештерде ойналатын ойын.Ойыншылар қаншалықты көп болса, ойын соншалықты қызықты болады. Ойынға қатысушылардың жас мөлшеріне қарамай қатыса беруге болады. Ойын жүргізуші ойыншыларды жайғасып отырғаннан кейін бір ойыншыны шығарады.Отырған ойыншылардың біреуінің аузына тиын салынады. Қалған ойыншылардың ауыздарында еш нәрсе жоқ.Ойын жүргізуші айтқан Мырым-мырым деген сөзді қайталайды. Ойыншының аузында тиын бар екенін табу керек. Бұл ойынның негізгі мақсаты оқушыларды байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Оқушыларымыз осы ойынды ойнау үшін ортаға 1-ші топты шақырамыз.Біздің ойыншыларымыз ауыздарына 2 түйір конфет салып алып мырым-мырым деп айтып отырады.Келесі топтан бір оқушы шығып қай оқушының аузында конфет бар екенін табуы керек. Тауып алса ұпай алады. топ кезекпен ойынға шығады

Осы өткізіліп отырған сайысымыздың бағасын беру үшін әділқазы алқасына сөз береміз.
Мәңгі толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы
Бүгінгі өткізіп отырған «Қазақтың ұлттық ойындары - халқымыздың мәдени асыл мұрасы» атты сайысымызды аяқтаймыз.


4.2 Сайыстың тақырыбы: « Ұлттық ойындар


Мақсаттары: Оқушыларды ұлттық ойындармен таныстыру.

Бойындарына сіңіріп, оны жалғастырушы болып өсуге,

Бірлікке,достыққа тәрбиелеу.

Ұлттық ойындарды жан-жақты дамыту.

Өтетін орны: Спортзал.

Көрнекілігі : плакатқа жазылған нақыл сөздер,кеуде белгілері.

Керекті құралдар: Қамшы,орамал,садақ,орамалға түйілген сыйлықтар,

Аттың басы бейнеленген тірек, арқан.


Музыкалық сүйемел: Күй «Саржайлау».Құрманғазының»Серпер»күйі ойнап тұрады.


Сайыстың барысы:

I. Ұйымдастыру.

II.Жүргізушінің кіріспе сөзі: Құрметті балалар,ұстаздар!

Бүгін біз «Ұлттық ойындар» атты сайысты тамашалауға

Және сайысуға келіп отырмыз.Наурыз ұлттық дәстүр мен

Салтқа толы.Ұлттық мейрам болғаннан кейін ол әртүрлі

Сайыстармен қызықты.Бұл сайыстың ерекшелігі ұлдар ғана

Емес қыз балалар да қатысады.Сайысушыларға спорттық

Көңіл күй мен шаттық тілейміз.


Келесі құттықтау сөз мектеп директоры орынбасары

Беріледі.

Шашу шашылады.-------


III.Қазылар алқасын таныстыру:

1.Рустембеков 8-сынып оқушысы.

2.Мауль Н.И шетел тілінің мұғалімі.

3.Жаканова Г.К қазақ тілінің мұғалімі.


IV.Сайысқа қатысушыларды қарсалу.(Әуен ойнатылады.)


Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз 8 кезеңнен тұрады:

1-кезең----«Сәлемдесу» «Приветствие»

2-кезең----«Қыз қуу» «Догони девушку»

3-кезең----«Аударыспақ» «Перевертыши»

4-кезең----«Теңге ілу» «Меткий стрелок»

5-кезең----«Қораздар сайысы» «Бой петухов»

6-кезең----«Бұғалық салу» «Обуздать коня»

7-кезең----«Арқан тарту» «Перетягивание каната»

8-кезең----«Жұлдызды сәт» (жеңімпаздарды анықтау).»звездный час»

(награждение победителей)

Жүргізуші: Ал, енді сайысымызды бастайық.



1-кезең---«Сәлемдесу» (әр топ өздерінің аттарын,кеуде белгісін атап сәлемдеседі).


1.»Сұңқар» тобы 5 а сыныбы

2 «Тұлпар» тобы 5б сыныбы

3 «Қайрат» тобы 5ә сыныбы

4 «Қыран» тобы 6 а сыныбы

5 «Бүркіт» тобы 6 б сыныбы

6 «Мерген» тобы 7 а сыныбы

7 «Лашын» тобы 7 б сыныбы.


2-кезең «Қыз қуу» ( әр топтан екі сайыскер қатысады.1-ші топтан ұл мен қыз бала,

2-ші топтан екі ұл бала.2-ші топ 1-ші топқа жетіп алса,мойнына

Орамал тағады.Жете алмаса 1-ші топтағы қыз бала қамшымен ұрады

Женген топ сайысқа 3-ші топпен шығады.

3-кезең «Аударыспақ» (әр топтан екі ұл баладан қатысады,бір бірімен арқаласып

Шеңберден бір бірін тартып шығару керек.Жеңген топ келесі

Жеңген топпен сайысқа шығады.)

4-кезең «Теңге ілу» (әр топтан екі сайыскер қатысады.Орамалға түйілген сыйлықты

Садақпен ату керек.Балаларға тартымды болу үшін,ойынды

Дұрыс әділ бағалау мақсатында әр сыйлықтар шардың астында.

Шарға тигізгенде,сыйлыққа ие болады.

5-кезең « Қораздар сайысы»(әр топтан бір қатысушыдан.Шеңбердің ішінде бір аяқтап

Тұрып иықтарымен бір бірін шеңберден шығаруға тырысады,

Шеңберден шыққан топ жеңіледі).

6-кезең «Бұғалық салу» (әр топтан бір қатысушыдан шығып межеге

(аттың басы бейнеленген)тірекке арқанды салу.

Бұл ептілікті және уақытты дұрыс пайдалана білуді талап

Ететін ойын.

7-кезең «Арқан тарту» (әр топтан бес қатысушы қатысады.Екі жақта тұрып

Тартысады.Қарамақарсы топты өз жағына қарай тартып

Алған топ жеңімпаз болып шығады.)

8-кезең «Жұлдызды сәт» (жеңімпаздарды анықтау )Қазылар алқасы ұпайлар саны

Мен алынған орындарды есептегенше,балаларға демалу-

Релаксациясын өткізу.

Ж үргізуші: Біз ендігі сөзді қазылар алқасына береміз:

5-сыныптар арасында:

1 орын «Сұңқар тобы» ----82 ұпай

2 орын «Қайрат тобы»----74 ұпай

3 орын «Тұлпар тобы» ----65 ұпай

6- сыныптар арасында:

1 орын «Бүркіт тобы»-----82 ұпай

2 орын «Қыран тобы»-----79 ұпай

7-сыныптар арасында:

1 орын «Лашын тобы»----85 ұпай

2 орын «Мерген тобы»---72 ұпай


Жүргізуші: Міне бүгінгі «Ұлттық ойындар» атты сайысымыз аяқталды.

Сайысты қорытындай келіп,бұлай өткізілген сайыс түрлері

Ұлтжандылыққа,жолдастыққа тәрбиелей отырып ұжымдық

Бірлестікке баулиды деп сенеміз .



4.2 Халқын сүйген салтын сүйер 7 класс

Мақсаты: білімділік-қазақ халқының салт-дәстүрі,әдет-ғұрпы,жөн-жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру,оқушы бойында әдептілік және алғырлық,адами қасиеттерін қалыптастыру,жаман мен жақсыны ажырата білуге,аталы сөзден ғибрат алуға баулу және ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту;

тәрбиелік-көрініс арқылы өнеге мен тәрбиені неден алу керектігін үйрету;

дамытушылық-тәлімдік мәнін жоймаған салт-дәстүрімізді бүгінгі пікірі мен талғамы жоғары оқушылардың кәдесіне жарату,ұлттық дәстүр арқылы оқушыларды ізгілік пен парасаттылыққа баулу.

Көрнекілігі: электрондық оқулық(салт-дәстүр,әдет-ғұрпына байланысты видео, “Сөз асылын іздесең”Абай-слайд шоу)

Барысы.

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар мектебімізде “Сөз асылын іздесең”атты қазақ тілінің онкүндігі өтіп жатыр.Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 165 жыл толды.Олай болса, балалар төменгі сыныптан Абай туралы не білдіңдер?Абайдың “Қыс” өлеңі оқылады. Абайдың видео материалы көрсетіледі.

Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз,қазақ халқын танытамыз,Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс”

Н.Назарбаев

Елбасымыз айтқандай,Абай арқылы біз қазақ халқының әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін әлемге таныттық.Яғни қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы -өзінің ісін,өмірін жалғастыратын салауатты,саналы ұрпақ тәрбиелеу.Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің,тәлім-тәрбиелік,білім-танымдық рөлі орасан зор. “Жер астында жатқанды қазбай қарап тіл табар”деп саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз салт-дәстүрімізді,әдет-ғұрпымызды ұлттық құндылықтарымыз-

дың асыл қоймасы деп сақтады.

Тақтадан видео материал көрсетіледі “Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары”дыбыс пен көріністі оқушылар көреді және естиді.

Біздің бүгінгі сыныптан тыс жұмысымыздың тақырыбы-“Халқын сүйген салтын сүйер”. Қазақ ұлтының асыл дәстүрлерінің бір тармағы тұсау кесер тойын тамашалайық.

Олай болса, Шыңғыс ақсақалдың ауылында өтіп жатқан тұсау кесер тойға хош келдіңіздер,ағайын!.

Көрініс(ақсақал,әже,бала,қызы шығып жайғасып отырады.Ортаға үш жігіт шығады).

Біреуі: Жігіттер,жігіттер, бүгін Шыңғыс ақсақалдың ауылында немересінің тұсау кесер тойын жасап жатыр екен. Ендеше ақсақалға сәлем бере кіріп, “Той құтты болсын!”деп айтайық.

-Иә,айтқаның жөн болдығой...

-Ассалаумағалейкум!

-Уағалейкумассалам

-Атеке,мал-жан,бала-шағаңыз түгел аманба?

-Шүкір, аллаға аман...

-Атеке,той құтты болсын,немереңіздің тұсауы берік болсын.

-Сіздің қолыңызды алып,әжемізге құттыболсын айтайық дегеніміз го...

-Рахмет,айналайындар,өркенің өссін!

-Әй, жігіттер, құр қол кетпекшісіңдерме тойға деген шашуларың қайда?

-Апа,тойдың шашуы ретінде халық әні Үкілімайды орындап берейік.

-Әп бәрекелді!

-Ән Үкілімай

-Ата тойға бата беріңіз! Мен жайлаудағы малды айдап келейін,-дейді баласы

-Иә, балам,бата беріп бізде тұрайық!тұсау кесер рәсімін жасауды апалары жалғастырсын.(ақсақалдың батасы тыңдалады)

Қыз-қырқыңды шалқытып,

Шаттықтың иісін аңқытып

Бақытқа бөле,балалр

Күйіне буын балқытып

Береке берсін бір Алла!

Бірлікте болсын бастарың,

Заманың барда билей бер,

Өшпелі ғұмыр қас-қағым

Алапат күннен анам қып,

Ашық та болғай аспаның!

Ал, немереміз

Алланың сүйікті құлы болсын!

Халқының қадір тұтар ұлы болсын!

Ақындардың жырлайтын жыры болсын,

Аспанымыздың күндей нұры болсын!

Әуми!

Тұсау кесер рәсімі көрсетіледі.Тұсаукесерге қысқаша сипаттама беріледі.

Балаға қатысты рәсімнің бірі-тұсаукесер. Бұл-бала жүре бастағанда жасалынаьын ырым...Тұсау кесуге адам таңдайды,оның бойындағы жақсы қасиеттер балаға дарысын деген ниет болады...Тұсауды ала жіппен кеседі Ол біреудің ала жібін аттамасы,ұрлық жасамасын,өтірік айтпасын деген ниетке негізделеді.Тоқ ішекпен,көк шөппен аяғын шалады.Ол-қарны тоқ,көк шөптей жайқалып өссін,жасы ұзақ болсын деген ұғым.Ауылдың желаяқ жүйріктерінің бірі кесіп,екі қолынан ұстап біраз жерге дейін жетектеп жүреді.Содан соң тұсауы кесілген баланың мойнындағы қалтаға толтыра салынған әр түрлі тәттілер мен күміс ақшаны таласа-тармаса бөліп алады.

-Ал енді осылай бос қарап тұра беремізбе? Баламыздың тұсауын кімге кестіреміз?

-Біреу:Ауылдың желаяқ жүйріктерінің бірі Заринаға кестірейік.

Тұсау кесуші “Ботақаным,біредің ала жібін аттама,бүлінгеннен бүлдіргі алма,келешегіне ақ жол тілеймін!”-деп сәбидің тұсауын кеседі.

Қаз-қаз балам,қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін

Қаз-қаз балам,қаз балам

Тақымыңды жаз,балам

Қадамыңды қарайық,

Басқаныңды санайық

Қаз-қаз балам,жүре ғой,

Балтырыңды түре ғой

Тай-құлын боп шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой

Қаз баса ғой,қарағым,

Құтты болсын қадамың

Өмірге аяқ баса бер

Асулардан аса бер

Жүгіре қойшы,құлыным,

Желбіресін тұлымың

Елгезек бол,ерінбе,

Ілгері бас,шегінбе.

Би Қара жорға

Қорытынды: Құрметті оқушылар!Өзге халықтар сияқты қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі бар.Аға буын өз бойындағы ізеттілік,қайырымдылық,кішіпейілділік,

әдептілік,елін-жерін,отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас

ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп,қаны мен жанына сіңіріп келеді.Бүгінгі сыныптан тыс жұмысымыздан осы қасиеттерді өз бойларыңа сіңіре біліңдер.



5 Сабақ жоспары

5.1 Ұлттық ойындар» сайыс сабағы.

Мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдерін

толықтыру,жүйелеу.

Дамытушылық:Өткен сбақтардағы алған білім деңгейін байқауға,тез ойлауға есте сақтауға,өз ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру.Қазақ халқының салт-дәстүрін,әдет ғұрпын сақтауға,қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау.

Сабақтың әдісі: жарыс

Көрнекілігі: үнтаспа,ұпайлық қызыл дөңгелектер,техниалық құралдар,т.б.

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Жаңа сабақ бойынша жұмыс

Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1.“Аударыспақ”(тест сұрақтарына жауап)

2.“Көкпар”(ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру)

3.“Алтыбақан” (әндер орындау)

4.“Бәйге” (сұрақтарға тез жауап беру)

5.“Арқан тартыс” (ойналған күйлерді табу)

Біздер өз білімдерімізбен жарысамыз.

1)Топқа бөлу.

2)Топ басшысын сайлау.

3)Әділ қазы сайлау.

І-кезең “Аударыспақ”

Бұл кезеңде экрандағы тест сұрақтарына сайыскерлер жауап береді.Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай.

І топ.

1.“Ағаш аяқ”,“Айтпай”,“Жамбас сипар”,“Жиырма бес”,“Қанатталды” т.б. әндердің авторы.

а)Ғ.Құрманғалиев

б)Е.Беркімбайұлы

с)Ж.Елебеков

д)М.Мералыұлы

2.“Серпер”,“Сарыарқа”,“Адай”,“Балбырауын”,“Ақбай”,“Көбік шашқан”, “Кісен ашқан” күйлерінің авторын ата.

а)Сүгір

б)Тәттімбет

с)Абыл

д)Құрманғазы

3.“Сары өзен”,“Терісқақпай”,“Тепең көк”,“Сылқылдақ”,“Былқылдақ”, “Саржайлау”күйлерінің авторы.

а)Ықылас

б)Құрманғазы

с)Тәттімбет

д)Дина

4.“Ақжелең”,“Домалатпай”,“Бөгелек”,“Құс қайтару”,“Күй басы” күйлерінің авторы.

а)Қазанғап

б)Ықылас

с)Абыл

д)Төлеген

5“Боз інгеннің бүлкілі”,“Қосбасар”,“Салтанат”,“Ел жаңа”,“Өрлеу”,т.б. күйлерінің авторы.

а)Ықылас

б)Төлеген

с)Дәулеткерей

д)Тәттімбет

II топ.

1.“Ақ жайық”,“Сүйген жар”,“Нұржамал”,“Жан еркем”, “Аққу”, т.б.әндерінің авторын тап.

а)Ж.Елебеков

б)Жаяу Мұса

с)Біржан сал

д)Ғ.Құрманғалиев

2.“Байжұма”,“Бұлбұл”,“Қыз Ақжелең”,“Құдаша Көрұғлы”күйлерінің авторы.

а) Дина

б)Сүгір

с)Дәуеткерей

д)Қазанғап

3.“Аққу”,“Ерден”,“Бозторғай”,“Шақыру”,“Қасқыр”,“Асанқайғы” күйлерінің авторы.

а)Ықылас

в)Тәттімбет

с)Құрманғазы

д)Абыл

4.“Бұлбұл”,“Әсем қоңыр”,“Науысқы”,“Той бастар”,“Сегізінші март” күйлерінің авторы.

а)Сүгір

в)Дина

с)Қазанғап

д)Дәулеткерей

5.“Телқоңыр”,“Кертолғау”,“Қосбасар”,“Аққу”,“Шалқыма”күйлерінің авторы.

а)Ықылас

в)Қазанғап

с)Тәттімбет

д)Сүгір

ІІ – кезең. “Көкпар”

Кезек-кезекпен сайыскерлер топшаманы таңдап,сұрақтарға жауап береді.

Әр сұраққа тақта бетіндегі ұяшықтардағы сандармен ұпай саны есептеледі.

Бұнда 6 оқушы қалады.(Еуропа халықтарының музыкасы)

40


30


20


10


40


30


20


10


40


30


20


10


40


30


20


10


І топ.

40. Орыс музыкалық аспаптарын ата:(гусли,барабан,балалайка,баян,жалейка)

30.Украин халықтарының музыкалық аспаптары: (кобза,бандура,скрипка,

волынка,арфа)

20.“казачок”,“гопок”,“коломыйка”,“туцулка”,“архан” билері қай елдің биіне жатады? (украина)

10.Скоморох деген кім? (Сайқымазақтар)
40.Поляк халқының халық музыкалық аспаптарын ата:(генсле,марина,лигава,

дуда,бубендер )

30.Неміс халықтарының музыкалық аспаптары:(скрипка,арфа,виола,фидель,

лира)

20.Ходзон,мазурка,куявяк,оберек,краковяк қай елдің билері?(поляк)

10.Қай елдің әлеуметтік – тұрмыстық өмірінде халық әндерінің орны ерекше?

(Орыс)

ІІ топ.

40.Француз халқының халық музыкалық аспаптарын ата?

30.Испан халқының музыкалық аспаптары: (арфа,флейта,трубалар,бубен,

барабан,гитара)

20.Жига,бурре,паспье,ригадон қай елдің биіне жатады? (француз)

10.“Веснянка”қай халықтың әні? (украин)

40.Белорус музыкалық аспаптарын ата?(цимбал,баян,гармоника,дудка,жайка)

30.Итальн музыкалық аспабын ата:(флейта,труба,гобой,лютин,скрипка)

20.Шіркеулік музыка қайелдің музыка мәдениетінің бөлігі боп саналады?

(француз)

10.Қай халықтың ән жанры халықтық салт-дәстүріне,егін шаруашылығына,

Жыл мезгілдеріне байланысты? (белорус)

ІІІ – кезең. “Алтыбақан”

Топ басшысының таңдауы бойынша алған өлеңдерін хормен орындау.

ІV – кезең: “Бәйге жарыс”

Бұл кезеңде ең көп жинаған оқушылар 1 минут ішінде сұрақтарға тез жауап беру қажет.Әр дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріледі.

І топ.

1.Альтерация белгілерін ата? (диез,бемоль,бекарь)

2.Жарты нота нешеге саналады? (1ге2ге)

3.Апликатура дегеніміз не?

4.Дирижерлік ету тәсілдерінің негізгі неше түрі бар? (3еу)

5.Музыкада неше дыбыс бар? (7)

6.Әрбір әуен – саздағы қайталанып келіп тұратын әлді үлестер метрлік бөлшекті не дейміз? (такт)

7.Шертпе күй дегеніміз не? (Сұқ саусақпен іліп ойналады)

8.Он алтылық нота нешеге саналады? (1)

9.Қобыздың атасы кім? (Қорқыт)

10.“Ләйлім шырақ” әнінің авторы? (Біржан сал)

11.Төкпе күй қалай орындалады? (саусақтар түгел бүгілу арқылы)

ІІ топ.

1.Аспаптық музыка деген не?

2.Бүтін нота нешеге саналады? (1ге,2ге,3ке,4ке)

3.Бағдарлы мазмұны бар көркемдігі жоғары аспаптық жанр не деп аталады?

(күй)

4.Такт ішіндегі үлестер санын жазып,белгілеуді не дейміз? (өлшем)

5.Акцент сөзі латыннан аударғанда не деген мағына береді?(бөлу,даралау)

6. Әр түрлі ұзақтықтағы дыбыстардың белгілі бір мезгілде ауысып келуін не

дейміз? (ырғақ)

7.Домбырада неше шек бар? (екеу)

8.Сарамен айтысқан ақын? (Біржан)

9.Сегіздік нота нешеге саналады? (1ге)

10.Тұрақты екпінмен өлшемде,оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалатын

күйді не дейміз? (төкпе күй)

11.“Домбырасыз сән қайда”әнінің авторы? (И.Нүсіпбаев)

V кезең.“Арқан тартыс”

Бұл кезеңде топпен қатысады, бұрын сабақта тыңдалған күйлер орындалады, күйдің атын авторын атау.

Сабақты қорыту.

-Балалар бүгінгі сабақта не көріп білдіңіздер,не естеріңде қалды?

(балалардың ойын тыңдау)

Жеңімпаз оқушылар анықталғаннан кейін сайыскерлерге мақтау

қағаздар мен сыйлықтар табыс етіледі.





















Қорытынды


Қазақтың ұлттық ырықты ойындарының барлық байлығының және оларды қолдануының ғасырлық дәстүрлердің, сонымен қатар ерекше бағалы ұлттық ырықты ойындардың қазіргі замандағы дене шынықтыру - спорттық жұмысын еңгізуінің ғылыми жазылуы және терең оқытуы керек. Ұлттық ойындар әр түрлі тарихи кезеңдерде халық тұрмысының және мәдениетінің нақты және объективті көрінісі болып келеді.

Ұлттық ырықты ойындары дене тәрбиесінің құралы ретінде кең қолданады. Ұлттық ойынның тарихи қалыптасқан компоненттері (мазмұны, түрі және әдістемелік ерекшеліктері) оны дене тәрбиесінің эффективті құралдарының бірі сапасында қолдануға рұқсат береді.

Бұл мұраны дұрыс қолдануы адамдардың қазіргі заманда өміріндегі өсіп келе жатқан ұрпақтардың, жастардың денелік және рухани тәрбиесін қолдайды және белсенді өмір жағдайларын қалыптастырады.




































Әдебиеттер


1 Бородихин В. А. Биосоциальная реабилитация учащихся и студентов средствами физического воспитания и спорта. – Павлодар, 2001. –­ 210 б.

2 Былеева Л. В., Григорьев В. М. Игры народов СССР. – М., 1985. –­ 71 б.

3 Былеева Л. В., Коротков И. М. Подвижные игры. – М., 1982. –­ 127 б.

4 Валеология. Физическое воспитание. Спорт. Ежемесячный педагогический журнал. – 2004. – № 2. –­ 35 б.

5 Валеология. Физическое воспитание. Спорт. Ежемесячный педагогический журнал. – 2004. – № 9. –­ 42 б.

6 Воспитание школьника. Республиканский научно-методический журнал. – 2005. – № 3. ­– 32 б.

7 Горанько М. А. Организация и методика проведения урока по физическому воспитанию. Алматы, 1994. ­– 121 б.

8 Төтенаев А. Г. Қазақтың ұлттық ырықты және спорттық ойындары. – Алматы, 1995. ­– 83 б.

9 Кедрина Т. Я., Гелазония П. И. Большая книга игр и развлечений для детей и родителей. – М. : Педагогика-пресс, 1992. – ­ 68 б.

10 Клещев Ю. Н. Спортивные игры : учебное пособие для ВУЗов. – М. : Высшая школа, 1980. –­ 142 б.

11 Клещев Ю. Н. Игры народов СССР. – М., 1989. ­– 75 б.

12 Коротков И. М. Подвижные игры во дворе. – М. : Знание, 1987. –­ 97 б.

13 Қозыбаева М. К., Левшин А. И. Описание казахско-киргизских орд и степей. – Алматы : «Санат», 1996. –­ 153 б.

14 Ляха В. И. Физическое воспитание учащихся. – М., 2001. –­ 98 б.

15 Наурыз : жаңарған сал-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар. – Алматы : РИК, 1996. –­ 40 б.

16 Подвижные игры : учебное пособие для инвалидов. – М. : Физическая культура и спорт, 1974. –­ 208 б.

17 Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрып. – Алматы : РИК, 1996. –­ 40 б.

18 Спорттық Қазақстан. – Алматы : Қазақстан, 1969. –­ 260 б.

19 Харабуги Л. М. Теория и методика физического воспитания. – М., 1991. –­ 158 б.





















Мазмұны


Кіріспе.......................................................................................................1

  1. Ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындар..............................................2

  2. Жануарлар дүниесіне, аңшылыққа байланысты ойындар................................................. 11

  3. Дене шынықтыру, спорт ойындары..................................................................17

  4. Сыныптан тыс шаралар «Ұлттық ойындар» тақырыбына..........18

  5. Сабақ жоспары ............................................................................29

Қорытынды.............................................................................................35

Әдебиеттер.............................................................................................36


31




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ЛТТЫ? ОЙЫНДАРДЫ? К?МЕГІМЕН О?УШЫЛАРДЫ? БЕЛСЕНДІ ?МІРІН ?АЛЫПТАСТЫРУ

Автор: Мер?алымова ?алия Сайлаубек?ызы

Дата: 19.10.2015

Номер свидетельства: 241341


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства