1) О?ушыларды ?з ана тіліні? ?адір-?асиетін біліп, ?з ана тіліні? к?ркемдігін сезініп, с?з ??діретін т?сініп, оны? адам ?міріндегі ма?ызын ??ыну?а ?йрету.
2) Тіл ?уезділігін, к?ркемдігін, байлы?ын, шешендігін к?рсететін на?ыл с?здер, ма?ал-м?телдер ар?ылы о?ушы д?ниетанымын, ой ?рісін дамыту.
3) Тіл тазалы?ын са?тау, м?дениетті с?йлеу, шешендік ?нерді о?ушы бойына сі?іре отыра, ана тіліне с?йіспеншілігін ?алыптастыру, мемлекеттік тіл м?ртебесін к?теруге атсалысу?а ша?ыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тіл ?старту. "Ана тілім - арда?ым"»
Тіл ұстарту
«Ана тілім-ардағым»
Мақсаты:
1) Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
2) Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3) Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
І. Ұйымдастыру
Амансың ба, Алтын күн?!
Амансың ба, Көк аспан?!
Амансың ба, Жер-Ана?!
Амансың ба, достарым?!
Амансыз ба, қонақтар?!
Сіздерді көрсем қуанам !
Тренинг.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Достық-біздің ұранымыз
Шарықтасын жыр-әніміз
Татулықты берік ұстап
Басталады сабағымыз
Топқа бөлу.
Ұқсас ұғымдар бойынша топқа бөлу;
Оқушылар өз таңдауларымен ұғымдар алады.
Мысалы: 5, 12, 9, 100, 16 деген сандарды алған оқушылар- «Сан есім» атты топ болса, келді, жазды, ұйықтады, барды, кетті сөзін алған оқушылар – «Етістік», қызыл, жақсы, ұзын, әдемі, сары сөзін алғандар – «Сын есім», гүл, орындық, алма, Әсия, бор сөзін алғандар – «Зат есім» деген топтарға бөлінеді.
І топ- ІІ топ-
Топ ережелері
- Мейірімділік
- Ұйымшылдық
- Белсенділік
- Сенімділік
- Бір-бірін қолдау
- Келісімділік
- Уақытты үнемдеу
- Сабырлық
- Әркімнің пікірі құнды
І. Білу.
Сүйемін туған тілім –ана тілім,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутімнен,
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Адам баласы дүниеге келген сәттен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды, табиғат құбылыстарын ана тілінде ұғына бастайды.
Ана тілі арқылы адамдар бір-бірімен сөйлесіп, ойын жеткізеді, пікір алысады. Ана тілі арқылы оқып, білім алады, өз ортасында тәрбиеленеді.
Қазақ тілі
Ұлтымыздың белгісі
ІІІ. Қолдану.
Тапсырмалары: «Көпір тапсырмалары»
Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Сөз табының түрленуі дегеніміз не?
Қандай сөз таптары түрленеді?
Зат есім қалай түрленеді?
Сын есім қалай түрленеді?
Етістік қалай түрленеді?
«Оқушы» сөзін жікте
Қосымша нешеге бөлінеді?
Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
«Зеректік» (мақал - мәтел, тұрақты тіркестердің бір сөзі түсіріліп оқылады. Сол сөзді тауып, оны 3 тілге аудару)
І топ
1. Мектеп -кеме, білім ………..
2. Қорада малың болсын, көшеде ………. болсын.
ІІ топ
3.Адам көркі шүберек, ағаш көркі ………….
4. Құлан құдыққа құласа,құлағында ………… ойнайды.
ІІІ топ
5. Жалғыз кірпіш қорған болмас, жалғыз ағаш …….. болмас.
6.Бабалар еккен шынарды, …………. саялар.
IV топ
7. Қыз өссе елдің көркі, ………. өссе жердің көркі.
8. Біреуге мал қайғы, біреуге ……… қайғы.
«Шапшаңдық»
( берілген сөзден 10-15 сөз құрастыру)
І топ - бауырмал
ІІ топ - қайырымды
«Тапқырлық»
( Жаңылдырсаң да жаңылмаймын) сұрақтар:
А) Отқа түсіп күймеуге бола ма?
Ә) Тауық түс көре ме?
В) Қар жана ма?
Г) Түкіріктен көл құрала ма?
Д) Сүйектен, еттен өтетін не?
Е) Кімнің тілі ортақ?
Ж) Ұрлықтың түбі бар ма?
З) Адамның төбе шашы тік тұра ма, қай кезде?
И) Ауырмай өлетін кім?
Й) Кімнен кім жаман?
IV. Талдау.
( әр топқа жеке-жеке тапсырма, сөйлем мүшесіне талдау)
І топ- газет ( фонетикалық талдау)
ІІ топ - Адам баласы ғасырлар бойы мәдениет байлығын жасап келеді.(сөйлем мүшесіне талдау)
V.Жинақтау
Семантикалық кесте
Мақал-мәтел
Көк аспан
Ат шаптырым жер
Сөз тіркесі
Күрделі сөз
Өнер алды-қызыл тіл
Еңбеккүн
Тұрақты тіркес
Қой аузынан шөп алмас
Озат оқушы
Ақыл жасқа бітеді
Ата-ана
Қыздың жиған жүгіндей
Ит өлген жер
Мақал-мәтел
Көк аспан
Сөз тіркесі
Ат шаптырым жер
Күрделі сөз
Өнер алды-қызыл тіл
Тұрақты тіркес
Еңбеккүн
Қой аузынан шөп алмас
Озат оқушы
Ақыл жасқа бітеді
Ата-ана
Қыздың жиған жүгіндей
Ит өлген жер
Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің
сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.
С.Торайғыров
VI. Қорытындылау Ана тіліміз-еліміздің мақтанышы. Осы ана тіліміздің өрісін кеңейтіп, қолданыс аясын ұлғайту, қадірлеу-бәріміздің міндетіміз. Олай болса, Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде
7. Бағалау:
«Екі жұлдыз бір тілек» бойынша бағалау
8. Үйге тапсырма:
«Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» тақырыбына ой толғау жазу