kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ылымды ойб?ліс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Білім мен ілімні? ?айнар к?зі – жас ?стаз бен т?жірибелі т?лімгерді? ел болаша?ын т?рбиелеудегі саналы ?ызметіне ??рметпен ?арап, ?стаз есіміні? ?адір-?асиетін ?л?ылау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ылымды ойб?ліс»

Атырау облысы

Махамбет ауданы,

Талдыкөл мектеп-балабақша кешені

Газизова Анар Табылдиевна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі



Ұлағаты білім менен ілімнің,

Тәлімгері, жас ұстазы елімнің

(тағылымды ойбөліс)

Мақсаты: Білім мен ілімнің қайнар көзі – жас ұстаз бен тәжірибелі тәлімгердің ел болашағын тәрбиелеудегі саналы қызметіне құрметпен қарап, Ұстаз есімінің қадір-қасиетін ұлғылау.

Жүру барысы:

Жүргізуші: Армысыздар бұл кештің қонақтары,

Халқымның әрқашан да қонақ-бағы, - бүгін мектебімізде өтіп жатқан «Педагогикалық шеберлік:ізденіс, тәжірибе» атты жас ұстаздар семинарына қатысушыларға арналған «Ұлағаты білім менен ілімнің, Тәлімгері, жас ұстазы елімнің» атты тағылымды ойбөлісімізді бастауға рұқсат етіңіздер. (Мақсаты айтылады.)

Мақсаты: Білім мен ілімнің қайнар көзі – жас ұстаз бен тәжірибелі тәлімгердің ел болашағын тәрбиелеудегі саналы қызметіне құрметпен қарап, Ұстаз есімінің қадір-қасиетін ұлықтау.

Ұстаз деген- жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында

Ол өзіңнің орындалған арманың-дей келе, ұстаздық мамандықты таңдап, болашақта мұғалім болам деп армандап жүрген бір топ оқушыларымызға сөз кезегін береміз.



(оқушылар сәлемдемесі)



Оқушыларымыздың талаптары оң болсын дей отырып, қазір көмекші шәкірттеріміздің қолынан ойтүрткі сөздер (Жігерлі, жауапты, жаңа

Ақылды, ақпарат, ардақты, ауыл,Салмақты, сабырлы, сабақ, сезім

Ұлағатты, ұшқыр,Танымал, технология, Заманға сай зиялы, замандас, )

алуларыңыз сұралады, осы сөздер бойынша бүгінгі тақырыпқа сай ойымызды ашық білдірейік, қонақтарымыздың да белсене қатысуын сұраймыз, Ойланып ой түйгенше,

Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

«Ұстаз» деген аяулы асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең! – оқушыларымыздың өздеріңізге арналған ән-шашуын қабыл алыңыздар.

(оқушылар әні)



Мектебіміздің жас ұстаздары:

1.Нарынбаева Алмагүл Асқарқызы

Информатикапәнінің мұғалімі

2. Тұрғанова Ләйлә Мағзомовна

Балабақша тәрбиешісі

3.Жәнібек Нұрсейіт Жәнібекұлы

Республикалық сайыстардың дипломанты, мектебіміздің түлегі

4.Иманғазиев Сәрсенбай Ерболатұлы

Музыка пәнінің мұғалімі

5. Тыныбаева Гауһар Қонысбайқызы

Кітапханашы

6.Иманғалиева Гүлшат Бағытжанқызы

Балабақша тәрбиешісі, мектебіміздің түлегі

7.Бөтпенова Ұлмекен Мейрамғалиқызы

География пәнінің мұғалімі, биыл келген жас ұстаз

8.Ерғалиева Алтынзер Галымжанқызы

Балабақша көркемдік жетекшісі

Сөз кезегі өздеріңізде бүгінгі кештің негізгі кейіпкерлері – жас ұстаздар

(ұстаздар сөйлейді)

Шындығында маманысың сен істің

Қазірден-ақ тәжірибеді бөлістің.

Сіз бүгінгі жас ұстаздың өкілі,

Ізденуің – жемісіңнің кепілі – деп ізденіп тапқырлықпен берген жауаптарыңызға рахмет айта отырып, кешімізді оқушыларымыздың сахналық көрінісімен жалғаймыз.

(көрініс)

Ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі тәжірибелі тәлімгер ұстаздар ортамызда отыр.

Олар

  1. Оңдағанов Мұстахи Мақсотұлы –

  2. Жаманова Шолпан Қасымбайқызы –

  3. Шуақбаева маржан Еңсегенқызы-

  4. Аманова Қаншайым Бағытқызы-

  5. Жұбанова Ақжан Жолдыбайқызы-

  6. Альмуханова Айгүл Максимқызы-

  7. Сұлтанова Айсұлу Орынғалиқызы-

  8. Габдиева Гүлсім Хайруллиевна-

  9. Боброва Людмила Семеновна

  10. Қайырлиева Зухра Амировна



(Тәлімгерлер сөйлейді)



Сіздер... Ортамызда ең қадірлі қорғансыз

Тар жолдардан қалт таймайтын тарлансыз,

Сіздің өмір – үлгі тұтар ұлағат,

Кейінгіге саялы ну ормансыз, өздеріңізге арналған жас ұстаздарымыздың өнерін қабыл алыңыздар



(«Армансыз күнің болмай ма? Алтынзер, Сарсенбай, Нұрсейіт)



Ұстаз-ұлағатты зиялылар

Сендерде ғалымдардың қиялы бар,

Түйіндеуге сурет тарту етем,

Өздеріңе арналған сый алыңдар, - дей келе, сурет арқылы, қиялымызды шарықтатып, ойбөлісімізді қорытайық.

(суреттер таратылады)

(тақтаға суреттер жапсырылып, түйінді сөз айтылады.)



Олай болса,

«Ұлағаты білім менен ілімнің

Тәлімгері, жас ұстазы елімнің» атты тағылымды ойбөлісіміздің соңында оқушыларға асқақ арман, жас ұстаздарға биік шың, тәлімгер мен әдіскерлерге –мәртебелі орын деп, бүгінгі семинарға арнап шығарған әнді бәріміз бірге шырқайық, көңілдеріңіз әрдайым жас, өмірлеріңіз нұрға, білім мен ілімнің ұлағатты ұраншысы боп жүре беріңіздер. (Ән)



Ұстаздарға арнау



  1. Елге білім сыйлаған,

Болашақты ойлаған.

Ұстаздарсыз ешқашан

Жүрекке ем қонбаған.



Қайырмасы:

Ұстаздарсыз сән қайда

Ұстаздарсыз ән қайда?

Ұстазы бар адамдар

Бақытты жан ғаламда.



  1. Тәлімгерім, ұстазым

Санама нұр құйғызып.

Семинарда әдісін

Ортаға әкеп сыйлаған.



Қайырмасы:



  1. Тәжірибелі ұстаздар

Ашық сабақ көрсетіп,

Жігер беріп өмірге

Жүрегіңді жандырған.

Қайырмасы.


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Та?ылымды ойб?ліс

Автор: ?азизова Анар Табылдиевна

Дата: 22.09.2016

Номер свидетельства: 345211


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства